Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
«Жаңа зауытты іске қосу Екібастұз қаласының әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк. – Мұнда 380 жұмыс орны құрылмақ. Кәсіпорын студенттерді өндірістік тәжірибеге қабылдау, ал кейін оларды жұмысқа алу туралы қаланың оқу орындарымен келісішарт жасауды көздеп отыр. Жаңа технологиялық өндірісті ашу – Екібастұздың бір кездегі қуатты өнеркәсіптік алаңдарын қайта қалпына келтіруге қосқан үлесіміз. Ал салық салынатын базаның кеңеюі – қаланың дамуы үшін қосымша қаражат болып есептеледі».
Екінші таймда екібастұздықтар есеп ашты. Қосымша уақытқа қарамастан, қонақтарға таблодағы сандв теңестіруге мүмкіндік болған жоқ. Нәтижесінде біздің команданың пайдасына - 1:0. Екібастұздық жанкүйерлердің белсенділігін ерекше айта керек. "Екібастұз" жеңісі - бұл олардың ғана жеңісі. Ойынның басталған уақытынан бастап "Біздікілерді қолдаймыз" акциясымен шыққан "Жас Отан" жастар қанатының жанкүйерлеріне әкімшілік бөлімдері мен оқушы жастар қосылды. Олардың энергиясы әрине, ойыншыларға беріліп, ойыншыларға жеңіске жетуге көмектесті.
Қазақстан - 2030 стратегиясы шеңберінде жүзеге асырылған алғашқы "Денсаулық фестивалі" "ХХІ ғасырда барлығына денсаулық" ұранымен 1999 жылы өтті. Оған 1 млн. астам адам қатысты. Ал 2003 жылы жаттығуға біруақытта 4,8 қазақстандық шықты. Бұл спорттық жетістік Гиннесс рекордтары Кітабына енгізілген. Біздің қаламызда осы шараға қатысуға қызығушылық танытқандар асғ. 10.00 "Қазақстан" кинотеатрының алаңында жиналып, "Қара жорға" бұқаралық қазақ ұлттық биін бірігіп билейді және "Дене белсенділігі және спорт - ұлт денсаулығының кепілі" спорттық жарысына қатысады.
Қазақстанның солтүстігінде орналасқан Бозшакөл кен орны бастамасын енді ғана алатын жоба болып табылады. Бозшакөл жоба инфрақұрылымы үшін энергетикалық, транспорттық және басқа да қажеттілікке жақын орналасқан. Кен құрамында - алтын мен молибден бар.Кен орнын пайдалану жылына орташа концентратта 75 мың тонна мыс өнімділігімен мерзімі 40 жылдан астам. Кен орнын дамытудың үш жылдық фазасы бастамасының аяқталуы 2011 жылға жоспарланған, бұл ертеректе хабарланған тәртіптің артуын көрсетеді. Өндіріс технологиясының алғашқы жұмыстары 2014 жылы басталады, алғашқы кен 2015 жылы Бозшакөл кешені кен байыту комбинатында қайта өңделеді.
Екібастұз хоккейшілері ардагерлер арасындағы Қазақстан чемпионатында үш мәрте қола жүлдегер атанды. Олардың соңынан жас спортшылар да күш жинап келеді. «Екібастұз хоккейшілерінің әлеуеті жақсы, оны әрі қарай дамыту қажет», - деп атап өтті «Промсервис-Отан» ЖШС бас директоры Сергей Дручинин.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
© Комитет индустрии туризма МТиС РК. Разработка и дизайн - ТОО "Innovation group" |
|