Оқиғалар
Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының бел ортасында Мадияр Мамырбеков Қаратал өзенінен екі бірдей баланы өлім аузынан аман алып қалған болатын. Балаларды аман алып қалып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Соңғы қоңырау күні Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов Мадиярға Құрметті азамат атағын тапсырды.
Сөйтіп, Мадияр Мамырбеков қала тарихында ең жас Құрметті азамат атанды.
Валюта нарығы. Теңгенің 1 долларға шаққандағы аумақтағы орташа сатып алу бағамы айырбастау пункттерінде 150,38 теңгені құрады, ал сату бағамы 151,17 теңгені құрады. Теңгенің 1 евроға шаққандағы орташа сатып алу бағамы 193,83 теңгені құрады, ал сату бағамы 196,60 теңгені құрады.. Теңгенің 1 ресей рубіліне шаққандағы орташа сатып алу бағамы 4,81 теңгені құрады, ал сатып алу 4,96 теңгені құрады.
2013 жылғы 1 сәуір жағдайында Алматы облысында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқылы заңды тұлғалардың 201 айырбастау пункттері жұмыс істеуде. Оның ішінде 78- уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктері болса, 2 – «Қазпочта» АҚ Алматы облыстық филиалы, 121-і уәкілетті банктерге жатады. 2012 жылғы төртінші тоқсанда қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларының басты объектісі АҚШ доллары болып отыр, оның айналымы есепті кезеңде 77,2 млн. бірлікті құрады және 2012 жылғы төртінші тоқсандағы көрсеткіштен 48,1%-ға төмен.
Депозиттік қор нарығы. 2013 жылғы I тоқсан қорытындысы бойынша банктер филиалдарында депозит қоры көлемінің көбейгені байқалды. 2013 жылғы 1 сәуір жайында депозит қорының жалпы көлемі 60 240,3 млн.теңгені құрады, өткен тоқсан көрсеткіші 4,9%-ды құрады, ал 2012 жылдың сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен өсіп, 30,1% құрды. 2013 жылғы 1 сәуір жағдайында депозит көлемі бір адамға шаққанда 30 839,0 теңгені құрады. Депозит қорын толтырушылар негізінен жергілікті тұрғындар болғандықтан, олардың қомақты салымы жалпы депозиттік көлемнің 86,3% немесе 51 970,3 млн. теңгені құрады. Ұлттық валюта түріндегі депозит қоры бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы - 7,0%-ды құрады, шетел валютасы түріндегі депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 5,0%-ды құрады.
Кредиттік қор нарығы. 2013 жылғы I тоқсанда заңды және жеке тұлғаларға берілген несиелердің көлемі 134 441,4 млн. теңгені құрады, бұл өткен тоқсандағы көрсеткіштен 6,1% жоғары (2012 жылғы 1-тоқсанда – 99 250,2 млн. теңге). Одан шағын субъектілерге берілгені – 23 040,3 млн. теңге, бұл жалпы берілген заем сомасының 17,1% құрады, өткен тоқсанда 16,3% құрған болатын. Берілген несиелерді өтеу мерзімі бойынша қысқа мерзімді несиелер көлемінің өсуі байқалды, алдыңғы өткен тоқсан көрсеткішімен салыстырғанда 23,2 пайыздық пунктке өсті.Ұлттық валютамен берілген несиелердің көлемі ұлғайды, және несие (ссуда) портфелі көлемінің 85,6% немесе 115 014,7 млн.теңгені құрады, шетел валютасымен берілген несиелер 19 426,7 млн.теңгені құрады. Ұлттық валютамен берілген несиелердің сыйақы ставкасы 17,5% құрады, шетел валютасындағы несиелік сыйақы ставкасы – 14,5% құрады.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоры» қоғамдық қорының қолдауымен құрылған «Арыстан» мамандандырылған лицейдің негізгі мақсаты – қайырымдылық негізде сапалы білім беруді қамтамасыз етумен қатар, рухани бай, зерделі, дені сау, мәдениеті жоғары тұлға қалыптастыра отырып, өрендердің қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеп, ары қарай Қазақстанның қуатты құрылымында азаматтық борышын өтеуге даярлау болып табылады. Айбынды еліміздің әскери құрылымында қызмет етуді арман ететін қайратты да жігерлі жас өрендердің алға қойған мақсат-мұратына жетуге жетелейтін бұл лицейде республикамыздың түпкір-түпкірінен жиналған оқушылар білім алуда. Талабы таудай өрендерге есігін ай-қара ашқан алғашқы жылы лицейге 80 бала қабылданған. Биыл олар білім шаңырағының тұңғыш түлектері атанып, жоғары оқу орындарына қанат қақпақ. Бүгінде мұнда 240 оқушы білім алуда.
– Лицейді ашудағы мақсатымыз – әскери оқу орындарында білім алуға ниетті оқушыларды қабылдап, осы тұрғыда білім мен тәрбие беру болғандықтан өрендерге қойылар талап-тілек те өте жоғары. Ең бастысы, Елбасының Білім қорымен жасалғандықтан мұнда балалар тегін жатып, оқып, тамақпен, киім-кешекпен қамтамасыз етіледі. Мұндағы балалардың дені әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққандығын айта кетуіміз керек. Еліміздің әр түпкірінен бас қосатын балалар үш сатылы тест тапсырып, қабылданады. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілін меңгеруге бейімделеді. Қазіргі күні балалардың білім сапасы өте жоғары. Сондықтан да, түлектеріміздің жоғары оқу орындарының грантын иеленуге мүмкіндігі мол деп білеміз. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен тығыз байланыс жасауымыздың нәтижесінде лицей түлектерінің басым көпшілігінің алыс-жақын шетелдерде білім алуына қамқорлық жасалмақшы, – дейді «Арыстан» мамандандырылған лицейдің директоры, педагогика ғылымдарының докторы, генерал-майор Сәбит Тауланов.
Жас шыбықтай жайқалған жас ұландарымыздың әскери тәртіпке төселіп, еліміздің тепсе темір үзер мықты да күшті, білімді де білікті әскерилерінің қатарын толықтыруға бағытталған білім шаңырағының материалдық-техникалық базасы уақыт талабына сай заманауи құрылғылармен қамтамасыз етіліп, білім алумен қатар, әскери-спорттық дайындықтан өтуіне толыққанды жағдай жасалғандығына осында оқитын балалардың ата-аналары да дән риза. Оған акт залын, спорт алаңдары мен бассейнді еркін пайдалана алатындықтары дәлел. Жатын бөлмелерінің, асхана, сынып кабинеттерінің жарық та жайлы болуы мұндағы балалардың көңіл күйінің әрдайым көтеріңкі жүруіне айрықша ықпал етуде.
ІЛЕ АУДАНЫ. Халық қалаулысы ең алдымен Қоянқұс ауылының іргесінен бой көтерген вентилятор зауытына атбасын бұрды. Әрине, оның өзіндік жөні де бар. Бұл нысан өткен жылы Қазақстан Республикасының индустрияландыру картасына кірген болатын. Бұрындары кәсіпорын қала ішінде жұмыс істеп келгенді. Ал, индустрияландыру картасына енгеннен кейін осы жерден қоныс тебуге тура келген. Зауыт цехын аралау барысында халық қалаулысы болашақта шығарылуға тиісті өнім түрлеріне баса назар аударды. Зауыт басшылығы болса, негізгі бағыт өртке, түтінге және ауа алмастыруға қатысты өнім түрлері көптеп өндірілетіндігін жеткізді. Еліміздегі бірден бір қажет өнім өндіруші кәсіпорынға айналмақшы. Таяу болашақта Ресей, Өзбекстан елдеріне өнім шығару көзделіп отыр. Ал бүгінде Қырғызстан мен тәжіктік әріптестермен тығыз байланыс орнатылған. Импорт алмастыру бағдарламасы аясында облыстағы шағын машина жасау саласына қажетті өнімдердің түрлерін молайту да көзделуде. Зауыттың тыныс-тіршілігімен қонақтарды жан-жақты таныстырып шыққан директорлар кеңесінің төрағасы М. Баққұлов бұған кәміл сенімді.
Қарой ауылдық округінің аумағынан құрметті қонақтарды ауыл әкімі В. Поротников, «Іле» өндірістік кооперативінің басшысы Е. Батталханов күтіп алып, жалпы ауыл тіршілігімен, көктемгі дала жұмыстарының барысымен қысқаша таныстырып өтті. Осы жерде Серік Әбікенұлы «ЕVVА» шаруа қожалығының жетекшісі В. Ельзерді әңгімеге тартты. Владимир Эдуардович болса техникадан, жанар-жағармайдан тапшылықтың жоқтығын, тұқым себу жұмысы белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатқандығын айтты. Биыл бұл шаруа қожалығы 5 мың гектар жерге дән сіңірмек екен. Бүгінге дейін жаздық дәнді дақылдарды себу жұмысы толығымен аяқталды.
Чапай ауылдық округінің аумағында орналасқан «Алатау-құс» фабрикасы іргелі кәсіпорындардың бірі. Аудан, қала тұрғындарын сапалы жұмыртқамен, құс етімен қамтамасыз етуде біраз жылдан бері тындырымды да тиянақты еңбек етіп келеді. Құс фабрикасының бас директоры С. Аюкаев келген қонақтарды балапандар шайқап шығаратын инкубатор құрылымдарымен жан-жақты таныстырып шықты.
Жол-жөнекей халық қалаулысы бір гектар жерге орналасқан жылыжай шаруашылығының жұмысымен де танысты. Қазір мұнда көшет отырғызу ісі жүріп жатыр. Амандық болса, екі-үш айдан соң өнім бере бастайтын болады. Бұл, әрине, өнім өндірудің алғашқы кезеңі емес. Негізінен алғанда осы жердегі көкөніс өндіру оңтүстік кореялықтардың технологиясына негізделген.
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетовтің ауданға жасаған бір күндік сапары Чапай ауылының іргесіндегі «Сарыбұлақ» ЖШС-не қарасты ет бағытындағы құс өсіруге арналған жаңа зауыт құрылысының жұмысымен танысумен аяқталды. «Сарыбұлақ» ЖШС-нің директоры М. Уәлиевтің айтуынша, зауытқа қатысты қондырғылардың бәрі дерлік Германия, Голландия, Италия елдерінен әкелінген. Яғни, сапалық кепілдігі жоғары. Ең бастысы, кәсіпорын қалдықсыз технологияны қамтамасыз етпекші. Биылдың өзінде мұнда кемінде 7 мың тонна құс етін өндіру көзделген. Ал келер жылы болса зауыттың қуаты жылына 16-20 мың тоннаға дейін құс етін өндіруге жеткізілетін болады. Мұндай құс фабрикасы әлі елімізде жоқ десек, артық айтқандық емес. Кәсіпорын толық іске қосылғаннан кейін 400-ге тарта адамды жұмыспен қамтамасыз етпек. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты мұнда атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толатындығын жеткізді.
Халық қалаулысының ауданға жасаған бір күндік сапарында оған облыс әкімінің орынбасары С. Тұрдалиев, аудан әкімі Б. Абдулдаев және басқа да лауазымды қонақтар еріп жүрді.
ТАЛҒАР АУДАНЫ. Жер жаннаты Жетісу өңіріне атбасын тіреген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов дүйсенбіде түгін тартса майы шығатын Талғар ауданында болып, әлеуметтік маңызы зор нысандарды аралап, атқарылған жұмыстармен танысты. Халық қалаулысын облыстық мәслихаттың хатшысы Ермек Келемсейіт пен аудан әкімі Райхан Садықова бастап жүрді.
Халық қалаулысы алғашқы боп табалдырығын аттаған Шымбұлақ ауылындағы Қазақ тағамтану академиясының «Амиран» сүт зауытының іске қосылғанына екі жылдан астам уақыт болғаны белгілі. Алты айлық нәрестелерден бастап, ересектерге арналған сүт өнімдерін өндіруді қолға алған зауыттың өнім өндіру қуаттылығы тәулігіне 12 тоннаны құрау көзделген болса, бүгінде 9 тоннаға жуықтайтын сүттен бастап, йогурт, қаймақ, сүзбе сынды емдік-профилактикалық 11 түрлі табиғи таза әрі ешбір қоспасыз сүт өнімдерін шығарумен айналысып келетіндігі жайлы зауыттың директоры Бахтияр Тултабаев баяндап берді. Заманауи техникалық құрылғылармен жабдықталған зауытта осы күні 80-ге таяу адам тұрақты түрде еңбек етуде.
Мемлекет басшысы Үкіметке және еліміздің барлық аймақтарының басшыларына берген тапсырмаларын пысықтай келе, оңтүстік өңір Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне үлкен үлес қосып, экономикасына қан жүгіртетін негізгі арна екендігін және осы кеңесте ол жерлерде атқарылып жатқан маңызды шаруалар мен нақты шешімі табылуы тиіс мәселелерді қарастыруға Алматы қаласы мен Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының әкімдерін шақыртып отырғандығын жеткізді.
– Еліміздің оңтүстік өңірінде Қазақстан халқының жартысынан көбі тығыз шоғырланған. Оңтүстікте – өндіріс, химия өнеркәсібі, аграрлық шаруашылық, жол жүйесі секілді инфрақұрылымның бәрі бар. Облыс орталықтары мен ірі қалалардың төңірегінде өркендеп келе жатқан агломерация жетерлік. Ел экономикасы үшін және халқымыздың тұрмысын жақсарту мақсатында Қазақстанның оңтүстік өңірінің рөлі өте ерекше. Сондықтан да мемлекет осы өңірлерді дамыту мақсатында көптеген шараларды қолданып отыр.
Индустриялық бағдарламалар өз алдына, өңірдің инфрақұрылымын дамыту үшін Қытайдан Батыс Еуропаға тартылған автокөлік жолы түгел облыстарды басып өтіп, қаншама халықты жұмыспен қамтып отыр. Шығыс пен Батысты байланыстырған күрежолдың бойында қонақүйлер, сауда нүктелері және қызмет көрсету орындары ашылып, елдің қажетіне жарауда. Бұдан өзге Батыстан Шығысқа қарай газ құбырын тартып жатырмыз, бұл да еліміздің экономикасына тоқтаусыз үлес қосатын, көптеген қазақстандықтарды жұмыс орнымен қамтамасыз ететін жобалар. Көршілес Қытай елінен Алматыға дейін тартылған темір жолдың пайдасы еліміздің өзге өңірлеріне тарап жатыр. Осының бәрі Қазақстанның барлық өңірлерінің жағдайын жақсартуға бағытталған игі қадамдар, – дей келе Мемлекет басшысы оңтүстік өңір елімізді көкөніспен және азық-түлікпен қамтамасыз ету әлеуетіне ие бірден-бір аймақ екенін, сондай-ақ, еліміздің оңтүстік өңірінде бала туу көрсеткіші жоғары екендігін, сол себептен де мемлекет тарапынан бұл өңірде мектептер мен медициналық мекемелер,Сол күнгі жиында Алматы облысының әкімі Аңсар МҰСАХАНОВ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді.
– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Құрметті жиынға қатысушылар!
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында өсу үрдісі байқалды.
Өнеркәсіпте 500 млрд, ал ауыл шаруашылығында 338 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Облыс экономикасына 393 млрд. теңге инвестиция тартылып, 850 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бюджетке 165 млрд. теңге салық түсті. Өңір экономикасының дамуындағы оң үрдіс үстіміздегі жылғы қаңтар-ақпан айларында да сақталуда. Сөйтіп біз алдағы уақытта қалыптасқан алғышарттарды сақтап, өнеркәсіп өнімін –5,2, ауыл шаруашылығында–7,4 пайыз өсімді қамтамасыз етіп, 395 млрд. теңге инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар өткен жылы Тараз қаласында Сіз берген тапсырмаларды жүзеге асыру – біздің жұмысымыздың басым бағытын құрап, негізгі істерімізді айқындауға мүмкіндік беруде. тұрғын үй мен балабақшалар көптеп салынып жатқандығын, мұнда едәуір ғылыми, өнеркәсіптік, аграрлық ресурстар шоғырланғанын, сондай-ақ елеулі тасымал әлеуеті бар екенін атап өтті.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: