Оқиғалар
Елдос Изатуллаев, профессор: «Бұл әдіс науқастың жасын ұзартады. Барынша ұзақ жасауға көмектеседі. Өзіңіз ойлаңыз, олардың өмірі қыл үстінде болады. Сондықтан осы әдіске жүгінген дұрыс».
Облыстың эндоскопист дәрігерлерінің кәсіби деңгейін жоғарлату мақсатында өткен жиын барысында, өңештегі варикозды кеңейген тамырларынан қан кетуінің алдын-алу мақсатында эндоскопиялық байлау әдісін енгізуді де үйретіліп, мамандарға қажетті кеңестер де берілді. Андрей Анипкин, қалалық жедел жәрдем аурыханасының эндоскопия бөлімінің меңгерушісі:«Бұрын кеңейген тамырлардан қан кеткен науқастар отадан кейін 48 сағат жататын. Одан кейін де қан кету қаупі болатын. Ал қазір жаңа әдіс науқасқа еш зиян келтірмейді». Айта кетейік, бұған дейін біздің облыста атаулы ауру түрін емдеу мүмкін болмаған. Тек еліміздің бас қалаларында ғана квота арқылы емделіп келген. Енді эндоскопиялық әдісті енгізу арқылы осы емді қажет ететін оңтүстікқазақстандықтарға жоғары дәрежеде ем алуға мүмкіндік туып отыр. Мәди Хожаұлы, медицина ғылымдарының докторы, профессор: »Ауруханадағы соңғы үлгідегі заманауи медициналық аппараттарының арқасында бірінші рет облысымызда хирургиялық және гастроэнтерологиялық науқастарға эндоскопиялық операциялар жасау үшін барлық мүмкіндіктер жасалынып отыр». Тәжірибе алмасып, біліктілігін алмасқан эндоскопист-дәрігерлер енді ешқандай қиындықсыз науқастарға көмек көрсете алады.
«Алена» ұрғашы аюын жануарлар бағының басшылығы 2001 жылы Бурабай ұлттық бағынан әкеліпті. Ал «Алпамыс» Алматыдағы зообақтан 1995 жылы жеткізілген. Ұрғашы аюдың 3-тумасын мамандар Шымкентте жаңадан бой көтерген Цирк ұжымына береміз деп отыр. Жарық дүниеге келгеніне 2,5 айдан асқан үш қонжықты көруге «Отырар» телеарнасының тілшілері болып бет түзедік. Орыс редакциясының тілшісі Ира Притуламен бірге фотоаппаратымды құшақтап мен журсем, камерасын қолынан тастамай операторымыз Николай Иванов жүр. Қонжықтарды енесімен қауыштыруға шыққан мамандардың қолындағы кішкентай аюларды көрген былайғы жұрт қонжықтардың айналасына жиналып қалды лездің арасында. Оны байқаған аналық қоңыр аю қызғаныштан өзгеше дыбыс шығарып, айналаны азан да қазан етпесі бар ма?! Суретке түсіп, біздер мәзбіз. «Алена» тым дегбірсізденіп кетті ме, жануарлар бағының мамандары қонжықтарды босатып, енесіне табыстайтын шақтың келіп кеткенін айтты. Қимай-қимай қоштастық, сосын! Қызығы сол, қоңыр аюлардың бұл қонжықтарына жануарлар бағының басшылығы бұл күнге дейін есім бермепті. Бұл құрметті циркіміздің қолға үйретуші мамандарының еркіне қалдырдық дейді. Бекет Үсіпәлиев, Жыртқыш аңдар бөлімінің меңгерушісі: «Қазір қонжықтар мен олардың ата-аналарының көңіл-күйі бірқалыпты. Түрлі минералдық қоректің екі еселенген көлемімен тамақтануда. Ал Шымкент зообағында бүгінгі күні 13 аю бар». Мұнан бөлек, жануарлар бағында бүгінде асылдандырылған арқар пайда болған. Бұл шымкенттік будандастырушы мамандардың мақтанышы десе болғандай. Зообақтың абыройын асқақтатып тұрған келесі жануар — тауыстар. Олар да қазіргі күні жұмыртқалай бастаған. Дегенмен, олар табиғи түрде емес, инкубаторларда көбейеді. Біздегі көп тауыстар альбинос тұқымдасына жатады.
Нейрохирургия саласын дамыту мақсатында сатып алынған жаңа құрылғының көмегімен эндоскопиялық жолмен жасалатын ота мемлекеттік квота арқылы тегін жасалады және облысымызда алғаш рет жүзеге асады. Отаны Алматы қаласынан келген мамандар жасауда. Шеберлік сабақтары екі күнге созылады. Күрделі оталарға қатысып жатқан жергілікті дәрігерлер болашақта отаны өздері жасай береді деген сенім бар. Айта кету керек, бұл үшін жергілікті дәрігерлер шетелдерде білімін арттырып жатыр.
Кеңес заманында шығарылған техникаларды біздің телеарнаның жастары қызыға тамашалады. Өйткені, бүгінгі таңда заманауи құрылғылармен жұмыс жасап жүрген жастар үшін бұл таңсық дүниелер. Иван Максимов арнамыздың тұрақты көрермені. Зейнеткер қаладағы үй төрағалары арасында үздік жұмыс істейтіндердің бірі. Ал оның бүгінгі ерекше сыйы Отырардың мұрағатында сақталып, келген қонақтардың назарына ұсынылады.
Халықаралық Сократ комитеті Европалық бизнес Ассамблеясының «The name in Science»премиясын иеленіп және 21-жүзжылдықтың «Әлемдік ғылымға қосқан зор үлесі үшін» медалімен марапатталған президенттерін оқу орны ерекше ықыласпен қарсы алды.
Жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беруде өзіндік қолтаңбасы бар университет ұжымының жемісі бұл. Сондықтан болар, марапатқа ілтипат көрсеткендер қатары көп болды. Сұлтанбек Бердібеков, тарих ғылымдарының кандидаты: «Адам мұншама жетістікке оңай жетпейді. Ол үшін көп жылдық еңбек керек. Ал біздің Әбекең сол еткен еңбегінің жемісін жейтіндей қызмет етті. Оған лайық. Мен ол кісіні мойындаймын, қандай құрмет көрсетсекте жарасады». Қазақстан халықтар достығы университетінің негізін қалаушы, химия ғылымдарының докторы, профессор Әбдімұса Қуатбековтың шыққан шыңы биік. Халықаралық дәрежедегі марапатын университет ректоры үлкен құрметпен тапсырды. Университет ұжымы дос¬тық¬¬¬ты нығайта отырып Қа¬зақс¬тан Рес¬¬публикасындағы түр¬лі ұлт¬тар мен ұлыстардың өкіл¬де¬рін қазақ халқының төңірегіне тоשּׁтастыру бағытында ерінбей ең¬бек етіп келеді. Мұны шәкірттері де бағалайды.Белді университеттің бағындырар биігі мұнымен толастамасы ақиқат. Мадина Ахмет,студент:«Өзінің парасаттылығымен кішіге үлгі болып жүрген президенттіміздің бұл жеңісі-біздің жеңіс. Бұл ол кісіні-ғалым ғана емес, ғасыр адамы деп танимыз».
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: