Оқиғалар
Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет дайындаған «Ақ бұлақ» бағдарламасы халықты сапалы ауызсумен қамтудың жаңа жолдарын қарастыруда, деп хабарлады pm.kz сайтынан.
Қазақстан тұщы судың жер астындағы мол қорына және барлау жұмыстарына қажетті ресурстарға ие. Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету дүниежүзі бойынша өткір тұрған проблема.
«Ақ бұлақ» бағдарламасында жерасты суларының ресурстық әлеуетін кең пайдалану, су шаруашылығы секторына жекеменшік капиталды молынан тарту және сумен жабдықтаудың жаңа нысандарын салуды жүйелі жоспарлау қарастырылған.
«2017 жылға қарай қалалардың бәрі орталық сумен жабдықтаумен 90 пайыз қамтамасыз етіледі, 30 мыңнан астам коммуналдық желі қайта жаңғыртылады. Біздің елімізде коммуналдық істер бойынша ешқашан мұндай көлемде жұмыс жүргізілген емес», деп мәлім етті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XIV съезінде сөйлеген сөзінде.
«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 238 млрд. теңге сома қаржы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға, су шаруашылығы жүйелері мен гидротехникалық құрылғыларды тексеруге, іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын болады»,- деп мәлім еткен еді бұған дейін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов.
Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда қалалық жерлерде сумен жабдықтау жүйесінің 72 жобасы және су бұру жүйесінің 19 жобасы жүзеге асырылуда.
Оған қоса, ауылдық жердерде 268 нысанда құрылыс-құрастыру жұмыстары жүргізілуде, сумен жабдықтау және су бұру бойынша 142 жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде.
Бүгінгі таңда қалалық жерлерде 714 шақырым су құбыры желісі және 59,6 шақырым кәріз желісі жаңартылып отыр.
2012 жылға 43 184 205 мың теңге сомаға қалалық жерлерде сумен жабдықтау және су бұрудың орталықтандырылған жүйелерін салудың және қайта жаңартудың 102 жобасы, 33 897 263 теңге сомаға ауылдық жерлерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің 151 жобасы жоспарланып отыр.
Үштөбенің «Оңтүстік азық-түлік өнеркәсібі» ұн-жарма комбинаты Алматы облысының ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады. Оның өнімділігі - тәулігіне 100 тоннаға дейін өңделген бидайды құрайды.
Жүзден астам адам еңбек ететін өндіріс жетекшісі Марина Югайдың атап өтуінше, ҚР-ның солтүстік аймақтары астықты жеткізушілер болып табылады. Алынған ұн біздің облымыздың базарларында да, шетелде де (Өзбекстанда) сатылады.
Өткен жылы ұн-жарма комбинаты, жоғары өнімді заманауи жабдықтардың және өндіріс процесінің автоматтандырып жарақтануының арқасында 13 мың тонна бидайды өңдеп, 9550 тонна дайын өнім шығарды.
Бүгінгі күні кәсіпорында құрамында темір бар дәрумендерді, минералдар және басқа заттар бар ұн фортификациясын енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатыр, соның арқасында оның түр-түрі көбейе түспек.
Жуырда аудан орталығынан 100 шақырымға шалғай орналасқан Көктұма ауылында дәрігерлік амбулатория ашылып, жергілікті тұрғындар қуанышқа бөленді.
Былтыр емхана құрылысын қолға алған «Бағалы Алакөл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысты тыңнан бастап, бас-аяғы бес айда толық аяқтап шықты.
Емдеу мекемесі қазіргі заманғы сапалы құрылыс материалдарымен салынған, сәулеті де ерекше көз тартады. Бұл жерде 11 мекеме қызметкері жұмыс істейді. Оларға алаңсыз жұмыс істеуге толық жағдай жасалған. Емханада тіс емдеу, УЗИ, физиотерапия, егеу бөлмесі, басқа да кабинеттер заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Тек тіс емдеу кабинетін жарақтандыру үшін 4 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Жалпы құрал-саймандарға 10 млн. теңге қаржы бөлінген. Емханада күндіз жатып емделетін 10 кісіге арналған бөлім бар. Ғимарат ыстық және суық сумен қамтамасыз етілген. Айналасы әсем шарбақпен қоршалып, көркейту жұмыстары көңілдегідей жүргізілді.
Мердігер ұйымның басшысы А. Сіләмов дәрігерлік амбулаторияның меңгерушісі Г. Бибишеваға символдық кілтті табыс етті.
Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов Талдықорғанда І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан №872-нші сайлау учаскесінде дауыс берді.
Облыс бойынша 906 сайлаушы тіркелген, барлық 918 сайлау учаскесі таңғы сағат 7-ден бастап жұмыс істеуде. Таңғы сағат 10-дағы жағдай бойынша, облыста сайлаушылардың 32 пайызы дауыс беріп үлгерді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Парламент Мәжілісіне кезектен тыс және барлық деңгейдегі мәслихаттарға кезекті сайлаулар басталды. Дауыс беру ҚР-ның барлық аймақтарында, 9 764 сайлау учаскесінде кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
ОСК-ның берген ақпараты бойынша, Қазақстанда 9 328 805 сайлаушы тіркелген.
Парламент сайлауына 7 партия, атап айтқанда, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, Қазақстанның Патриоттар партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның Коммунистік халық партиясы, Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы және «Әділет» демократиялық партиясы қатысады. Жергілікті мәслихат орындарына 8 726 кандидат ұсынылып отыр.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау арқылы жетісулықтарға 5000-нан астам тонна пияз жеткізілетін болады.
Үш жақты келісім «АРТ Техпром» ЖШС, «Ресей Жинақ банкі» АҚ және «Даму» Қоры арасында келісімшартқа қол қойылды. Осы келісімшарт бойынша ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Іле ауданында көкөніс сақтау қоймасын салу үшін жартылай мөлшерлеме 7 пайыз көлемінде субсидиялау басталады.
«Біздің аймағымыз үшін маңызды болып табылатын жобаларды қолдау мақсатында, несиенің пайыздық мөлшерлемесінің жартысын мемлекет төлейді», - деді Алматы облысы бойынша аймақтық «Даму» Қоры филиалының директоры Ринат Талтүсов.
«АРТ Техпром» ЖШС көп уақыт бойы сақтауға болатын ең үздік сұрыптағы пияздарды өсіреді. Пиязды суару үшін арнайы жабдықтар (құрылғылар) қолданылады. Компанияда ең үздік агрономдар мен мамандар жұмыс істей отырып, отандық және шетелдік техниканы қолданатын болады. Барлық өнім экологиялық тұрғыдан алғанда таза және де сапа сертификаты бар.
Бірегей технология арқылы өсірілген өнімді алқаптардан тікелей жеткізуге болады. Автоматтық режимдегі қойманың жабдықтары қажетті мөлшерде өнімді құрғатады. Өздерінің өнімдерін сақтау үшін қойманың қызметтеріне басқа да ауданның фермерлері жүгініп жатыр.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: