Жол көрсеткіш /
Талдықорған /
Оқиғалар
Оқиғалар
БОЛЖАМ БИІГІНЕН КӨРІНДІ
Алғашқы сөз кезегі облыстық салық департаментінің бастығы Айгүл Жолдыбекке берілді. Былтыр Алматы облысының салық органдары бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етуде ауыз толтырып айтарлықтай табысқа кенелген. Нәтижесінде 2010 жылдың төртінші тоқсанында Қаржы министрлігі салық комитетінің рейтингісі бойынша Алматы облысы үшінші орынға ие болған. 2011 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік бюджет 112,3 пайызға орындалып, 141 950 млн. теңге көлемінде қаржы түсірген, бұл көрсеткіш болжамдық межеден 15 502 млн. теңгеге асыра орындалған. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 23 990 млн. теңге қаржы артық түсіп, өсу қарқыны 120,3 пайызды құраған.
Сонымен бірге республикалық және жергілікті бюджеттерге түскен түсімнің көлемі артып, кеден салықтары мен төлемдер бойынша да жақсы нәтижеге қол жеткізген. Мемлекеттік бюджетке кіріс көзін еселеуге облыстың барлық аудандары мен қалалары ойдағыдай атсалысып, белгіленген жоспарды орындаған. Сондай-ақ, корпорациялық табыс салығы, темекі өнімдеріне салынатын акциз, заңды тұлғалардың мүлік салығы, жеке меншік көлік пен жеке табыс салығы және қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы сынды салық түрлерінің түсім көрсеткіштерінің саны өткен жылмен салыстырғанда біршама көбейген.
Бюджет түсімі бойынша болжамның толық әрі сапалы орындалуына салықтық әкімшілендіруге есеп беру кезеңінде барлық шаралар қолданылып, қосымша резервтерді іздестіру жұмыстарына және салық салу базасына да айрықша көңіл бөлінген. Бүгінгі күнде салық төлеушілердің басым бөлігі салық есептілігін электронды түрде тапсырады. Оларға барынша ыңғайлы жағдай жасау үшін терминалдар ашылып, заман талабына сай компьютерлер орнатылған. Ауылдық округтерге де кәсіпкерлерге арналған терминалдар ашылып, барлық салық басқармаларында әртүрлі сұрақтарға байланысты ақпарат алуға және бейне қойылым көрсетуге арналған инфо-киосктер іске қосылған.
Облыс әкімінің орынбасары Болат Тәкеновтің айтуынша, Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайының даму қарқыны еліміз бойынша алдыңғы қатарда екен. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіші 2005 жылмен салыстырғанда екі-үш есеге дейін көбейген. Мұндай жетістікке жетуге салық органдарының да қосып отырған үлесі қомақты. Алдағы күнде де аталмыш сала қызметкерлеріне жүктелетін міндеттер ауқымды. Сондықтан биыл да істі жауапкершілікпен атқару қажеттігін назарға алып, сала мамандарын құлақтандырды.
Мәжіліс барысында «Адал» агроөнеркәсіптік компаниясы акционерлік қоғамы облыс бойынша үздік салық төлеуші ретінде танылғаны үшін бас директордың орынбасары Смағұл Сейсехан дипломмен марапатталды. Облыстық салық департаментінің орынбасарлары Құлмұханбет Исақов, Болат Сәтпаев, Ерлібек Зікеев сынды бірнеше сала мамандары аталмыш тақырып аясындағы мәселелерді талқыға салып, кеңінен ой өрбітті.
Конституциялық құқық қатаң қорғалады
Қазақстанда құқықтық реформаны қалыптастыруда өзектілік танытып отырған мәселені талқыға салған форум жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Орынбаев, Қазақстанның құқық қорғау, сот және өзге де мемлекеттік органдарының басшылары, құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ, қылмыстық процесте адам құқықтарын қамтамасыз ету проблемаларына маманданушы отандық және шетелдік заңгер-ғалымдар, облыс әкімі Серік Үмбетов қатысты.
Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесі және Еуропа кеңесінің демократияға құқық арқылы Венециялық комиссиясының ұйымдастыруымен өткен халықаралық конференция жұмысын Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов мырза жүргізді.
Азаматтардың құқығын қорғауда еуропалық мемлекеттердің құқық қорғау саласының білікті мамандарымен іс-тәжірибе алмасудың аса маңыздылығын атап өткен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Орынбаев Венециялық комиссия президенті Джанни Букикко мен техникалық ынтымақтастық жөніндегі герман қоғамының сарапшысы, профессор Рольф Книперге Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары – ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыс етті. Бұдан кейін конференцияға қатысушылар қылмыстық істерді тергеуде азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету турасындағы өзіндік ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. 1996 жылдан бастап Венециялық комиссияға мүше Қазақстанның құқықтық жүйесі же¬тіліп, Конституциялық заңдардың демократия талаптарына сай жұмыс істеу бағытында соны серпінге ие екендігін Венециялық комиссия президенті Джанни Букикко айрықша атап өтсе, соңғы жылдары Қазақстанның құқықтық саласын реформалауда ел Президентінің ұлттық құқықтық тұжырымдама қабылдауы құқықтық саланың жан-жақты дамуына жол ашып, зор жетістіктерге қол жеткізуде екендігін неміс сарапшысы Рольф Книпер баяндама өзегі етті.
Тақырыпқа орай БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңестің төрағасы И. Рогов мырза қылмыстық істер бойынша сотқа дейін іс жүргізуде әлі де болса кемшіліктер барын атап өтті. Әсіресе, бірін бірі қайталайтын процедуралар мен тергеу процесінің тым ұзақтығы, қат-қабат хаттамалар толтыруға да бірталай уақыттың кетуі адам құқықтарының аяқасты етілуіне жол береді деген пікірін білдірді.
– Халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтіп жатқан конференцияның маңызы зор. Бұл құқық қорғау саласында да үлкен реформалар мен өзгерістер барын көрсетуде, – деді облыстық сот төрағасы Мейрамбек Таймерденов. – Азаматтар құқының қорғалуы мен бостандығын сөз еткен форум жұмысына облысымыздың құқық саласының жауапты қызметкерлері қатысып, ортақ ой бөлісуде. Жалпы алғанда, елімізде адам құқын қорғау заңдары, нормативтік актілері демократиялық негізде жүзеге асырылып келеді. Қазіргі уақытта жаппай қамау, заңсыз соттау мәселелері жоқ. Мысалға айтар болсақ, 2010 жылы облыс көлемінде 3460 қылмыстық іс қаралса, соның 10 пайызы ғана сот үкімімен келіспейтіндіктерін білдіріп, жоғары сатыдағы соттарға шағым түсірген. Бұл қылмыстық істердің 90 пайызының қылмысы заңды түрде дәлелденіп, сот ісінің дұрыс деңгейде жүргізілетіндігін айғақтайды, – дейді сот төрағасы.
ДОСТЫҚТА АУРУХАНА МЕН БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ
Аурухана кешенінде емхана, стационар, сот-медицина сараптама корпусы т.б. жалпы саны 10 блоктан тұрады.
Аурухана 50 орынға лайықталса, емхана бір тәулікте 150 адам қабылдай алады.
Барлық бөлімдер заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған.
Салтанатты ашылуына арнай барған облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталовтың айтуынша, аталған медициналық мекеме мамандарының баспана мәселесін шешу мақсатында облыс әкімінің ұйғаруымен 12 пәтерлі тұрғын үй құрылысына 120 млн. теңге бөлінген.
Дәл осы күні Достық стансасында «Балапан» бағдарламасы бойынша 280 орындық балабақша да ашылды. Оның құрылысына 532 млн. теңге бөлінген.
Мұнда 77 жұмыс орны құрылды.
ДОСТЫҚТА АУРУХАНА МЕН БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ
Аурухана кешенінде емхана, стационар, сот-медицина сараптама корпусы т.б. жалпы саны 10 блоктан тұрады.
Аурухана 50 орынға лайықталса, емхана бір тәулікте 150 адам қабылдай алады.
Барлық бөлімдер заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған.
Салтанатты ашылуына арнай барған облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталовтың айтуынша, аталған медициналық мекеме мамандарының баспана мәселесін шешу мақсатында облыс әкімінің ұйғаруымен 12 пәтерлі тұрғын үй құрылысына 120 млн. теңге бөлінген.
Дәл осы күні Достық стансасында «Балапан» бағдарламасы бойынша 280 орындық балабақша да ашылды. Оның құрылысына 532 млн. теңге бөлінген.
Мұнда 77 жұмыс орны құрылды.
Аурухана мен балабақша ашылды
Бұдан өзге Іле ауданы, Өтеген батыр кентіндегі 200 орындық аумақтық балалар ауруханасы, Талғар ауданындағы 150 орындық аудандық орталық аурухана, Алакөл ауданы, Достық стансасындағы 50 орындық ауылдық аурухана салынып бітті.
Есік қаласындағы аудандық орталық аурухана 250 орындық, ал аудандық емхана тәулігіне 500 адам қабылдай алады. Аумағы 36 869,0 шаршы метр. Кешеннің жалпы аумағы 4,5 га жерді алып жатыр. Аурухана мен емхана құрылысына республикалық бюджеттен 5 млрд. 144,6 млн. теңге бөлінді.
Штат бойынша ауруханада 635,75 бірлік, олардың ішінде: дәрігерлер – 127,0; орта буын медициналық қызметкерлер –306,0; кіші медициналық қызметкерлер – 135,25; басқалары – 67,5 .
Физио, рентген, ультрадыбыстық кабинеттер және клиникалық
зертхана бар.
Емханада штат бойынша 180,0 бірлік қарастырылған, оның ішінде: дәрігерлер - 35,0; орта буын медициналық қызметкерлер – 100,0; кіші медициналық қызметкерлер – 30,0; басқалары – 15,0.
Аурухана мен емханада терапия, хирургия, балалар бөлімі және жұқпалы аурулар бөлімі бар. Сонымен қатар физио, рентген, ультрадыбыстық кабинеттер және клиникалық зертхана бар.
Осы күні БӨЛЕК АУЫЛЫНДАҒЫ «ӘЙГЕРІМ» БАЛАБАҚШАСЫ
Балабақшаның меңгерушісі - Өмірсерікова Зағифа Тоқтарқызы, білімі жоғары, 1983 жылы КазМҰУ биология факультетін бітірген.
«Балапан» бағдарламасы аясында ашылғалы өтырған «Әйгерім» балабақшасы күрделі жөндеуден өтіп пайдалануға беріліп отыр.
Кезінде балабақша ретінде пайдаланылған, ғимарат 1999 жылы жекешендірілген. Иесі - Нам Леонтий Сергеевич 2009 жылы ғимараттың жартысын өз еркімен коммуналдық меншікке қайтарып берді.
Балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстары 2010 жылдың мамыр айында басталып, қараша айында аяқталды. Облыстық бюджеттен жөндеу жұмыстарына 67 млн. теңге жұмсалды, материалдық базасына қосымша 12 млн. 200 мың теңге бөлініп жабдықталды. Ғимарат екі қабатты, жалпы аумағы 1274,2 шаршы метр 0,62 га.
Жөндеу жұмыстарын жүргізген «Еңбек» фирмасы, басшысы - Әбілдаев Тәліпхан.
Балбақша 120 балаға арналған, 6 топ, оның 4-і қазақ, 2-і орыс тілінде тәрбиеленеді. Штаттық кесте бойынша 37 жұмыс орны ашылады (12 тәрбиеші, әдіскер, психолог, саз пәнінің, ағылшын тілінің мұғалімдері, хореограф және тағы басқалар).
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Броньдау
Жаңалықтар