Оқиғалар
Кернай мен сырнайдың сазды дауысы Абай саябағындағы мерекеге барша халықты шақырды. Абай атаға тағзым жасап, гүл қойылып, естелікке сурет түсірілді. Күні бойы саябақта ән шырқалып, думанды кеш одан әрі жалғасты. Көңілді концерт, тапананшылар жарысы, түрлі сайыстар келгендердің көңілінен шықты.
«1 арна Евразиядан» Алматыда кастинг болып жатыр деген жарнама көрдім. Кешке Алматыға жеттім. Бағдарлманың продюсері мені бірден байқады. Әйгілі адамдарға жасаған пародиям ұнапты. Одессаға шақырып еді бірден келістім. Қаншама әйгілі жұлдыздарды көрдім. Дәлізде Александр Цикалоны көріп, амандастық. «Большая разница» бағдарламасы арқылы Ресей сахнасына шығамын», – дейді Петр Зименс.
«Большая разница» жобасының басшылығы Петр Зименсқа 5 жыл бірге жұмыс істеуге ұсыныс жасады.
Бірден үш баланың әкесі атанған Бахыт Сүгіровтің де қуанышы шексіз. Ол екі ұлының болғанын армандаған екен. Бірақ қос қуаныш қатарына келіп, бірден екі қыз бен ұлды болды.
Қазір үш нәресте медбикелердің қарауында. Әр сәбидің салмағы 2 кг-нан артық. Қазақстанда үшемнің туылуы сирек кездесетін жағдай. Бұл дегеніміз тек 5 мың туылу кезінде ілуде біреу-ақ болатын құбылыс.
Бұл түні тағы да бір үшем дүние есігін ашты. Азизхан Бухашев бір емес, үш қыздың әкесі атанды. Дүние есігін енді ашқан сәбилерге азан шақырылып, ат та қойылыпты: Айсель, Нурсель, Жансай. Әзірге, оларды тіпті ата-аналары да ажырата алмауда.
Жас аналардың көмекшілері жетерлік, сондықтан оларға медбикелер мен дәрігерлер көмектерін аямауда. Ал үйде немерелерін күткен аталар мен әжелер эстафетаға дайындалуда.
Шараға қатысқан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бұл оқиғаны тарихи деп атады. «Бірінші сатыда Қазақстанның батыс аймақтарынан 6 миллиард текше газды оңтүстік аймақтарға тасымалдау мәселесі шешіледі. Ол дегеніміз, біздің оңтүстік аймақтардың импорттық газға тәуелділігі шешімін табады», - деді Ө.Шөкеев магистральдің алғашқы тоғысын дәнекерлеу рәсімінен кейін.
Сонымен қатар бірінші вице-премьер жиналғандарға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың хатын оқып берді, онда Мемлекет басшысы ел халқын осындай маңызды қадам - республикамыздың жеке газ державасы болып қалыптасуымен құттықтады. «Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ құбыры қазіргі күні елдегі барлық газ магистральдерін бірегей ішкі желіге қосып, алғаш рет отандық газды елдің оңтүстігіне жеткізуге мүмкіндік береді.
Ө.Шөкеев атап өткендей, газ құбырын салу жобасы - Тәуелсіз Қазақстан тәжірибесіндегі ең күрделі жобалардың бірі. «Тек техникалық-экономикалық негіздемені есептеу бірнеше жылға созылды. Бірақ біз бұл жобаның экономикалық жағынан тиімді екеніне көз жеткіздік. Ол өзін өзі ақтайды. Ол Мемлекет басшысының еліміздің оңтүстігінің 5 миллион тұрғынының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған қамқорлығының куәсі», - деді бірінші вице-премьер.
Газ құбыры екі сатыдан тұрады. Бірінші саты 2013 жылы аяқталады. Жылына 10 млн. табиғи газ бере алатын қуаты бар екінші сатысы 2016 жылы аяқталады. Оның ұзындығы 1475 шақырымды құрайды. Ол 577 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оның 230-ы Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Оның бір бөлігі ешқашан газдандырылмаған. Екінші бөлігі көгілдір отынды Өзбекстаннан алып отырады. Магистральдің іске қосылуымен Қазақстан толықтай отандық газға өте алады.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: