Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Күн емес, сағат сайын өсіп, туған аулына қолғабыс жасайтын батыр жайлы мультфильмді жарыққа шығарудағы басты мақсат әрбір баланың туған елге деген махаббатын арттыру дейді аниматорлар.
Екінші мультфильм қисық табан қаз туралы. Ересек көрермендерге арналған дүниеде әке-шешесі бас тартқан тағдыры қиын қаз жайында айтылады. Алайда, ол өз ата-анасын өзге жақтан табады.
Екі мультфильмді жасауға 5 миллионға жуық қаржы жұмсалды.
Ендігі кезек пингвиндер мекені Антрактиданың биік шыңына (Винсон 4897м) шығу жоспарланды. Неліктен тауға шығу желтоқсан айына белгіленді, әрине Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойы және оңтүстік жарты шарда жазғы уақыт басталды. Осылайша біздің жерлесіміз жұбайымен бірге осындай экспедицияға аттанды.
Альпенисіміздің қорытынды аккорды Азияның ең биік шыңы Эверестпен – 8848м бітеді.
Қазіргі таңда «Жеті шың» бағдарламасын орындауға мыңнан аса адамдар қатысуда.
Ел нарығындағы сұранысты өтеп қана қоймай, шет елдерге импортталатын өнім шығаратын мадина фабрикасы бүгінде тіпті ТМД шеңберінде үздік саналады. Әсіресе Жұқа әрі ұзын вермишелі мен ұлу тәрізді өнімдер сапасы жағынан қайталанбас көрсеткішке ие. Мадиналықтардың айтуынша өнімнің сапалы болуы қазақстандық ұн мен таза суға және италияндық замануи құрал-жабдықтардың арқасы екен. Сонымен қатар фабрика мамандарының еңбегі дейді.
Макарон өнімдерінің 22 түрін шығарылады. Ұзын спагетти титптес макарондардың 18 түрі қалған 4 еуі ұсақталып туралған өнімдер екен. Жалпы биыл Новосибирдегі көрмеде шымкенттік макаронның үздік танылуы қиынға соғыпты. Себебі бұл жолы сапа қатаң тексеріліп, макарон құрамы майшаммен қаралған екен. Жеңістің жету арқылы Мадиналықтар енді Ресейден өз өнімін сатып алушыларды тапты. Алдағы уақытта макарон өнімдерін халықаралық сауда аренасына шығару жоспарланып отыр.
Сәкен БАЙТУҒАНОВ, GSM Казахстан/ KCeLL компаниясының ОҚО бойынша филиалының жетекшісі: «Сағат түнгі бірден таңғы 7 ге дейін 18 сағат бойы абонент шектеусіз байланыс жүйесінде ұялы телефонымен небәрі 50 теңгеге сөйлесе алады. 1 минуты-4 тиын. Сондай-ақ КСЕЛЛ 11 тарифтік жоспар енгізілді. 11 теңгеге абонент ҚР барлық бағыты бойынша хабарласады және ол абоненттік төлемсіз».
Компания Оңтүстік Қазақстан облысында жүйені жетілдіріп, жаңа идеяларды енгізуде. Биыл үшінші кезеңдегі байланыс Шымкентте, Түркістан мен Сарығашта пайда болды. Келешекте 3G өңіріміздің елді мекендерін жаппай қамту жоспарда. Ұялы байланыс ағымдағы жылы 1 мыңнан астам адам тұратын ауылдарда да пайда болмақ.Ұялы байланыс операторы Оңтүстік өңірінің әлеуметтік және қоғамдық өміріне белсенді қатысуда.
Компания Әлия Юсупованың жүлдесіне арналған көркем гимнастика бойынша халықаралық турнирдің бас демеушісі болды. Жарысқа Ресей, Белорус, Оңтүстік Корея, Орта Азияның спортшылары қатысты. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне де жоғары деңгейде құрмет көрсетілді.
Компания 4 жыл бойы жасөспірімдерге арналған оңалту орталығын қамқорлыққа алған.
Осыған дейін боксшылармен кикбоксинг, семсерлесудің шеберлері ептілігін байқаған манежде жеңілатлетикадан облыс біріншілігі өтті.
Көптен бері қолы жетпей жүрген жаттығу орнында шеберлік танытуға тырысқан спортшылардың өздерінің де олардың бапкерлерінің де қуанышында шек болмады. Өйткені қыс келе салысымен шымкенттік желаяқтар залдың тапшылығына келіп тірелетін. Енді бұл проблема шешімін тапқан сыңайлы.
Тіпті, жақын күндері Республикалық оқу жаттығу жиыны да осы манежде өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл жолы оңтүстіктің чемпионы атануды көздеген 300-ге жуық спортшы жеңілатлетиканың 12 түрі бойынша ептілігін байқады.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
© Комитет индустрии туризма МТиС РК. Разработка и дизайн - ТОО "Innovation group" |
|