Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Шайбалы хоккейден Павлодар әкімінің кубогы үшін өткен ашық қалалық жарыс аяқталды. Бұл дәстүрлі жарыста алғаш рет павлодарлық «Ертіс» тобы жеңіске жетті. Ертістіктерге күміс медальды иеленген Қарағандының «Юность» мұз жасағының спортшылары жақсы бақталастық көрсетті. Шығысқазақстандық хоккейшілер қола жүлдеге ие болса, «Астана» тобы төртінші орыннан көрінді.
«Бала және ит» атты балалар байқауы 13-і рет Польшада өтті, оған 42 мемлекеттен 80 мың жұмыс келіп түсті. Көрменің экспозициясына балалардың 602 суреті ұсынылып, олардың 15-і арнайы сыйлыққа ие болды. Павлодардың алғашқы көркемөнер мектебінде оқитын балалар халықаралық көрмелер мен байқауларға белсенді түрде қатысып жүр. Жас суретшілер мен олардың ұстаздары әрдайым қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдарда Қазақстанның, Ресейдің, Үндістан мен Чехияның, сондай-ақ Тайванның, Британияның, Германия мен Эстонияның және басқа да елдердің сыйлықтары мен дипломдарына ие болып келеді.
АІӨ құрылымында өнеркәсіп үлесі өңдеу саласының 36,4 пайыз меншікті салмағының өсуі арқылы 51,7 пайызға дейін көтерілді. Өнеркәсіп өндірісі үш пайыздан астам ұлғайды. Бір жыл ішінде 969 миллиардқа өнім шығарылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, тау-кен қазу саласының көлемі 5,3 пайызға өсіп, энергетика - 4,5 және өңдеу секторы 2 пайызға жуық артты. Өңдеу саласындағы еңбек өнімділігі шамамен 11 пайызға жетті - жұмыспен қамтылған бір адамға 48 мың доллардан 53 мың долларға дейін келеді. Облыста Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының орындалуы табысты орындалып жатыр. Индустрияландыру картасы құны 1,2 триллион теңге болатын 169 жобаны қамтиды. Ағымдағы жылы 54 өндіріс орны, оның ішінде 20 жаңа өндіріс жұмыс істей бастады. Енгізілген жобалардың жалпы санының 27-сі шағын және орта бизнес субъектілері болып табылады. «ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын іске асырылған екі жылында 84 нысанның жұмыс істеуінің арқасында 3,5 мың тұрғын жоғары мамандандырылған жұмыс пен тиісті табыстарға ие болды. Аймақта бұрын өндірілмеген өндірістің 18 түрлі игеріліп, 155 миллиардтан астам инвестиция тартылды», - деп хабарлады Б.Сағынтаев. Сондай-ақ әкім ауыл шаруашылығының дамыуы, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларындағы материалдық-технкалық базаның нығайтылуы туралы жан-жақты баяндап өтті. Энергетика нысандарының дамуы мен өмірді қамтамасыз ететін нысандардың қысқы мезгілде жұмысқа даярлығы туралы жиында облыс әкімінің орынбасары Арслан Әбдіқалықов мәлімдеді. Павлодар қаласы мен Железин ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы шығарылды.
Көтергіш шаңғышыларды 300 метр биіктікке көтереді, ал одан кейін биік таудан шаңғымен түсуге болады. «Шаңғы төбешігі» балалар мен ересектер арасында танымал. Осында жеке бұйымдарсыз да келуге болады - шаңғыны көтергіш қасында ашылған жалға алу пунктінен алуғ мүмкіндік бар. Қорда - 40 жұп шаңғы бар, қарлы таулардағы қызықты демалыс үшін жалға алу бағасы -200 теңгені құрайды.
Сондай-ақ балаларды теледидар арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады. Осы кеште әр бала сыйлықтарға ие болып, қуанышқа бөленді. Оларға жылы күртеше мен бас киім, спорттық костюм мен аяқ киімі, сондай-ақ кітаптар мен мектепке қажетті құралдар бар сөмке, бір дорба «тәтті» сыйлықтар берілді.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
© Комитет индустрии туризма МТиС РК. Разработка и дизайн - ТОО "Innovation group" |
|