Оқиғалар
Алматы әкімі Ахметжан Есімов автобус парктері мен таксопарк басшыларын көлікті табиғи газға көшіруге шақырды.
Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен экологиялық форум болып өтті. Форумның тақырыбы: «Қазақстан - транспортқа табиғи газ». Форумды «КазТрансГаз» АҚ-ы мен транспорттың Азия ассоциациясы ұйымдастырған.
2009 жылдың қазан айында Алматы қаласы әкімдігі мен «Казтрансгаз» АҚ-ы арасында автотранспортты газдандыру жөніндегі Меморандумға қол қойылған болатын. Үстіміздегі жылдың аяғына дейін бірлесіп үш АГНКС салу жоспарланған.Қазіргі кезде АГНКС салуға қатысы бар 5 құрылыммен келісім жасау процедуралары жүріп жатыр.
«Бүгін мына залға жеке автобус парктерінің басшылары жиналып отыр, мен сіздерді автобустарды табиғи газбен жүруге көшіру жұмысын бастауға шақырамын. Алдағы уақытта жолаушылар бағыттары бойынша тендер өткізу барысында автобустары табиғи газбен жүретін тасымалдаушыларға басымдылық берілетін болады. Әрине, жыл ішінде парктегі барлық көлікті газға көшіру мүмкін емес, бірақ әр кәсіпорында осы іске қатысты нақтылы жоспардың болғаны жөн. Егер сендердің тараптарыңнан алға жылжушылық болмаса, біз муниципальды паркті кеңейтеміз немесе тағы да осындай бірнеше муниципальды автобус парктерін құратын боламыз.
Бұл таксопарктерге де қатысты, біз «Алматы» ӘКК-не арнайы қаржы бөлдік, ол двигательдерді табиғи газбен жұмыс істеуге көшіру үшін микронесиелер беретін болады. Мен олардың басшыларын да бұл процесске белсене араласуға шақырамын, әйтпесе, Алматы әкімдігі табиғи газбен жұмыс істейтін муниципальды таксопаркті де құратын болады», - деп атап өтті әкім.
Қала әкімдігі тарнспортты газға көшіру жобасын одан әрі дамыта бермек, таяу арада коммуналды транспортты газға көшіру ісі қолға алынбақ, ал бұл дегеніңіз 4-5 мың автомобиль; «Алматы» ӘКК-сі заңды және жеке тұлғалардың автотранспорттарын табиғи газға көшіруді экономикалық жағынан ынталандырудың механизмдерін іздестіріп, жасайтын болады. Нәтижесінде микронесие беретін ұйым құрылды, ол двигательдерді табиғи газбен жұмыс істеуге лайықтап қайта жасап шығу үшін микронесиелер беретін болады.
Әкім экология және қала экономикасы үшін табиғи газбен жұмыс істейтін муниципальды автобус паркінің ашылуы үдемелі жобаны жүзеге асыру болып табылатындығын айтты. Бұл тек Алматыдағы ғана емес, жалпы Қазақстандағы алғашқы оң тәжірибе. Қазіргі кезде 200 автобус қаладағы 9 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдауда. Қала әкімдігінің эколгоиялық жағдайды жақсарту жөіндегі жүйелі шаралары оң нәтижелер беруде. Ахметжан Есімов қала әкімдігі үшін ең басты мәселенің бірі экология екендігін, сондықтан да экологиялық жасқартуға жіті назар аударылатындығын ерекше атап өтті. Бұл орайда бірқатар стратегиялық шаралар жүзеге асатын болады, олар: қала аумағында қала құрылысы мен абаттандыру; станционарлық кәсіпорындар, тұрғын секторлары шығаратын залалды заттарды азайту; жаңа транспорт стратегиясын жүзеге асыру.
Алғашқы міндетті жүзеге асыру мақсатында өзендер қайта жарақтандырылуда, олар таудан келетін таза ауаны жеткізушілер болып табылады, соңғы жылдар ішінде 11 өзеннің 46км-ден астам учаскесі ретке келтірілді, қаланың жасыл ағаш қоры жаңартылуда, яғни жыл сайын 25мыңға жуық ағаш отырғызылуда.
Станционарлы көздерден шығатын залалды заттарды азайту үшін кәсіпорындарда табиғатты қорғау шараларының орындалу барысы қатаң бақылауға алынады, биылғы жылдан бастап ТЭЦ-1жыл бойына табиғи газбен жұмыс істеуге көшіріледі, мазутпен жұмыс істейтін «Алматытеплокоммунэнерго» АҚ-ының 3 қазандығы, «Международный аэропорт» АҚ-ының қазандығы газбен жұмыс істеуге көшірілді, соңғы жылдары 26 подстанция салынды, ал бұл тау етегіндегілерді, сонымен қатар Медеу мен Шымбұлақты электрмен жылытуға мүмкіндік берді, жеке секторды газдандыру ісі қарқын алуда, 3 жыл ішінде 60 км-дан астам газ құбыры тартылды, таяудағы 2 жыл ішінде жеке секторды түгелдей газдандыру жоспарланған, «КазТрансГаздың» қатысуымен ауаны залалдандыратын заттар 5-6 мың тоннаға азаяды. Бұдан өзге, Алатау ауданының әкімдігі қаланың орталық бөлігіндегі залалды заттар шығаратын кәсіпорындар көшірілетін өнеркәсіптік аймақ құратын болады.
Жаңа транспорттық стратегия мен қала экологиясына транспорттың кері әсерін азайту барысында да оң шаралар жүзеге асады: 1) қаланың орталық бөлігінде жүктранспортының қозғалысы шектелгеи; 2) магистральды айналымдар бойынша жүрдек транспорт қозғалысы қамтамасыз етілген- Шығыс айналма жолының бірінші кезегі іске қосылды, осы жылдың аяғында оны толық іске қосу жоспарланып отыр, 3 жыл ішінде 11 транспорт жол айрығы салынды; 180 км-ден астам жол жөнделді. Бұл бағытта әкімдік жұмысты одан әрі жалғастыратын болады, биыл тағы да 6 жол айрығы жобалануда.
Автотранспорттан шығатын залалды заттардың токсикалық нормасына, автокөліктің түтінделуіне, техникалық бақылудан өтуіне бақылу күшейтілді, автомотор отынының сапасына мониторинг жүргізіледі. Электротранспортты дамыту шаралары жүзеге асуда, қазіргі кезде 200 заманаой троллейбустар сатып алу үшін конкурстық процедуралар жүріп жатыр, келер жылдың бірінші тоқсанында олар қала көшелеріне шығатын болады.
Алматыда «Ақбұлақ» қазандығы мен «Алғабас» подстанциясы ашылды.
А.Есімов: Қаланы солтүстік бағытта дамыту жөніндегі жоспар жүзеге асуда.
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Алатау ауданындағы қуаттылығы174,122 МВт (150Гкал/сағ) «Ақбұлақ» қазандығы мен жалпы қуаты ПС 110/10-10 кВ болатын «Алғабас» подстанциясының жұмысымен танысты.
Подстанция мен қазандық «Акбұлақ», «Ақкент» және «Алғабас» ықшам аудандарын жылы сумен, жылумен, электр энергиясымен қамтамасыз ететін болады.
«Осыдан үш жыл бұрын Алатау ауданы жаңадан ашылған кезде болашақта қала солтүстік бағытта дамитын болады деп айтқан едік. Аталған ауданды қажетті коммуникациялармен қамтамасыз ету мақсатында 10 млрд. теңге жұмсалды. Бұл ең алдымен су, жылу, электрэнергиясымен қамтамасыз ету және канализация. Барлық инженерлік желілер салынып, іске қосылды. Биыл 54 жаңа көп қабатты үй пайдалануға берілетін болады. Осы ауданда «Ақкент» ықшам ауданын қоса есептегенде 100 мың қалалық тұратын болады. Демек, әкімдіктің қаланы солтүстік бағытта дамыту жөніндегі жоспары жүзеге аса бастады» , - деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Қала басшысы осы ауданда Индустриалды аймақ құрылатынын да айтты. Қазіргі кезде оның жобалық- сметалық құжаттары жасалу үстінде.
Алматыда Халықаралық волейбол федерациясының (ФИВБ) 2011 жылғы Әлемнің Гран-Приі үшін волейболдан жарыстың екінші кезеңі басталды.
Волейболдан Әлемнің Гран-приі — әйелдердің ұлттық құрама командаларының ресми және ірі коммерциялық турнирі, ол 1993 жылдан бері Халықаралық волейбол федерациясының (FIVB) бастауымен өткізіліп келеді.
Биылғы жарыс Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтуде. 30 тамыз күні Алматыда шаңғымен трмаплиннен секірудің Гран - Приі өтеді. Ал қыста Медеу мұз айдынында бендиден әлем чемпионат ы басталады. Осылайша, Азиада кезінде салынған спорт нысандарының барлығында халықаралық жарыстар өтуде, ал Алматы әлемнің спортты қалалары арасында алда келеді.
Алматы әкімі қала кәсіпкерлерін бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға белсенді түрде қатысуға шақырды
Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» атты конкурс - көрме ашылды. Оның ашылу салтанатына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысты. Қала басшысы көрме экспозицияларын аралап көріп, конкурс- көрме жеңімпаздарын атады.
«Қазақстанның үздік тауары» атты өңірлік конкурс- көрме Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы үшін өтетін конкурс аясында жүзеге асып отыр. Өңірлік кезеңнің басты міндеті – сапа саласындағы ең үздік компанияны анықтау. Байқауға 74 кәсіпорын қатысты, олардың арасында машина жасаумен, металл өңдеумен, құрылыс материалдарын шығарумен айналысатын кәсіпорындар және азық- түлік, жеңіл, дәрі дәрмек өнеркәсіптері де бар.
Әкім өз сөзінде Қазақстан Ресупбликасы Президентінің халыққа Жолдауындағы бәсекеге лайық отандық тауарлар шығару жөніндегі алға қойған міндетін тағы бір еске салып өтті.
«Қазақстан инновация жолымен жүріп, жоғары технологиялы өндіріске қол жеткізуі тиіс. Осыған орай, арнайы жасалған бағдарламалар да бар. Олар - «Өндіріс-2020», «Экспорт-2020». Мемлекет экспортқа үнемі қолдау көрсетіп, шығарылатын өнімнің бәскеге ие болуы үшін мол қаржы бөліп келеді. Бұл көрсеткіштер бойынша Алматы көш басында. «Экспорт-2020» бағдарламасы бойынша қаржының 50% -дан астамы Алматы кәсіпорындарына бөлінген. Бірақ, біз тоқырап қалмай, алға жылжуға тиіспіз. Қала кәсіпкерлерін бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға белсенді түрде қатысуға шақырамын» , - деді Ахметжан Есімов.
Үдемелі индустриалды- инновациялық даму жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама бойынша қазіргі кезде Алматы қаласының әкімдігі жалпы құны 75 млрд. теңге болатын 16 индустриалды –инновациялық жобаны жүзеге асыруда. Мұның ішінде жалпы құны 33 млрд. теңге болатын 4 жоба 2010 жылы орындалды. Ал, жалпы құны 3,5 млрд. теңге болатын 3 индустриалды – инновациялық жоба үстіміздегі жылдың шілде айында жүзеге асты әрі индустриализация Картасы нысандары бойынша өткен Форумда Мемлекет басшысы олардың тұсауын кесті. Ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында үш жобаны жүзеге асыру міндеті тұр, олардың жалпы құны - 1,2 млрд. теңге болмақ. Қалған 6 жоба 2012-2015 жылдары жүзеге асатын болады.
Бұлардан өзге ҚР-ының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне тағы да 38 жоба ұсынылып отыр, олардың жалпы құны - 334 млрд. теңге.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 44 жоба қолға алынбақ, олардың ішінде 1 бағыт бойынша – 28 жоба, құны 12,1 млрд.; екінші бағыт бойынша – 15 жоба, құны - 11,2 млрд. теңге және үшінші бағыт бойынша 1 жоба, құны - 440 млн. теңге.
Бұлардан өзге, үстіміздегі жылы «Производительность – 2020» және «Экспорт -2020» жобалары да қолға алынды. «Производительность -2020» жобасы аясында өнідіріс орындары жеңілдікпен берілетін лизинг ілік қаржыландыруды пайдалана алады. «Экспорт - 2020» бағдарламасы бойынша 2010 жылы Алматының 13 кәсіп орны өздерінің кеткен шығындарын 77,8 млн. теңгеге толықтырды, бұл республика бойынша бөлінген қаржының 55,5% -ын құрайды. Үстіміздегі жылы 10 кәсіпорын осы бағдарламаға қатысуға құлшынып отыр.
Өнім шығаруда қазақстандық үлесті арттыру мақсатында жыл сайын «Мемлекеттік тапсырыс» акциясы өткізіліп келеді. Оған бюджеттік бағдарламалар администраторлары және «Самрұқ -Қазынаның» ұлттық компанияларының холдингтері қатысуда. 2010 жылы «Самрұқ -Қазынаның» ұлттық компанияларының холдингтері мен алматылық тауар өндірушілер жалпы құны 106 млрд. теңге болатын 901 контрактке қол қойды. Үстіміздегі жылдың 5 айы ішінде 475 контрактке қол қойылды, олардың жалпы құны - 40,5 млрд. теңге.
Алматы қаласында 1 500 өндіріс орны бар, олардың 156 -ы ірі және орташа. Кіші кәсіпорындардың үлес салмағы - 89,6%. 2011 жылдың алты айы ішінде 205,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, өнеркәсіптік өндірістің физикалық ауқымының индексі 2010 жылмен салыстырғанда- 121,4%. 2011 жылдың маусым айында 33,7 млрд. теңгенің өнімі шығарылды, ол 2010 жылдың осы кезеңімен салымстырғанда 112,0% -ды құрайды.
Бүгінгі таңда Алматы қаласында шығатын бұйымдардың 90 түрі жақын және алыс шетелдерге экспортқа шығарылады. Бұдан өзге қаланың 598 кәсіпорны ИСО сериясының Халықаралық сапа менеджменті сертификатына қол жеткізді. Жыл аяғына дейін 20 кәсіпорын ИСО 9000 және 14000 сериясының сертифактын алатын болады.
Ахметжан Есімов Алматы еліміздің шикізаттық емес доноры болып табылатындығын, қала экономикасының қарқынды дамып келе жатқандығын да жеткізді.
«Кеше жұмыс бабымен бізде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев болды. Ол біздің қаламыздың әлеуметтік - экономикалық даму барысымен танысып, оң бағасын берді. Мұндай динамикалық дамуға біздің кәсіпорындарымыз арқылы қол жетуде. Бірінші жарты жылдықта өнеркәсіптік өнім шығару көлемі 21,4%-ды құрады. Жаңа өндіріс орындарының пайда болуы арқасында жаңа жұмыс орындары да ашылуда. Жарты жыл ішінде жұмысқа орналастыру орталықтарына 2700 адам өтініш білдіріпті, бұл өткен жылмен салыстарғанда жұмыссыдар қатырының екі есеге төмендегенін көрсетеді. Жұмыссыздық деңгейі -0,5%, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға төмен. Бұл қала тарихында бұрын- соңды болмаған ең төменгі көрсеткіш», - деп атап өтті әкім.
Біз қолына фотоаппаратты тұғңыш ұстағандарды да, осы істің майталмандары мен қас шеберлерін, жалпы барша жұртшылықты осы игі шараға қатысуға шақырамыз.
Фотокөрмеге жаңа суреттерді ғана емес, мұрағаттық және отбасылық сурет те қабылданады.
Көрме өзгеше орында өтеді. Ұсынылған жұмыстардың барлығы Алматы метрополитені стансаларыныңің қабырғаларына ілінеді.
Алматы метрополитені – қаламыздың бүгіні мен болашағының символы, ол ТМД елдері арасындағы ең озық технология жемісі. Тіпті кейбір параметрлері бойынша әлем жер асты жолдарын да артқа қалдырады.
Көрме мына номинациялар бойынша өтеді:
«Менің Алматым» - мұнда Алматының ерекше қала екендігін дәріптейтін суреттер көрініс табады.
«Алматы- өмір» - мұнда қала тұрғындарының ішкі жан дүниесі мен эмоциясына қатысты жұмыстар көрсетіледі. Табиғат, қала құрылысы, адамдар, жақындар. Сонымен қатар фотопортреттер, отбасылық, мұрағаттық суреттер де көпшілікке ұсынылады.
Фтосурет тілімен Алматы тарихын, бүгіні мен болашағын көрсетуді қалаймыз. Жалпы, Алматыны жан- жақты көрсету үшін ару да алып қаланың барлық қырын көре білген жөн.
Ұсынылатын жұмыстар үстіміздегі жылдың 27 тамызына дейін қабылданады. Авторлық құқық сақталады. Ұйымдастырушылар серкітестікке дайын.
Конкурс жеңімпаздарын сыйлықтар мен жүлделер күтіп тұр.
Көремнің ашлуына барлық БАҚ, еліміздің қоғам мен мәденеи өкілдері шақырылады.
Көрмеге қатысу үшін мыналарды ұсыну қажет:
Сапалы басу мен цифрлы көрініс талабына сай келетін фтосуреттер ұсынылады. Формат файлы: JPEG
Ұсынылған фотосуреттерге мынадай анықтама қағаз да қоса жіберлуі тиіс.
Жұмыс орны, қызметі
E-mail
Телефон нөмірі
Жұмыстың атауы, қысқаша мазмұны
Суреттің қай номинацияға ұсынылатындығы
(профессионалды немесе әуесқой сурет)
2011 жылдың 27 тамызынан қалдырмай осы толтырылған форма мен фотосуреттерді («Фотовыставка» белгісімен) мына электроннды адреске жіберу қажет. almatymetro@gmail.com
Байланыс телефоны: +7 727 258 41 70, +7 702 698 5000
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: