Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Қалпына келтірілген ғимаратта 250 орынға арналған концерт залы ашылды - енді облыста танымал «Черноярочка» ансамблі мен «Жадыра» ұжымының бишілері үлкен сахнада дайындық жүргізіп, өнерлерін көрсете алады. Ғимараттың бір бөлігін ауылдық кітапхана алды. Онда сонымен қатар биылғы көктемде ашылатын 100 орынға арналған балабақша да орналасқан. Қалпына келтірілген клубта ауыл зейнеткерлері де қоныс тойларын атап өтті - оларға ардагерлер кеңесінде кездесіп, жиындар өткізу үшін кең бөлме бөлінді.
Кәсіпорын жуырда құрылған кабардин-балқар және әзірбайжан этномәдени бірлестіктеріне костюм тігу үшін 1,5 млн. теңге бөлді. Сондай-ақ шешен-ингуш бірлестігінің әртістері де жаңа ұлттық киімдер киді. «Сахнада өнер көрсеткенде ұлттық костюмнің маңызы зор. Бұл халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін көрсетудің басты мүмкіндігі. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамындағы «Вайнах» бірлестігі халықаралық қарым-қатынас пен түрлі ұлттар арасындағы достықты нығайтуға өз үлесін қосып келеді», - деп атап өтті «Вайнах» шешен-ингуш бірлестігінің мүшесі Хава Махмудова. «Этникалық орталықтар костюмдер дайындалуының әрбір кезеңін бақылап отырды – костюм нобайынан бастап мата таңдауға дейін басы-қасында болды. Түрлі нұсқалар мен айтыс-тартыс көп болды. Әр бірлестік өз мәдениетіне үлкен жауапкершілікпен қарайды», - деді Ақсу мәдениет үйінің басшысы Татьяна Трушкова. Сондай-ақ, Жолқұдық ауылының «Бәйтерек» ансамблі, «Очаровашка» бал би балалар ұжымы, театр студиясы, «Фантазия» халық биі ұжымы мен «Еркетай» фольклорлық-этнографиялық ансамблі де жаңа сахналық костюмдерге ие болды. Ұлттық костюмдермен қамтамасыз ету – ұлттық орталықтар үшін өзекті мәселе болып табылады. Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы көркемөнер әртістеріне республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығына керемет сыйлық жасады.
Моншақтармен шебер жұмыс істей білетін кішкентай қыз аталмыш студияда 8 жыл қатарынан оқып келеді. Ол бисермен әдемі суретер салады екен. Бисермен жұмыс істеу оңай емес, сондықтан да төзімділік пен ынта керек, деп атап өтті студияның жетекшісі Ирина Зозуля.
Шеберлік сыныпқа Рогаланд округының кәсіптік білім беру бөлімінің бастығы дәріскер Хеллб-Райдер Хнтланд, Қазақстанда жоба үйлестіруші Хелль Сэварайд, технологиялық колледж, көлік және коммуникация колледжі, Ж.Мұса атындағы Ақсу колледжі, бизнес колледжі, Павлодар қаласы № 7, 15, 31, Ақсу қаласы № 19 кәсіптік лицейлер өкілдері қатысты. Жаңа ақпараттық технологиялар онлайн режимінде бір мезгілде Ставангер (Норвегия), Павлодар, Өскемен, Петропавл қалаларын қосу арқылы шеберлік сыныбын ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Кәсіптік білім, ұзақ мерзімді өндірістік тәжірибелерінің норвегиялық жүйелерінің моделі және Норвегияда оқытудың жаңа технологияларын енгізу мәселелері талқыланды.
Құрылыс металл конструкциялары мен бұйымдарын өндірумен айналысатын «Павлодарқұрылысжоба» ЖШС сұратылған 31 млн. теңге несиеге монтаж цехына арналған ғимарат және жер телімі бар өнеркәсіптік-өндірістік ғимарат сатып алуды жоспарлап отыр. Несие бойынша сыйақы мөлшері жылдық 14 пайызды құрайды. Мемлекет жеті пайыз жылдық сыйақыны теңгерсе, қалған жартысын кәсіпкердің өзі өтейді. «Тұрсын-ЕК» ЖШС қарастыруға екі жобаны ұсынды. Жеті жыл бұрын құрылған компания - Екібастұздағы ірі тасымалдаушылардың бірі, оның көлік паркінде 290-нан астам автомобиль бар. 115 млн. теңгені құрайтын алынған жеңілдік несиелердің арқасында үлкен әрі ірі жүктерді тасуға арналған КамАЗдар мен КрАЗдар сатып алынады, 14 жұмыс орны құрылған.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
© Комитет индустрии туризма МТиС РК. Разработка и дизайн - ТОО "Innovation group" |
|