Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
Қонақ үй броньдау
Ақтауды алғаш ашу/ Балалар және жастарға арналған Қазақ Мемлекеттік театр академиясы 65-жылдық тарихында бірінші рет Ақтауға гастролдік сапармен келді. Театрдың гастролдік сапары 14 мен 29 қараша аралығында өтті. Осы уақыт аралығында көрермендер 6 спектакль көрді және соның бірі балалар аудиториясына арналған.
2011 жылдың 16 қаңтары күні қысқы Азиада алауы Ақтауға да келеді. Азия ойындары алауының облыс орталығындағы шеруінің ұзындығы 12 шақырым. Аймақтың елге беделді, қадірменді адамдарынан құралған, арасында әлемдік, республикалық жарыстарда топ жарған өнер мен спорт саңлақтары да бар сәнді спорт киімді 60 алаугердің әрқайсысы 200 метр жер жүгіріп, алауды қолдан-қолға беріп, Ақтаудың орталық көшелерімен алып өтеді.
Қазір бұл салтанатты шеруге қатысатын алаугерлер іріктеліп, басқа да дайындықтар қызу жүріп жатыр.
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Боранқұл кентінде қарашаның 1-інен бастап «Бизнес-Кеңесші» бизнес-оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың ІІІ кезеңі басталады.
«Даму» қорының Маңғыстау облысы бойынша филиалынан хабарлағандай, бағдарлама аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және өз ісін бастау ниеті бар азаматтарға ақпараттық-консалтингілік көмектер көрсетіледі. Екі күнге созылатын шара барысында кәсіпкерлерге тегін экспресс-курстар ұйымдастырылады.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы мен «Кәсіпкерлікті дамытудың «Даму» қоры» әзірлеген бұл бағдарлама - шағын және орта бизнесті қаржылай емес қолдаудың ең ауқымды жобасы.
2009 жылдан бері жүзеге асырыла бастаған «Бизнес-Кеңесші» бизнес-оқыту бағдарламасының аясында Маңғыстау облысында 700 адам бизнес жүргізу біліктіліктерін шыңдады, дейді «Даму» қорының Маңғыстау облысы бойынша филиалының аға менеджері Сандуғаш Хамидолла.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің 9 сессия, 12 созывында 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданды. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1993 жылы 30 тамызда Бүкілұлттық референдумде қабылданды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Конституция күні болып келеді. 27 тамыз күні таңертең Ақтау спорт мектебінің бапкерлері мен тәрбиелеушілері «Жас Қанат» стадионына жиналып, қысқаша Қазақстанның қалыптасу тарихын тыңдады. Қазақстан Республикасының Конституциясы – қазақ халқының еркіндігін көрсететін негізгі заң . «Осы мереке жасалған есептегі түрткі емес. Осы сабақ арқылы спортшыларды өз елін біліп, құрметтеуге және де мақтан тұтуға шақырғымыз келді.Олардың көбі Қазақстан атынан халықаралық жарыстарға шығып жатады. Соларға қарап біздің бәрімізді сынайды. Сондықтанда олар осыны ескеріп, өз елі үшін жауапты болсын дейміз»-деп, Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Сергей Иванович Пахомов сөйледі.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:
© Комитет индустрии туризма МТиС РК. Разработка и дизайн - ТОО "Innovation group" |
|