Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
«21 ғасыр көшбасшысы» халықаралық саммитке Англияла әлемнің 53 елінен делегаттар барған. Олардың барлығы өз елдеріндегі музыкалық оқу орындарын танытқан болатын. Соның ішінде, Еуропа ректорларын Клубқа шақырған, солтүстік қазақстандық өнер колледжі де бар. Айта кететіні, өткен жылдан бері оның мүшесі болып білім беру мекемесінің жетекшісі Роза Кашенова табылады. Саммитте колледжді марапатпен атап өткен. Мұндай баға колледж үшін туған күніне деген ең қымбат сыйлық. Биыл аталмыш жерде 55 мерейтойын атап өтпек.
Петропавл қ. бейнелеу өнері мұражайында православиелік мейрам қарсаңында «Рождество қиялдары» көрмесі ашылды. Бұл балалар суреті және декоративті – қолданбалы шығармашылығының қорытындысы бойынша іріктеп алынған ең жақсы туындылар. Олардың авторларының жасы 4-16 жас аралығында. Жеңімпаздарды марапаттау дәстүрлі түрде Христов Рождествосы христиандардың православиелік мейрамының қарсаңында өтті. Конкурс қатысушыларын төрт номинация бойынша бағалады. Жеңімпаздардың әрқайсысы дипломдар мен сыйлықтарға ие болды. Ал конкурстың гран-приі №2 орта мектеп оқушысы Кузнецов Романға «Рождествоны тойлау» суреті үшін тиесілі болды. «Рождество қиялдары» көрмесі қаңтардың соңына деін жалғаспақ.
Жаңа жылдық мерекені шыршасыз өткізу тіпті мүмкін емес екені мәлім. Кейбіреулер жасанды шыршаны қаласа, енді біреулер нағыз шыршаның иісінсіз мейрамды тойлай алмайды. Ең бастысы, оған арнайы жерде күтім көрсетілсе болғаны. Кондратовка орманының орман қызметкерлері Солтүстік Қазақстанның ауа райы жағдайында аталмыш өсімдікті өсіруде тәжірибелері мол. Бұл жердегі шырша саны он мыңдап санауға келеді. Келесі жылы осы жерге тағы да 10 мың шырша егу жоспарлануда.
Ал жаңа жалдық мерекені Аяз Атасыз кім өткізеді? Бұл рөлді көпшілік ойнағанмен, аздағаны ғана балалардың сиқыршысы болып келеді. Айтпақшы, биылғы жылы Н.Погодин атындағы театр актері Анатолий Наргеленас қызыл шапан мен аппақ сақалды 40 –шы жылы кимекші. Осыншама жылдар бойы көп нәрсе өзгерген – балалардың арманы, бүлдіршіндердің өздері, сиқырға деген көзқарастары. Дегенмен, Аяз Ата кейпін ойнаушы айтқандай, ғажайып әлі де болса бар екен.
Петропавлда Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Тәуелсіздік – алтын бесік» жаңа жылдық театрландырылған көрініс өтті. Президенттік шыршаға Солтүстік Қазақстан облысының барлық ауылдық аудандарынан және Петропавл қаласынан оқу озаттары, жетім және әке-шешенің қамқорысыз қалған балалар шақырылды.
Театрландырылған көрініс барысында Аяз Ата облыс әкімі Серік Біләловке жаңа жылдық шыршаны жағуды ұсынды. Балалармен бірге өңір басшысы «В лесу родилась елочка» әніне қол ұстасып жүріп шыршаны айналды және балалармен бірге естелік суретке түсті. Сонымен қатар сол жерде ең жақсы жаңа жылдық киімі үшін балаларды марапаттау болды. Гран-при – музыкалық орталығы «Айдаһар» кейіпіне табысталды. Екі бірдей бірінші орын үшін де балалар музыкалық орталыққа ие болды, екінші және үшінші орындарға - DVD-плеерлер мен магнитолалар.
Солтүстік Қазақстандық Сәбит Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театрының құрылғанына небәрі 11 жыл болса да жетістіктері көп. Халық аралық фестивальдеріндегі алған дипломдары, марапаттары, бір маусымда 150-ге жуық қойылымы, жеке өзінің симфониялық оркестрі, балеттік тобы бар. 11 жылдың ішінде театр үлкен жетістіктерге жетті. Екатеринбург қаласындағы заманауи драматургияны халықаралық фестивальде мойындау, табысты премьералар, сондай ақ Петропавл қаласының театралдары үшін басты оқиға - театр директорына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағын беру болып табылады.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
© Комитет индустрии туризма МТиС РК. Разработка и дизайн - ТОО "Innovation group" |
|