Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Міне, бүгінде «Отырар» студиясында күнделікті қарбалас. Камералар іске қосылып, қонақтар студияға келіп, бағдарламалар басталып та кетті.
Тәуелсіз телеарналардың алғашқы эфирі 1992 жылы болды. Ол кезде арнаның құрамы да шағын-10 адам. Уақы өте ұжым кеңейіп, журналисттер енді интернетке де мақалалар жаряилай бастады
Түрлі салада жұмыс жасайтын дарынды жастарға қолдау көрсету, жетістіктерін насихаттау мақсатында өткізілген іс-шарада үміткерлерді іріктеу жөніндегі байқау комиссиясының ұсынысы бойынша 20 жас өз салаларында үздік деп танылды.
«Үздік» жастар премьясымен марапатталғандардың арасында «Отырар»телеарнасының тілшісі де болды. Үздік жастар айдарының редакторы сыйлығының иесі – Сарбиназ Алдабергенова.
Бұл марапат жастардың тыныс-тіршілігін ақпараттық қамтамасыз еткен арна бағдарламаларының жылдар бойғы еңбегінің жемісі деп білеміз.
Дефиледен киінетін шымкенттік сәнқойлар жаңа дүкеннің ашылуынан қапы қалмады. «Дефиле» дүкенінің жаңа киім жиынтығы жаңа маусымда әсемдігіңізді арттыратыны айтпаса да түсінікті. Нәзік жандыларға арналған талғаммен тігілген жаңа үлгідегі көйлек көншік кез-келген сәнқұмар сұлудың талабын дөп басары сөзсіз.
«Дефиле» сауда жүйесіндегі негізгі үш бағыт, яғни сапа, көңілге қонымды бағалар, сәнді дизаинды сатып алушылар да бағалап үлгергелі қашан. Жаңа үлгідегі, хайтек стиліндегі жаңа «Дефиле» дүкені шымкенттіктерге тамаша тарту.
Көркем гимнастикадан еңбек сіңірген спортт шебері Әлия Юсупова дүкенге екелген алғашқы сатып алушылардың бірі. Киім сапасы өте жоғары, қызмет көрсету сервисі әлемнің маңдайалды дүкендерімен тайталасатын «Дефиленің» жаңа дүкенінен жаңа киім сатып алмай кетпеймін деп шешті.
Сәнқойлардың сұранысын толық қанағаттандыратын жаңа дүкеннің ашылуы қызықты да, көңілді өтті. «Дефиле» компаниясының басшылығы тұрақты клиенттерін тағы да биік талғамға сай жаңа топтамалармен риза етпек. Өйткені мұнда күнде жаңа түсім.
Сергей Еременко ұлттық құраманың мүшесі. Астанада өткен жарыста ол күміс медальды жеңіп алды. Бүгінде жерлесіміз Азия чемпионатына дайындалуда. Байрақты жарыста топ жарып, Олимпиадаға жолдама жеңіп алсақ деиді.
Сергей Еременко, семсерлесуден ҚР құрама командасының мүшесі: «Ақтық кездесуде қарсыласым өзімнің ағам болды. Мүмкін, соның салдары болар, жеңіліп қалдым. Енді кезекті жарысқа дайындығымды бастадым. Алда Азия, содан кейін Әлем Чемпионаты күтіп тұр. Іріктеуден сүрінбей өтуге тырысамын.»
Бүгінде бұл жеткіншектер кезекті жоспарды орындау үшін тырысып жатыр. Қарашаның 15-нен бастап семсерлесуден мықтылар шымкентте қылыштарын айқастыратын болады. Бұл күндері семсерлесу спортының шәкірттері таңғы сағат тоғыздан бастап орталық стадионда жаттығуда. Бапкерлер бұл спортқа балаларды 10 жастан бастап қабылдайды. Шұғылдансам деген ниеті бар жеткіншектер үшін бұл спорт залының есігі қашанда ашық.
Қарлығаш Сайханова, семсерлесуден ОҚО аға бапкері: «Мықтылардың арасында топ жару оңай болмасы анық. Өйткені, семсерлесу техникалық жағынан мұқият болуды талап етеді. Десек те, біздің үш шәкіртіміз ұлттық құраманың сапында өнер көрсетіп жүр. Олимпиадаға да жолдама жеңіп алар деген ниетіміз де бар».
Мұны қаланың барлық тұрғыны сезді, әсіресе жер сілкінгенін жоғарғы қабаттағы үйлерге қоныстанғандар байқады. Облыстық сейсмостанциясының мәлімдеуінше, жер сілкінісі 2 балды құраған. Қазір, жергілікті мамандар оның ошағының қайда болғанын анықтау үсінде.
4 қараша күні естеріңізде болса, ОҚО-да жер сілкінісі тіркелген болатын. Ол кезде эпиорталық еліміздің оңтүстік астанасынан 120 км жерде орналасқан Қырғызстанда болған иеді.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
© Комитет индустрии туризма МТиС РК. Разработка и дизайн - ТОО "Innovation group" |
|