Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Екібастұздың 55 жылдығына арналған қаланы көріктендіру айлығы басталды. Өткен жұмы күні кәсіпорындардың ұжымдары кеңселеріне қарайтын жерлер және қала көшелері мен скверлеріндегі аумақтарға санитарлық тазалау өткізді. Екібастұзда жалпы қалалық сенбілік 21 сәуірге белгіленіп отыр.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша болашағы жоқ ауылдардан көшіп келген азаматтар үшін 110 пәтерге арналған екі үй салынды. Қала мен ауылдық жерлерде бір жыл ішінде 1139 жаңа жұмыс орны құрылды. 2011 жылдың аяғына қарай жұмыспен қамту бөлімінде есепте тұрған азаматтар саны 435-ті құрады. Тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі - 0,3 пайыз болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға төмен.
Фотосуретші жинағында ерекше орынды көмір тақырыбының сюжеті ерекше орын алады: разрездер, кен және көмір өндірушілер үшін техника. Жұмыстардың жалпы циклі портретту фотосуреттерге арналған. Оларда қарапайым адамдардың бет бейнелері болғанымен, фотосуретшінің өзіндік көзқарасына байланысты ол ерекше көрінеді.Фотосуретші әрдайым күнделікті өмірден қайталанбасты іздеу үстінде. Осыған байланысты қарапайым фотосуреттер емес, өнер шығармашылығы туындайды. Оларды қаңтар айының 26-жұлдызына дейін тамашалауға болады. Анатолий Бутыриннің жұмыстарын түрлі басылымдардың беттерінен көруге болады. Фотосуретші өзінің жетістігі ретінде белгілі «DigitalPhoto» журналының беттерінде жарық көрген Жасыбайда жасалған "Кемпір тас" атты суретін маңызды деп санайды. Фотосуретші түрлі конкурстардың белсенді қатысушысы және жүлдегерлері болып табылады. 2007 жылы ол "Біздің планета" номинациясында "Алтын тасбақа" халықаралық фотоконкурсында Гран-при және алтын мүсіннің иегері атанып, "Менің Отаным - Қазақстан" мәдени жобасының дипломымен марапатталды. Анатолий Бутыринныің жұмыстары халықаралық, облыстық және қалалық фотокөрмелерде бірнеше рет қойылған.
«Бұл жұмыс тәжірибесі мол барлық энергетиктер ұжымының арқасы», - деп атап өтті АҚ басқармасының төрағасы Ғани Сәлімжуаров. Бірінші электр қуатын алғанының 21 жылдығын атап өткен стансада негізді жабдықты ауыстыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан екі энергоблокты жаңартуға өткен жылы 11,8 млрд. теңге бөлінсе, ОРУ-500 кВ кеңейтуге және қайта құруға, сондай-ақ оның 1150 квВ «Екібастұз» қосалқы стансасына қосылуы үшін 501 млн. теңге бөлінген. Бірінші энергоблок ағымдағы, ал екінші энергоблок күрделі жөндеуден өтті, отын-көлік цехының жаңартылуы мен техникалық қайта жабдықталуы аяқталып жатыр, таспалы конвейері толық ұйымдастырылып, жарықтандыру жүйесі жаңартылды, сүргіш паркі ауыстырылды. Осының барлығы стансаға электр қуатын тұрақты өндіріп шығаруға мүмкіндік берді.
Бұл мүмкіндіктері шектеулі, дарынды балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Ертеңнен бастап жаңажылдық карнавалдар муниципалды округтерде басталады. Оларға әлеуметтік бағдарламалардың тізіміндегі балалар қатысады.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
© Комитет индустрии туризма МТиС РК. Разработка и дизайн - ТОО "Innovation group" |
|