Оқиғалар
Мәжіліс барысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламысының бірінші бағыты аясында өндірістік инфрақұрылымды дамытуға ұсынылған «Лобачева Т.Г.» ЖК, “КазЭКОС“ ЖШС, «Павлодар құбыр арматура зауыты» ЖШС, «Павлодарсүт» АҚ, «Транс Карго Қазақстан» ЖШС, «Дәнекер» ШҚ ЖШС, «АргоСервис-Аққу» ЖШС бизнес-жобалары қарастырылып, осы Бағдарлама бойынша Павлодар облысын «Шағын және орта бизнесті топ-менеджментке оқытуға» қатысу үшін Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының тізімін қарастыру және бекіту мәселелері де ортаға салынды. Өңірдің кәсіпкерлері биылғы жылы мал шаруашылығын дамытып, металл бұйымдары мен азық-түлік шығаруды көздеп отыр. Биыл «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша бизнес-бастамаларды қолдау үшін банктердің қарауына 30 миллиард теңге қаражатының 130-дан астам өтініші жіберілді. АҮК отырысында Баянауыл ауданындағы Жасыбай демалыс аймағының туристік инфрақұрылысын дамыту жөніндегі бизнес-бағдарлама алғаш рет қарастырылды. Жобаның жалпы құны 50,7 млн. теңгені құрайды, оның 15 млн. теңгесі – кредиттік қаражат. Бөлінген ақша Демалыс үйінде қосымша бос үйлер салуға жұмсалады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Д. Тұрғанов атап өткендей, жоба тиянақты әрі сапалы жүзеге асырылуы тиіс. Отырыс соңында ұсынылған жеті жобаның барлығы комиссия мүшелерінің тарапынан қолдау тапты. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің өз істеріне жаңашыл әзірлемелерді енгізу мақсатында Назарбаев университетінде оқу, шет елде тәжірибемен алмасу ұсынылады. Осы жылы облыс кәсіпкерлерінің біліктілігін арттыруға 45 млн. теңге көлемінде қаражат қарастырылған.
Қолдарына күрек-кетпен, шелек, сыпырғыш пен тырнауыш алған қалалық Мәдениет үйінің, Ақсу орталықтандырылыған кітапханасының, қалалық тарихи-өлкетану мұражайының, мәдени-ойын-сауық орталығы мен мәдениет бөлімінің қызметкерлері «Досуг-сервис» ЖШС-мен бірігіп, қалалық мәдениет және демалыс саябағында ағаш пен бұта отырғызды. Мәдениет бөлімінің бастығы А. Райымбековтың айтуынша, бүгінгі экологиялық жағдай баса көңіл аударып, іс-әрекет жасауды талап етеді. «Таза жұма» сенбілігіне қатысушылар жұпаргүлінің 100 бұтасын, 40 терек, 20 шырша және 100-ге тарта жабайы раушан гүлін отырғызды. Мәдениет қызметкерлері Ақсу қаласының халқын әр жұма сайын өз учаскелерін, көшелері мен аулаларын тазалауға шығып, Ақсуды Қазақстанның ең жасыл әрі таза қаласына айналдыруға шақыруда. Жұмыс соңында «таза жұма» сенбілігіне қатысушылар сенбіліккте түскен суреттерден қабырға газетін шығарды.
Осы күні қаланы тазалауға Балалар шығармашылығы үйі, «Отан» қоғамдық бірлестігі мен т.б. ұйымдар шықты.
Мәртебелі мейман қалалық «Павлодар-Су арнасы» ЖШС-нің тазалау құрылғыларын аралады. Бүгінде тазалау құрылғыларының тәулік сайынғы қуаттылығы 183 мың текше метрді, ал қалалық тазалау құрылғыларының қуаты тәулігіне 200 мың текше метрді құрайды. 2012-2014 жылдарға арналған 652,4 млн. теңгенің инвистициялық бағдарламасы әзірленіп, бекітілген. Ал қоршаған ортаны қорғау шараларына113,9 млн. теңге қарастырылған. Бұдан кейін министр Павлодар химия зауыты базасында 2002 жылы құрылған «Каустик» АҚ-да болып, зауыттың басты қызметімен, каустикалық сода, натрий гипохлориті, хлор, тұз қышқылы сияқты шығарылатын өнім номенклатурасымен танысты. 2011 жылғы өнім көлемі 703,0 тоннаны, ал 2012 жылғы қаңтар-ақпанда 152,0 тоннаны құрап отыр. Кәсіпорында мембраналық технология бойынша әлемдік деңгейдегі, басқаларына қарағанда экологиялық таза әрі республика бойынша сыңыры жоқ жаңа өндірістік технологияларды қолданумен каустикалық сода мен хлор өндіруге арналған заманауи құрылғылар орнатылған. «Каустик» АҚ-ның даму перспективасында жобалық қуаттылыққа шығу, жаңа химиялық өндірісті жаңарту және ұйымдастыру бар. Министр жалпы ауданы 100,7865 гектар болатын облыс орталығының Өнеркәсіптік орталығындағы қатты-тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонда да болды. 2012 жылғы қаңтар-ақпан айларында қабылданған қатты-тұрмыстық қалдықтар 117 657,92 текше метрді, ал өндірістік қалдықтар 693,9 тоннаны құрады. Пластикалық бөтелкелерді өңдеуге арналған жабдық орнату жоспарланып отыр. Қазіргі кезде ғимарат құрылысы үшін жобалау-смета құжаттамасы ресімделуде. «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да Нұрлан Қаппаров аллюминий электролизі цехындағы негізгі өндіріс жұмысының принциптерімен танысты. Цехта құю және алюминий өндірісінің қалдықтарын өңдеудегі әлемдік көшбасшылар жасаған қоқысты басу құрылғысы мәртебелі мейманның сапары қарсаңында қолданысқа берілді. ENRC PLC компаниясының бас атқарушы директоры Ф.Вулис ENRC компаниясының құрамына енетін кәсіпорындар үшін экология мәселесінің маңыздылығын атап, 2009-2011 жылдар аралығында Қазақстан электролиз зауытында осы мақсаттарға 2,9 млрд. теңге жолданғанын жеткізді. Сонымен қатар акционерлік қоғам президенті А. Ибрагимовтың айтуынша, салынып жатқан анодты зауытта газ тазалаудың пайдалы жұмыс коэффициенті 99,8 пайыз болатын жетекші әлемдік өндірушілердің газ тазалау құрылғысы орнатылған. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Н. Қаппаров қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау және өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың ауа қабатына қалдықтар шығаруының жыл сайынғы төмендеуінің маңыздылығын атап өтті. Экологиялық қауіпсіздік мәселелерін кешенді шешу қажет, деді Министр. Күннің екінші жартысында Қоршаған ортаны қорғау министрі «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытында, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ жылу электр стансасында болды.
Балалар Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайына болды. Мұнда балалар экскурсия жетекшісін үлкен қызығушылықпен тыңдады. Еліміздің ежелге заманнан қазіргі заманға дейінгі даму жолдары туралы деректерді балалармен бірге үлкендер де зор ықыласпен тыңдады. Қазып алынған мамонттар, гиппариондар, ежелгі адамдар мен көне ыдыстар, хандар мен патшалар, саудагерлер мен байлар, зауыттар мен фабрикалар т.б. көп деректерді естіп-біліп, көрген балалар мұражайдан көпке дейін кеткілері келмеді. Мұражайдан кейін балалар А.П.Чехов атындағы драма театрына жол тартты. Балаларымызға арнап «Нәзік жүректің қырсығы» атты қойылым көрсетілді. Қойылым бәріне қатты ұнады, тіпті ең кішкентай балалардың өзі әртістерге қошемет көрсетіп, қол соғып оларды көпке дейін сахнадан жібермеді. Жолға шығар алдында балалар Ертіс жағалауында серуендеп, үйлеріне жақсы көңіл-күймен оралды.
Лебяжі ауданы Черное ауылының тумасы Қ.Б. Даржұман еңбек жолын Лебяжі ауданындағы жеті жылдық мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастап, Лебяжі ауданы мен облыстық комсомол комитеттерінің хатшысы, Павлодар облысы Ермак, Баянауыл және Качиры аудандарының партия комитеттері хатшысы қызметінде болады. Қ. Даржұман еңбек жолында халық арасында үлкен абырой мен құрметке ие болып, Еңбек Қызыл Ту және Қазан Революциясы ордендерімен марапатталды. 2000 жылы өңірдегі ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту жолындағы елеулі еңбегі үшін «Жыл адамы» атанды. Қ. Даржұман 1995 жылы Павлодар облысы бойынша сол кездегі Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеямы төрағасының орынбасары болып тағайындалады. Оның үлкен тәжірибесі мен ұйымдастырушылық талантынының арқасында Павлодар облысы бойынша Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясы белсенді жұмыс істеуші қоғамдық бірлестікке айналады. Қанат Болатұлының бастамасымен республика бойынша бірінші Ұлттық жаңғырту мектебі ашылып, бүгінде онда 500 оқушы төл мәдениетін, ана тілі мен салт-дәстүрін, тарихын меңгеруде. Облыс әкімі Е. Арынның бастамасымен Павлодар қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес Ұлттық жаңғырту мектебіне оның негізін қалаушы Қанат Болатұлының есімі берілді. Еске алу кешінде Қ. Даржұман туралы оның замандастары, әріптестері мен мәдени бірлестіктердің басшылары, Ассамблеяның жастар қанатының өкілдері жылы сөздер айтты. Ұлы жерлесіміздің есімі павлодарлық ұрпақтың жүрегінде мәңгілік қалмақ.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: