Оқиғалар
Алматы. 18 қаңтар. Алматы қаласының мәслихатының XXXVI сессиясында депутаттар 2011 жылдың бюджетін белгілеу туралы мәселе қарады.
Дауыс беру нәтижесі бойынша қала бюджеті 97 млрд. 777 млн. 895 мың теңгеге ұлғайды. Оның ішінде: 81 млрд. 149 млн. 399 мың теңге республикалық бюджеттен бөлінген трансферт терден, 16 млрд. 628 млн. 496 мың теңге жыл аяғына бөлінген бюджет тік қаржылар есебінен түсіп отыр.
Бұл қаржы білімді дамыту, бала бақшаларын салу, медицина ұйымдарының материалдық- техникалық базасын нығайту, әлеуметтік мәселелерді шешу, кіші және орта бизнесті қолдау, метрополитен мен Шығыс айналмалы жолының құрылысын салу,ЖЭО-ын жөндеу және басқа да нақтылы істерге жұмсалатын болады.
Осылайша, 2011 жылға арналған қала бюджетінің жалпы сомасы- 276 млрд. 891 млн. 895 мың теңге.
Депутаттар облыстық қоғамдық транспорт үшін 5 айналмалы алаң салу мәселесін де қарады. Бұл алаңдар сырттан келетін көліктің қалада аялдауы үшін қажет. Бұл іс дұрыс шешімін тапса, қала ауасын ластанудан сақтауға ықпал ететін болады.
«Азиада ойындары аяқталған соң біз Алматы облысы және құқық қорғау органдары басшыларын қатыстыра отырып осы мәселені талқылайтын боламыз», - деді Ахметжан Есімов.
Алматы. 12 қаңтар. Бүгін Алматы дағы Халықаралық әуежайда 7- ші қысқы Азия ойындары алауының жеткізілуіне қатысты салтанатты кездесу болып өтті. Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұханбетов басқарған Қазақстан Үкіметінің Кувейтке барып қайтқан делегациясын Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қарсы алды.
«Алаудың Алматы қаласына жеткізілуі өте символикалы көрініс. Еліміздің өзге өңірлеріне алау дәл осы жерден аттанады. Бұл- біз үшін үлкен құрмет әрі үлкен жауапкершілік», - деді Ахметжан Есімов.
Таяуда Азияның Олимпиадалық штаб- пәтері орналасқан Эль-Кувейтте Алау оты жағылған болатын. Бұдан соң Алау арнайы рейспен Алматыға жеткізілді.
Сағат 14.00–де шаңғы трамплиндерінің Халықаралық кешенінде Алау эстафетасы басталып та кетті. Оның алғашқы факелін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жақты.
Алау эстафетасы қаланың орталық көшелерін аралап шығады. 80 факел ұстаушы алауды 11,7 км-ді құрайтын бағыт бойынша алып жүреді. Алау ұстаушылар арасында 25 саяси және қоғам қайраткері, 30 танымал спортшы мен еңбегі сіңген жаттықтырушы, халық артистері, студенттер мен ұстаздар бар.
Эстафетаға қатысушылар Астана алаңында тоғысады. Мұнда алау салтанатына қатысты концерт қойылып, от шашу болады.
Алматыда қысқы Азиада ойындарын өткізуге орай үлкен дайындық жұмыстары жүзеге асты. Шаңғы трамплиндерінің Халықаралық кешені салынды, жалпы ұзындығы 4,5 км болатын «Медеу-Шымбұлақ» гондольды жолы жұмыс істей бастады, «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайы, «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешені қайта жасалды. Халықаралық сарашылардың пікірінше, барлық спорт нысандары әлемдік деңгейде салынған.
6 қаңтар. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен Алматы мен Алматы облысында 7 - қысқы Азия ойындарын а дайындық және оны өткізу туралы мәселе қараған кеңес болып өтті.
Кеңестің жұмысына 7-қысқы Азия ойындары атқару дирекциясының, орталық атқару органдарының, Алматы әкімдігі құрылымдық бөлімшелерінің, коммуналды қызметтің өкілдері қатысты.
Ахметжан Есімов қысқы Азия ойындарын өткізу жөнінде барлық ұйымдық мәселелердің әлі де толық шешілмей отырғандығын атап өтті.
«Ойынның басталуына дейін аз ғана уақыт қалды. Барлық нюанстарды іске қосып, қозғалыстың барлық бағыттарын алдын ала жазып қойған жөн», - деді әкім. .
Ахметжан Есімов қала құрылымдарының басшыларына, аудан әкімдеріне 2011 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындық барысын жеке бақылауға алуды тапсырды.
Қазақ мемлекеттік циркінде Алматы қаласы әкімінің шыршасы өтті. Жыл сайын өтетін бұл мерекені Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр, оған жетімдер, ата- ана қарауынсыз қалғандар, көп балалы отбасындағы және тұрмысы төмен жанұя балалар шақырылған. Жалпы, аталған шараға Алматы қаласының әр ауданынан 1700 бала қатысты.
Алматы қаласының әкімі бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, өтіп бара жатқан жылдың жалпы еліміз үшін барынша жемісті болғандығын ерекше атады.
«Қазақстан барша әлемге өзінің маңыздылығын паш етті. Мемлекет пен республика Президенті сендердің жан- жақты жетілген, білімді де білікті азамат болып өсулерің үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Сендер жақсы оқып, спортпен айналысып, өсіп, есейіп, салауатты, мықты қоғам құруға Қазақстанның одан әрі гүлденуіне өз үлестеріңді қосуға тиіссіңдер», - деді Ахметжан Есімов.
Әкім өз сөзінде 2010 жылы қалада 20 –дан астам бала бақша, медицина мекемелері мен білім және спорт нысандарының салынғанын айтты.Еліміз үшін елеулі оқиға болып табылатын Азия ойындарын өткізу мақсатында Орталық стадион, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Шаңғы трамплиндері, «Медеу» мұз шатқалы, «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасы қайта жасақталып, салынды. Шаңғы және биатлон стадиондары, фристайл стадионы Азиадаға дайын. Ахметжан Есімов Азиада ойындары аяқталған соң осы нысандардың барлығы қалалықтарға қызмет ететіндігін ерекше атады.
Биыл балаларды ертегі кейіпкерлері, қазақ батырлары, Санта-Клаус, қуыршақтар, Аяз Ата мен Ақша қар қарсы алып, мерекенің ойдағыдай өтуіне бар күштерін салды. Жаңа жылдық шарада балалардың шығармашылық ұжымдары тамаша өнгер көрсетті. Олар - халықаралық конкурстардың лауреаттары.
Мереке соңында әр балаға қала әкімінің атынан сыйлық табыс етілді.
Ескерткіштің ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов, батырдың ұлы Бахытжан Момышұлы, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, батырдың туғандары мен туыстары қатысты.
Монументтің жалпы биіктігі - 6 метр. Ескерткіш қоладан құйылған, ал тұғыры - граниттен. Монумент авторлары - қазақтың танымал скульпторлары Нұрлан Далбай мен Расул Сатыбалдиев.
Ескерткіштің ашылуына қатысқандар кезінде Момышұлының тарихты қанымен де, қаламмен де жазғанын ерекше атап өтті. Бауыржан халқын жаудан қорғады, халық батыр ұлын қаһарман ретінде таныды, ол ұлттық батырға айналды. Момышұлының аттестатында оның барынша талапшыл, жігерлі, батыл екендігі, білікті командир мен мықты ұйымдастырушы болғандығы анық жазылған.
Батырдың ұлы әкесінің өзін бала кезден бастап Отанды сүюге, халқын қастерлеуге тәрбилегендігін тебірене айтты.
Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов бұл ескерткіш тек Бауыржан Момышұлына ғана емес, жалпы Ұлы Отан соғысына қатысқан барлық боздақтарға қойылған ескерткіш деді.
28 гвардияшыл–панфиловшылар паркі-көпшілік жиі келетін сүйікті орындардың бірі. Батырға орнатылған ескерткіш жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбилеуге ықпал ететін болады.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: