Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
«Мисс-Қазақстан 2011″ әсемдік додасының ақтық мәресі Алматыда өткен болатын. 20 ару сынға түскен бәйгеде Қазақстанның екінші сұлуы «Мисс Астана» Мария Горбулько болса, байқаудың бас тәжі Талдықорғандық Айнұр Төлеуоваға бұйырды.
Сонымен қатар, 37 гаухармен көмкерілген алқа тағылды. Әрі Әлемге елімізді танытатын осы Айнұр болмақ.
Астаналық цирктің Шымкент «Мұз сарайында» қойылым қоятынын естіген жұрт таң сәріден топ болып жиналып қалды. Отандық өнерді тамашалауға үлкен де, кіші де келді. Сарайдағы 3 мың орын лық толып, ине шаншыр жер қалмады.
Сөйтіп, цирктің алғашқы нөмірлері де басталды. Биші акробаттар төбеде қалқып, қанат біткен адамның кейпін көрсетті. Отандық цирк түрлі аттар, түйелер мен понилардың үйретілуімен қойылымдар әзірлеп келіпті. Сайқымазақтар күлкінің сәнін келтірді. Астаналық цирктің өнерін тамашалуға еңбектеген баладан ересектерге дейін қызығушылық танытып келіпті.
Құрылғанына 6 жыл болған өнер ұжымының оңтүстіктегі гастрольге дайындығы көрерменді көп тәнті етті. Бұл олардың биылдыққа ел ішінде қойған алғашқы қойылымы. Гастрольдік сапарды Шымкенттен бастауды жөн көріпті.
Мұз сарайында ұйымдастырылған бағдарлама үш күнге жалғасады. Бүгіннен басталған бағдарлама күніне екі мезгіл қойылатын болады. Келемін деушілерге есік ашық.
7 және одан да көп бала тәрбиелеген ақ жаулықты аналарға қала басшысы Елбасының №167 Жарлығы бойынша «Алтын алқа» белгілерін табыс етті.
Мемлекеттік наградамен бірге оларға егеменді еліміздің өсіп-өркендеуі жолында демографиялық ахуалдың жақсаруына үлес қосқан үшін алғыс хаттар да тапсырылды.
Қала көлемінде «Алтын алқа» алқасын 2127 ана тақса, «Күміс алқа» белгісіне 2644 ақ жаулықты ана ие болды.
Марапатталғандар: Құрбанкүл Ақылбекова, Назира Баразрбаева, Полат Әбсатқызы, Нағима Иманбердиева, Ақмарал Наурызбаева, Сайрагүл Чилпакбаева, Насима Шамомад.
Шымкент қалалық жер қатынастары бөлімі биылға алғашқы аукционды өткізді. Нәтежесінде саудаға қойылған 28 лоттан бюджетке 30 млн. теңгеге жуық қаражат түсетін болды.
Жыл соңында өткен алғашқы саудаға қойылған 28 лоттың 27 Асар шағын ауданында. Содан да болар жер телімінің бәрін «Ақ Орда» корпарациясы саудалап алды. Аукционға қатысу үшін алуға ниеттенген әр лотқа 50 589 тенге кепілдеме төлеген әрбір азамат саудаға қатысуға құқылы.
1 млн. теңгеге сатылған жалғыз жер телімі «Нұрсат» шағын ауданында. Бұл жердің жеңімпазы Дүкен автотұрағымен салуды жоспарлапты. Жасыратындығы жоқ «Нұрсат» шағын ауданында автотұрақ мәселесі күрделі. Ал осы жоспар орындалса сауда пайдаға асады.
Төмендетілген бағамен тұрмыстық техниканың барлық түрін сатып ала аласыз. Тоңазытқыштан бастап теледидар, үтік пен шаш сәндегіш түрлі фен бәрі де жеңілдетілген бағамен. Мұнда келген әрбір сатып алушы сыйлықсыз қалмайды, ал кішкентайлар сүйікті мульткейіпкерлерімен бірге естелік суретке түседі. Сауатты сатушы-кеңесшілер көңіліңізге қонымды затты таңдауға көмектеседі. «Эврика» қызметкерлері брендтің өзгеруі негізді дейді.
Сатушы : «Эврика сауда жүйесінің ауқымы кеңейіп, заман талабына сай жаңарудамыз. Талай жылдық тәжірбиемен ел арасында сауда орны ретінде өзіндік стилімізді қалыптастырып үлгердік. Бізге сатып алушылардың сенімі берік. Сондықтан біз қатардан озық болуға талпынып жатырмыз.»
Қажымұқан Шаттық Айдарханұлы каратэдодан өткен әлем чемпионатының жүлдегері. Қажымұқан палуанның немересі «Эврика «сауда жүйесінің тұрақты сатып алушысы.
«Мұндағы тауарлардың бәрі көңілімізден шығады. Қызмет көрсету деңгейі мен тауар сапасы да. Презент-акцияны пайдаланып, теледидар сатып алуға келдім»- дейді ол.
Егер тұрмыстық техника алу қажеттілігіңіз болса, «Эврика» сауда жүйесіндегі презент акциясынан қапы қалмаңыздар. Жеңілдіктер мен тосынсыйлар жасау 24 қарашаға дейін созылады.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
© Комитет индустрии туризма МТиС РК. Разработка и дизайн - ТОО "Innovation group" |
|