Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
«Құстарға қыста азық беріңдер» байқауының бірінші кезеңінде балалар құстарға арнап жеті мыңнан астам ұя жасады. Құсқа жем салатын астауларды мектеп оқушылары көшелерегі ағаштарыға, саябақтар мен аулаларға іліп қойып, оларды шекілдеуік пен тамақ қиқымдарына толтырды. Байқау ұйымдастырушылары балалардың назарын қыстайтын және жыл құстарының санын сақтау мәселелеріне аудартты. Құйқылжыған ашық дауысты шымшықтар түрлерінің алуандығы Павлодардың жасыл көшеттерін шыбын-шіркейлерден қорғауға жәрдемдеседі.
Байқаудың мақсаты - оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, қыстайтын және жыл құстары проблемасына оқушылардың назарын аудару, құстардың әр түрлілігі мен санын сақтау. Байқау бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі 2012 жылғы 1 ақпан мен 6 наурыз аралығында «Құстарды қыста қоректендір» деген атпен өтті. Облыстың мектеп оқушылары құстарға арналған астаулар жасап, оларды парктерге, мектеп, үй аулаларына 7 мыңнан астам астау ілді, қоғамның назарын аудару үшін үндеу парақтарын жабыстырды. 2012 жылғы 15 наурызда «Әр құсқа жеке баспана» атты екінші кезеңнің қорытындысы шығарылды. Облыстың барлық мектептерінде құстарға арналған ұялар ілу бойынша флэш-моб шаралары өтті.
Қазылар алқасының шешімімен байқаудың бас жүлдесін Ольгин ауылынан келген ару Жапарова Зарина иеленді. 1-орынға Козик Милена (№2 Успен орта мектебі), 2-орынға Бутаева Арнай (№3 Успен орта мектебі) және Лях Ксения (№1 Успен орта мектебі), 3-орынға Даирова Айнагүл (Вознесен с/о) ие болды. Сонымен қатар «Инабатты ару» аталымы бойынша Алдамұратова Әмина (Константинов ауылы), «Өнерпаз ару» аталымы бойынша Бекенова Күмісай (Қаратай ауылы) марапатталды. Байқауға қатысқан барлық аруға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
© Комитет индустрии туризма МТиС РК. Разработка и дизайн - ТОО "Innovation group" |
|