Оқиғалар
Түрлі түсті тастармен көмкерілген бұйымдар көздің жауын алады. Үнді шеберлерінің қолдан жасалған зергерлік заттарына қызығушылық танытқандар таңдауларын жасауда. Мұндағы сөрелердегі кемпірқосақ түстес бояулар өзіне келушілерді тартады. Ал таза жоғары сапалы мақта тоқымалары шіліңгір шілдеде адам денесіне сұлулық пен жайлық сыйлайды. Мавлюда ТАШМЕТОВА, қала тұрғыны: «Үнді маматсы ұнайды.Былтыр осындай көрме-жәрмеңкеде бірнеше бұйым алған едім. Бұл жолы да керемет үнді заттарын сатып алуға келдім».Үндістандағы Ассам штатында өсетін Үнді шәйі әлемге танымал. Өнімнің тіл үйірер дәмін қазақстандық мен ресейліктерден бөлек 18 мемлекеттің халқы татып, жғары бағасын берген. Ағаштан, сүйектен, матадан жасалған жәдігерлер «Ғажайып Үндістан» көрме-жәрмеңкеге келуішлерге көтеріңкі көңіл сыйлауда. Навин Саксена, Үндістанның өкілі: «Былтыр да Шымкент қаласында көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырған едік. Бізді жылы қарсы алғандарыңызға үлкен рахмет. Көктем айында халықаралық әйелдер күніне арнайы келдік. Бұл біздің әйелдерге деген тартуымыз. Көрменің мақсаты іс шара арқылы қазақстандықтарды үнді елінің салт дәстүрімен мәдениетімен және тұрмысымен таныстыру. Екі елдің арасындағы қарым-қатынасты нығайту». Көрме-жәрмеңкеге келгендер осында табысталған талон бойынша іс шараның соңғы күні наурыздың 11-не ұтыс ойынға қатыса алады. Бас жүлде Үндістанға саяхат. Асығыңыздар мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыздар. Көрме Темірлан тас жолы 19 әл Фараби сауда кешенінде өтуде.
Облыстық көркемсурет галереясында өткізіліп жатқан шараға мәдениет басқармасы мен облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ұйытқы болып отыр. Бейнелеу өнерінің қыр-сырын меңгергендер өздерінің үздік туындыларын әкелді. Қолөнер туындылары қайталанбайды, сонысымен керемет. Талант иелері өз дүниесі өзгенікінен ерекше болуы үшін барынша тырысады. Ал сатып алушылардың көпшілігі әрбір жұмысқа жұмсалатын материалдар жайында, шығын туралы хабарсыз. Оны тек қолөнер шебері біледі. Осындайда келесі туындысының да ерекше болуы үшін, алғашқысының жақсы бағаланғаны шеберге көмек. Бүгін 200-ден астам шығарма сатылымға шықты. Айнабек Оспанов, облыстық көркемсурет галереясының меңгерушісі: «Біз осындай сатылым — көрмені алғаш рет өткізіп отырмыз. кез-келген талаптанған суретші немесе қолөнер шебері қатыстырылыды аталған көрмеге. 60-қа жуық өнер иесінің туындысы қойылған. Бағалары да 1 мың теңге мен 50 мың теңге аралығында. Әр сатылған туындының 10 пайызы облыстық көркемсурет галереясының қоржынына қалдырылады. Бұл қаржы келесі көрмелерді ұйымдастыруға жұмсалатын болады».Киізден жасалған киім-кешек, бұйымдар мен ағаштан иілген ыдыс-аяқтар сатылым-көрмеге келушілердің көңілінен шыққан секілді. Сонымен қатар көне бұйымдардың жаңарған бұл үлгілері жас буынға өнеге дейді көрмені тамашалаушылар. Ләззат Әлібаева, қала тұрғыны: «Қазақтың көне ыдыс-аяқтары мен бұйымдары осындай шеберлердің арқасында жастардың жадында сақталуына сеп болмақ. Бағалары да көңілге қонымды, аса қымбат емес. Маған ұнады. Әсіресе, астаулар мен шөміштерді сатып алғым келіп тұр. Кез-келген қонағыңызды ұялмай күте аласыз. Өйткені, ұлттық ыдыс-аяқтар қашанда бағасын жоймайды».Алғаш рет өткізіліп отырған сатылым-көрмеге сурет өнерінің майталмандарымен қоса, студент жастардың да туындылары да қойылған. Бұл бейнелеу өнерінің енді қыр-сырын ұғынып келе жатқан жастар үшін үлкен демеу екені даусыз. Нұржан Файзиев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистранты: «Осындай көрмелер біз секілді жас суретшілерге тәжірбие жинақтауға үлкен мүмкіндік береді. Алғаш өткізіліп жатқан стылым-көрмесіне 3 туындымды әкеп отырмын. Бағалары да 20 мың мен 40 мың аралығында. Енді шын бағасын көпшілік беріп жатар».Қарлығаш Қансейітова, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі: «Сатылым-көрмелер жиі өткізіліп тұрғанын қалаймын. Енді сатып алушылар қатары көп болса деңіз. Өйткені қолөнер болсын, сурет өнері болсын туындыларымызға қызығатындар көп. Жағдайлары көтермей ме, кім білсін, сатып алуға келгенде белсенділік бюайқалмайды. Еңбегіміз еленіп, өнеріміз бағаланып жатқаны да суретшілер қауымына тың тербеліс, жаңа қуат, шабыт сыйлары хақ». Меценаттар мен шығармашылық иелерінің арасында байланыс орнатуды мақсат тұтқан бұл көрме наурыздың 5-не дейін жалғасады. Өнерді бағалай білетін, тың туындыға тамсана білетіндер мұндай іс-шарадан қалыс қалмасы анық.
Қуаныш Арғымбаев, «Спорт сарайы» ЖШС директоры: «Біз дүйсенбі күнді жастар күні деп жария еттік. студенттер мен оқушылар үшін жеңілідіктер жасадық. Сондай-ақ арнайы акциялар да жиі өтіп тұрады. Мәселен, балалар үйінің бүлдіршіндері тегін сырғанауға мүмкіндік алады. Бүгінде, тіптен Тараздан да қонақтар келеді».
Бұл акция жастар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Жеңілдіктерді ести салысымен-ақ мұз сарайы адамға лық толды. Өйткені мұндай мүмкіндік күнде беріле бермейді. Диана Бурнашева: «Бұл жер маған өте ұнайды. Жастардың қызығып келетін спорт ордасы. Бұл жерге жиі келіп тұрамыз».Қысқы спорт түрлерінен бөлек «Мұз сарайының» ғимаратында үстел теннисі және бокспен де шұғылдануға жағдай жасалған. Қыстың күні де мұнда жаттығу залдары жылы әрі бар қажеті қарастырылыпты. Осы залда оңтүстіктің былғары қолғап шеберлері алдағы халықаралық жарыстарға дайындалуда. Мұз сарайында үстел теннисінен жарыс өткізу дәстүрге айналған. Соның арқасында көптеген жастарға үлкен спортқа жол ашылады. Бұдан бөлек, Шымкенттің ең үлкен мұз айдынында шоу бағдарламалар ұйымдастырылады. Ал Мекеме басшылығы жастарды спортпен шұғылдануға шақырады.
Республика бойынша Сбербанктың 13 бөлімшелері жұмыс істейді. Күні бойы банк басшылығы барлық бөлімше директорларымен басқосу өткізіп, алдағы күндерге жоспарын талқылады. Ал кешкісін опера және балет театрында біржылдық мерейтой салтанаты өткізіліп, еліміздің эстрада жұлдыздары банктың тұрақты клиенттеріне өнермен шашу шашты. Өзінің алғашқы мерейтойын «Сбербанк» өз клиенттерімен атап өтуде. «Сбербанкке» сенім артқандарды, өз ісін дөңгелеткендерді банкирлер әріптес ретінде санайды. Серіктестер сенімігнің арқасында банк 10миллиард теңге инвестиция көлемін ұлғайтты. Нәтижесі де талайды таң қалдырды. «Біз бір жыл бойында клиенттердің сенімінен шығуға тырыстық. Осы сенімнің арқасында қол жеткізген жетістіктеріміз де аз емес. Биыл да , алдағы уақыттарда да банктың беделі мен материалдық бекемдігін арттыру жорлында еңбек ететін боламыз,»- дейді Шымкент қ. АҚ ЕБ «Сбербанк» филиалының директоры Марат Өтемісов.«Сбербанк» Оңтүстікке тура бір жыл бұрын келді. Өлкенің мүмкіндік ауқымы банкирлердің асқан қызығушылығын тудырғаны рас. Ірі инфрақұрылымдық жобалар, қарқынды құрылыс, фармацевтикалық және мұнай компаниялары. Инвестиция салар сала жетерлік сондықтан да Сбербанкке дағдарыстың еш салқыны тимейді. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның беріктігіне сенген банк менеджменті серіктестеріне сенімді. Олег Смирнов, «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқармасының төрағасы:»Қазақстандықтардың дағдарысқа дағдармайтындай жайы бар. Бұл тұрақты қордың қуаттылығын байқатады. Барлық жағдайға біздің банк те сақадай сай. Қашанда клиенттердің мүддесі «Сбербанк» үшін 1-ші орында».Қазірдің өзінде Сбербанкке Қазақстанда 200 мыңға жуық адам сенім артып отыр. Бағила Жанұзақ банктың мерейтойымен тура келген клиенті. 17 жасар Оңтүстіктің тұрғыны салтанатты мерейтойға арнайы шақырылыпты. Бағила Жанұзақова, «сбербанктың» клиенті: «Қызметкерлерінің клиенттерге деген қарым-қатынасы, банкың капиталдық қуаты барлығы да көңілімнен шыққан соң таңдауымды жасағанмын. Бір жылдың өзінде үлкен жетістікке жеткен банктың болашағы зор деп есептеймін»,-дейді банктың 200 мыңыншы клиенті Бағила Жанұзақ.Жол картасы бағдарламасы мемлекеттік бағдарламасын банкпен бірге жүзеге асырып жатқандар мерейтойда марапатталды. Құттықтау сөздерінен соң Сбербанк мерейтой қонақтарына тамаша сый жасады. Ән әлемінің ханшайымы Роза Рымбаева сүйікті әндерімен банк мерейтойы қонақтарына шашу шашты.
Жобаны жасаушылардың сөзінше, тауарын электрондық жүйелермен жабдықталған қоймада сақтауды шешкен қожайын, өнімінің қаншалықты дәрежеде сақталып тұрғанын әлемнің кез келген жерінен білуге мүмкіндігі бар. Әзірге мұның бәрі шағын үлгіге сыйып тұр. Бірақ таяу күндері дәл осындай орталық Шымшаһарда бой көтеретін болады. Орталықтың қызметін кез келген тауар өндіруші тұтына алады. Ал өнімнің түріне байланысты арнайы жағдай қарастырылмақ. Яғни, фармацевтикалық өнімнен бастап, ауылшаруашылық тауарларына дейін. Сауда логистикалық орталығы үшін бүгіннің өзінде 72 гектар жер бөлініп қойылған. Қазір дейді Саят Серікұлы инженерлік желілер жағы реттеліп жатыр. Келіссөздер сәтті аяқталып жатса, орталыққа сәуірден бастап қаржы бөлініп, жазға қарай құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Жобаның жалпы құны 150-200 миллион АҚШ доллары болады деп отыр. Орталықтың құрылысы 2 жылда аяқталады деп жоспарлануда.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: