Оқиғалар
Салтанатты күтіп алу рәсімінде алдымен палуандарды айтулы бәсекеге бастап барған облыс әкімінің бірінші орынбасары Мадияр Алдоңғаров сөз сөйледі.
- Ел тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл сайыстан олжалы оралып отырмыз. Қуанышымызда шек жоқ. Палуандарымыз кілемге шыққан сайын тақымымызды қысып, тілек тілеп отырдық. Үміт ақталды, Ұлан бауырымыз «Қазақстан барысы», «Алтын белбеу» иегері болып, Сыр спортының жалауын биіктен желбіретті.
Елбасының бұқаралық спортты дамыту тапсырмасына сәйкес өңірімізде атқарылып жатқан игі істер қатары жеткілікті. Осы жылы өңірімізде 96 спорт нысаны пайдалануға беріледі. Облыс орталығында үлкен мұз айдыны салынып жатыр. Барлығы да халықтың спортқа деген қызығушылығын арттырады деп сенемін, - деді ол.
Иә, бұл бәсекенің бастаушысы да, бас қолдаушысы да - Сыр өңірі. Облыс әкімі Б.Қуандықовтың тікелей қолдауымен қазақ күресінен «Алтын белбеу» сайысы алдымен біздің өңірде өтіп, өзге аймақтар игі бастаманы қоштап әкетті. Биылғы жылғы «Алтын белбеу» аясында еліміздің барлық өңірлерінен он мыңдаған спортшы бақ сынасты. Сыр елінің төл спортты түлетуге, ұлт рухын асқақтатуға қаншалықты ұйытқы болғанын осыдан-ақ байқай беріңіз. Тарихта тұңғыш рет жалауын көтерген «Қазақстан барысының» өтуіне бас демеушілік еткенімізді де айта кетейік. Дүбірлі дода үшін облыс 265 000 АҚШ долларын бөлді.
Басқосуды ашқан облыс әкімінің міндетін атқарушы Мадияр Алдоңғаров сөз кезегін қадірлі қонаққа берді. ҚР Әкімшілігінің келісімі бойынша еліміздің Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен жоғарыда аталған лауазымды қызметке Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев тағайындалды. Жаңа басшының бұған дейін “Нұр Отан” ХДП-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиал төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келгенін жеткізген агенттік төрағасы А.Бәйменов Ғ.Тұрсынбаевтың мемлекеттік қызмет саласында бірқатар басшы лауазымды қызметтер атқарғанын, оның есімі Сыр бойы жұртшылығына жақсы таныс екендігін атап өтті. Жаңа басқарма бастығы-тәртіптік кеңес төрағасын таныстыру рәсімі өткеннен соң агенттік төрағасы А.Бәйменов мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, олардың біліктілігін арттыру сондай-ақ тәртіптік кеңестің жұмысын жақсарту шаралары туралы кеңінен айтып берді.
Мемлекеттік қызметке қабылдауда қазіргі қолданылып жүрген тест тапсыру, конкурс жүйесі бойынша іріктеп, бос ваканцияға қызметке алу агенттік құрылған 1999 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқанын жеткізген А.Бәйменов бүгінгі таңда Елбасының өзі мемлекеттік қызметтегі кадр сапасына ерекше назар аударып отырғанын, сондықтан да аталған салаға жаңалықтар енгізетін уақыт жеткенін мәлімдеді.
- Біз алдағы күз айларында заңнаманың жаңа жобасын жасап, оны Парламентке ұсынамыз. Ол келесі жылдың көктем-жаз айларында қабылданатын болады. Мемлекеттік қызметте адал, білікті азамат қызмет жасаса ол еліміздің әлеуетін көтереді. Тестілеу мен конкурс арқылы іріктеу жүйесіне жаңалық, яғни, заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып халықтың, елдің мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін бұрынғысынан да арттыруды көздеп отырмыз. Өкінішке орай, қазір біліктілік талаптары әлсіреп кетті. Ортамызда әлі күнге халықпен тіл табыса алмайтын шенеуніктер кездесіп жатады. Тестілеу және конкурс арқылы іріктеу жүйесіне де өзгеріс енгізілетін болады. Ал кадрларды резервке тіркеуді жаңадан құрылатын ұлттық комиссия ғана шешеді. Бұған қоса кадр тағайындаған сәтте орын ауыстыру тәртібімен қызметке тағайындау мәселесі де қайта қарастырылуда. Нақты кезеңде елімізде мемлекеттік қызметтегі кадрлардың 60-70 пайызы осы орын ауыстыру тәртібімен қызметке тағайындалып жүр. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкердің жалақысы, жұмыс уақыты сияқты басқа да өзекті мәселелерді жаңа тұжырымдамада қайтадан қарайтын боламыз, - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.
Агенттік төрағасының айтуы бойынша, алдағы аптада кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия құрылмақшы. Сонымен қатар бағдарламада тәртіптік кеңестердің жұмысын жандандырып, оның тиімділігін арттыру тетіктері, штатқа талдау жасау, сыбайлас жемқорлықты азайту үшін нормаларды күшейту және мемлекеттік қызметкердің этикасы мәселелері жетілдірілетін болады. Өйткені, мемлекетке қызмет ету дегеніміз - ұлтқа қызмет ету. Мұны Елбасы мемлекеттік қызметшілердің есіне үнемі салып жүргені белгілі. Жаңа тұжырымдамадағы өзгерістердің бірқатары осы тамыз айынан бастап жүзеге асады.
Кеңесті облыс әкімінің орынбасары Рзақұл Нұртаев ашып, жүргізіп отырды.
Мемлекет басшысының дәстүрлі халыққа арнаған Жолдауында атап көрсетіліп, тікелей назарына алып отырған жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясында еңбек рыногының тиімділігін арттыра отырып, экономикамыздың зор резерві болып саналатын жұмысқа қабілетті қоғам мүшелерін ауқымды индустрияландыруға қатысу мүмкіндіктерін ашу жолдары қарастырылады. Халықты еңбекпен қамту қағидатына сай әзірленген «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы нақты кезеңде негізінде үш бағыт бойынша өріс алуы тиіс. Олар «Оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» болса, оның екінші бағытында «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» деп аталынады. Ал үшінші бағыт бойынша «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» жолдарының тиімділігі көзделген. Осы жағдайларды тағы да бір пысықтап, нақты мәселелерге тоқталған вице-министрдің хабарламасынан соң, облыстағы тиісті сала басшыларының мәлімдемелері тыңдалды.
Алғашқы бағыт бойынша қазірдің өзінде облысымызда 6906 адам жаңа мамандық бойынша оқуға жолдама алатын болса, оның ішінде 2935-і кәсіптік даярлауға, ал 1644-і қайта даярлауға жіберіледі. Сонымен бірге 2330 адам біліктілігін арттыру курстарында оқытылады. Осыған қатысты 31 білім ордаларының тізімдері анықталып, жұмыс берушілерге қажетті мамандықтың 56 түрі анықталып отыр.
Ал екінші бағыт бойынша жұмыс жасауға 600-ден астам адам талаптанып отырғандығы есепке алынған. Сондай-ақ, «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бойынша 500-ден астам адам қатысады.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы дайындық жұмыстары жөнінде облыстық әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Жазира Жылқышиева баяндама жасаса, аталмыш бағдарламаны іске асыру барысында шағын несие беру тетіктері туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Талғат Дүйсебаев хабарлама жасады. Халқының басымы ауылда тұрып, ауыл шаруашылығымен шұғылданатын біздің облыс тұрғындары үшін мал өсіру, егін егуге қажетті шағын несие алып оны тиімді пайдалану, әрине, маңызды шаруалардың бастысы екендігі белгілі. Сондықтан да осы жәйтке қызығушылар қатары мол болды. Осы шағын несиені берудегі негізгі мақсат кәсіпкерлікті ынталандырумен бірге, азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру және олардың жеке ісін ұйымдастыруына, сол еңбегінің жемісін көруге жеткізу болып табылады. Сондай-ақ, өз бетінше жұмыспен айналысушылардың санын молайтып, елімізде жұмыссыздық деңгейін барынша төмендету. Осы жағдаяттарды алдын ала болжап айта білген Елбасы тапсырмасы қалайда орындалуы тиіс. Мұны құзырлы орындар шеткі аймақ тұрғындарына жеткізуге мүдделі, осы тарапта да тәп-тәуір қозғалыс бар. Шағын несие берудің әзірге 43 түрі белгіленіп, сол бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы айтып өтті. Алайда, нақты жағдайларды талдай келе оның кей тетіктерінің пысықталмағандығы аңғарылды. Мәселен, несие беруде пошта мекемесімен бұл жағдай әлі толық шешілмеген көрінеді.
Осы сәт әңгіме ауанына араласқан облыс әкімінің орынбасары Р.Нұртаев бұл мәселенің келер апта ішінде толық шешілетіндігін айтып, тиісті сала басшыларына тапсырма берді.
Бағдарламаның үшінші бағыты туралы облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Майра Барақбаева хабарлама және кәсіби қайта даярлау оқуларын ұйымдастыру туралы облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Құралай Сақтағанова хабарлама жасады.
Өз баяндамасында Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Қамбар Мүбәраков бірқатар өзекті жәйттерді тілге тиек етті: «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру барысы ауданда қызу жүргізілуде. Ол үшін арнайы комиссия құрылып, жанды жұмыс жүргізіп келеді. Елбасының ауыл тұрғындарын, шеткі аймақты мекен ететін отандастарымыздың әлеуметтік жағдайын көтеруге арналған жобаны іске асыру атқарушы билік тарапынан мүлтіксіз жұмыс жасалу үстінде. Оған барлық жол ашық. Қазірдің өзінде ауданда 2960 адам осы бағдарлама игілігін көруге ниет етіп отыр. Бөлінген қаржы көлемі 169 млн. теңге. Осы бағытта әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылып, 80 адам жұмысқа орналасатын болады», деді.
Жиын соңында сөз сөйлеген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов облыста осы бағдарлама аясында жақсы жұмыстар атқарылып жатқандығын айта келіп, оны әлі де ширата түсу керектігін еске салды. «Өйткені, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы әрбір қазақстандықтың отбасына игілік әкелуімен бірге олардың ауқымды шаруалармен шұғылданыуына, оның бүкілхалықтық сипат алуына жол ашады», деді ол.
Өзінің отыз жылдан астам дәрігерлік ғұмырында қаншама науқастарды емдеп, олардың ата-аналарының шынайы алғыстарына бөленді. Yлкендер қашанда «баланы ауыртпасын» деп тілейді. Осы сөздің дәл айтылғанына Ғалияның шүбәсі жоқ. Себебі, құндақтағы бала ешқашанда өзінің қай жері ауыратынын айта алмайды. Бұл арада Ғалияға өзінің Алматы медицина институтында алған білімі мен өмірлік тәжірибесі көмекке келеді. Ғалияның ұғымынша, дәрігер, әсіресе бала дәрігері қашанда ізденіс үстінде болуы шарт. Сосын соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтардың тілін білгені жөн. Онсыз ілгері баса алмайды. Мұны ертерек ұғынған ол арнайы дайындық курстарынан өтіп, өз бетімен ізденіп, аппарат тілін меңгеріп алды. Балалар дәрігері Ғалия дәрігерлер отбасында өмірге келіп, ержетті. Әкесі Варлен Исаев лор дәрігері болса, анасы Ирина Валиева жұқпалы ауруларды емдейтін білікті дәрігер еді. Өзінің өмірлік жары Мұрат Мақатов та, қызы Динара да дәрігер, бірі - рентгенолог, екіншісі - невропотолог. Төл мерекеге жақсы табыспен келген дәрігерлер отбасы Сыр жұртшылығының денсаулығын сақтауда өздерінің білімі мен тәжірибесін қатар қолданады.
Оңтүстік аудандағы іссапарды аймақ басшысы Сунақата ауылында іргетасы қаланған №194 мектептің құрылыс жұмысымен танысудан бастады. Типтік жобадағы 600 орындық жаңа мектептің құрылысын «Сарбұлақ» ЖШС осыдан екі ай бұрын бастады. Аталған шарада осы серіктестіктің директоры Сайрамбек Әбдірасулов аймақ басшысын құрылыс алаңындағы стенд арқылы жаңа мектептің құрылысымен және техникалық сипаттамасымен таныстырды. Ауылдық округ орталығынан бой көтергелі тұрған қос қабатты білім ошағының жалпы аумағы 5 мың шаршы метрді құрайды. Мектеп ғимараты төрт блоктан тұрады. Құрылысшылар оның А блогының іргетасын қалап, қабырғасын көтеруге дайындық жұмыстарын жүргізуде.
- Білім ошағы қыс мезгілінде қатты отынмен жылытылады. Оның дербес жылу орталығы, үлкен спорт және акт залы бар. Мектеп құрылысына республикалық бюджеттен 771 млн. теңге қаралған. Құрылыс 2012 жылы аяқталады. Биыл қаражаттың 300 млн. теңгесі бөлініп, бүгінгі таңда оның 79 млн. теңгесі игерілді, - дейді мердігер құрылыс компаниясының басшысы. Ал ауылдық округтің әкімі Әзия Қыстаубаева «Біздің ауылда ауыз су мен аяқ су және жарық мәселесі шешілген. 50 орындық балабақшамыз бар. Ең үлкен арманымыз типтік жобадағы жаңа мектеп болатын. Іргетасы сонау 1960 жылдары салынған мектепте балалар үш ауысымда оқиды. Жаңа мектеп ғимаратына арнап ауыл орталығындағы жер телімін 20 жыл бойы сақтап келдік. Міне, енді сол тілегіміз де қабыл болып отыр» деп ел ағаларына тұрғындар атынан ризашылығын білдірді. Өткен жылы іргелес жатқан Екпінді ауылдық округінде 200 орындық, ал Сунақата ауылына қарасты Еңбек ауылында биылғы қаңтар айында 100 орындық мектеп пайдалануға берілді. Жас ұрпақтың заман талабына сай жабдықталған жаңа мектептерде білім алуына жағдай жасап отырған Мемлекет басшысына ауылдағы ағайынның риясыз алғысын жеткізуі де орынды. Жаңа мектептің құрылысын бастаған мердігер мекеменің құрылыстың сапалы салынуына тұрғындардың да жауапты екендігін еске салған облыс әкімі мұнан соң ол жаңадан ашылған лагерьдің ашылу салтанатына қатысты. Бесарық ауылдық округіндегі «Талдысу» тынығу лагерінің құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталып, өткен жылдың шілде айында аяқталды. Биылғы қаңтар айында «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына - 20 нысан» девизі бойынша пайдалануға берілген лагерь құрылысын «СМК-Қызылорда» ЖШС жүргізді. Аталған тынығу орны 15 гектар жерге орналасқан, төрт блоктан тұрады. Балалардың жатын бөлмелерінен бөлек медициналық қабылдау орны, асхана және ашық спорт алаңы жасыл желекке көмкерілген алаңқайларда орын теуіпті.
- Биыл лагерь аумағына 2300-ден астам түрлі тал егіліп, көгалдандыру жұмыстары ойдағыдай жүргізілді. Тынығу лагері атақты Бесарық су қоймасының іргесіне әдейі салынды. Бұл біріншіден, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын өркендетуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан бұрыннан өсіп тұрған «Сақтаған бауы» осы лагерьдің аумағына жатады, - дейді аудан әкімі Бекмырза Еламанов. Тынығу лагеріндегі балалардың жатын орны мен өзге де нысандармен танысып шыққан аймақ басшысына аудан әкімі мұнда Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан 320 бала тынығуға келгенін, балалардың тынығуына «Игілік» қоры демеушілік жасағанын жеткізді. Тынығу лагерінің ашылу салтанатында лагерь туын көтеру құрметіне ие болған облыс әкімі биылғы жылы 11 мыңға жуық балалардың жазғы демалысты осындай тынығу лагерьлерінде өткізетінін, бұған қоса, 300 баланың Астана қаласына туристік саяхатқа жіберілетінін атап өтіп, лагерьдегі балғындарға ресейлік «ПАЗ» маркалы жаңа автобусты тарту етті. Мұнан соң Манап ауылындағы 150 орындық жаңа клубтың құрылыс жұмысымен облыс басшысын мердігер мекеме «Универсал Сервис ЛТД» ЖШС директоры Ерсайын Шакиев таныстырды. Мұндай мәдениет ошақтарының облысымыздың бірнеше ауылында салынып жатқанын атап өткен аймақ басшысы партиялық бақылау бекеті мүшелеріне құрылыстың сапалы жүруі үшін үнемі бақылау қажеттігін ескертті. Қаратөбе ауылы іргесіндегі 7 гектар жерге орналасқан жылыжайдың жұмысымен танысқан облыс әкіміне алматылық инвестор Айдар Пірмаханов Қызылорда қаласынан да бірнеше жылыжай салу ниеті бар екенін жеткізді. Инвесторды мейлінше қолдайтынын білдірген әкімге осындағы «Серікбай» ШҚ атқарған жұмыстарды оның төрағасы Амантай Сарбасов айтып берді. Аталған жылыжай жылына 60 тонна қызанақ береді. Биыл салынған жылыжайда қызанақ егу ақпан айында басталды. Нәтижесінде бағбандар бүгінге дейін 15 тонна өнім өндіріп, оны Қызылорда, Түркістан және Алматы қалаларына өткізіп жатқанын, бұған қоса, бірнеше гектар жерге картоп пен жуа, сәбіз және қызылша егілгенін жеткізді. Қожакент ауылдық округінде осыдан екі жыл бұрын үшем дүниеге келген еді. Аймақ басшысы Б.Қуандықов үш бірдей қыз баланы дүниеге әкелген ана Қыздығой Ахметованың отбасында болып, екі жастан енді асқан сәбилер - Айсұлу, Күнсұлу және Жансұлуға сыйлықтар табыс етті. Отбасының жағдайымен танысқан ол аудан әкімі Б.Еламановқа алдағы күзге дейін кент орталығынан көпбалалы жанұя үшін баспана тауып беруді тапсырды. Оның қаражатын облыстан шешуге күш салатынын жеткізген облыс әкімі №184 орта мектепке ат басын бұрды. Ауыл орталығында 11 жылдық №148 және биыл жылдың басында пайдалануға берілген 140 орындық орта мектеп бар. Жаңа мектепті аралап көргенде кеткен кемшіліктің бірі - оқу ошағына желдеткіш салу ісі ұмыт қалған. Облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Әлімжан Қарқынбаевқа ақауды орнына келтіру жұмысы тапсырылды. Мектеп директоры Қыдырқожа Үсенов сонымен қатар мектепалды даярлық тобына парта жетіспейтінін айтып өтті. Жаңадан пайдалануға берілген білім ошақтарының бәріне де мектеп жиһаздары кешенді түрде берілу керектігін еске алған облыс әкімі мұның да шешімін табатынын атап өтті. Жаңақорғандағы ел игілігі жолында атқарылып жатқан жұмыстарды саралаған аймақ басшысы мұндай әлеуметтік нысандардың елді мекендерде алдағы уақытта да салынатынын мәлімдеді.Облыс әкімі Б.Қуандықовтың осы күнгі сапары Сырдария ауданында жалfғсып, ол «Жалын» жазғы тынығу лагерінде болды. Мұнан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын іргесі қаланған тынығу лагері Тереңөзек кентінен екі шақырым жердегі шұрайлы жерге орналасқан. Оның барлық аумағы 15 шаршы шақырымды құрайды. Әр маусымда жаңаланып отыратын лагерь биыл да күрделі жөндеуден өткізілген болатын. Жасыл желек оранған лагерь аумағына биыл тағы да жаңа ағаштар егіліп, өрнекті тас тақтайшалар мен көрікті гүлзарлар төселді. Жолдар асфальттанып, тынығушылардың тұрмыс қажетін өтеу нысандары жаңаланды. Осындай жұмыстарға жергілікті бюджеттен қосымша 17,2 млн. теңге қаржы қаралды. Сондай-ақ лагерь аумағы қоршауланып, балаларға арналған жатын, демалыс бөлмелері мен компьютер класының жиһаздары жаңаланды. Лагерьдің жаңа маусымының ашылуына келген облыс әкімі балалармен бірге асханадан ас ішіп, мерекелік алауды жақты. Жас өскіндерді қуанышты сәттермен құттықтап, оларға үлкен теледидар тарту етті. Балалардың қуанышын облыс әкімімен бірге ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім беру басқармасының бастығы Ардақ Садықова, облыс әкімінің орынбасары Мұрат Мұхамедов, аудан әкімі Сұлтанбек Тәуіпбаев, облыстық білім басқармасының бастығы Жаңыл Жонтаева, басқа да бірқатар кісілер ортақтасты. Қамқор көңілдерге ризалық танытқан өрендер мереке отын лаулатып, ән-күйден шашу шашты.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: