Оқиғалар
Алматы метрополитенінің құрылысы 1988 жылы 7 қыркүйекте басталған болатын. Бірінші кезектің екі жолды ұзындығы-8.56 км. Орташа тереңдігі – 40 метр. Жер асты үңгілеу жұмыстарының ұзындығы - 21,74 км. Бірінші желінің құрамына электродепо, инженерлік корпус, қызметкерлер бөлмесі, «Райымбек батыр», «Жібек-Жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «М. Әуезов атындағы драма театры», «Алатау» атты 7 станса енген. Бірінші желінің жалпы сметалық құны - 165,9 млрд.теңге.
Алматы метрополитенін ашқан Елбасы бұның еліміз үшін тарихи оқиға екендігін атап көрсетті.
«Бұл Қазақстан тарихындағы ерекше нысан, бұл кешен ел тарихына өшпестей болып жазылады. Қазіргі уақыт – қайталанбас сәт. Тәуелсіз Қазақстан жағдайында қандай керемет оқиғаларға қол жеткізіп жатырмыз, естеріңізде болар, тіпті дағдарыс кезінің өзінде мен бұл нысанды қаржыландыруды тоқтатқан жоқпын. Метросалушылар қобалжулы болды, жұмыс тұрып қалды, қиын жағдайларды бастан өткердік, бірақ мен метро құрылысын бір минутқа да тоқтатқан жоқпын, бұл жұртшылық үшін өте қолайлы, метро тәулігіне 300 мың адамды, ал жылына 110 млн. адамды тасымалдайтын болады. Бұл экологиялық таза көлік, ал станциялар бейне бір көркем шығарма дерсің», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Метро қызметін тұтынушыларға 6 стансада 24 эскалатор, 9 желдеткіш және көтергіштер мен лифттер қызметі ұсынылған. Жолаушыларға «Hyundaі» корпорациясының әрқайсысы 4 вагонға ие қазіргі заман талабына сай 7 электропойыздар қызмет көрсетеді. Бір пойыздың сыйымдылығы - 940 адамды құрайды. Бастапқы уақытта метрода 3 пойыз жолаушы тасымалдайтын болса, кейін жолаушы саны артуына қарай, резервтегі пойыздар да іске кірісетін болады.
Алматы ТМД елдері ішінде ең үздік, ал әлемдік деңгейде ең алдыңғы саптағы ірі кешен болмақ. Автоматты желілердің жоғары деңгейде жұмыс жасауын 29 кешен қамтамасыз етеді, олар - метрополитеннің автоматика, белгі беру, байланыс және қауіпсіздік жүйелері боп табылады. Жылжымалы пойыздарды радиоарнаны қолдану арқылы басқару әдісі де осы метрода тұңғыш рет қолданылмақ. Пойыздар мен технологияларды басқару мықты қорғалған сандық жүйемен іске асса, пойыздар автономды түрде 4 сағатқа дейін кідіріссіз қызмет ете алады. Күзет, өрттің алдын алу, қауіпсіздік қызметтері қатаң бақылауға алынған, диспетчерлік бейнебақылау орталығы метроның өн бойын қалт жібермей қадағалайды.
2011 жылдың наурыз айында екінші желінің құрылысы басталды, оның құрамына «Сайран», «Москва», «Сары-Арка», «Достык», «Калкаман» атты 5 станса енген. Алдын ала есептеулер бойынша метро күніне 26 мың адамға қызмет көрсетеді.
Бұл жобаның жүзеге асуы қоғамдық көліктің сапасын арттырып, көлік, құрылыс сектроларында жаңа жұмыс орындарының пайда болуына ықпал етеді.
Астанадағы Бейбітшілік және Келісім Сарайында Алматы қаласының Мәдени күндеріне қатысты көрме ашылды
Астанадағы Бейбітшілік және Келісім Сарайында Алматы қаласының Мәдени күндеріне қатысты көрме ашылды. Бұл көрме Алматы қаласымен қоса Ақмола және Ақтөбе облыстарының әр салада қол жеткен табыстарын паш етеді.
Көрмеге келішулер еліміздің ең ірі қаласы әрі қаржы, экономика, ғылым мен білім, мәдениет орталығы болып табылатын Алматыға үлкен қызығушылық танытуда. Олар ерекше форматта жасалған экспозицияны ұзақ тамашалауда.
Алматы қаласы Мәдениет басқармасының бастығы Қайрат Көлбаевтың айтуынша, көрмені ұйымдастырудағы негізгі мақсат- Алматының қазіргі кезде жедел қарқынмен дамып, қанат жайып келе жатқандығын, үлкен мегаполисте батыл ғылыми, шығармашылық идеялардың туындайтындығын, инновациялық жобалардың жүзеге асып жатқандығын көрсету.
Алматы - өзіндік бай тарихы бар, классика мен қазіргі заман қабат үндестік тапқан көп қырлы әсем қала.Сонықтан да экспозиция 3 D форматында, гарфиканы қолдана отырып, art, modern стилінде жасалды.
Стенділер металл ленталары түрінде өрнектелді, олар жоғары қарай иректеліп, мегаполистің әр саласының биіктікке бет алатындығын паш етті.Мұнда әлеуметтік-экономикалық, транспорттық - инфрақұрылымдық, кәсіпкерлік пен өнеркәсіптік дамудың барлық құрылымдары, экология, денсаулық сақтау, білім мен спорт, мәдениет толық қамтылған. Бұлардан өзге экспозицияда Қазақстан халықтары Кіші ассамблеясына қатысты бөлім де бар.
Алматы экспозициясының эксклюзиві ретінде көрмеде тарихи мәні бар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тапсырылған РҚ-ы ұлттық Олимпиада комитетінің Алтын ордені,Алматының аты жазылған XIII ғасырдағы тиындар, жетекші компаниялардың, қаржы құрылымдарының, спортшылардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің маңызды марапттары қойылған арнайы стенд де ерекше көз тартады.
Көрмеше келушілер эспозициядан Алматыда тұратын өнер мен мәдениеттің, ғылым мен білімнің танымал тұлғалары мен ірі мегаполистің қарапайым халқының бейнелерін де көре алады.
Экспозицияның бір стендінің түгелдей дерлік хош иісті алмалармен толықтырылуы тіпті сииволикалық әсер қалдырды. Жалпы, экспозицияны Алматы қаласының даму қадамдарын айшықтай түсетін документальді фильммен бірге көрсету өте тармытды шықты.
Көрме 2011 жылдың 17 қарашасына дейін жалғасады.
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Республика сарайының жөндеу жұмыстарына байланысты кеңес өткізді.
Алматы әкімі Ахметжан Есімов Республика сарайының жөндеу жұмыстарына байланысты кеңес өткізді. Кеңес барысында қала басшысы құрылыс-монтажды жұмыстардың қарқынымен танысты.
Қазіргі уақытта ғимараттың сыртқы және ішкі жұмыстары аяқталуда және де жабдықтардың монтажы мен ауланы абаттандыру жүргізіліп жатыр.
2010 жылдың қараша айында Республика сарайы күрделі жөндеуге жабылғандығын еске сала кетейік. Бұл ғимараттың 40-жылдық тарихындағы алғашқы жөндеу жұмыстары.
Қала әкімі сарайға келушілер үшін ыңғайлы көлік тұрағын ұйымдастырудың маңызды екендігін айтты. Сонымен қатар, МСҚБ басқармасының басшылығына жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына үнемі бақылау жүргізу керек екендігін еске салды.
Республика сарайының ашылуы осы жылдың желтоқсан айының бастапқы кезіне жоспарланған.
Алматының бюджеті 15 млрд. теңгеге ұлғайған
2011 жылға Алматы қаласының бюджетін нақтылау аясында бюджеттің шығыс және кіріс бөлігін 15 млрд.034 млн. 500 мың теңгеге ұлғайту қарастырылуда. Соның ішінде республикалық бюджеттің трансферттер үлесінен – 8 млрд. 534 млн. 500 мың теңге; жергілікті бюджеттен – 6 млн. 500 мың теңге. Осылайша Алматы қаласының бюджеті 268 млрд. 659 млн. 300 мың теңгені құрап отыр.
Дұрыс динамикаға байланысты, күрделі жөндеуге, мектепке дейінгі мекемелердің коммуникацияларының жөндеуі мен материалды-техникалық базасын нығайтуға; жеті жалпы білім беретін мектептің құрылысына; жолайрық құрылысына; әлеуметтік жобалар; тұрғын-коммуналдық шаруашылық; энергетикаға және мәдениет пен спорт саласына жергілікті бюджеттен қаражат бөлінетін болады.
Қала әкімі Ахметжан Есімов бұл Алматы тарихындағы ең үлкен бюджет көлемі екендігін ерекше атап өтті.
«Қала экономикасының барлық көрсеткіштерінде өсу байқалады. Осы жылы консолидирлі бюджетке 667 млрд.теңге түсті. Бұл өткен жылға қарағанда 150 млрд. теңгеге немесе 30%-ға көп көрсеткіш. Олай болса, аталған көрсеткіш бизнестің қарқынды жұмыс жасап жатқандығының, салық базасының кеңеюінің және салықтың түсіп жатқандығының айғағы. Яғни біздің бірлескен күш жұмсауымыздың нәтижесінің жақсы болғаны»,- деді Алматы қаласының әкімі.
Маслихат депутаттары өз кезегінде, қала бюджетінің осы жылы алғашқы рет нақтыланып отырмағандығын және әр кезде оның өсімінің байқалатындығын айтты. Депутат Имагиль Шарипов Алматыда тұрғындар үшін тиімді жобалардың, оның ішінде қалалық ипотекалық бағдарламасы, муниципалды автобус паркінің жақсы дамып жатқандығын айтты. Ал, депутат Шариповтың сайлаушылары Алматыда дәстүрлі түрде өтіп жатқан ауылшаруашылық жәрмеңкелерді ерекше атады.
Депутаттардың Алматыда 2017 жылғы Универсиаданы өткізу мүмкіндігі туралы қойылған сауалдарына қала әкімі осы жылы қараша айында Брюссел қаласында соңғы іріктеу кезеңі өткеннен кейін белгілі болатындығын айтты.
«Мемлекет басшысы Алматыда Универсиаданы өткізуді қолдап отыр, себебі 7 қысқы Азиада ойындары сияқты бұл қаланың дамуына жағымды әсерін береді»,- деді Ахметжан Есімов.
XXXIV-ші маслихат сессиясында сонымен қатар, Алматыдағы 2009-2014 жылдарға сыртқы жарық беру бағдарламасы бекітілді. Және де аукционға сатылымға шығарылатын 13 жер телімдері бекітілді.
Сонымен қатар, депутаттар Алматы метрополитенінің екінші кезегінің бес станциясының ұсынылған аттауларына бір ауыздан дауыс берді. Осылайша, Абай даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысындағы станция- «Сайран», Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысындағы станция - «Москва», Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесіндегі – «Сарыарқа», Абай даңғылы мен Яссауи көшесіндегі – «Достық» және Қалқаман -2 ықшам ауданындағы станция -«Қалқаман» деген атпен аталатын болады.
Депутаттар осыған қоса, «Алматы қаласының құрметті тұрғыны» деген атаққа ұсынылған азаматтардың тізімін бекітті. Тізімге мәдениет саласына сіңірген еңбектері, рухани және интеллектуалды потенциалды жоғарғы деңгейге шығарғандары мен қоғамдық қызметтері үшін ақын Марфуға Айтқожина, ҚР ҰҒА академигі Салық Зиманов енді. Және де ҚР Халық әртісі Сәбит Оразбаев та қоғамдық қызметі мен театр өнерінің дамуына, насихатталуына жасаған еңбегі үшін аталған тізімге еніп отыр.
«Алматым жүрегімде» ән байқауына 15 мыңнан астам алматылықтар мен қала қонақтары келді.
Өткен сенбіде өткен ән байқауында Алматы туралы 15 ән орындаған қазақ эстрадасы жас әншілері жюри мүшелерінен лайықты бағаларын алды. Осымен үшінші рет өткізіліп отырған «Алматым жүрегімде» атты Алматы тралы ән байқауы қалалықтар үшін шынайы мерекеге айналды, өнер сайысы Қазақстан Республикасы Бірінші Президенті атындағы саябақ алаңында өтті. Көрермендер жас композиторлармен, ән мәтінін жазушы ақындармен, әншілермен танысты.
Жюри құрамында Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткерлері Айгүл Бабаева, Толқын Забирова; модельер Кұралай Нұрқаділова; ақын Темірші Сарыбаев; композитор, продюсер Әділ Жамбакиев болды. Қазылар алқасының төрайымы – Қазақстан Республикасының халық артисі На ғ има Ес қ алиева.
Гран-приді «Аяла» дуэті жеңіп алды, олар «Stars KZ» тобымен Сиви Махмудидің «Алматы» әнін орындады. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жеңімпаздарға бас жүлде-Mitsubishi Outlander көлігінің кілтін тапсырды. Ол «Алматым жүрегімде» ән байқауына қатысушылардың барлығын жаңа әндерімен құттықтап, олардың халық әндері мен ел тарихына қанық екендіктеріне ризашылық білдірді. Әкім Алматы туралы жаңа әндерді үнемі радио мен телевидение арқылы насихаттау қажеттігін, бұл әндерді тек алматылықтар ғана емес барша қазақстандықтар да сүйсіне тыңдауы тиіс екендігін атап өтті. Әрі мұндай рухани қолдау жас авторларға және музыканттарға шабыт беретіндігін де айтты.
Арнайы сыйлықпан мыналар мараптталды: «Мой Верный город» әнін орындап үшінші орын алған Сабинурға YAMAHA гитарасы; Болат Борановтың «Алма-Ата» әнін орындап, екінші орын алған Әли Окаповқа «Apple iPad» және Ұлықбек Исақовтың «Алматы» әнін орындап 1 орын алған RIME тобына «Apple Macbook» жүлделері табыс етілді.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: