Оқиғалар
Бұл жердегі жаттығуларға 29 жасқа дейінгі азаматтар тегін келе алады. Бұл ҚР Президентінің жастарды бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға тарту бойынша тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді. «Көптеген азаматтар бұл мүмкіндікке баға беріп үлгерді. Мысалы, «Қайсар» клубына 250 адам жазылып қойды», - деп атап өтті Балалар-жастар орталығының директоры Ерғалым Шәймерданов. Қарапайым тұрғын үйдің астыңғы қабатында тай-карате, кір тасын көтеру спорты, гимнастика және үстел теннисі бойынша жаттығулар жүргізіліп жатыр. Жас аналар бұл жерге балаларын әкеліп, өздері де шейпингпен айналысуға қалып отырады.
Павлодар қаласының А.Чехов атындағы драма театрында Иван Гончаровтың «Қарапайым оқиға» атты романына жазылған «Көз жасынсыз, өмірсіз, махаббатсыз» атты спектакльдің премьерасы өтті. Қойылым режиссері, ресейлік Олег Белинский романның жүз жылға жақын уақыт бұрын жазылғанына қарамастан оның тақырыбын өзекті деп санайды. Өткен уақытта да, қазір де шындыққа тап болған жас адамдар үшін оларға тән романтикалық сезіммен қош айтысуға тура келеді. Арманшыл Сашенька Адуевпен де бәрі осылай болды. Астанаға келген ол, қатал ағасы Петр Адуевтың берген «өмір сабақтарына» қарамастан, махаббат пен достықтан көңілі қалады. Жаңа қойылымда театрдың жетекші актерлері Эдуард Кокорев, Нина Белова, Роман Шарипов ойнайды.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: