Жол көрсеткіш /
Талдықорған /
Оқиғалар
Оқиғалар
Ақ тілектер ағытылды
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер, – деп құттықтау сөзін бастаған Серік Әбікенұлы ақсақалдарға өтіп бара жатқан жылдың жақсылығынан хабардар етті.
– Тарихтың еншісіне 2010 жылды да шығарып салып отырмыз. Үстіміздегі жылы Қазақстан бүкіл Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және Азия елдері ішінде бірінші болып Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті. Тұңғыш рет қазақ төрінде жоғары деңгейдегі Астана саммитінің декларациясы қабылданды. Бұл – қазақ елі үшін үлкен бедел, үлкен абырой. Облыс бойынша да қол жеткізген толайым табыстарымыз да жоқ емес. Үстіміздегі жылы 40 нысан іске қосылса, ауыл шаруашылығында 215,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. 289, 9 млрд. теңге инвестиция тартылып, 606,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 8 жаңа мектеп, 42 бала бақша, 143 шағын орталық пен 6 денсаулық мекемесі іске қосылды, – дей келе, атқарылып жатқан ауқымды шараларға қысқаша тоқталып өтті.
Ардагерлерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әрқашан амандық-саулықта кездесіп тұруға тілектестігін жеткізді.
Облыс басшысының жүрекжарды лебізі мен жылы жүзді кездесуіне ризашылығын білдірген қоғам қайраткері, облыстың Құрметті азаматы Кеңес Аухадиев:
– Сіз қыруар жұмысқа қарамастан, үлкендерді сыйлау мен құрметтеуге әрдайым уақыт тауып жатасыз. Ол үшін өз атымнан, ақсақалдар атынан мың алғыс. Сізді өз басым жүрегі үлкен, парасат-пайымы кең азамат ретінде өте құрметтеймін. Жеке басыма қиындық түскен сәтте, қолтығымнан көтеріп, демеу болдыңыз. Інілік ізеттілігіңізді таныттыңыз. Ол үшін айтар алғысым шексіз. Еңбегіңізге табыс тілеймін. Облысымыздың мәртебесі биіктеп, ел-жұртыңыздың береке-бірлігі таси берсін, – деді.
Облыс басшысына деген мұндай игі тілекті ардагер-ақсақалымыз Сейдәлім Тәнекеев пен танымал қоғам қайраткері марқұм Асанбай Асқаровтың жары Фатима ана, Ізбасар Балтағұлов пен Бижамал Рамазанова, Шәмша Беркімбаева да жеткізді. Халық жазушысы Тұманбай Молдағұлов болса жүрекжарды лебізін өлеңмен өрнектеді.
Ауылды түлету
Іле ауданы бойынша Күрті ең үлкен селолық округ болып табылады. Округ аумағында қазіргі кезде 20 шаруа қожалығы, 93 кәсіпкер тіркелген. Ауыл шаруашылығы дақылдары егістігінің көлемі 6093 гектарды құрайды, оның 2050 гектары суармалы, 3244 гектары тәлімі жер.
2010 жылы округ аумағынан 1555 тонна дәнді дақыл, 240 тонна қант қызылшасы, 143 тонна күнбағыс, 8814 тонна көкөніс, 3024 тонна картоп, 3199 тонна бақша дақылдары өндірілді.
Қазір ауылда 7 мыңға жуық адам тұрады. Жұмыссыздық азайып, жаңа өнеркәсіп орындары іске қосылуда. Ауыл тұрғындарының өздерінен артылған ауыл шаруашылық өнімдерін саудалауға мүмкіндік беретін жаңа базар ашылған.
Аудан орталығы болған ауылдарға жанды қамқорлық жасалынып келеді. Ақши ауылының сумен жабдықтау нысандары мен су құбыры жүйесі «Ауызсу» бағдарламасы аясында 2007 және 2008 жылдары қайта жасалынды. Бұл мақсатқа 220 млн. теңге қаражат жұмсалынды.
Бозой су құбыры мен сумен жабдықтау нысандары республикалық бюджеттің 300 млн. теңге қаражаты есебінен күрделі жөндеуден өткізілді. Биылғы жылы су мұнарасын ауыстыру мақсатына бюджеттен 8,2 млн. теңге бөлінді.
2009 жылы «Жол картасы» бойынша ауылдың ішкі аулалық аумақтарын абаттандыру үшін 6,9 млн. теңге бөлініп, толықтай игерілді. Балаларға арналған 3 спорт алаңы жасақталып, Ақши ауылына кіреберісте айшықты арка бой көтерді.
Биылғы жылы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлерге қойылған обелиск пен Мәдениет үйі аумағын абаттандыру жұмыстары аяқталды. Бұл мақсатқа 8 млн. теңге жұмсалынды.
2009 жылы «Жол картасы» бойынша ауылдың ішкі аулалық аумақтарын абаттандыру үшін 6,9 млн. теңге бөлініп, толықтай игерілді. Балаларға арналған 3 спорт алаңы жасақталып, Ақши ауылына кіреберісте айшықты арка бой көтерді.
Биылғы жылы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлерге қойылған обелиск пен Мәдениет үйі аумағын абаттандыру жұмыстары аяқталды. Бұл мақсатқа 8 млн. теңге жұмсалынды.
Осы жерде айрықша атап өтуге тұрарлық нәрсе, осыдан екі жыл бұрын жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңарған мәдениет үйінде қазір үйірмелер, халықтық театр, «Сарытау құмы» музыкалық-би ансамблі, «Ақниет» қыздар ансамблі жұмыс істейді. Көп қырлы шығармашылық жұмыстары үшін мәдениет үйі 2 дәрежелі дипломмен марапатталған.
Ауылға кіреберіс жолдар мен Қазыбек би, Кенесары, Жамбыл, Айбергенов көшелерінің жолдарын жөндеуге 41,5 млн. теңге, Айбергенов пен Белағаш көшелерін жарықтандыруға 5 млн. теңге бөлінді. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 7 млн. теңге қаражаты есебінен қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жойылды. Күрті селолық округі тұрғындарына қызмет көрсететін арнайы техника 39 млн. теңгеге сатып алынды.
Округ әкімінің аппараты орналасқан ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін 33,8 млн. теңге бөлініп, оның 20 млн. теңгесі биылғы жылы игерілді. Бұдан басқа ауылдағы № 41 орта мектептің, туберкулез ауруханасының ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілді. Күрделі жөндеу 2008 жылы Мәдениет үйіне, ағымдағы жөндеу жұмыстары 2009 жылы кітапханаға жүргізілген болатын. Мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту бағытында да мақсатты жұмыстар атқарылуда.
ТӘУЕЛСІЗДІК – ҰЛЫ ҰҒЫМ, ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн - біз үшін азаттығымызды айқындайтын ең қастерлі де ұлы мереке. Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан өзінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдік қауымдастықта беделге ие болды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Саммитінің Астанада жоғары деңгейде өткізілуі, оған Саммитке қатысушы мемлекет басшылары мен сындарлы саясаткерлер тарапынан жоғары баға берілуі соның айқын айғағы. Мұның бәрі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен бүкіл қазақстандықтардың бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білген бірлігінің нәтижесі деп есептеймін.
Бүгін еліміздің тәуелсіздігіне он тоғыз жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында жаңа экономикалық жүйенің негізі қаланды, қазақстандықтардың тұрмыс жағдайы жақсарып, өмір сапасы артты. Қазақстан халықаралық қауымдастықта аймақ көшбасшысы ретінде өз орнын айқындады деп толық сеніммен айтуға болады.
Бұл ретте Алматы облысы жұртшылығының да еңбегі ерекше. Әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген көрсеткіштері жағынан біздің өңір еліміздің өзге облыстарының арасында алдыңғы қатарда. Еліміздің экономикалық қуатын арттыруға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған үдемелі индустриалды-инновациялық даму, «100 мектеп, 100 аурухана», «Тұрғын үй құрылысы», «Жол картасы», «Бизнестің жол картасы - 2020», «Балапан» мемлекеттік бағдарламалары сәтті жүзеге асырылуда.
Өзінің ұлттық болмысын, туған тілі мен ділін сақтаған, тамыры терең тарихын таныған, сол жерді мекендеген этникалық топтардың рухани кемелденуіне жол ашқан ел ғана шынайы тәуелсіздікке қол жеткізе алады. Қазақстанның осы талаптар үдесінен шығып, өзгелерге үлгі болғанын мақтан тұтамыз. Елде бейбітшілік пен тұрақтылық, әр отбасында молшылық пен береке болса, азаттығымыздың салмағы арта түскені.
Құрметті жетісулықтар! Баршаңызды қастерлі Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, шаңырақтарыңызға ырыс пен бақ, табыс пен бақыт тілеймін!
Ардагерлер ардақталды
Ел мақтанышына айналған қос ананың мерейтойы үлкен салтаннаты жағдайда аудан орталығында атап өтілді. Осы өңірде қалаптасқан дәстүрмен таң ертең аудан әкімі Ермек Келемсейіт бастап, мерекеге арнайы елген құрметті қонақтар қатысты.Мерекелік шараға байланысты салтанатты жиын аудандық мәдениет сарайында өткізілді.
Алматы облысында балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытудың проблемалары атты конференция өтеді.
Конференцияның басты мақсаты балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде және оларды салауатты өмір салтына тартудағы туризмнің маңызы өте зор екендігін ескере отырып, бүгінгі таңда қалыптасқан проблемалардың шешу жолдарын талқылау мақсатныда конференция өткізіледі.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Броньдау
Жаңалықтар