Оқиғалар
Ақтауда «Маңғыстаудың ең үздік тауары» атты аймақтық көрме–конкурсы және жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті. Конкурсқа облыстың 31 кәсіпорын, сонымен қатар жеке кәсіпкерлер қатысты. Көрмеге тамақ өнімдерін өндірушілер, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары және тігін шеберханалары көрсетілді. Ақтаудың темір балқыту зауыты, Арселор Миттал Актау және Каспий аймақтық машина жасау комбинаты сияқты үлкен зауыттар да шетте қалған жоқ. Көрменің ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев келді. Ол ықыласпен барлық қатысушылардың стендаларын қарап, кәсіпорын басшыларымен сөйлесуге бірнеше минуттан уақытын бөлді. Облыс әкімі Актау-НАН наубайханасына нан бағасын анықталған бағадан жоғары болмауын тапсырды, ал Ақтау-Сүт сүт өнімдерін өндірушілерге өнім ассортиментін үлкейтуге кеңес берді. «Күшті шөлді басатын қышқылсүтті өнімдер мен сусындарды өндірсе жаман болмас еді»- деп айтты Қырымбек Елеуұлы. Сайыс соңында сайыс комиссиясы «Үздік сатылымдағы тауарлар» - «Ақтау-Сүт». «Халық үшін үздік тауарлар» - «Жамал-Ай» АҚ, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» - «Пластикалық шыны құбыры зауыты» - 3 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Жеңімпаздар Маңғыстау облысының әкімінің арнайы дипломымен және де республикалық «Қазақстанның үздік тауарлары - 2010» көрме-сайысына, сонымен қатар, ҚР Президентінің «Алтын сапа» жүлдесін алу үшін қатысуға мүмкіндік алды.
Жаздың соңғы күндерінде Ақтауда жағажай волейболынан ұлдар мен қыздар командаларынан Қазақстан кубогы ойындары өтті. 20-дан астам командалар Қазақстан кубогын алу құқығына ие болуға таласты. Алғашқы екі күн, 27-28 тамыз аралығында жартылай финалистерді анықтау үшін кездесулер өткізілді. Ойын ерекше сый әкелген жоқ. Жарыстың соңғы күні алаңға Қазақстанның үздік жағажайшылары шықты. Қыздардан финалда Алматының командалары ойнады. Бір жыл бұрынғыдай, Машкова-Цимбалова өздерінің қарсыластарынан мықты болды- 2:0 (21:14, 21:14). 2009 жылы бұл командаға Ақтаудың спортсменде қарсы тұрды, ал бұл жолы Кубок жолынан өздерінің клубтастары-Исаева-Рахматулина (Алматы-2) алынып тасталды. Матчта 3 орынға Ақтаудың 2 командасы таласты: Самаликова-Пилипенко және Богату-Пугачева. Жеңіске деген екі партияда және қоламен қапталған медальды Самаликова Бахтыгуль және Пилипенко Марина жеңіп алды. Ұлдар арасынан жеңімпазды анықтау сценариі басқаша болды.Финалда Бабичев-Кулешов (Актау) және Сидоренко-Дьяченко (Алматы) алаңда біржарым сағат бойы Кубокқа таласты. 1 партияда Алматылықтар ешқандай қателіксіз ойнады, сондықтан есеп 21:14. 2 партияда «Каспий» жағажай волейбол клубының тәрбиеленушілері ойынның басынан 4 очкомен алға шықты, бірақ қанша тырысқанымен, есеп 28:26. Ойынның соңғы сәтінде оңтүстік астанадан келген қызықты волейбол ойынының жұбы ойынды барынша жоғарғы дәрежеде ойнап, 15:9 есебімен жеңіске жетті. Ұлдар арасындағы кубок осы жылы Алматыға кететін болды. Үшінші орынды Ровкин-Яковлев (Алматы) иеленді.
Ашылу салтанаты 28 тамыз, сенбі күні кешке Астана алаңында өткізілді.. Фестивальға Қытай, Ресей, Қырғызстан, Болгария және де Қазақстанның бірнеше облыстарынан қонақтар келді.Конкурс халықтық және эстрадалық вокал, хореография, халық орындауы жанрлары бойынша өткізілді. Қатысушылардың жас шамасы 7 -12 және 19-17 жас аралығында. «Фестиваль біздің шуақты қаламызда мейірбан, ақкөңіл және мәңгі көркем өнер суйгіштердің барлығының басын қосты.Біз осы балалар форумының арқасында бір-бірімізді, рухани және мәдени дәстүрлерді, тіл және ұлт ерекшеліктерін жақсы біле аламыз.Осы мереке біздің елдеріміздің арасындағы творчествалық даму мен достық қарым-қатынасымызды күшейте түссін»-деп, облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев өзінің құттықтау сөзінде сөйледі. Қазылар алқасының құрамын әртүрлі елдерден келген белгілі мәдениет қайраткерлері құрады.Бұл шара Абай атындағы мәдениет сарайында өтті. Фестиваль аясында «Маңғыстау ескерткішіне» гүл қою және де облыстық «Біз біргеміз» атты балалар ауруханасына қайырымдылық акциясы жоспарланған. Фестивальдің жабылу салтанаты 30 тамыз күні Астана алаңында әсерлі салютпен аяқталды.
Жаңа мектепте Дәулет, Жаңа Дәулет, Ынтымақ жіне Бірлік селоларының балалары оқитын болады. Мектеп 960 орынға арналған. Мектептің кітапханасы, 50 сынып кабинеті, 2 спорт залы, 590 орын үлкен акт залы және асханасы бар. Жақын уақытта мектептен 70 оқушы баратын білім беретін мини-орталық ашылады. Мұғалімдер ұжымының құрамында 95 мұғалім және 35 кіші қызметкерлер бар. Осы күні Маңғыстау облысында 3 жаңа мектеп есігін ашты. Әлі бесеуі келесі жылға дейін салынып болады. Облыс бойынша облысқа 90 000 бала білім алып жатқан 120 мектеп бар.
«Фунтик Entertainment» ұйымдастырылған концерттер 24-25 шілдеде «Элис» көңіл көтеру орталығында өтті. АҚШ қонағы Аллан Харристің барқыттай даусы, саксафонда ойнаған Олег Киреев көрерменнің көңілінен шыға білді.
Музыканттардың мақтаныш етері бар: Аллан Харрис - New York Nightlife Award жүлдесінің үш дүркін жеңімпазы, , Карнеги-холл и Линкольн-орталығын қосқанда, әлемнің жетекші сценаларында, сонымен қатар белгілі «Blue Note» Нью-йорк клубында өнер көрсетеді. Олег Киреев 1984 жылдан бері Кеңес Одағында, соңынан әлемдік гастрольдерге шығып жүр. Батыстық БАҚ Олег Киреевтің музыкасы туралы жоғарғы көзқараста.
Ақтауда өткен концертте жанға жағымды атмосфера тұрды: Аллан Харрис жақсы көңіл-күйімен халықты баурап алды, көрермендермен тілдесіп, тіпті екі ханымды бір уақытта жәй тербелетін биге шақырды. Мәскеулік квартеттің музыканттары ақтаулық әріптестермен бірге джем-сейшн ұсынды. Олег Киреев атап өткендей, интерактивтік – олардың өнер көрсетуінде ең бастысы болып табылады.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: