Оқиғалар
«Қаладан келген қыз», «Сталинге сыйлық», «Балалық шағымның аспаны» фильмдерімен белгілі режиссер Рүстем Әбдірашевтің бұл туындысы «Шыңғыс ханның ізімен» ғылыми-танымдық экспедициясының күнделік жазбаларына негізделген. Рүстем Әбдірашев 2011 жылдың жазында құрамында суретші-жаңғыртушы Қырым Алтынбеков, шығыстанушы Нәпіл Базылхан, танымал рок-әнші Әсем, Нидерланды корольдігінің азаматы, түркітанушы һәм арабтанушы Роберт Эрмерс, тағы басқалар бар экспедициямен Шыңғыс ханның жолымен 15 күндік саяхатқа бірге аттанады. 5600 шықырымға созылған Алматы-Ұлан-Батор бағытындағы сапар негізінде көшпенділердің тарихы туралы деректі фильм жарық көрді. Экспедиция тобы Жетісу, Шығыс Қазақстан, Ресейдің Алтай, Моңғолия жерлеріндегі, Шыңғыс хан империясының астанасы Қарақорым қаласындағы ескерткіштерді аралап, көне түрік дәуірінен сақталған тас жазбаларды көріп қайтты. Жобаны ұйымдастыруға мәдениеттанушы Мұрат Әуезов те қатысты. Ол бүгін ырым ретінде кезінде Моңғолиядан алып келген түйе жүнінен тоқылған күртешесін киіп келді. Фильм теледидарда көрсетуге арналған деректі фильмдер форматында жасалды. Бес бөлімнен тұратын «Тәңір жарылқасын!» деректі фильмі 28 қаңтарда қазақстандық арналардың бірінде көрсетілетін болады.
Ол өзінің керемет гитарадағы ойынымен қатар, қызықты әңгімелерін айтып көрермендердің көңілінен орын таба білді. Мәдениетті жоғары бағалайтын Австрия, Венгрия, Израиль, Польша, Қытай сияқты мемлекеттер халқының ықыласына бөленген Анастасия Бардинаның Алматыда концерті өтті. Бес жасынан гитарада ойнайтын, атақты гитаристтің концертін көруге тек музыканы ұнататындар ғана емес, музыкалық мектеп мұғалімдері, оқушылар мен студенттер де келді. Концерттің басында Анастасия Қазақстанға келе жатқанда, өзін жергілікті көрермен қалай қабылдайтынын ойлап, біраз толқығанын айтты. Бірақ, біздің қазақстандық көрермен гитаристті көңілді қарсы алды. Ал, Бардина болса, өзінің гитараға қызығушылығын, сутденттік өмірін, группаластары мен оқытушыларын еске алды. «Мен бес жаста болғанда гитараны әжем үйретті. Ол кезде түрін күлкілібоған шығар, кішкентай, тісі де жоқ, қолында гитарасы бар қыз.Бірақ, менің ата- анамның сенімінің арқасында бір жылдан соң музыкалық мектепке келдім.Сол кезде гитара ойнауды 12 жастан бастап үйрететін. Бірақ, мені оқуға қабылдап, алғашқы және өте маңызды ұстазым Лев Менро болды. Ұстазымның арқасында мектепті аяқтап, Гнесин атындағы училищеге түсіп, он сегіз жасымнан оқутушы болдым»,- деп Анастасия өзінің өміріне тоқталып кетті. Ол қазақстандықтарға арнап, скрипка мен саксофонда ойналатын шығармаларды гитараға салып, ерекше тәжірибелер жасап, бағдарлама құрастырыпты. Петренко вальсі, Морля романсы және халық әндерін гитарада ерекше ықыласпен халыққа жеткізе білді
Алматыда Илья Авербухтың мұз шоуы өтті
Балуан Шолақ атындағы спорт Сарайының мұз аренасында қала әкімдігінің тікелей қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ресейлік фигурист Илья Авербухтың мұз шоуы өтті Қала әкімі Ахметжан Есімов шоуға көрермен ретінде қатысты.
Алматылықтарға ресейдің танымал фигуристері Татьяна Навка мен Роман Костомаров, Мария Петрова мен Алексей Тихонов, Маргарита Дробязко мен Повилас Ванагас, Алена Леонова мен Андрей Хвалько өз өнерлерін көрсетті.
Олимпиада чемпионы, әлемнің төрт дүркін чемпионы, Европаның үш дүркін чемпионы Алексей Ягудин «Ұлытау» тобы мен Жәмилә Серкебаева орындаған музыкаға қосылып, екі рет өнер көрсетті. Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы Татьяна Тотьмянина мен Максим Маринин Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева орындаған әнге қосылып мәнерлеп сырғанады. Европаның екі дүркін чемпионы, Әлем чемпионы Мария Петрова мен Алексей Тихонов «Арнау» дуэтінің композициясын пайдаланды.
Шоу соңында фигуристер қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтады.
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов шаңғымен трамплиннен секірудің қысқы Континентальды Кубогының ашылу салтанатына қатысты. Жарыс қаладағы шаңғы трамплиндерінің Халықаралық кешенінде бастау алды. Жарыс екі күнге созылатын болады.
Континентальды Кубок– жарыстың халықаралық сериясының «А» категориясы. Бір маусымда 15 кезеңі өтеді. Алматы қаласы жарыстың 2-ші кезеңін қабылдайды. Континентальды Кубокта Олимпиада ойындарына, Әлем Чемпионатына, Әлем Кубогіне лицензия алу үшін ұпай жиналады. Жарысқа «ұшқыш шаңғышылар» атанған Континентальды Кубоктар кезеңдерінің жеңімпаздары Норвегия шаңғышысы Андрес Фанемаль, Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері, жазғы «Гран-Придің» иегері неміс Георг Шпет, Әлем Кубогына қатысушы словак Примош Пикль, Әлем Кубогына, Әлем чемпионатына қатысушы, Континентальды Кубоктың жүлдегері поляк Томаш Бырт және басқалары қатысады.
Шаңғымен трамплиннен секірудің Континентальды Кубогына әлемнің 12 елі қатысып отыр, олар: Норвегия, Германия, Австрия, Словения, Чехия, Польша, Швеция, Финляндия, Болгария, Украина, Ресей, Қазақстан.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Әуезов ауданындағы «Қалқаман-2» мөлтек ауданында жаңадан салынған бала бақшаны ашты.
Қала әкімі бұл жобаның ерекше екендігін, бала бақшаның 280 орынды әрі кең екендігін айтты. Оны салу үшін қала бюджетінен 680 млн. теңге бөлінген болатын.
«Әуезов ауданы екі бөліктен тұрғандай, біріншісінде - сонау 60-70 жылдары салынған үйлер болса, екіншісінде- жаңа үйлер, жалпы аудан дамып келеді. Соңғы кездері біз қазақ тілді мектептер мен бала бақшаларды көптеп аша бастадық. Осының барлығы Елбасының қамқорлығы арқасында жүзеге асуда. Өскелең ұрпақтың терең білім, өнегелі тәрбие алып, жан- жақты дамуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз. Өйткені, болашақ - білімді, дені сау, тәрбиелі де жасампаз жастардікі ғой», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Бала бақшадағы оқу- тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүзеге асатын болады. Бақша санитарлық нормалар мен талаптарға толық сай. Мұнда жеке спорт, музыка залдары, буфет, медицин а блогы, кір жуатын орын бар. Бала бақша оқу- әдістеу құралдарымен түрлі ойыншықтармен, жұмсақ мебельмен толық қамтамасыз етілген әрі олардың барлығы мұндағы балалардың жас шамаларына сай.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: