Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Солтүстік Қазақстан облысында «Жиырма жұлдызды күндер – Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» акциясы басталды.
26 қараша күні Облыстық орталық алаңдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» архитектуралық композицияның жанында «Жас ұрпақ – Тәуелсіздіктің ұрпағы» атты жастар форумы өтті.
3 желтоқсанға дейін үш апта бойы Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушылардың ескерткіштеріне гүлшоғын қою және келесі іс-шаралар орын алмақ: көпбалалы аналарды құттықтау салтанатты рәсімі, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медельдарын табыс ету, сондай-ақ «Жас Ұлан» республикалық қоғамдық бірлестік қатарына оқушыларды қабылдау рәсімі.
Қызылжар ауданы Бескөл аудандық орталығында 280 орынға арналған балабақша пайдалануға беріледі. Петропавлда «Жеңіс» мамандырылған олимпиадалық резервтегі БЖСМ спорт даңқы мұражайының ашылуы болады.
Мұнан басқа, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Салт-Дәстүр» Солтүстік Қазақстан облысындағы этномәдениетті бірлестігінің облыстық фестивалі және «Біздің ортақ үйіміз - Қазақстан» балалар суретінің конкурсы өтеді.
Петропавлда, Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан 300 астам жұп қатысқан, спорттық сәнді билер бойынша ашық ҚР Кубогі өтті. Бұл, халықаралық жарыс мәртебесіне ие болған, XII ҚР Ашық Кубогі еді. Аталмыш жарыста ұлттық және халықаралық турнирлерде үлкен жетістікке қол жеткізген ең үзік деген спортшылар қатысты.
Жастар мен жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан Андрей Приходько және Кристина Пищукина, Әлібек Жесікбай және Александра Цой (Алматы); Тәуке Төребеков және Жанель Асылбекова (Тараз), Шахнұр Мусин және Томирис Жұманова (Қарағанды) көрінді.
Жүлдегерлер барлық жасерекшелік топтарда анықталды. Турнир жеңімпаздары жарыстың демеушілерінен кубок, медаль, диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Түмен облысы кәсіпкерлерінің Солтүстік Қазақстанға қызметтік сапары дәстүрге айналды. Өңірдің бизнесмендеріне өздерінің ұсыныстарымен сауда және қызмет көрсету, ауыл шаруашылық және мұнай өнеркәсібі, денсаулық сақтау және туризм саласының 30 ресейлік компания өкілдері келді.
С.Мұқанов ат. кітапхананың баспасөз орталығында екі жақ бір-біріне өздерінің қызметтері жөнінде айтты, ынтымақтастық және ортақ жобаны жасау перспективасын талқылады.
Қаныққан жұмыс күнінен кейін қонақтар Петропавл қаласының көрнекті жерлерін шолу экскурсиясында болды.
Петропавлда 19-шы 20-шы қарашада Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының сахнасында Қарағанды музыкалық комедия академиялық театрының спектакльдері өтті.
Қарағанды музыкалық комедия академиялық театры үлкен шығармашылық жұмыстар жүргізіп жатыр. Астананың, Алматының, Москваның, Санкт-Петербургтің, Минскнің дирижерлерімен, композиторларымен, балетмейстерлерімен, музыканттарымен және жетекші музыкалық театрлардың әртістерімен ынтымақтастығын жалғастыруда.
Бұл жолы қарағандылықтар оперетта сықақшы О.Клюевтің «Французский брак», К.Портердің «Целуй меня, Кэт!» мюзиклдерімен және С.Цирюктің балаларға арналған «Золотой Ключик» музыкалық ертегісімен көрермендерді қуантты.
Солтүстік Қазақстанның қуыршақ театрының труппасы Әзірбайжанның астанасынан, Баку халықаралық фестивалінен оралды. Фестивальде алыс және жақын шетелдердің 20 елінің ұжымдары қатысты.Байқау спектаклдерін көрсету Әзірбайжан астанасының үш театрында өтті. Қазақстанның өкілдігінен жалғыз Петропавлдықтар болды. Фестивальге түсу үшін Астанадағы іріктеуден өту керек болды. Республикамыздағы 6 қуыршақ театрының ішінен тек солтүстікқазақстандықтар жолдамаға ие болды.
Солтүстікқазақстандық актерлер қойыымды классикалық жанрда ұсынды. Байқаулық бағдарламаның алдында солтүстікқазақстандық актерлерді Бакудің орталық телевидениесіне шақырды. Онда олар спектакльден үзінді көрсетті.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
© Комитет индустрии туризма МТиС РК. Разработка и дизайн - ТОО "Innovation group" |
|