Оқиғалар
«Бұл расында да өте сапалы жасалған әрі өте қажет құжат. Екі күн бұрын Мемлекет басшысы осы шаңғы трамплиндерінің Халықаралық кешенінде болған еді. Ол Бас жоспармен жіті танысып шықты әрі оған өте жоғары баға берді. Бұл жұмыстың маңыздылығын атап өтті », - деді әкім.
Ахметжан Есімов Бас жоспарды жасау барысында коммуникация және қала тіршілігіне қатысты мәселелердің толық қамтылғандығын да айтты. Алматы әкімі қала маңындағы аймақтың дамуына қатысты қала аумағының еш өзгеріске түспейтіндігін де жеткізді. Қала маңындағы аймаққа енетін аудандар Алматыға бағынышты болмайды. Олар Бас жоспарда көрсетілгендей дамып, құлашын кеңге жаятын болады әрі бұл Алматы қаласының экологиясы мен экономикасына оң ықпалын тигізеді.
Бас жоспар Алматы облысының Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандары мен Қапшағай әкімдігінің аумағын қоса 17,44 мың шаршы километрді қамтиды. Барлық елді мекендер саны -221.
Бас жоспарды жүзеге асырудың жобалық кезеңдері 2040 жылға дейін есептелген.
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен 2011 жылы Алматы қаласы мен Алматы облысында 7-ші қысқы Азия ойындарын өткізуге қатысты кеңес болып өтті.
Оның жұмысына 7-ші қысқы Азия ойындары атқару дирекциясының, қаланың орталық атқару органдарының, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің, коммуналдық қызметтің өкілдері қатысты.
Қысқы ойындарға дейін 80 күн қалды. Қазіргі кезде Азиадаға қатысты барлық спорт нысандарының құрылысы толық аяқталды. 12 қараша күні «Медеу-Шымбұлақ» гондольды жолы коммерциялық тұрғыда пайдалануға беріледі, ал желтоқсан айының ортасынан бастап «Шымбұлақ курортында тау шаңғысының маусымы ашылады.
Мәжіліс барысында қаланың қызмет көрсету салалары басшыларының Азиадаға дайындықтары туралы есептері де тыңдалды. Ахметжан Есімов 2011 жылы Азия ойындарын өткізу ісін өзінің жеке бақылауға алғандығын ескертті.
Алматы облысының әкімі Талғар ауданындағы шаңғы- биатлон кешені мен «Табаған» спорт нысанының дайын екендігін жеткізді. Қараша айының соңына таман аталған спорт кешендерінде тестілік жарыстар өтетін болады.
Азиадаға қатысты алғашқы тестілік жарыс қаладағы халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде өткен болатын. Континентальды Кубокта әлемнің 12 елінің спортшылары сайысқа түскені белгілі. Шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешенін халықаралық сарапшылар өте жоғары бағалап отыр, өзінің техникалық параметрлері, архитектурасы, табиғи жағдайы жағынан ол әлемдегі үздіктер қатарында. Осыған орай, 2011 жылдың тамыз айында аталған спорт нысанында гран-при сериялары бойынша шаңғымен секіруден Әлем Кубогі өтетін болады.
Спорт кешені тренажерлермен, баскетбол залына қажет құралдармен жабдықталған. Институт басшылығының айтуы бойынша спорт кешені КИМЭП-тің студенттері мен қызметкерлеріне арналған. Бос уақыттарында олар сағат 8:00 ден 22:00-ге дейін мұнда жаттыға алады.
КИМЭП басшылығы спорт кешенін жарақтандыруға бір млн доллар жұмсаған. Олардың барлығы бүгінгі күн талабына сай. Арнайы жасалған кесте бойынша таэквандо мен йог адан, стол теннис інен, американ футбол ынан, волейбол дан, көркем гимнастик а мен баскетбол дан спорт секциялары жұмыс істейді. Оларға тәжірибелі жаттықтырушылар мен нұсқаушылар дәріс береді.
Ахметжан Есімов Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академисяында да болды. Қала басшысы мұнда живопись, скульптура, декоративті – қолданбалы өнер көрмесімен танысты. Ахметжан Есімовке сабақ өткізудің жаңа әдістері көрсетілді, қала басшысы аннимациялық сабақ өтетін студияда да болды. Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында бал биі мен, фильмді тамашалаған әкім көп нәрсеге қанықты
«Алматы-өнер мен мәдениеттің, әдебиеттің орталығы. Бізге өнерді одан әрі дамытатын жас кадрлар өте қажет.Студенттер қазірдің өзінде қалада өтетін мәдени шараларға белсене араласқаны абзал. Осы арқылы олар құндылықтар мен тәжірибе жинақтайтын болады», - деп қорытындылады кездесуді Ахметжан Есімов.
Алматы қаласында 2010 жылдың 13-і мен 14-ші қараша айы аралығында "Саяхат және қыс 2010 атты" бірінші саяхат жәрмеңкесi өтеді.
Аталған жәрмеңкеде Қазақстандықтарға біздің елімізбен басқа елдердің ең жақсы туристік өнімдері көрсетіледі.
Жәрмеңке шеңберінде шетелдердің, ұлттық кеңселер мен қатысушылардың көрсетілімдері өтеді.
Жәрмеңке Алматы қаласы әкімшілігінің Туризм, денешынықтыру және спорт басқармасы, Қазақстандық туризм қауымдастығы қолдауларымен өтеді.
Бас демеушісі: Хайнань Эрлайнс әуекомпаниясы.
Ресми әріптестері:
«Примэкспресс», «Arnai tours», «Туран Азия» туркомпаниялары.
Шымбулактiң тау шаңғы курортының ресми ашуы желтоқсанға қалпына келтiруден кейiн жоспарлаған.
. Бетон және темiрбетон бұйымдардың өндiрiсi бойынша жаңа зауыттың ашуында журналшыларға бұл туралы бүгiн Қазақстанның дамытуын банк АҚтың басқаруын төрағаны хабарлады Есқалиев шақ, казинформды алып бередi.
Г.Есқалиевтi - Шымбулак тау шаңғы курорт желтоқсанда Азиадеге даярланып ресми ашылады,- деп анықтап алды.
Ол Брк долларлар 200 миллион курорттың қалпына келтiруiне инвестиция салатынын қосты.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: