Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Енді Алматыда жылу берумен «Алматы Жылу» МҚК холдингі айналысатын болады. Аталған холдинг құрамына екі компания: «Алматы жылу жүйелері» және «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС-і еніп отыр. «Алматы жылу жүйелері» ЖШС-і жылу энергиясын таратумен, бөлумен, жоспарлаумен, жылу желілерін салумен және басқа да шаруалармен айналысса, «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС - жылуды ыстық су және бу түрінде таратады, олардың қалай жұмсалатындығын бақылайды.
Холдинг алдына жылу шаруашылығын шығынсыз, ақаусыз жүргізу міндеті қойылып отыр. Бұдан былай қаланы бір ғана холдинг жылумен қамтамасыз ететін болғандықтан жылу энергиясының тарифі де бірыңғай болады. Бұған дейін қызмет көрсететін компанияларға қатысты тарифтер де әртүрлі болатын. Қала басшылығы жылудың фиксирленген бағасын дайындап та қойды, тек монополияға қарсы агенттік бекіткеннен соң ғана ол күшіне енбек. Қазір жылуды есептеудің автоматты бағдарламасы енгізілу үстінде, ал бұл жылудың қаншалықты жұмсалғандығын анық көрсетеді.
Алматы. 4 қараша. Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ҚР-ы Ұлттық Академиясының академиктері, ерлі-зайыпты Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенованы қабылдады. Отбасылық өмірлеріне 60 жыл толған атақты ғалымдар осынау жылдар ішінде жас буынға өнеге болар өмір жолдарынан өтті. Қала әкімі академиктердің отбасылық өміріне бұдан былай да тек бақытты ғұмыр тілеп, олардың тәуелсіз еліміздің жас ұрпағын тәрбиелеудегі, ғылымды дамытудағы ерекше еңбектерін атап өтті.
Академик Серік Қирабаев Алматы сынды үлкен қалада тіл мен білімді өркендету мен дамытудағы өрелі істерге оң бағасын беріп, академиктер отбасы атынан ризашылығын білдірді.
Аня Тукерман Орталық Азияда
Алматы. 17 қазан. Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 80 жылдығына арналған веложарыс болып өтті.
Веложарысқа аталған жоғары оқу орнының ректоры Тілектес Есполов, студенттер, велоспорт ардагерлері, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Мәре-Қазақ ұлттық аграрлық университетініңспорт алаңы. Мұнда жарыс жеңімпаздары марапатталып, ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.
Жарысты өткізудегі басты мақсат-спорттың осы түрін көпшілік арасында кеңінен насихаттау. Аталған спорттық шараға 300-ге жуық адам қатысты. Ең жас спортшы 9-да.
Алматы. 2 қазан. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов «Медеу-Шымбұлақ» гондбол жолының салынып жатқан құрылысымен танысты.
Гондбол жолының 4,6 км ұзындығы дайын. Мамандардың айтуы бойынша, бұл әлемдегі екінші гондбол жолы болмақ. Қазіргі кезде базалық стациялар орнатылған, әрлеу жұмыстар жүріп жатыр.
Ахметжан Есімов Медеу мұз айдынында да болды. Қазіргі кезде мұз айдынында мұздатқыштар, табло және басқа да қажетті қондырғылар толық дайын. Мұнда соңғы әзірлік жұмыстары жүруде. Таяу арада атақты мұз айдыныда жаппай сырғанау нақаны басталатын болады.
Қала басшысы Шымбұлақ демалыс базасында да болды. Мұнда да қайта жарақтау жұмыстары белсенді қарқынмен жүріп жатыр. Шаңғы спортын жасқы көретіндер үшін гондбол жолы да іске қосылатын болады.,Қонақ үй, мерамхана, қажетті басқда түрлі бөлмелер дайын.
Ахметжан Есімов шаңғы спортының инфрақұрылымын дамыту мәсеелесіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, қала басшысы аталған спорттық нысандарды белгіленген мерзімге дайын етуді қадап тұрып тапсырды.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
© Комитет индустрии туризма МТиС РК. Разработка и дизайн - ТОО "Innovation group" |
|