Жол көрсеткіш /
Талдықорған /
Оқиғалар
Оқиғалар
Ауылға көгілдір алау берілді
Осы күні 10 бала тәрбиелеп өсірген Омаровтар отбасының үйіне табиғи газ қосылды. Газ қостыру жергілікті тұрғандар үшін 190 мың теңгені құрайды. Алайда алғашқы есептеулер нақты болмағандықтан, алдағы жылы 250 мың теңгеге көтеріледі. Бұл сомаға газ құбыры желісін жүргізу, газ плитасы мен жылуды қосатын екі нүкте, сол сияқты есептегіш құралын орнату енеді. Сонымен қатар көгілдір отын қосқысы келетін тұрғындар зауыттан шыққан пеш сатып алуы керек. Ал пайдаланылған отын үшін ақша төлеу қолайлы болу үшін ауылда ашылатын касса арқылы жүргізілетін болады.
АЛТЫННАН АЛҚА ТАҚҚАНДАР
Гуанчжоудағы жарыс майданында Азия елдерінің 10 мыңнан аса спорт шеберлері 42 спорт түрінен сынға түсті. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығуға тиісті үлкен бәсеке дүбірі сансыз жанкүйерлерді елеңдетті. Олар спортшылармен бірге «ауырды», спортшылармен бірге қуанды. Жарыстың өзіндік ерекшелігі де, қызығы да осында.
Қазақстаннан XVI Жазғы Азиада ойындарына 341 спортшы қатысты. Бәрі де шыңдалған, шыныққан қыздар мен жігіттер деп айтуға болады. Сөйтіп, дүбірлі жарыста 341 қазақ спортшылары өз бақтарын сынады. Әсіресе, ауыр атлеттердің күш-жігері, шеберліктері көрушілердің ерекше назарын аударды. Қазақстандық спортшылардың сенімділігіне, батылдығына қараған жұрт сүйінді. Себебі, Жазғы Азиада ойындарына ауыр атлетшілер елдің намысын ерекше қорғап шықты деуімізге толық негіз бар. Олар үш алтын медальді иеленіп, көк байрағымызды Гуанчжоу аспанында желбіретіп, Әнұранымыздың әсем сазын шалқытты.
Жарыс қоржынына ауыр атлетикадан еліміздің атынан алтын медальді салған спорт шеберлері кімдер десек, мына жүлдегерлердің есімдерін мақтанышпен атап айтуға болады. Илья Ильин, Светлана Подобедова және Мая Манезалар. Ең қуаныштысы, соңғы екеуі біздің жерлестеріміз, жетісулықтар.
Жексенбі күні кешкілік Алматы әуежайына жиналған ресми өкілдер және жанкүйерлер тобы Гуанчжоудан оралған жүлдегер спортшыларды қуанышты көңіл-күймен қарсы алды. Оларға арнап құшақ-құшақ гүл шоқтарын ұсынды.
Жанкүйерлердің дені қарасайлықтар. Оның себебі де жоқ емес. Светлана Подобедова мен Мая Манезалар осы ауданның төл мақтаныштары болып отыр. Қарасайлықтар үшін бұл үлкен жетістік.
Алтыннан алқа таққан жүлдегер жерлестерімізді Жетісу жұртшылығының атынан облыс әкімінің орынбасары Аңсар Мұсаханов мырза құттықтады. Ол өз сөзінде Жазғы Азиада ойындары жеңімпаздарының ерекше шеберліктерін атай отырып, соңғы жылдары облыста спорттың дамуына барынша көңіл бөлінгеніне тоқталды. Жақында Талдықорған қаласында Спорт сарайының пайдалануға берілгені соның басты мысалы. Басқа салалар сияқты, спорттағы нәтижелердің оңды болуына облыс әкімі Серік Үмбетовтің айтулы үлес қосып келе жатқанын ерекше атап айтты. Жүлдегерлер де қуанышты лебіздерін көпшілікке жеткізіп жатты.
Жазғы Азиада ойындарында алғаш рет өнер көрсеттім. Бұл мен үшін үлкен қуаныш. Түркияның Анталья қаласында өткен әлем чемпионатынан кейін арада екі ай өтпей жатып, мұндай байрақты бәсекеде топ жарып шығу ,әрине оңай емес. Бірақ дайындығымыздың нәтижесі өз жемісін берді. Біздің осындай жетістікке жетуімізге, алаңсыз жаттығуымызға жағдай жасап отырған облыс әкімдігіне зор алғыс айтамын, – дейді алтын медаль иегері Светлана Подобедова.
Жеңімпаз жерлестеріміздің құрметіне арнап қарасайлық өнерпаздар ән әуелетіп, күй шалқытты.
Дүбірлі дода 27 қараша күні аяқталады. Әзірше жалпыкомандалық есепте Қытай спортшылары алда келеді, екінші орынды Оңтүстік Корея иеленіп отыр. Ал, Қазақстан спортшылары жетінші орында. Ендеше, алдағы күндерде ел намысын қорғап жатқан спортшыларымызға алдыңғы орындарға қол жеткізуіне тілектеспіз.
«АЛПАМЫС» ЕСІК АШТЫ
Салтанатты шарада еліміздің Әнұраны шарықтап, Көкбайрағы желбіреп, ақжарма тілектер ақтарылды. Қуанышқа ортақтаса келген «Балдәурен», «Қуаныш» балабақшасының бүлдіршіндері жаттаған өлең-тақпақтарын айтып, билерін билеп, мереке сәнін келтірді. Жамбыл мектебінің оқушылары әсем билерін қонақтарға тарту етті.
Бүлдіршіндеріміздің қуанышы үшін есігін айқара ашқан сәулетті де көркем балабақшаның ашылуына шашу шашылып, қонақтар ғимарат ішін аралады. Балабақша табалдырығын енді аттаған сәбилер сазды шашуларын қонақтарға тарту етті. Қариялар ақ бата берді.
Еңбекшідегі еңселі мешіт
Әлемнің 2 милиардтан астам мұсылмандары асыға күтіп отырған қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында және барша қазақстандықтардың жетістігі мен мақтанышы болатын ЕҚЫҰ Саммитінің басталу салтанатының алдында ашылғалы тұрғандықтан бұл мешіт тарихнамадан өзіндік орнын алады. Құдайға тәубе, 2001 жылы Қазақстан Республикасында небары 68 мешіт бар еді. Бүгін міне 2205-ші мешіттті ашып тұрмыз. Жалпы мешіт салудын ерен үлгісін мұсылман баласына Елбасы 2000 жылы көрсетіп, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында Алматы облысының бас мешітін салғызып берген еді. Сол үрдісті жалғап, замандастарына үлгі болып, осы өңірдегі мешіті жоқ ауылға мешіт салуға мұрындық болған Қайрат Байбақтинов бауырымызға мың алғыс. Мұсылман баласында қалыптасқан дәстүр бойынша Қайрат бауырымызға қасиетті Құран кітабын және «Қазақстанның мешіттері мен медреселері» атты 9–20 ғасырларды қамтыған жеке кітабымды тарту етемін. Алла құп көрсін,– деді бас мүфти.
Жетісулықтар Кореяға аттанды
2008 жылдың наурыз айында Талдықорған қаласында Алматы облысы мен Кенги провинциясының арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Облыстың мәдениет күндері сол келісімдерге сәйкес жоспарланған. Оған қоса мұның өзі 2010 жыл Қазақстанның Корея Республикасындағы жылы болып жариялануымен үндес болып отыр.
Облыс әкімі Серік Үмбетов бастаған жетісулық делегация
Кенги провинциясының орталығы Сувон қаласының төрінде шығармашылық ұжымдар ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді таныстырса, шара шеңберінде облыс басшылығы мен кореялық компаниялар арасында энергетикалық жобаларды жүзеге асыру бағытындағы келісімдерге қол қойылады деп жоспарлануда.
Қазіргі кезде Алматы облысында 116 елмен сауда-саттық қарым-қатынасы жасалса, соның ішінде Корея Республикасымен сыртқы сауда айналымы биылдың өзінде 20,6 млн. долларды құрады.
Облыста 195 кәсіпорын шетелдік капиталдың, соның ішінде «Лизинг Жетісу», «Каз-Кор - Силициум» ЖШС-лары секілді 6 кәсіпорын Корея Республикасының қатысуымен жұмыс істейді.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Броньдау
Жаңалықтар