Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Жаңартылған көрме экспозициясында қорда сақталған көне заттар бар екен, сондай-ақ өлкенің көне дәуір кезеңінен орта ғасырға дейінгі тарихи оқиғасы бейнеленген. Көшпелі өркениет залында сирек кездесетін алтын бұйымдар мен қазақтың күмістен жасалған әшекей заттары бар. Қаланың жүз жыл бұрынға бейнесі жеке бөлімде көрсетілген. Павлодардың мұражайы жаңартылған кейін тәуелсіздік жылдарындағы Павлодар облысының дамуын баяндандап, аймақтың, еліміздің тарихын жаңадан бейнелейтін материалдар мен құжаттар ұсынылған.
Қ. Әбусейітов атындағы мәдени-демалыс орталығында «Қазақфильм» студиясы ретролентасының фестивалі өтеді. Балалар мен ересектер бүгінгі күні ұлттық классикаға айналған «Алпамыс мектепке барады», «Менің атым Қожа», «Біздің сүйікті дәрігер» және «Қыз-Жігіт» сынды туындыларға көзайым бола алады. «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығында қалалық шығармашылық ұжым ұйымдастырып отырған «Өз елім менің» концерті өтеді. Сондай-ақ облыстық камералық хор мен джаз оркестрі өнер көрсетеді. Павлодар қаласының кітапханашылары кітап көрмесін, «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» атты ойын-таныстыру топтамасы мен шолу сияқты бағадарламаларды ұйымдастырып отырған көрінеді. Орталық алаңда ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған әртістер мен көркемөнер ұжымдарының қатысуымен «Азат елдің ұландары» атты концерт өтеді, содан кейін халық серуені болады. Мереке отшашумен аяқталмақ.
Қатысушылар мұз айдынында 6 қызықты ойын өткізді. Нәтижелері жүлдегерлерді ақшалай сыйлықтар және грамоталармен марапаттау болды. Алтынды ардагерлер командасы, күмісті - «Промсервис-Отан» ЖШС, үшінші орынды - «ESC-kompany» жасөспірімдері иеленді. Төрешілердің шешімі бойынша турнирдің үздік қорғаушысы 17 жасар Максим Куртуков («ESC-kompany»), үздік қақпашы - Роман Безбабнов (ардагерлер командасы), үздік шабуылшы Максим Нестеренко ("ПСО") иеленді. Жаудырушы атағы Владимир Оленченкоға ("ПСО") табысталды.
Екі метрлік арканың ортасында күнге қарай қанат қаққан қос тырна бейнеленген. «Мәңгілік махаббат» мүсіндік композициясын "Құс Жолы" қайырымдылық қоры қала тұрғындарына тарту етті. Бұл ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған республикалық «20 игілікті іс» қайырымдылық қоры акциясының аясында іске асып отырған 15-ші жоба.
Боксшыларды жаңа орталықтың ашылуымен құттықтаған облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев өңірдегі ҮИИД бағдарламасының ойдағыдай орындалып жатқаныны ғана емес, сонымен қатар бұқара халықтың демалысы мен спорттың дамуы үшін атқарылып жатқан шараларды атап өтті. «Спортшылар үшін жағдай жасай отырып, болашақ чемпиондар өседі, біз оларға қарап бой түзейтін боламыз деп үміттенеміз», - деді Б.Сағынтаев. Ашылған орталықта споршылар мен жаттықтырушылар үшін бар жағдай жасалған. Ауқымды спорт ғимаратында 366 шаршы метрге дейін жететін бас спортзалы, жабдықталған үлкен жаттығу залы, шешінетін бөлмелері, душ, сауна және дәмхана бар. Сондай-ақ, споршылар үшін 30 орынға арналған қонақ үй де ашылған. Павлодардағы бұл орталық «ПМХЗ» АҚ бас директоры Шухрат Данбайдың басшылығымен Аймақтың бокс федерациясы әзірлеген өңірде боксті дамытудың 2010-2011 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша салынды. Орталыққтың құрылысы мен жабдықталуына «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ 310 млн.теңге қаржы жұмсады.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
© Комитет индустрии туризма МТиС РК. Разработка и дизайн - ТОО "Innovation group" |
|