Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Бекжан Кибиткалиев алғаш рет қатысқан еді. Қарқынды қарсыластарымен 5 бірдей жекпе-жек өткізген ол, финалда 2011 жылғы Еуропа чемпионы венгр боксшысымен қолғап түйістірген. Дегенмен Бекжанның асығы алшысынан түсіп, біріншіліктің алтынын қанжығасына байлады.
Астана бокстан өткен әлем біріншілігін өз тарихында тұңғыш рет өткізсе де, жарыс барысы жоғары деңгейде өткізілді. Енді әлем біріншілігінің қазақстандық жүлдегерлері жаңа биіктерді бағындыруға дайындық жүргізетін болады.
Бахадыр Нарымбетов, қала әкімінің орынбасары: — «Mega Lab» медицина саласында өз орнын табады деп ойлаймын. Мені талдау барысы қуантты және бәрі тез әрі сапалы.
Мынау құрылғы бір күнде мыңдаған талдау сараптама жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді. Маманның араласуын қажет етпей, барлығын техника жасайды. Зертхана басшылығы да сапаға кепіл бола алатындықтарына сенімді.
Лана Кенжетаева, «Mega Lab» зерханасының бас директоры: — 38–30 Біздің медициналық зертхана химиялық және биохимиялық талдау сараптау қызметтерін көрсетеді. Сондай ақ заманауи Сименс, рош,интерлаб өндірушілерінің құралдарымен жабдықталған.
Тұрғындар үшін тиімді баға, жалпы қан талдау нәтижесі 600 теңгені құрайды. Қызмет көрсету түрлері ауқымды, гормондарға, аллерго сараптама, жыныстық инфекциялар, қан талдауы, жүктілік және биохимия.
Зерттеудің барлық түрлері бір ғимаратта және зертхана халал сапа белгісімен сертификатталған. Дәрігерлер дәл әрі уақтылы нәтижелерді ұсынамыз деп уәде етуде.
Оқу жылының басында бірінші сынып оқушыларына сабақ электрондық оқулықтар арқылы интерактивті тақтада өтеді.
Бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі, бесінші сыныптан информатика пәні. Мектеп директоры білікті ұстаздар ұжымымен мақтанады. Бүгінде білім ұясы шетелдермен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатқан. «Стивен Эйдж» орталығымен келісім шарт түзілген.
«Болашақ» мектебі бірінші сынып оқушыларын қабылдауға ерекше дайындалуда. Балалар 4 қабатты ғимаратқа енгеннен бастап, ерекше күйге енуі керек дейді ұстаздар.
Шымкентте спортшыларды жанкүйерлері мен туыстары гүлмен, оркестрмен қарсы алған. Перронға пойыздың келгені сол еді, жас батырларға арналған әуен ойнап қоя берді. Елордамызда биіктен көрінгендердің арасында 16 жасар Бекжан Кибиткалиев те бар.
Қазақстан биыл алғаш рет Астанада бокстан әлем біріншілігін өткізу құрметіне ие болды. Осы байрақты дода да оңтүстікқазақстандық тағы 3 жас боксшы жеңісті үштіктен көріне білді. Құрама бапкерлері де шәкірттерінің нәтижелеріне риза болып, оң бағасын берді.
Әсіресе, еліміздің құрамасына тиесілі барлық медальды біздің боксшыларымыз әкелгені қуантады. Қазақстан турнир қортындысы бойынша 4-ші орыннан көрінді. Бокс федерациясының басшылары жас былғары қолғап шеберлерінің мүмкіндігі жоғары екендігін айтып, тек биіктен көрінетіндеріне сенім білдірді.
Биылғы жылы бюджет осы алаңшалардың құрлысына 273 млн. тенге бөлген. Құрылыс жүргізу үшін мемілекетік сатып алу конкурысы маусым айының соңында өтіп, 4 мердігер мекеме 6 лот бойынша жеңімпаз атанған, алай да бүгінге дейін бірде бір спорт алаңшасының құрылысы қарқынды деп айта алмайсыз. Алай да құрылысқа тапсырыс беруші қала әкімінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміндегілер спорт алаңшалары тамыз айының соңында қолданысқа беріліді деп алаңсыз отыр.
Бүгінгі таңда шахарда 1000 адамға шақанда спорт залдарының саны нормативтен 4.5 есе төмен қаламыздағы 20 дан астам білім ошақтарында спорт зала жоқ. Алай да салауаты өмір салтын уағыздау мақсатында сәбилердің қуанышына бюдет қыруар қаражат бөліп отыр тек сол қаражаты игеріп жұмыс жасайын деген ағалар кем.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
© Комитет индустрии туризма МТиС РК. Разработка и дизайн - ТОО "Innovation group" |
|