Оқиғалар
Төрткүл әлемге танымал сатира саңлағының концертiн тамашалауға жұртшылық көп жиналды. Евгений Ваганович бүгiнде жетпiстен асқан. Жарты ғасырдан берi сахнаның көркiн қыздырып, өзiнiң жанға жайлы әдемi әзiл-оспағымен көпшiлiк көңiлiнен шығып жүр. Атақты Леонид Утесов, Рина Зеленая, Марина Миронова, Лев Миров, Борис Брунов сынды ұлағатты ұстаздарынан сахнаның қыр-сырын жалықпай үйренiп, шеберлiк шыңына шыға бiлдi. Эстрадалық юмор жанрын жандандырып, күлкi королiне айнала алды.
Кеш барысында Е. Петросян отбасылық, тұрмыстық тыныс-тiршiлiктен бастап медицина, саясат сияқты сан алуан тақырыпта монолог оқыды. Лирикалық әндер шырқап, айыз қандыратын анекдоттар айтты. Ара-арасында билеп те жiбердi. Осылайша өмiрдiң өзiнен ойып тұрып алынған әжуасыз әдемi әзiл-оспақ көрермендер жүрегiне жол тартты.
Араға сегiз жыл уақыт салып келген күлкi королiн Оңтүстiк жұртшылығы жылы қабылдады. Облыстық орыс драма театрының директоры Наталья Шевченко күншуақты өңiр тұрғындары атынан оған шынайы ризашылық сезiмiн жеткiздi. Армян этномәдени орталығы қадiрмендi қонаққа ықылас гүлiн тарту еттi.
Ордабасы алаңындағы Ту алаңшасынан бастау алған шеру Тәуке хан даңғылы арқылы қайта жаңғыртылған Орталық саябақта жалғасын тапты. Қолына көк туды желбіретіп, елтаңбаны биікке ұстап, жол жөнекей әнұранды әуелеткен жастар қала тұрғындарына рәміздерді насихаттады. Олар Қазақстан Республикасының рәміздері туралы ақпарат жазылған буклеттер, жалаушалар таратты. Орталық саябақта жас шерушілерді қала тұрғындары мен қонақтары қарсы алды. Мұнда жас бүлдіршіндерден бастап ардагерлерге дейін тік тұрып, рәміздерге құрмет көрсетті. Ал Шымкенттегі өнер мектебінің шәкірттері саябақ аясында патриоттық тақырыпта сурет салу арқылы көпшілікке рәміздердің құндылығын насихаттады. Тәуелсіз елдің туын желбіретіп, елтаңбасын биік ұстап, әнұранын асқақтататын жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде мұндай іс шаралардың маңызы зор. - Рәміздерге деген құрмет әр азаматтың бойында сақталуы тиіс. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау дегеніміз оның қаншалықты құнды, маңызды екенін ұғыну. Әсіресе бұл жастарға қатысты. Оның үстіне 4 маусым күні мемлекеттік рәміздерге 20 жыл болмақ. Қараңызшы, ардагерлерімізден бастап кішкентай бүлдіршіндерімізге дейін әнұранды шаттана айтуы әрбір адамды ерекше сезімге бөлейді. Іс-шараның қандай маңызға ие екендігін қала тұрғындарына насихаттау басты мақсат болды. Мұндай шаралар орталықта ғана емес, ауылды жерлерде өткізудің үлкен мәні бар. Сондықтан, мұндай мемлекеттік маңызы бар шараларды қолдауға тиіспіз, - деді қала әкімі Қайрат Молдасеитов.
Аталған іс-шараны «Даму» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. 30-дан астам жұп қатысқан Вена балының форматында өткен балдың құрметті қонағы елімізге танымал әнші Қазақстанның халық әртісі, «Тарлан» сыйлығының иегері Лаки Кесоглу болса, танымал тележұлдыздар Айгүл Иманбаева мен Серік Әкішев балды жүргізіп отырды. Шымқалада алғаш рет өткізілген мәдени іс-шараға демеушілік жасап, қолдау жасағандар аз болған жоқ.
200 жылдық тарихы бар Вена балы форматындағы балл Шымкент қаласында алғаш рет өткізіліп отыр. «Бұл мәдени іс-шара елді әдемілік пен әсемдікке баулиды»,- дейді шараға арнайы шақырылған ҚР халық әртісі Лаки Кесоглу. Лаки Кесоглу, ҚР Халық әртісі: «Бұл ОҚО облысы жұртшылығы үшін үлкен жаңалық, биік мәртебе. Сондықтан да мәдени деңгейдің жоғарылап, танысмал опера әншілерінің орындауындағы классикалық шығармаларға қанығып, рухани ләззат алар мереке. Сондықтан да мұндай мерекелердің маңыздылығы да жоғары болуы керек.» Қайырымдылықты мақсат еткен балды «Даму» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр. Қатысушы қыз-жігіттер арнайы кастингте іріктеліп, 5 ай бойына қызу дайындық жүргізілген. Айгүл Елібаева, «Даму» жастар қоғамдық бірлестігінің президенті: «Балды өткізіп отырған негізгі мақсатымыз-қаржы жинау. Жиналған қаражат ана мен балаға, яғни тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болған жандарға қамқорлық жасайтын дағдарыс орталығын салу үшін жұмсалмақшы. Бұл бірінші бал, тек соңғысы емес. Вена балының форматында мұндай кештерді жыл сайын тұрақты түрде өткізетін боламыз».
Полонез, полька, кадриль сынды 5 бірдей би қойылымын орындаған шымкенттік дебютант жастар балдың игі мақсатының өзі адамды жігерліндіреді деп түйеді. «Мен балға қатысып жатқаныма өте қуанышмын. Өйткені балдан жиналған қаржы қайырымды іске жұмсалайын деп жатыр. Бұл біріншіден, ал екіншіден Шымкенттің тарихында алғаш рет өткізіліп жатқан мереке мен үшін үлкен қуаныш»,-дейді дебютант Шерхан Шорабек. Десек те Оңтүстіктің тарихында тұңғыш рет өткізілген Вена балынның форматындағы кеште жергілікті басшылық, не облыстың, не қаланың тізгінін ұстаған азаматтар төбе көрсетпеді. Қайырымдылықты көздеген игі бастаманы қолдаудың өзі де мәдениеттілік! Ал дебютанттар бұл кеште ерекше толқыныста болды. Олардың болашақта өңірімізді өзге елдерге танытатынына күмән жоқ.
Концерт аясында облыстың өнерпаздар ұжымы әуелете ән шырқап, мың бұрала билеп мерекенің көрігін қыздыра түсті. Ал, КВН ойыншылары әзілден шашу шашса, Шымкенттік спортшылар түрлі ойындар көрсетті. Бүгінде Шымкентте 323 ҰОС ардагері мен 6 мыңға жуық тыл еңбеккерлері тұрады. Алайда жыл сайын қарттарымыздың қатары сиреп барады. Жас ұрпақ үшін тарихи маңызы зор бұл күн ешқашан ұмытылмақ емес. 9-мамырдың қандай мейрам екенін түсінетін, құрметтейтін жастар бар. Олардың көпшілігінің ата-әжелері соғысқа қатысқандар, - дейді Шымкент қалалық Ішкі саясат бөлімі жастармен жұмыс секторының меңгерушісі Айгүл Сәрсеева. Концерттік бағдарламаның соңы мерекелік отшашумен аяқталды. Ұлы Жеңістің 67 жылдық құрметіне жағылған отшашу Шымкенттің түнгі аспанын жарқырата жарып өтті.
Қос мереке қарсаңында тұсауы кесіліп, жамылғысы түсірілген ескерткіш қаладағы әсем орындардың бірі болары сөзсіз. Ашылу салтанатына халық көп жиналды. Облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев бас болып, демеуші жасаған жеке кәсіпкерлерді арнайы алғыс хатпен марапаттады. Батырдың ұлы тұлғасындағы мүсінді жеңістің 67 жылдығына туралаған азаматтар, Отан үшін от кешкен ардагерлердің қатысуымен өткізді бұл шараны.
Батыр ескерткішін салуға 30 миллион теңге жұмсалыпты. Ал құрылыс 1 жыл көлемінде жүргізілді. Қалалықтар қашан ашылар екен деп ұзақ күткен батыр ескерткішінің маңы да көріктендіріліп, көгалдандырылған. Шымкенттің шырайын кіргізген әсем орында осы күні Ақпан батыр жырынан қойылым көрсетілді.
Тек Ақпан батырдың батылдығын ғана емес, қазақтың жүрек жұтқан тұлғасын танытып тұрған ескерткіш өзі орнатылған осы орынға жарасып-ақ тұр.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: