Оқиғалар
Алматы. 29 тамыз. Алматы . 29 тамыз. Алматыда Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдық мерекесін тойлауға ұштасылған веложарыс өттi. Веложарысқа Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, қалалық әкімдіктің өкілдері, спорттың осы түрінің ардагерлері, жалпы қала тұрғындары қатысты. Жарыс әдеттегідей, Тәттімбет, әл-Фараби, Навои көшелерін бойлап жүрді. Жарысқа 500 адам шықты.
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жарысқа қатысушыларды мерекемен құттықтап, алматылықтар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға қосып отырған үлестеріне алғысын білдірді. Қала басшылығы спорттың бұл түрін насихаттап қана қоймай, оның инфрақұрылымын жетілдіруге де ерекше мән беруде.
Келесі веложарыс 2010 жылдың 19 қыркүйегінде Алматы күніне қатысты өтетін болады.
Алматы. 27 тамыз. Алматыда ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан салтанатты ауыз ашу – Ифтар ұйымдастырылды. Мерекелік кешкі асқа қаласының әкімі Ахметжан Есімов, ауыздарын бекіткен халайық, зиялы қауым өкілдері, бизнесмендер, қоғам қайраткерлері қатысты.
Салтанатты кешкі асты Алматы қаласының әкімі ашып, жиналған жұртты қасиетті Ораза айымен құттықтады. Тәуелсіздік алғалы бері елімізде имандылық пен рухани мәдениеттің, өзара сыйластықтың өркен жайғанын қала басшысы қадап тұрып айтты. «Елбасымыздың салиқалы саясаты арқасында еліміздің азаматтары өз діндерін қастерлеп, имандылық пен ізеттілікке бет бұрды. Ал бұл тек экономикалық жағынан өсіп қана қоймай, еліміздің рухани дүниетаным жағынан да алға жылжуына ізгі ықпалын тигізуде», - деді Ахметжан Есімов.
Кешкі ауызашарға 400- ден астам мейман шақырылды.
Жазғы кинотеатрдың ашылу салтанатына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов; Шәкен Айманов атындағы «Казахфильмнің» президенті Ермек Аманшаев; КСРО халық әртісі, мемлекеттік сйлықтың лауреаты Бибігүл Төлегенова; актер, режиссер Егор Кончаловский және басқалары қатысты.
Алматы әкімі жиналғандарды жаңа мәдениет орнының ашылуымен құттықтады, жазғы кинотеатрдың алғашқы көрермендері «Тақиялы періште» фильмін тамашалады.
«Заңғар Алатау аясында, ашық аспан астында балалармен және отбасымен бірге «Қазақфильмнің», алтын қорындағы фильмдерді көріп, жақсы демалуға толық мүмкіндік бар, бұл - қала халқына жасалып отырған жақсылықтардың бірі» -, деді Ахметжан Есімов.
«Казахфильм» киностудиясы соңғы 50 жыл ішінде түсірілген ең үздік 16 толық метражды филмдерді көрсетілімге ұсынып отыр. Жазғы кинотеатр Казыбек би көшесі, Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшлерінің бойына орналасқан, КБТУ-дің солтүстік жағы. Әр жұма және сенбі күндері сағат 21.00-де отандық картиналар көрсетіледі, бағалы сыйлықтар ойналатын болады. Сонымен қатар көрермен қауым белгілі отандық актрлермен, режиссер лермен емен жарқын тілдесіп, жүздесе алады. Жазғы маусым 19 қыркүйекке дейін жалғасады.
2010 жылдың 6-8 тамыз аралығында Корей Республикасының Тэгу қаласында Оңтүстік Кореядағы Қазақстан жылына орай Алматының мәдени күндері өтті. Аталған жыл 2010 жылдың сәуір айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Кореяға (Сеул қ.) сапары барысында жарияланған болатын.
Тэгу қаласына келген Қазақстан делегациясы құрамында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, ғылым, білім, өнер қайраткерлері болды.
Мәдени күндердің ашылу салтанатына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, Тэгу қаласының мэрі Ким Бум-Иль қатысты.
Алматы әкмі өзінің құттықтау сөзінде екі қала арасындағы мәдени, достық ынтымақтың барынша тұрақты әрі жүйелі дамып келе жатқандығын айтты. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда корейлік капиталдың қатысуымен 300-ден астам бірлескен кәсіпорындардың жұмыс істейтіндігін жеткізді. 20 жыл ішінде Тэгу қаласы Алматының экономикалық, бизнес, денсаулық, мәдени саласында мықты серіктестерінің бірі болды.
Корея үшін Тэгу қаласындай Алматыда Қазақстан үшін қаржы, мәдени, білім орталығы болып табылады. Бүгінгі таңда екі бауырлас шаһар қаланы басқару, бизнес, инвестициялық жобалар және басқа да мәселелер бойынша бірлесіп қарқынды жұмыс істеуде.
«Бүгінгі таңда біз екеуара достық қатынасқа ерекше сипат бере аламыз. Алматы барынша кеңи түсуде, жаңа технологиялар құру үшін біз инвесторларды көптеп тартудамыз. Осы ретте бізге Тэгудің Азия мен Оңтүстік Кореядағы ең ірі қала ретіндегі тәжірибесі өте қажет. Демек, Сіздердің жаңа өнеркәсіптік аймақты дамытуда өзіндік қолтаңбаларыңызды қалдыруға толық мүмкіндіктеріңіз бар», - деді Ахметжан Есімов.
Тэгу қаласының мэрі Алматы қаласы делегациясының екі қала арасындағы ынтымақты байланысты одан әрі дамытуға ықпал ететіндігін ерекше атап өтті. «Мақсаты ортақ екі қала үшін осы кездесудің маңызы зор. Біздің елімізде Қазақстан мен Корея арасындағы достықАссоциацияның құрылуы осының жемісі», - деп атап өтті Ким Бум-Иль мырза. Тэгу қаласының мэрі алдағы болатын 7-ші қысқы Азия ойындарын жоғары деңгейде өткізуге тілектестік білдірді.
Бірнеше жылдан бері екі қала арасында денсаулық саласын дамыту барысында да жақсы қарым- қатынас орныққан. Корей мәдени орталығы жанында «Доссон» клиникасы жұмыс істейді. Мұнда жыл сайын Ұлттық Кемьён Университетінің дәрігерлері тәжірибеден өтеді. Алматы әкімі аталған оқу орыныда да болды.Жоғары оқу орынының президенті Шин Ил Хай мырза мен Алматы басшысы Ахметжан Есімов Алматы қаласы және «Кемьён» Университеті, «Донсан» орталығы арасындағы іскерлік байланысқа қатысты Меморандумға қол қойды.
Университетте сөйлеген сөзінде Алматы әкімі Оңтүстік Кореяның ғылыми инновациялқ жобаларды жүзеге асыру барысында үлкен нәтижелерге қол жеткізіп отырғандығын ерекше атап өтті.
«Алматыджағы Доссон» клиникасы- өзара байланыстың жақсы нәтижесі. Қазақстан–100-ден астам ұлт тұратын ерекше мемлекет. Ал бұл біздің Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында жүзеге асып отыр. Біз достық байланысымызды одан әрі дамыту үшін бауырлас қаламен ынтымағымызды одан әрі тереңдете беретін боламыз», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Алматы әкімі қазіргі кезде Қазақстанда 100 мыңнан астам кәрістердің тұратындығын, олардың еліміздің абырой-беделін арттыруға өзіндік үлестерін қосып отырғандығын да айтты. Қазақстанда корей халқының өзіндік бет- пердесін сақтап қалуға барынша жағдай жасалғандығын да жеткізді. Алматыда Корей ұлттық -мәдени орталығы ойдағыдай жұмыс істейді. Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрамына енген бұл орталық Корей тілінің, мәдениетінің, әдет – ғұрпының дамуы барысында жемісті еңбек етуде.
Мәдени күндер барысында Тэгу қаласының тұрғындары Қазақстанның мәдени ерекшеліктерімен, қолданбалы өнер туындларымен кеңінен танысты.
Кемьён мәдени орталығына келушілер Алматы қаласының тарихына қатысты фотокөрмені тамашалады, осы орталықта Қазақстан өнер жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті. Талғампаз корей көрермені Абай атындағы МАТОБ-тың балет труппасының, «Сазген Сазы» фольклорлық –этнографиялық ансамбльінің, «Арт дала» «Инжу» топтарының, «Арнау» дуэтінің, Еділ Хусаиновтың, Асылбек Еңсеповтың, атақты опера әншілері Нұржамал Үсенбаеваның, Болатбек Бүкеновтың өнерлеріне тәнті болды.
Тэгудегі Алматы күндерінде қала тұрғындары фольклорлық жанр артистеріне, Кazakhstan Fashion Week мода үйлерінің Кореяның Фэшн Орталығында өткен көрсетілімдеріне айрықша риза болды.
2011 жыл Қазқстандағы Оңтүстік Корея жылы деп белгіленсе, онда Тэгу қаласының мәдени күндері біздің әсем Алматыда өтетін болады.
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ғимарат 2011 жылы елімізде өтетін қысқы Азия ойындарының басты нысандарының біріне айналады. Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев спорт сарайын аралап, осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарға баға берді.
Ақ Азиаданың басталатын уақыты да күн санап жақындап келеді. Осыған байланысты спорт нысандарындағы құрылыс қарқынын Елбасының өзі жіті бақылауда. Нұрсұлтан Назарбаев қысқы ойындардың жабылу салтанаты Алматыда өтетінін айтты. Құрылысшылардың айтуынша, спорт сарайының салынғанына 40 жылдан асыпты. Тозығы жеткен нысанды жөндеуге мемлекеттен 14 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. «Мұндағы мұз айдыны барлық талаптарға сай» - дейді мамандар. Онда хоккейден, мәнерлеп сырғанау мен шорт-тректен жарыстар өтеді. Жыл соңына дейін жер асты автотұрағы да пайдалануға берілмек.
- Орындықтарды 5 мыңға дейін көбейттік. Осы арқылы үлкен концерттік шараларды да өткізе аламыз. Сондай-ақ қосымша орындар мен спорт залдар, шешінетін бөлмелер және баспасөз орталығының аумағын 10 мың шаршы метрге дейін кеңейттік, - деді Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының директоры Юрий Захарин.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: