Оқиғалар
2011 жылы Алматыда футзалдан УЕФА Кубогі мен трамплиннен секіруден Континенталды кубок өтеді.
Бүгін «Медеу» мұз айдынында Халықаралық бенди федерациясының президенті Борис Скрынник 2012 жылғы Әлем чемипонатының туын Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовке тапсырды.
Чемпионатты Алматыда өткізу туралы шешім FIB конгрессінің 2011 жылы қаңтар айында Қазан қаласында өткен кеңесінде қабылданған болатын. Осы бас қосуда Қазақстан бірауыздан 2012 жылғы Әлем чемпионатының қожайыны болып сайланды.
Қала басшысы Халықаралық федерация президентіне көрсетілген сенімі үшін рахмет айтты және Чемпионатты жоғары деңгейде өткізу үшін барлық күш- жігердің жұмсалатындығын жеткізді.
Ойын турнирлері 7- ші қысқы Азиадаға қатысты қайта жаңартылған биік тау шатқалындағы «Медеу» мұз айдынында өтетін болады.
Бұдан өзге, Алматы 2011 жылдың көктемінде өз алаңында футзалдан УЕФА Кубогін өткізетін болады, оған «Кайрат» МФК; португалдық «Спортинг», «Бенфика» командалары; итальяндық «Монтесильвано» және басқа командалар қатысады. Кубок Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында 21 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтеді.
2011 жылдың тамыз айында Алматы шаңғы трамплин кешендерінде шаңғымен трамплиннен секірудің гран-приінің Континенталды кубогі өтеді.
К-125, К-95 халықаралық шаңғы трамплиндері кешендері қыста да, жазда да келушілерді қабылдай беретін әлеуметтік- мәдени бағыттағы ең құнды спорттық нысан болып табылады. Әлемде мұндай обьектілер санаулы ғана, ал біздің кешеннің ерекшелігі – мұнда 125 және 95 метрлі екі трамплин бар. 5500 көрерменге арналған нысанның батыс жағында терасса, қазіргі заманғы медиа орталық бар.
Бұл халықаралық кешен шетел сарапшыларынан өте жоғары баға алды, олардың айтуынша, біздің спорт нысанымыз өзінің техникалық параметрі, сәулеті, табиғи қонымдылығы, орналасқан жерінің өте тиімділігі жағынан әлемдегі үздіктер қатарына жатады.
2011 жылдың 6 қаңтары күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында 7-ші қысқы Азия ойындарының жабылу рәсімі болып өтті. Аталған салтанатқа ҚР-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев зайыбымен, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.
Салтанатты шара «Азия симфониясы» атты театрландырылған қойылыммен ашылды. Оның авторларының ойы бойынша, шоуда Азия халықтарының мини қойылымдары ұсынылды. Бұдан соң сахна төрін қазақ аңыздарының көріністері жайлады. Сценарий бойынша, жабылу салтанатында Европа мен Азия арасындағы байланыс, өнер мен спорт арасындағы синтез өзара жарасымдылық тапты. Жалпы, көріністің түп қазығы әр елдің спортшыларының сахнаға бірге шығуы болды. Ұйымдастырушылардың пікірінше бұл шоу Азия симфониясы болып табылды. Театрландырылған қойылымға барлығы 700-ден астам адам қатысты, олардың арасында кәсіби артистер, волонтерлар бар.
Мерекелік қойылымнан соң қонақтар алдына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов шықты. Қала басшысы өз сөзінде еліміз үшін орасан зор маңызы бар ойындарды өткізу барысында қолдау көрсеткен барша алматылықтарға, ұйымдастырушыларға, демеушілерге, волонтерлерге алғыс білдірді. Ахметжан Есімов әсіресе, Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты айрықша атап өтті.
«Әлемдік экономикалық дағдарыстың болғанына қарамастан Азиаданы өткізу жөнінде өте батыл шешім қабылдаған адамға айтар алғысымыз шексіз. Ол біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев», - деді әкім.
Азия олимпиада кеңесінің вице-президенті Тимоти Фок ақ Азиаданы өте жоғары деңгейде ұйымдастырған Қазақстан басшылығына алғысын айтты.Өз сөзінде Фок мырза Азиада ойындарының биік деңгейде өткендігін, оған қатысушылардың барлығы ойын барысына риза болғандығын, мұнда өткізген күндерін олардың ұзақ уақыт есте сақтайтындықтарын атап өтті.
Жабылу салтанатында Алматы әкімі қысқы Азия ойындарының туын 8-ші қысқы Азия ойындары өтетін Саппоро қаласы ұйымдастыру комитетінің өкіліне тапсырды және Азиада алауы салтанатты түрде өшті. Бұдан соң Қазақстан эстрадасының жұлдыздары вокалды композицияны орындады.Шаңғы трамплиндерінің Халықаралық кешенінде от шашу болып, тікелей эфирден жабылу салтанатын 3 мыңнан астам адам тамашалады. Қалалықтар мен Алматы қонақтары үшін тікелей трансляция адамдар көп жиналатын Алматыдағы LED – экрандарынан да берілді.
Қазақстандық шаңғышылар Оксана Яцкая және Елена Коломина 7-қысқы Азия ойындары аясында өтіп жатқан командалық спринт жарысында жеңімпаз атанды. Сайыс бойы алда келген ойын иелерінің көрсеткіш нәтижесі 20 минут 39,9 секунд болды. Спортшылар мәреде екінші орынға табан тіреген қытай құрамасының өкілі Мань Даньдань (Man Dandan) және Ли Хонсюді (Li Hongxue) 36,5 секундқа басып озды. Жүлдегерлер үштігін жапондық спортшылар Омори Наоко (Omori Naoko) және Кобаяси Юки (Kobayashi Yuki) толықтырды. Олар қазақстандық ойыншылардан 54,5 секундқа кешігіп қалды.
Яцкая мен Коломина Қазақстан қоржынына осымен Азия ойындарының 7-алтын медалін салды. Сондай-ақ, жарыс иелері командалық есепте 7 күміс, 6 бронзалы медальдарымен алда тұр.
Алматы. 23 қантар. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бүгін 7-ші Азия ойындарының штабында болды. Ол мұндағы баспасөз және IBC орталықтарының ойындарға дайындығын тексерді.
Баспасөз орталығы көпфнукционалды «Алматы Тауэрс» бизнес орталығына орналасқан, оның сыймдылығы 400 орындық. Орталықта еріктілер, дирекция қызметкерлері жұмыс істейді. Залға транцляция жүргізу үшін арнайы мониторлар қойылған, халықаралық деңгейде ақпарат тарату үшін жылдамдығы өте жоғары интернет желісі де бар. Конференциялар өткізуге арналған арнайы баспасөз залы да талапқа сай жабдықталған. Ақпарат тарату үшін қазірдің өзінде 17 елдің 2 мыңнан астам журналисі тіркелген.
Қала әкімі ойыннның жабылу салтанатының ұйымдастырылуына айрықша мән берд
«Еліміздің мақтанышы болып табылатн «Шымбұлақ» 7-ші қысқы Азия ойындарын өткізуге дайын. Тау беткейлері бойынша күрделі жұмысьтар жүргізіліп, арнайы сеткалар қойылды.Қазіргі заманғы екі көтергіш алынып, Медеу мен Шымбұлақты байланыстыратын гондальды жол салынды.Бір сөзбен айтқанда, Азиада ойындарын ойлағыдай өткізу, алматылықтар мен қонақтардың болашақта дұрыс демалулары үшін қолдан келгеннің бәрі жасалды», -деді әкім.
«Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты басшылығының айтуынша оның инфрақұрылы Тау Шаңғысы Спортының Халықаралық Федрациясы (FIS) талаптарына толық сай келеді.Күн сайын шаңғымен төмен түсу трассасын күндіз де, түнде де жаңа модельді жарық қондырғылары жарықтандырып тұрады.
Алматыда тау шаңғысы курортын дамыту мақсатында 2010 жылдың қазан айында Медеу мен Шымбұлақ арасына қатынайтын гондальды жол салынған болатын. Оның жалпы ұзындығы - 5кмге жуық.Өзінің көрсеткіші жағынан бұл жол АҚШ пен Франциядан кейінгі үшінші жол болып табылады. Мұнда 8 адамдық 114 кабина бар, ол сағат сайын 2000 адамға дейін жолаушыны тасымалдайды.
Ұзындығы 4 км болатын жерге қызмет көрсететін жаңа, қазіргі заманға сай көтергіштер де жұмыс істеп тұр. Бұлар да 2000 мыңға жуық адамды тасымалдай алады. Аспалы жол Шымбұлақ пен Талғар асуын да жалғастырады.
Шаңғымен жаңадан айналысып жүргендер үшін тау қыратында жаңа бугельді көтергіш пен травелатор жұмыс істейді. Шымбұлақ беткейлері кеңейтілді, жақсартылды. Жаңа беткейлер де қайта өңделіп, қатарға қосылды. Мұнда 30 км. дейін сырғанауға болады. Оның барлығы әлемдік FIS стандарттарына сай.
Тау шаңғысын дамытуда сырғанаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды.Мұнда сақтау камерасы, асхана, кафе, мейрамхана, спорт магазині, СПА орталық және басқалалары ойдағыдай жұмыс істейтін болады 7-ші қысқы Азия ойындарының алғашқы жарыстары 2011 жылдың 31 қаңтарында басталады.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: