Оқиғалар
46-шы жас музыканттардың облыстық байқауы биыл қаламыздағы балалар өнер мектебінде өтті. Облысымыздың барлық аудандарынан келген 100-ге жуық қатысушы домбыра, гитара, қобыз, аккардион мен баян және ансамбль ұжымы болып бақтарын сынады. Өнер сайысына Отырар ауданы, Темір ауылындағы саз мектебінен келген Қашқынбек Бажғанғалиұлы алғаш рет қатысып отыр. Домбыра сыныбында оқығанына 3 жылдың жүзі болған ол байқауға екі күй дайындапты. «Мені алғашында ата-анам домбыра үйірмесіне қатыс деп, акелген болатын. Кейін өзім де қызығып, домбыраны жанымнан тастамайтын болдым. Сондықтан бүгінгі жарысқа қатысқаныма қуаныштымын және мені дайындаған ұстаздарыма рахметім шексіз»,- дейді Қашқынбек қуанышын жасырмай. Әділ-қазылар алқасы әрбір үміткердің аспаптарды ойнап, оларды тарту шеберлегіне. шертістеріне зер салып, әділ бағалауға тырысуда. Әрине кемшіліктердің де бар екендігін жасырмайды. «Бүгінгі байқауда халықтық шығармалармен қатар шет елдік классикалық шығармалар да орындалуда. Байқағанымыз, үміткерлер шет елдік туындыларды жақсы ойнап шыққанымен, өзіміздің төл шығармаларды ойдағыдай орындай алмауда. Осы бізді қынжылтады. Бірақ қатысушылар өте талантты»,- дейді қазылар алқасы. Жас орындаушылар қалалық, аудандық іріктеуден сүрінбей өткендер. Олар кіші, орта, жоғарғы топ болып бөлініп, жеке-жеке өнерлерін көрсетті. Ал ұстаздар қауымы жас орындаушыларды шыңдап, оларды жетістікке жетелейтін мұндай сайыстар жиі өтіп тұрса екен деп тілейді.
Байланыс операторы Оңтүстік жұртшылығына арзан тілдесуді ғана емес, барлық жағдайда ұтымды болуды ұсынады. Осыған орай, шырайлы шаһарымыздың батыл әрі жас таланттары 17 наурыз күні 500 мың теңге үшін таласатын болады. Теле 2-нің қызметін Қазақстандықтар ұялы байланыстың жаңа кезеңі деп біледі. Дискаунтер еуропалық операторы ел азаматтарына байланыстың жоғары сапасын арзан бағамен ұсынып отыр. Яғни барлық бағыттарға 8 теңге. Артық төлемсіз, тіпті қалалық нөмірлерге де хабарласуға болады. Нүркен Халықберген, «Теле2 Қазақстан» байланыс операторының PR-менеджері: »Теле2-нің» шығуы ұялы байланыс құнының айтарлықтай төмендеуіне алып келді. Оңтүстік Қазақстанның тұрғындары бұл байланыс түріне қосыла отырып, бұрынғы шығынды 2, тіпті, 3 есеге дейін қысқартады. Біз абоненттерге секундтық тарифтеуді ұсынып, абоненттік төлем алмаймыз. Және барлық бағыттарға қоңырау шалу 8 теңгеден. «Теле 2-нің» Қазақстандағы жұмысы негізінен 2011 жылдан бастау алады. Ал Оңтүстіктегі оның қызметі енді ғана басталды. Еуропалық оператордың байланысын бүгіннің өзінде 1 миллионнан аса қазақстандық пайдаланады. Ал Шымшаһарға «Теле 2″ құралақан келмепті. Олар осында жас таланттардың байқауын өткізуге уәде етуде. Яғни, олар 17 наурыз күні, Әл-Фараби алаңында қалалық мереке аясында үлкен концерттік бағдарлама өткізбекші. Шаһар тұрғындарын мерекелік отшашулар мен шетелдік және отандық жұлдыздар өнер көрсететін сауық кеші күтетін болады дейді ұйымдастыру алқасы. Сөйтіп, ертең, яғни 17 наурыз күні, таңғы сағат 10-да Тәуке хан көшесі мен қаланың 8 нүктесінде «Теле-2″ ұялы байланыс орталығының салтанатты ашылуы өтпекші. Жобаның жетекшілері барша шымкенттіктерді күні бойы өтетін әуенді көрсетіліміне шақырады. Толыққанды ақпаратты www.tele2.com сайтынан білуге болады.
2011 жылы жұмысты тиімді ету мақсатында қоғамдық қабылдаулар бойынша конкурс жарияланған болатын. Былтыр облыстық филиалдың осындай қабылдауына 5 мыңнан астам жазбаша және ауызша арыз-өтініштер келіп түскен. Олардың 80 пайызы бойынша жауаптар беріліп, дерлігі шешімін тапқан дейді саяси партия мүшелері. Басқа өңірлермен салыстырғанда бұл жоғары көрсеткіш. Ашық қоғамдық қабылдауда көтерілген мәселелердің басым бөлігі еңбек заңдылығы, коммуналдық қызмет және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға қатысты. Оңтүстікқазақстандықтардың мұң-мұқтажын шешуде қоғамдық қабылдау бөлмесінің тәжірибесі үздік болып танылып, республикада бірінші орынға ие болды. Сондықтан да шығар Нұр Отандықтарға сенім артқандар саны артпаса, кемімеген. Осы арызданушылардың мәселесін қоғамдық қабылдауды жүргізген мемлекеттік құрылым басшылары неліктен өз қызметі барысында шешуге тырыспайтыны бір таңқаларлық жәйт. Бүгінде облыс көлемінде 16 қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді. НұрОтанның аймақтық және аумақтық филиалдары атқарушы органдардың басшылары мен облыс тұрғындарының арасындағы «Алтын көпір» рөлін атқаруда. Осы жауапты міндетті партиялықтар сезінсе болғаны.
Облыс әкімінің жиынына келген шымкенттік футболшылардың көңіл күйі көтеріңкі болғанымен, шаршап шалдыққандары байқалады. Әрине, екі ойында қатарынан жеңіске жетіп, содан кейін ауа райының қолайсыз болуына байланысты үйіне де қайта алмай бес-алты сағат бойы Өзбекстанда ұшақты күтіп отыру жығылғанға жұдырық болғандай. Десек те, жанкүйерлердің көтеріңкі көңіл-күйін көргенде қиындықтың барлығы артта қалғаны байқалғанын жерлестеріміз алға тартады. Екі бірдей кубокты еншілеген оңтүстік құрамасы енді ел чемпионатында ептілік танытсақ деп отыр. Чемпион болу қажеттігін де облыс басшысы тілге тиек етті. Қаражат мәселесі де қаралып, сыйақы да тағайындалғанын Асқар Исабекұлы жасырмады. Келесі ойынды шымкенттіктер өз алаңында наурыздың 18-не астаналықтармен өткізеді. Жанкүйерлермен кездесу де сол ойынның алдында өтеді. Алмат Бекбаев, «Ордабасы» ФК қақпашы: «Оңтүстік Қазақстан облысының жанкүйерлері куә өте жауапты матч деп санаймын. Біз Қазақстан чемпионын жеңдік. Менің ойымша осыған дейінгі ойындарға қарағанда »Шахтермен» өткен ойын өте ауыр болды. Енді жұмыс жасап, Құдай қаласа, биылғы маусымда бесінші немесе төртінші орын алсақ деп үміттенемін». Қайрат Әшірбеков «Ордабасы» ФК капитаны: Мен Туркияда оқу жаттығу жиынында жүргенімде ұлым дүниеге келді. Үйге бір күнге келіп, оны өз көзіммен көріп, келесі ойында гол соқсам ұлыма арнаймын деп уәде еткен едім. Бұл ойын біз үшін өте ауыр болатынын о бастан-ақ білгенбіз. Қазақстан чемпиондарынан басым түсу ауыр жоспар еді. Не болса да жеңе білдік. Ендігі мақсатымыз әр ойында жеңіске жетіп тұру. Чемпионат ұзақ, ұпайларды маусым соңында санаймыз ғой. Алар белес алда екеніне сенгім келеді. Атыраумен ойын да біз үшін оңай тимеді. Бірінші таимда екі голды жіберіп алдық, алайда екінші жартысында бар күшімізді жинап жауапты үш г олды соға білдік. Өте қуаныштымын». Асқар Мырзахметов, ОҚО футбол федерациясының президенті : «Виктор Васильевичтің сөздері есімде, жеңіс үшін қолымыздан келгенше таласамыз деген еді. Бүгін кезекті жеңіспен құттықтап отырмыз. Расында, жүз мыңдаған жанкүйерлерді қуанта білдіңіздер. Алғысымызды білдіреміз. Менің ойымша ең бастысы нәтиже. Ойын барысында біздің команда мықты екенін дәлелдей білді. Бұл матч үлкен спорттың тарихында өшпестей із қалдырды деуге болады. Өйткені, ел басының өзі футболдың тарихында алғаш рет Суперкубокті өз қолымен сіздерге тарту етті. Біз үшін бұл үлкен қуаныш». Виктор Пасулько, «Ордабасы» ФК бас бапкері: » Біздің футболшымыз Джилас ауыр жарақат алып қалғаны белгілі. Сол себепті де аса қуана да алмадым. Өйткені футбол ол футбол, ал адамның өмірі мен үшін бірінші орында екені даусыз. Десек те бұл жеңіс біздің мақтанышымыз, біз сіздерге уәде беріп, оны орындай білдік. Шахтерлықтарды жеңу біздің жігіттер үшін өте ауыр болды. Дегенмен бірлескен команда екенімізді дәлелдей біліп, бұл жеңіске де қол жеткізе білдік».
Ел чемпиондары қарағандылық «Шахтер» шымкенттік «Ордабасымен» таласқа түсті. Кездесу алдын, букмекерлік орталықтармен жанкүйерлердің басым бөлігі Қазақстан чемпиондары топ жарады деген сенімде болған еді. Ойын бастала салысымен-ақ шахтерліктар алға ұмтылды. Қақпаға допты бағыттағанда осы команда болды. Алайда Дәурен Тәжімбетовтың пас беруін тиімді пайдалана білген Қайрат Әшірбеков қарағанды қақпасына доп соқты. Бұл гол матч барысында салынған жалғыз доп болды. Сөйтіп, Шымкенттіктер биылғы маусымды сәтті бастап, Суперкубокты жеңіп алды. Кубок иегерлері енді ел чемпионатындағы алғашқы ойынына дайындық үстінде. Атыраулықтармен матч шетел алаңында наурыздың онына өтеді.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: