Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
«Русская сказка» - көп жанрлы фестиваль. Оған пианиношылар, гитарашылар, ксилофоншылар мен орыс халық аспаптары, театр жанры, поэзия, хориография мен вокалдық өнер салаларының шеберлері қатысты. «Мерейдің» вокалшылары Семен Ковтун, Дина Болатова, Катя Михайлюк, Малика Ережепова мен Лаура Мәмедова қазылар алқасының назарына өздерінің вокалдарының жоғары деңгейі мен аса тартымды сахналық киімдерімен ілікті. Кәсіби қазылар алқасы қазақстандық әншілерге бірінші орын беріп, фестивальдің кубогы мен дипломы табыстады. Ал музыкатану докторы, Швейцарияның музыкалық-педагогикалық қоғамының мүшесі И. Инхов «Мерей» ансамбліне Швейцарияда бірлескен әріптестік негізінде 2013 жылға жаппай құрама жоба жасауға ұсыныс жасады. «Мерейдің» Нева үстіндегі қалада өткен фестивальға баруы «ENRC Көмек» бірлескен қоры, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ, «Ақсу» қоғамдық балалар қоры және дарынды балалардың басқа да тұрақты демеушілерінің арқасында мүмкін болды.
Байқауда аспапты және хор ұжымдары, музыканттар мен воколшылар, бишілер мен көркем сөз шеберлері, сән театрлары мен соны жанрлардың әртістері бақ сынасты. Кәсіби әділ қазылар алқасы павлодарлық жас орындаушылардың кәсіби дайындығына, байқау бағдарламаларын таңдау қиындығы мен орындаушылық шеберліктерін аса жоғары баға берді. Қобыз сыныбы бойынша Әлия Тұрсынбекова мен Ажар Төлеуге, домбырашы Инара Балтабайға байқаудың бас жүлдесі табысталды. «Кереку» қазақ халық аспаптар ансамблі мен «Аңсар» вокалды ансамблі, домбырашылар мен баяншылар өз аталымдары бойынша жеті бірінші орынды жеңіп алды. Екінші және үшінші орындарды иеленген жеңімпаздар қатарында 12 павлодарлық бар. Олар шертер, баян, домбыра, фортопиано сыныптарының оқушылары. Музыканттар мен воколшылардың ересектер тобына бірінші және үшінші деңгейдегі дипломдар табыс етілді. Аталмыш оқу орнының оқытушылары Кристина Петерс, Ирина Батурина, Алексей Куминов, Светлана Фисенко және Светлана Немолочновалар үздік концертмейстер атағына ие болды. Байқаудың ұйымдастырушысы «Планета талантов» балалар шығармашылығын қолдау және дамыту қоры келесі байқауды Павлодар қаласының музыкалық колледжі базасында өткізуді ұсынды.
«Павлодарқұрылысжоба» ЖШС өнеркәсіптік-өндірістік ғимаратқа ие болды, бұл өндіріліетін өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Құс шаруашылығын дамытушы «Галицкое» ЖШС өсіріп отырған құстарына жем өндіруге мүмкіндік беретін ауылшаруашылық техникасын сатып алмақшы. Мұнда 15 тұрақты жұмыс орны құрылды. Ал «Чечил» ірімшігін өндіретін «Гагинт-Павлодар» ЖШС май-ірімшік зауытының ғимаратын қарызға алуда, бұл сапалы өнімді көптеп шығаруға мүмкіндік бермек. Мал шаруашылығымен және өсімдік шаруашылығымен айналысушы «Зуенко» шаруа қожалығы осы бағдарламаның іске асырылуы есебінен ірі қара мал басын көбейтіп, егістік жерді өңдеуге арналған жаңа техника сатып алуды жоспарлап отыр. «Технологические линии» ЖШС құю өндірісіне арналған металлургиялық және механикалық жабдық алып, 50 жаңа жұмыс орнын ашуды көздеуде. Павлодар өңірінде «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Мемлекет тарапынан бір рет қолдау тапқан кәсіпорындар өз істерін дамытып, бағдарламаға қайтадан жүгінеді. Себебі аталмыш бағдарлама кәсіпкерлер көңілінен шығып, банктік қарыз алуға септігін тигізеді.
Олар «Бейне», «Мен және біз», «Табиғат», «Экстрим», «Кіші достарымыз», «Гүл шоғыры», «Балалық шақ», «Сюжет» аталымдары бойынша дауыс беру арқылы 400 жұмыстың ішінен ең үздік суреттерді таңдады. Бас жүлде №1 мектептің жетінші сынып оқушысы Влад Андреенкоға берілді. Ересек сарапшылардың пікірінше, ұсынылған жұмыстардың арасында қызықты шығармашылық суреттер өте көп.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
© Комитет индустрии туризма МТиС РК. Разработка и дизайн - ТОО "Innovation group" |
|