Оқиғалар
Мәжіліс барысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламысының бірінші бағыты аясында өндірістік инфрақұрылымды дамытуға ұсынылған «Лобачева Т.Г.» ЖК, “КазЭКОС“ ЖШС, «Павлодар құбыр арматура зауыты» ЖШС, «Павлодарсүт» АҚ, «Транс Карго Қазақстан» ЖШС, «Дәнекер» ШҚ ЖШС, «АргоСервис-Аққу» ЖШС бизнес-жобалары қарастырылып, осы Бағдарлама бойынша Павлодар облысын «Шағын және орта бизнесті топ-менеджментке оқытуға» қатысу үшін Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының тізімін қарастыру және бекіту мәселелері де ортаға салынды. Өңірдің кәсіпкерлері биылғы жылы мал шаруашылығын дамытып, металл бұйымдары мен азық-түлік шығаруды көздеп отыр. Биыл «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша бизнес-бастамаларды қолдау үшін банктердің қарауына 30 миллиард теңге қаражатының 130-дан астам өтініші жіберілді. АҮК отырысында Баянауыл ауданындағы Жасыбай демалыс аймағының туристік инфрақұрылысын дамыту жөніндегі бизнес-бағдарлама алғаш рет қарастырылды. Жобаның жалпы құны 50,7 млн. теңгені құрайды, оның 15 млн. теңгесі – кредиттік қаражат. Бөлінген ақша Демалыс үйінде қосымша бос үйлер салуға жұмсалады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Д. Тұрғанов атап өткендей, жоба тиянақты әрі сапалы жүзеге асырылуы тиіс. Отырыс соңында ұсынылған жеті жобаның барлығы комиссия мүшелерінің тарапынан қолдау тапты. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің өз істеріне жаңашыл әзірлемелерді енгізу мақсатында Назарбаев университетінде оқу, шет елде тәжірибемен алмасу ұсынылады. Осы жылы облыс кәсіпкерлерінің біліктілігін арттыруға 45 млн. теңге көлемінде қаражат қарастырылған.
Қолдарына күрек-кетпен, шелек, сыпырғыш пен тырнауыш алған қалалық Мәдениет үйінің, Ақсу орталықтандырылыған кітапханасының, қалалық тарихи-өлкетану мұражайының, мәдени-ойын-сауық орталығы мен мәдениет бөлімінің қызметкерлері «Досуг-сервис» ЖШС-мен бірігіп, қалалық мәдениет және демалыс саябағында ағаш пен бұта отырғызды. Мәдениет бөлімінің бастығы А. Райымбековтың айтуынша, бүгінгі экологиялық жағдай баса көңіл аударып, іс-әрекет жасауды талап етеді. «Таза жұма» сенбілігіне қатысушылар жұпаргүлінің 100 бұтасын, 40 терек, 20 шырша және 100-ге тарта жабайы раушан гүлін отырғызды. Мәдениет қызметкерлері Ақсу қаласының халқын әр жұма сайын өз учаскелерін, көшелері мен аулаларын тазалауға шығып, Ақсуды Қазақстанның ең жасыл әрі таза қаласына айналдыруға шақыруда. Жұмыс соңында «таза жұма» сенбілігіне қатысушылар сенбіліккте түскен суреттерден қабырға газетін шығарды.
Осы күні қаланы тазалауға Балалар шығармашылығы үйі, «Отан» қоғамдық бірлестігі мен т.б. ұйымдар шықты.
Екібастұздың 55 жылдығына арналған қаланы көріктендіру айлығы басталды. Өткен жұмы күні кәсіпорындардың ұжымдары кеңселеріне қарайтын жерлер және қала көшелері мен скверлеріндегі аумақтарға санитарлық тазалау өткізді. Екібастұзда жалпы қалалық сенбілік 21 сәуірге белгіленіп отыр.
Мәртебелі мейман қалалық «Павлодар-Су арнасы» ЖШС-нің тазалау құрылғыларын аралады. Бүгінде тазалау құрылғыларының тәулік сайынғы қуаттылығы 183 мың текше метрді, ал қалалық тазалау құрылғыларының қуаты тәулігіне 200 мың текше метрді құрайды. 2012-2014 жылдарға арналған 652,4 млн. теңгенің инвистициялық бағдарламасы әзірленіп, бекітілген. Ал қоршаған ортаны қорғау шараларына113,9 млн. теңге қарастырылған. Бұдан кейін министр Павлодар химия зауыты базасында 2002 жылы құрылған «Каустик» АҚ-да болып, зауыттың басты қызметімен, каустикалық сода, натрий гипохлориті, хлор, тұз қышқылы сияқты шығарылатын өнім номенклатурасымен танысты. 2011 жылғы өнім көлемі 703,0 тоннаны, ал 2012 жылғы қаңтар-ақпанда 152,0 тоннаны құрап отыр. Кәсіпорында мембраналық технология бойынша әлемдік деңгейдегі, басқаларына қарағанда экологиялық таза әрі республика бойынша сыңыры жоқ жаңа өндірістік технологияларды қолданумен каустикалық сода мен хлор өндіруге арналған заманауи құрылғылар орнатылған. «Каустик» АҚ-ның даму перспективасында жобалық қуаттылыққа шығу, жаңа химиялық өндірісті жаңарту және ұйымдастыру бар. Министр жалпы ауданы 100,7865 гектар болатын облыс орталығының Өнеркәсіптік орталығындағы қатты-тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонда да болды. 2012 жылғы қаңтар-ақпан айларында қабылданған қатты-тұрмыстық қалдықтар 117 657,92 текше метрді, ал өндірістік қалдықтар 693,9 тоннаны құрады. Пластикалық бөтелкелерді өңдеуге арналған жабдық орнату жоспарланып отыр. Қазіргі кезде ғимарат құрылысы үшін жобалау-смета құжаттамасы ресімделуде. «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да Нұрлан Қаппаров аллюминий электролизі цехындағы негізгі өндіріс жұмысының принциптерімен танысты. Цехта құю және алюминий өндірісінің қалдықтарын өңдеудегі әлемдік көшбасшылар жасаған қоқысты басу құрылғысы мәртебелі мейманның сапары қарсаңында қолданысқа берілді. ENRC PLC компаниясының бас атқарушы директоры Ф.Вулис ENRC компаниясының құрамына енетін кәсіпорындар үшін экология мәселесінің маңыздылығын атап, 2009-2011 жылдар аралығында Қазақстан электролиз зауытында осы мақсаттарға 2,9 млрд. теңге жолданғанын жеткізді. Сонымен қатар акционерлік қоғам президенті А. Ибрагимовтың айтуынша, салынып жатқан анодты зауытта газ тазалаудың пайдалы жұмыс коэффициенті 99,8 пайыз болатын жетекші әлемдік өндірушілердің газ тазалау құрылғысы орнатылған. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Н. Қаппаров қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау және өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың ауа қабатына қалдықтар шығаруының жыл сайынғы төмендеуінің маңыздылығын атап өтті. Экологиялық қауіпсіздік мәселелерін кешенді шешу қажет, деді Министр. Күннің екінші жартысында Қоршаған ортаны қорғау министрі «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытында, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ жылу электр стансасында болды.
Балалар Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайына болды. Мұнда балалар экскурсия жетекшісін үлкен қызығушылықпен тыңдады. Еліміздің ежелге заманнан қазіргі заманға дейінгі даму жолдары туралы деректерді балалармен бірге үлкендер де зор ықыласпен тыңдады. Қазып алынған мамонттар, гиппариондар, ежелгі адамдар мен көне ыдыстар, хандар мен патшалар, саудагерлер мен байлар, зауыттар мен фабрикалар т.б. көп деректерді естіп-біліп, көрген балалар мұражайдан көпке дейін кеткілері келмеді. Мұражайдан кейін балалар А.П.Чехов атындағы драма театрына жол тартты. Балаларымызға арнап «Нәзік жүректің қырсығы» атты қойылым көрсетілді. Қойылым бәріне қатты ұнады, тіпті ең кішкентай балалардың өзі әртістерге қошемет көрсетіп, қол соғып оларды көпке дейін сахнадан жібермеді. Жолға шығар алдында балалар Ертіс жағалауында серуендеп, үйлеріне жақсы көңіл-күймен оралды.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: