Оқиғалар
Облыс әкімі Серік Біләловтің қатысуымен Қазақстан халқы тілдерінің ХIII облыстық фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Оған белгілі ғалым Тұрсынбек Кәкішев пен өңіріміздің тіл жанашырлары қатысты.
Жиынды ашқан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Кемел Оспанов өңірімізде тілдерді дамыту мен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін атқарылған, қолға алынған жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, бүгінде облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығында 68 топ, оның ішінде 61 топ — мемлекеттік тілді, 5 топ — ағылшын тілін, 2 топ орыс тілін оқуда. Ал Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сергей Бородин өзге ұлт өкілдеріне ана тілімен қатар қазақ тілін үйретуде жүзеге асырып жатқан жұмыстармен таныстырды. «Мемлекет тік тілдің қоғамның барлық салаларында өз мәртебесіне лайық орын алуы — мемлекеттік мәні бар өте маңызды мәселе» деген баяндамашылардың бұл пікірін Петропавл қаласының № 17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің шешен-ингуш бөлімінің мұғалімі Мария Ганиева, облыстық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Василий Лабанчук, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенті Анастасия Сафронова өз ойларымен дәйектеді.
Жас буын тарапынан айтылған осындай ойлар мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтіп, оның конституциялық мәртебесін бұдан да көтере түсуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сол себепті қазақ тілін өз ана тіліндей жетік меңгерген жастарға аға буын атынан алғысын білдірген филология ғылымының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев солтүстікқазақстандықтарды мемлекеттік тілді құрметтеуге және оны жаппай үйренуге шақырды.
Жылдағы тұрақты аталымдар бойынша анықталған үздіктер дипломдармен марапатталды. Ғ. Мүсірепов атындағы аудан — «Мемлекеттік тілді насихаттауда үздік аудан», Ақжар ауданы «Мемлекеттік тілді меңгерген үздік аудан» атанды. «Мемлекеттік тілді насихаттауда үздік мекеме» — облыстық қаржы басқармасы, «Мемлекеттік тілді насихаттауда үздік аумақтық мекеме» — Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің СҚО бойынша департаменті, «Мемлекеттік тілді насихаттауда үздік кәсіпорын» — облыстық қан орталығы, «Мемлекеттік тілді насихаттауда үздік ауылдық округ» — Айыртау ауданының Лобанов ауылдық округі, «Өлке тарихын және әдебиетін зерттеуге үлес қосқан мемлекеттік емес ұйым» — «Асыл мұра» орталығы.
Сонымен қатар облыс әкімі Серік Біләловтің қолдауымен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында атқарған зор еңбегі үшін «ЕС-164/3» ММ жалпы білім беретін кешкі ауысымды мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Таласбай Мұсабаевқа, Петропавл қаласы білім бөлімінің мемлекеттік тілдегі құжаттарының редакторы Әлия Жүкеноваға пәтер сертификаттары табыс етілді.
Осындай жағымды сәттерге толы салтанатты шара облыстың өнер ұжымдары қатысқан концерттік бағдарламаға ұласты.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысына қызметтік іс сапары аясында өңіріміздің омарташыларымен кездесуінде олардың жеке асыл тұқымды ара өсіру шаруалығын дамыту және ұйымдастыруға мемлекеттік қарыз-қаржы түрінде қолдау көрсетуге сөз берді, деді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, республикалық ара шаруашылығы қауымдығының төрағасы Петр Дмитриенко.
«Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің солтүстігінде асыл тұқымды ара өсіру шаруашылығын нақты дамытуға қарыз-қаржы бөлу туралы мәселені қарастыратынына сөз берді. Осындай шаруашылықтар, оңтүстік араларға қарағанда әлдеқайда аязға төзімді және шыдамды болатын, өзіміздің жеке аралардың солтүстіктік тұқымын шығару үшін керек. Әзірше, солтүстікқазақстандық омарташылар оңтүстік араларын сатып алуға мәжбүр, ал олар солтүстіктің климаттық жағдайларына үйренбеген, оларды мұндай жағдайда асырау және өсіру қиын», - деп түсіндірді Дмитриенко.
Оның берілгендері бойынша, ара өсіруде, мал шаруашылығының басқа салаларындағы сияқты, асыл тұқымдылармен жұмыс істеу омарта тауарларына сұранысты арттыруда маңызды рөл атқарады.
«Омарта тауарларын арттыру әдісінің ең қарапайым және сенімді түрі - аудандандырылған тұқымды араларды таза тұқымдап өсіру», - деп аяқтады депутат.
Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды. Мемлекет басшысы солтүстік өңірде мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының орындалу барысымен танысып, егіс алқаптарын аралады.
Жұмыс сапары барысында Елбасы Қызылжар ауданындағы «Петерфельд агро» серіктестігінің егінжайында болып, асылтұқымды репродукторға арналған мал кешеніне соқты. Агроөнеркәсіп кешенінің өкілдерімен тілдесті. Биыл серіктестік 2878 гектар алқапқа дән септі. 182 гектарға картоп екті.
Мемлекет басшысы сондай-ақ Қызылжар ауданының «Сби Агро» серіктестігінің жайылымына соғып, айдаудағы мал шаруашылығының қыр-сырымен танысты.
Серіктестік негізінен өсімдік және мал өнімдерін шығарумен айналысады. 17 мың гектар алқапқа ие. Биыл 7729 гектарға бидай және бұршақ тұқымдары себілді. Майлы дақылдар егілген алқап 3139 гектарды құрайды. Былтыр серіктестікте бидайдың шығымдылығы гектарынан 16,5 центнерді құрады.
Шаруашылық 2472 ірі қара мал, 1119 жылқы және 7100 шошқаны ұстайды. Голланд технологиясы бойынша 1200 шошқаға шақталған кешен жөнделді. Сүт өндірісіне арналған ғимарат жаңартылу үстінде, онда 400 сиырды саууға мүмкіндік туады. Осыншама басқа арналған алаңқай тұрғызылып жатыр. Жуырда Австрия мемлекетінен 120 бас симменталь тұқымдас ірі қара жеткізілді. Қыркүйек-қазан айында Германиядан 395 жас мал әкелінеді. Бұл серіктестікке мемлекеттің қолдауы 15,4 миллион теңгені құрады.
Елбасы «Пассик Қызылжар» серіктестігінде болып, ара балының өндірісімен танысты. Бал әкелетін алқаптың көлемі 800 гектарды құрайды.
Түйе бұршақ, қарақұмық, экпортцет, фацелия және күнбағыс сынды өсімдіктер қолданылады. Ауа райының құбылуына байланысты мамыр-қыркүйек айларында серіктестік 15 тен 40 келіге дейін бал алды. Прополистің көлемі 8-12 келіні құрап отыр. Аралар негізінен Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қырғызстаннан жеткізіледі.
Бұдан кейін Елбасы жаңадан бой көтерген Тәуелсіздік стеласына соғып, ассамблея өкілдерімен тілдесті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев қайта жөндеуден өткен «Солтүстік жұлдызы» саябағына ат басын тіреді. Пестрое көлінің жағасында орналасқан бұл саябақтың қазығы — «Солтүстік жұлдызы» атты стеласы. Ол «Астана жұлдызы» монументі негізінде жасалған.
Саябақта оған қоса баскетбол және волейбол алаңқайлары орын тепкен. Орталық аллеяда Күлтегін және Тамғалыдағы петроглифтер бейнеленген мүсіндік композициялар орын тепкен. Бұған қоса Пестрое көлінің маңында халықтың демалуына бар жағдай жасалмақ. Осылайша, саябақ демала отыра, тарихті ұмытпауға итермелейтін бірегей кешен атануы тиіс. Жобаның құны 152 миллион теңгені құрайды.
Облыста егін орағы қызу жүріп жатыр. Бүгінде егіс алқаптарының 12 пайызы бастырылыпты. Облыс әкімі Серік Біләлов Жамбыл ауданында болып, орақ науқанының барысымен танысты.
Облыс әкімі ең алдымен Преснов селолық округіндегі "Агротехника Жамбыл" ЖШС -нің егіс алқаптарында болды. Шаруашылық биыл 10 880 гектар жерге дәнді дақыл сепкен. Оның сегіз жүз гектары осы күні бастырылыпты. Үстіміздегі жылы астық шығымдылығы гектарынан 20,1 центнерден айналуда.
Қыркүйек айында ауа райы қолайсыз болады деп күтілуде. Жауын-шашын мол түспек. Қарлы жаңбыр болуы мүмкін. Сондықтан егінді сақтап қалу үшін барлық қажетті шараларды қолға алу қажет деп атап өтті облыс әкімі.
"Мария" шаруа қожалығы диқандарының орақ науқанына кіріскеніне бірінші күн. Бірнеше сағаттың ішінде 100 гектар алқап бастырылыпты. Жаңа техника ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне үлкен көмек. Биыл 5 жаңа комбайн сатып алынған.
"Қызыл Жар Астық" серіктестігінің егін алқаптарына техниканың шыққанына үшінші күн. Үстіміздегі жылы шаруашылықта 11 мың гектар аумаққа бидай себілген. Күн сайын 700-900 тонна бастырылады.
Өңір басшысы Майбалық селолық округіндегі "Стимул" шаруа қожалығының алқаптарында да болды. Шаруа қожалығының жетекшісі Иван Волков қыркүйектің жиырмасына дейін егінді толық жинап аламыз деп отыр.
"Колос" шаруа қожалығында "Кедр" арпасы өсіріледі. Гектар берекелілігі - орташа алғанда 25 центнерді құрайды. Серік Біләлов биылғы дәнді қайда сақтау көзделіп отырғанын сұрастырды.
Облыс әкімі Қайранкөл элеваторына да соқты. Бұл жерде 100 мың тонна дәнді сақтауға қабылдай алады. Бүгінде 700 тоннасы жеткізілген. Серік Біләлов биылғы астықтың үлгілерімен танысып, дәннің сапасын көрді. Кәсіпорын директоры Александр Синицыннің айтуына қарағанда, арпаға алғашқы тапсырыстар келіп түскен. 1500 тоннаға кесілім жасалыпты. Өңір басшысы, өз кезегінде, бүгінде бидайды сақтау басты мәселе екенін атап өтті. Облыс элеваторлары биылғы астықтың тек жартысын ғана қабылдай алады. Сондықтан дән қабылдаудың схемасын ойластыру қажет.
Көп ұзамай бидайды "KID Trade" ЖШС қабылдай бастайды. Сыйымдылығы 52 мың тоннаны құрайтын элеватордың құрылысы өткен жылы басталып, индустрияландыру картасына енгізілген. Элеватор неміс қондырғыларымен жарақтандырылыпты. Мұнда барлығы автоматтандырылған. Сондықтан жаңа элеваторда барлық қызмет түрлері көрсетілетін болады. Болашақта мұнда диірмен кешенін салу жоспарланған. Серік Біләлов "Есперлі" шаруа қожалығының да егін алқаптарында болды. Астық шығымдылығы биыл 25 центнерден айналуда. Қайранкөл элеваторымен 1200 тоннаға келісім жасалып қойыпты. Бұған қоса қойма бар.
Жұмыс сапарының соңында өңір басшысы "Атамекен Агро" және "Айымжан Агро" ЖШС -нің алқаптарын аралады. Бүгінгі күні орақ науқанына облыстың агроөнеркәсіп кешені толықтай кіріскен.
Қатысушыларды әділет майоры Қанат Сәлімбаев құттықтады: «Біздің алдымызда маңызды тапсырма тұр: сіздердің денсаулықтарыңызды сақтау және нығайту, еңбек қабілеттеріңізді дамыту, жаза өтелгеннен кеін әрбіреуіңіз толыққанды еңбек ету және саламатты өмір салтын ұстануларыңыз үшін денелеріңізді шынықтыру».
Жазасын өтеушілер арасындағы спартакиада спорттың сегіз түрінен өтті. Қатысушылар волейбол, шахмат, шашки, гір спорты, стол теннисі, армрестлинг, белтемірге тартылу және ұзындыққа секіру түрлері бойынша сайысқа түсті.
Алғашқы күні волейболдан жеңімпаздар анықталды – жеңіл жағдайлармен отырған, жазасын өтеушілер командасы. Әсіресе, армрестлинг бойынша жарыс ерекше көзге түсті, онда ешқайсысы бір бірінен кем түспеді. Шаруашылық қызметтегі сотталғандар барлығына өздерінің шапшаңдығын, күшін, ептілігін және денесі шыныққандарын дәлелдей білді.
Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне грамота табыс етілді, оларға алғыс жарияланып, туысқандарымен кездесулерге қосымша ұзақ мерзімдер ұсынылды.
Жарыс қорытындысы бойынша ең көп медаль алған спартакиаданың үздік қатысушысы анықталды – жазасын өтеуші Сергей Умурбаев, оған «Мекеме Чемпионы» атағы берілді.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: