Оқиғалар
Таң азанымен қаланың орталық алаңы түрлі түске боялып, мерекенің ерекше лебі байқалады. Мұнда этномәдени орталықтардың өкілдері мен қала тұрғындары жиналып, сүйікті мерекесін атап өтуде. Қазақ, өзбек, ұйғыр,орыс, түрік, корей, шешен, поляк, неміс, әзірбайжан – бәрі де бір атаның баларындай мәз-мейрам. Ұлттық мәдени орталықтардың шығармашылық ұжымы көпшілікке мерекелік концертін ұсынды. - Біздің еліміз үшін маңызы зор мұндай мерекеге мен жыл сайын қатысамын,- дейді шымкенттік колледждің студенті Малика Найзабекова. – Бұл қазақстандықтар үшін да көп күттіретін мереке. Біздің елімізде жүзден аса ұлттың өкілдері тұрады. Өзімнің өзге ұлт өкілдерінен достарым көп. Қазақстандағы түрлі ұлттар татулығы мен өзара келісім моделі әлемде ең үздіктердің бірінен саналады. Мереке барысында шымкенттіктер мен қала қонақтарын облыс әкімі А.Мырзахметов құттықтады. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық табыстары мен Шымкенттің белсенді дамуын, оңтүстікқазақстандықтардың әлеуметтік жетістіктерін атап өтті. «Мұның бәрі де Қазақстан халқының бірлігі мен келісімінің жемісі»,- деді облыс әкімі. Әл-Фараби атындағы орталық алаңда өткен мерекеге қала әкімі Қайрат Молдасейітов те қатысты. Мерекелік салтанатты шеру Шымкенттегі 20 мәдени орталықтың өкілдері, елдегi этностарды бұрынғыдан да жақындастыра түсті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығында ұлт татулығының нығаюына үлес қосқан оңтүстіктегі барлық мәдени орталықтың жетекшілері облыс әкімінің арнайы грантына ие болды. Халықтар бірлігінің мерекесі бүгінде бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған шымкенттіктер үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің белгісі секілді. 1 мамыр күні қаладағы барлық саябақтарда жаппай серуендер мен спорттық шаралар ұйымдастырылды.
Киіз үй мен алтыбақан, май піскен күбі мен құрт қайнатар қара қазан… Бәрі де қазақы тіршіліктің бейнесі. Енді мұның бәрін Шымкент зообағынан тамашалай аласыз. Бұл үшін қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ. тек зообаққа кіретін билет сатып алсаңыз болғаны деп сендіреді зообақ басшылығы. Сейдулла Жұбаев, Шымкент зообағының директоры: «Бие сауып, қымыз-шұбатымызды қалай дайындалатындығын зообаққа келушілерге көрсетіп, ұсынатын боламыз. Баяғы ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінен бір сәт болса да сыр шертетін болаимыз. Ешұқандай да коммерциялық мақсатты көздеп отырмыз. Барлық қазақстандық ұлттық құндылықтарымзы ұғына білсе деген ойдан туындаған дүние ғой бұл». Қазақы ауы жобасы зообақтың бас жоспарында бекітілген. Бәрін де өз күшімізбен жасадық дейді ондағылар. Хайуанаттар бағындағы қазақ ауылы туралы келушілердің де пікірі де теріс емес. Б2рі де қазақы ауылдың болғанын дұрыс көріп отыр. Десе де, қазақы ауылдың басқа емес дәл хайуанаттар бағынан ашылуының заңға қаншалықты сәйкес екендігін білу мақсатында прокурорлардан сұрау салдық. »Зообақ мемлекттің ерекше қорғауындағы аумақ. Арнайы қабылданған заңдылықтарға сәйкес бұл жерлерде қоғамдық тамақтану және басқа да осы тектес нүктелерді ашуға тиым салынбаған. Сондықтан да зообақта қазақ ауылының ашылғаны заңға қайшы келмейді деп толық айта аламыз,»-дейді ОҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Жанболат Туғанбаев.
Сөйтіп, 23 сәуір күні Абай ауданының 27 мектебінен жиналған оқушылар «65/06″ әскери бөлімінің «Ақтастағы» оқу-жаттығу алаңына жиналып, ұрыс қимылдарының әдістемесін меңгеруді бастады. Ал бұл кезде қыздар жағы алғашқы әскери дайындық пәнінің тәжірибелік сағатын қаладағы емханаларда мейірбекелерше атқарып жатты. Еске салған жөн, қаладағы 74 мектепті биыл 2296 ұл бала мен 3151 қызбала бітіріп шығады. Бес күндік жаттығу жұмыстарына екі жарыммыңға жуық бозбала қатысуы тиіс жаттығу жұмыстарына 100 оқушы қатыса алмайды. Себебі, денсаулығы жарамсыз. Бұл дегеніңіз болашақ отан қорғаушы азаматтардың арасында әлжуаздары көбейіп бара жатыр деген сөз. Мұны мұғалімдердің өзі де растап отыр. Жанат ТӘЖИЕВА, Қалалық білім бөлімінің бастығы: «Әскер қатарына барғанда бозбалалар таяқ жеп жатады. Не болмаса, суицидке ұрынып жатады. Дәл осылардың барлығы балалардың әскерге бармастан бұрын психологиялық дайындығының жоқтығынан болып жататын құбылыстар деп ойлаймын. Біз оқушыларға осы бес күн ішінде әскерде қаншалықты қиын боларын осы бастан білсін, көрсін деп ұйымдастырып отырмыз. Ол үшін 65/06 әскери бөлімінен осы алаңдаңды сұрап, жаттығу жұмыстарын өткізіп отырмыз». Абай ауданының оқушыларынан соң мұнда Еңбекші мен Әл Фараби аудандарының бітіруші сыныптары шынығады. Қалалық білім бөлімі бұдан былай енді жыл сайын Ақтас алаңын жаттығу жеріне айналдырамыз деп отыр.
«Нұрсәт» шағынауданында пошта байланысының жаңа ғимараты ашылды. Енді “нұрсәттіктер” коммуналдық қызмет, салық төлеу үшін сабылмайды. Хат-хабарды да уақтылы алып, пошталық-қаржылық қызметтің шарапатын көрмек. Бұл пошта мекемесі — қаламызда жыл басынан бері ашылған 4-ші бөлімше. Мекемеге түсініп-тіркелу үшін келген шағынаудан тұрғындары да аз болған жоқ. Талап-тілегін де айтты олар. Немере қызын ерте келген Рукия Иманова бұл күнді асыға күткендердің бірі. «Нұрсәттегі» жаңа ғимараттардың алдында абоненттік жәшіктің болмауы – пошташыларға қиындық туғызбақ. Десе де 26 пошташы тұрғындар үйіне жеткізеді. Қаламыздағы 4 бөлімше біріккен орталық Самал, Қайтпас, Нұрсәт, Достық, Тұлпар шағынаудандары мен Дулати көшелеріне толығымен қызметін ұсынатын болады.
Мұнда бұрын «Сан Мишель» мейрамханасы мен гүл сататын павильон болатын. Коммерциялық нысандар биыл бұзылып, көп жылдар бойы шымкенттіктер мен қала қонақтарының сүйікті саябағының алаңы кеңеймек. Енді 3 жетіден кейін мұнда гүлзар пайдалануға беріледі. Ерубай ҚҰРАЛБАЕВ, қалалық ТҮКШ бөлімінің көріктендіру секторының меңгерушісі: «Орталық саябағының бұл бөлігінде гүлдер отырғызылып, демалуға орындықтар орнықталады. Сондай-ақ жарықтандыру да қарастырылған. Жазғы аптапта салқын болу мақсатында жаңаланған су бұрқақы болады. Ал гүлзардың көпқабатты үй тұсында көлік тұрақтары қарастырылған». Жаңаланған саябақты тұрғындар да тағатсыздана күтуде. «Жасыл желек неғұрлым көп болса, қоршаған ортаның ауасы да соғұрлым таза болмақ. Серуен құратын жерлерді таңдауға да мүмкіндік болады»,-дейді тұрғындар. Жас ана: «Демалатын орындар қалада аз. Осындай гүлзарлар көп болса, баламызбен барып серуен құрамыз.Таза ауада жүргенге не жетсін».Тұрғын: «Өтіп бара жатып, неге төселген плиталарды алып жатыр десем, гүлзар болады екен ғой. Осы жер алдын қараусыз еді, сосын аквасаябағы салынды. Көп ұзамай ол да қаңырап тұрды. Енді міне гүлзар салынып жатыр екен. Қаламыз көріктендірілсе, өзімізге жақсы, таза ауа, жасыл желек болады». Тұрғын: «Бұл саябақ жас кезіміздің көзі. Осы жерде демалатын едік. Көріктендіру жұмыстары қолға алынғанына ризамыз. Ағаштарға тимесе болғаны, олардың саясында шіліңгір шілдеде демалу қандай рахат».Орталық саябақтан бөлек биыл қалада тағы екі нысан жаңаланбақ. Балалар темір жолының соңғы аялдамасы көріктендіріліп, кішкентайлардың игілігіне берілмек.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: