Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Алматы 9 мамыр1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 65 жылдық мерекені бүгін Алматы қаласының барлық аудандарында тойлауда. Негiзгi мерекелiк шаралар 28 қаhарман-панфиловецтер атындағы бақта өттi.
Қала әкiмi Ұлы Жеңiс тойлауының ресми бөлiмiн ашып, Ұлы Отан соғысының ардагерлерiн құттықтады.
Алматыда бүгiнгі күні соғыстың 2260 қатысушылары және тылдың 19 мың 488 еңбекшiлерi тұрады.
7 мамыр – Отан қорғаушы күні
1992 жылдың 7 ма мырында Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрілігі болып қайта құрылды. Осы күні бұрынғы КСРО-ның республикалық, бірестіктері мен бөлімшелері Қазақстан Республикасының юрисдикциясына өтті. Осылайша, 7 мамыр Отан қоғаушы күні болып жарияланды.
Осы мереке күні барлық қазақстандықтар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, интернационалист – жауынгерлер, жастар ұйымдары Алматыдағы Тәуелсіздік Монументіне гүл шоқтарын қойып, Отан қорғаушыларға тағзым етеді.
Отан қорғау сапында тұрғандарға, Отан алдындағы борышын өтеп жүргендерге бұл күні ордендер, медальдар беріледі.
Алматы. 1 мамыр. Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған іс-шара өтуде. Қаланың барлық аудандарында этно-мәдени орталықтардың, әртістердің, би топтарыныың және басқа да достас мемлекеттерден Алматыға арнайы келген өкілдерінің қатысуымен іс-шаралар өтуде. Кішкентай алматылықтар мен жастар әр-түрлі спорттық жарыстарға қатысуда. Ұлы Отан соғысының ардагерлері қалалықтардан Жеңістің 65 жылдығына орай құттықтаулар қабылдауда.
Биылғы жылдың мерекесі аясында қалада үлкенді-кішілі 70-тен астам іс-шаралар өтеді.
КСРО заманында Қазақстанды достастық лабороториясы деп атаған, уақыт осы атаудың қонақжай, достас және ерекше халықаралық рухы бар мемлекетке ғана берілетінін айқындады.
Қала әкімі алматылықтарды және қонақтарын мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде Қазақстанда әлемдік аренада танылған, мәдени татуластықты қалыптастырудағы өзіндік моделі қалыптасқанын айтты.
Алматы. 12 сәуір 2010. Алматы бюджеті 2010 жылы 18 млрд. 566 млн. 532 мың теңгеге өсті. Бұл мәселе қалалық мәслихаттың XXVII–ші сессииясында қаралды. Бұл қаржы кәсіби-техникалық колледждердің студенттеріне шәкіртақы төлеуге, «КАМАЗ», «Қалкаман» мөлтек аудандарында бала бақшалар және туберкулезге қарсы диспансер, екі емхана салуға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетуге, көлік жолдарын жасауға жұмсалатын болады. Осы қаржының 9 млрд. 200 млн. теңгесі Азиада нысандарын салуға жұмсалмақ. Сонымен қатар, 12 бала бақша, бірқатар кітапханалар күрделі жөндеуден өтіп, медицина құралдары сатып алынады, Әуезов ауданында ХҚО- ЦОН салынады. Бірінші кезегі биыл ашылатын «Дендропарк тің» құрылысы одан әрі жалғасады.
Алматы. 8 сәуір. Алматы әкімі Ахметжан Есімов өзінің жұмыс сапары барысында салынып жатқан метрополитен құрылысының барысымен танысты. Ол барлық 7 станцияның, айналмалы тоннелдердің, Райымбек даңғылынан басталып, Фурманов көшесінің астымен өтіп, Абай даңғылына жететін, содан соң батысқа қарай бет бұрып, Гагарин даңғылына түйісетін метроның алғашқы кезегінің қазіргі жағдайын өз көзімен көріп, жүріп жатқан жұмыстарды саралады.
Мұнда барлық жұмыстар белгіленген кестеге сай жүруде. Үстіміздегі жылы бөлінген 19,6 млрд. теңгенің 8 млрд. теңгесі бірінші тоқсанда игерілген. Бүгінгі таңда екі станция толықтай дерлік дайын. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінде үш станция да дайын болады. Қалған екі станцияның жұмысы тамыз айында толықтай аяқталады.
Алғашқы электропоезд 2010 жылдың маусым айында дайын болады деп күтілуде. Осы жылдың тамызында барлық жылжымалы состав сақадай сай әзір болмақ.
Метроның бірінші желісінің бірінші кезегін пайдалануға беру үшін тағы да қосымша 34 млрд. теңге қаржы қажет. Бұл сома пайдалану құралдарын алуға, монтаждауға және оларды іске қосуға жұмсалатын болады.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
© Комитет индустрии туризма МТиС РК. Разработка и дизайн - ТОО "Innovation group" |
|