Оқиғалар
Мөлдір Әзімбай, Лондон Олимпиадасына жолдама иегері: «Жақсы болды. Өте ризамын. Әрине, көптен бері жоспарлап жүрген едім. Ұзақ уақыт бойы дайындалдық. Енді алдағы жарысқа дайындығымызды бастаймыз.»Оңтүстіктің спорт сүйер қауымы да жерлесіміздің жеңісін мақтан етуде. Өйткені 16 жастағы гимнасшы Шымкенттіктердің қоржынына оныншы жолдаманы салып отыр. Бүгін жеңімпазды облыс спортының тізгінін ұстаған ағалар арнайы құттықтады.Полат Қырықбаев, ОҚО спорт, денетәрбиесі және туризм басқармасының бастығы: »Қазақ қыздарының арасынан Олимпиадаға жолдама жеңіп алған жалғыз спортшымыз осы — Мөлдір. Шын ниетімізбен құттықтаймыз. Ендігі мақсат — Лондон.» Мөлдірдің жеңісіне себепкер болған бапкері Галина Долгополова Шым қалаға әлі келген жоқ. Алайда облыстық спорт басқармасының бастығы Полат Қырықбаев жаттықтырушыға пәтер беріледі деп уәде етті. Ал Мөлдір болса өз кезегінде Әлем Кубогі үшін жарыста ептілігін сынға салып, дайындығын шыңдай түсетін болады.
Үкімет оқиғаның анық-қанығын толық зерттеу үшін арнайы комиссия құрып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дегенмен, мыңдаған шақырым қашықтықта отырып, сол Ақтаудағы оқиғаны естен шығармағандығын біздің Шымкент қаласындағы кейбір азаматтар ерекше білдірмек болыпты. Бір Шымкенттік Балконға Жаңаөзен деген жазу жазылған плакат іліпті
Гагарин көшесіндегі 137 көпқабатты үйдің үшінші қабатына көпшіліктің көзі еріксіз түседі. Жан-жағымызды қоршаған жарнама мен депутаттықа кандидаттардың тұғырнамалары жазылған плакатардан бөлек, бұл үйдің балконындағы жазу көпшілікті таңдандырып жүр. Біз өз болконына Жаңаөзен деген жазу ілген жанды іздеп табуға тырысып, үшінші қабаттағы екі бөлмелі пәтердің есігін қақтық. Жауап қатқан әйел жасы 40-тар шамасындағы Айгүл Утепова деген азаматша болып шықтық.
Айгүл Утепова: «Менің бұл жазуды ілгенім, Жаңаөзендегі жағдайды көпшілік ұмытпасын деген ойым болды. Ол жақта қаншама адам шығыны болды. Ал біз қара жамылудың орнына жаңа жылды мерекелеп тойлап жаттық. Ол дұрыс емес».
Міне тап осындай ойын бүкпестен ортаға салған азаматша заңға қайшы әрекет жасамадым деген сенімде. Тіпті алдын-ала арнайы заңгерлердің кеңісін де алыпты.
Алматылық «Град» ЖШС-нің жасаған жобасына 72 млн. теңге жұмсалды. Қазір маңызды құжат 5 министірліктің мақұлдауына жіберілді.
Қала аумағы Төлеби, Ордабасы және Сайрам аудандарының шет аумағындағы жер көлемімен толығуына байланысты кеңейетін болады.
Бұдан бөлек 2012 жылы Шымкентте ірі нысандар құрылысы басталмақ. Оның ең бастысы әкімшілік ғимараты болмақ. Өздеріңізге белгілі облыстық деңгейдегі басқармалардың көбі әр жерде, ғимараттарды жалдап алып отыр. Ал, биыл облыстық әкімдікке қарасты барлық құрылымдық ұжымдар бір жерде отыратын зәулім ғимараттың негізі қаланады. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 5 млрд, қалалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде.
Танымастай құлпырғалы отырған Шымкентте сонымен бірге Орталық саябақ түбегейлі өзгермек. Саябаққа жапсарлас орналасқан өрт сөндіру бекеті басқа жаққа көшіріліп, жеке бизнестік нысандар алынып тасталады. Көпшіліктің демалып тынығуына қолайлы жағдай жасалып, әуенмен тербелетін субұрқақтары салынбақ.
Ауқымды жиындар мен мәртебелі қонақтарды қабылдайтын «Түркістан» атты салтанат сарайы салынбақ. Оның алдында мерекелік іс-шара өткізуге қолайлы алаң болады. Орыс драма театрына да ғимарат биыл, сәтін салса бұйырғалы тұр.
Ұлу жылында бой көтеретін үлкен нысандардың бірі 5 мың жамағатқа арналған мешіт болғалы тұр. Әрине, Шымкент қаласы мешіттерден кеңде емес. Дегенмен имандылыққа ұйыған елге тағы бір үлкен мешіт бой көтеріп жатса артық болмасы анық. Облыс әкімінің бұл жобасын құптаушылар көп.
Мемлекеттік негіздегі 2 колледждің де іргесін қалау 2012 жылдың еншісіне бұйырып тұр. Оның бірі «Қазатомпром» АҚ-ы техникалық мамандықтар дайындау үшін салса, екіншісін өкімет медициналық колледж етіп ашпақ.
Биыл жалғасын табатын жақсы істің тағы бір тұрғын үй салу. Мемлекеттік бағдарлама әрі қарай жалғасын таппақ. Шымкентте баспанасыз жүрген отбасы қалмауы тиіс. Осы мақсатты ұстанған билік бұл істі жаңдандыра түсуге құлшынып отыр.
Өткен жылы Шымкент қаласы ең көрікті, ең таза қала аталымы бойынша халықаралық марапатқа ие болғаны белгілі. Ұлу жылында бізді күтіп тұрған игі бастамалардың бірқатары жоғарыдағыдай. Ендігі жерде соны іске асыратын жігер, айтқанды орындайтын табандылық болса болғаны!
Оңтүстiкқазақстандық белгiлi альпинист Юрий Лукьянов «Жетi шың» бағдарламасы бойынша жер шары құрлықтарындағы биiк тауларды бағындыруды жалғастырып жатыр. Еске сала кетейiк, бұған дейiн ол Африкадағы (Килиманджаро —5895 м), Оңтүстiк Америкадағы (Аконкагуа — 6962 м), Еуропадағы (Эльбрус —
5642 м), Солтүстiк Америкадағы (Мак-Кинли —6194 м), Австралиядағы (Костюшко — 2228 м) биiк шыңдарға көтерiлген-дi.
Ендi мiне, пингвиндер мекен еткен мұзды құрлықтың да кезегi келiп жеттi. Теңiз деңгейiнен 4897 метр биiктiкте жатқан Винсон тау массивi Антарктиданың ең жоғары нүктесi саналады.
Шыңға шығу Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы құрметiне арналды. Антарктидадағы биiк таудың басына өрмелеушiлерге табиғат та қарасып тұрды. Өйткенi, қазiр оңтүстiк жартышарда жаз мезгiлi басталды. Сол үшiн бiздiң жерлесiмiз әйелi Надежда екеуi Жаңа жылдың қарсаңында мұзды құрлықтағы қауiптi экспедицияға баруға бел байлады. Биiк шыңның ұшар басына елiмiздiң көк туын қадаған альпинистердi жеңiсiмен облыс әкiмi А.Мырзахметов құттықтады.
«Құрметтi Юрий мен
Надежда Лукьяновтар!
Барша құрлықтың асқар тауларын бағындырған адам аз. Сiздердiң кезектi жеңiстерiңiз Қазақстанның талантты, рухы мықты адамдарға қандай бай екендiгiне тағы бiр рет мысал болды. Бiз сiздердi жерлестерiмiз деп мақтан тұтамыз. Сiздер әрбiр шыңды үлкен қауiп-қатерлерге бас тiгiп, рухани, тәни жағынан орасан зор күш-жiгер жұмсап бағындыруларыңыз арқылы барша жұртымыздың, Қазақстанымыздың абыройын көкке көтересiздер. Жерлестерiңiздiң және жеке менiң атымнан сiздерге күш-қуат, сәттiлiк, денсаулық пен жақсылық тiлеймiн. Әрдайым көздеген мақсаттарыңызға жете берiңiздер. Бағындырған шыңдарыңыз келесi шыңдарға баспалдақ бола берсiн.
Құрметпен, Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi А.МЫРЗАХМЕТОВ» —делiнген жеделхатта.
Жасы биыл 50-ге толған Ю.Лукьянов Шымкент қаласының тумасы. КСРО спорт шеберiне үмiткер, жетi мың метрлiк Тәжiкстандағы «Коммунизм», «Коржиневский», Қазақстандағы «Хан Тәңiрi» шыңдарын бағындырғаны үшiн «Таулы барыс» атағын алған. «Электрокомплект» ЖШС-нiң директоры болып қызмет атқарады.
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: