Оқиғалар
ЕҚЫҰ - құрамына 56 қатысушы мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 8-тарауына сәйкес Еуропадағы дағдарыстық ахуалдардың ерте алдын алу және оларды болдырмау, Еуропадағы қазіргі бар жанжалдарды және жанжалдан кейін қалыпқа келтіруді реттейді. Ұйым қару-жараққа бақылау жасаумен, алдын алу дипломатиясымен, сенім шаралары мен қауіпсіздікті нығайтумен, адам құқықтарымен, сайлауға бақылау жасаумен, сондай-ақ экономикалық және экологиялық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады.
Ұйым қауіпсіздікті кешенді ұғым деп санап, әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами өлшемдерде әрекет етеді. Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға 1992 жылғы 30-шы қаңтарда кірді. Тәуелсіздіктің елең-алаңында Қазақстан әлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ЕҚЫҰ-ның қолдауын қажет етті. Дүниежүзілік қоғамдастық қуатты ядролық арсеналды мұрагерлікке алған жас мемлекетпен сындарлы сыртқы саясат жүргізуге мүдделі болды.
Жалпыеуропалық кеңестің толыққанды мүшесіне айналған Қазақстан ұйымның одан әрі дамуынан, сонымен бірге халықаралық ұйым болып қайта құрылуынан шет қалмады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның 1992 жылы Хельсинкиде, 1994 жылы Будапештте, 1996 жылы Лиссабонда және 1999 жылы Стамбулда өткен саммиттерінің жұмысына қатысты.
Ұйымның төрағалығын қолға алғанға дейін бірнеше жыл бойына Қазақстан ЕҚЫҰ-ның ірі шараларын өткізді. Атап айтсақ, еліміздің бастамасымен адам саудасына қарсы күрес, мәдениетаралық, дінаралық және этникааралық түсінік, минасыздандыру саласындағы сенім шаралары мен өңірлік ынтымақтастық, ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясының сессиясы ұйымдастырылды. Ал 2007 жылғы қарашада ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің Мадридтегі кездесуінде Қазақстанның Ұйымға 2010 жылғы төрағалығы туралы шешім қабылданды.
Жоғарыда атап өткендей, еліміз тәуелсіздігін алғаннан соң, аяғынан тік тұрып кетуіне ЕҚЫҰ-ның ықпалы зор болды. Елбасы жүргізген салиқалы саясаттың арқасында 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап ЕҚЫҰ-ның Төрағасы болған Қазақстан Республикасы жыл бойы «кәрі құрлыққа» төрелік айтты. ЕҚЫҰ-ның кезекті Саммитін Астанада өткізуді еліміз қол жеткізген кезекті жеңіс деп қана емес, мерейлі мәртебе есебінде қарастыруымыз керек. Аталған Саммит жер жаһандағы 56 ел үшін ғана емес, алдағы жылы тәуелсіздігіне 20 жыл толатын Қазақстан үшін де маңызды.
Бас-аяғы бір жылдың ішінде ЕҚЫҰ сияқты ғаламдық ұйымды басқара отырып, оның жұмыс бағытына түбегейлі өзгеріс енгізу мүмкін емес. Бірақ өзінің 20 жылға жуық тәуелсіздік жолында тарихтың небір соқпақтарынан өткен Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Төрағасы ретінде оңай жолды таңдаған жоқ. Елбасы осы тарихи шешімнің қабылдануына байланысты жасаған мәлімдемесінде: «ЕҚЫҰ төрағалығына кірісе отырып, біз ұйымның жаңа қауіп-қатерлерге, бірінші кезекте, терроризм мен есірткі тасымалына қарсы тұрудағы рөлін нығайту жөніндегі өз ниетімізді мәлімдеген болатынбыз. Осыған байланысты біз Ауғанстандағы жағдайды бейбіт реттеу жөніндегі күш-жігердің белсенділігін арттыруды қазақстандық негізгі басымдықтардың бірі ретінде ұсындық. Біз ЕҚЫҰ бойынша әріптестеріміздің назарын Орталық Азиядағы қауіпсіздік проблемаларына аударуға ұмтылған кезде, ешкім де Қырғызстандағы терең саяси дағдарысқа болжау жасай алған жоқ. Осы елде орын алған қайғылы оқиғалар кең көлемді өңірдің тұрақтылығы үшін нағыз ескерту белгісіне айналды. Ол ЕҚЫҰ, басқа да халықаралық ұйымдар мен бүкіл әлем жұртшылығы тарапынан тиімді шаралар қабылдауды талап етті», - деген болатын.
Әлемдік деңгейдегі саясатшылар мен сарапшылар Астана Саммитінен үлкен үміт күтіп отырғандықтарын айтуда. Бүгінде ұлттық мемлекеттерге лаңкестік әрекеттерден төнген қауіп-қатердің бұлты қоюланып барады. Оның алдын алу жан-жақты ынтымақтастық шараларын жүзеге асыруды талап етеді. Халықаралық қауіпсіздікке кейбір елдердің ядролық қаруға ұмтылушылығы, ие болып отырғандығы сызат түсіре ме деген болжам да бар. Астана Саммитінде ядролық қаруды таратпау туралы шарттың кейбір баптарын қайта қарауға ұсыныс білдірілді. Ұйым кеңістігіндегі елдер Еуропадағы қару-жарақтар туралы шарттың төңірегінде қалыптасқан жағдайларға да алаңдаулы. Абхазиядағы, Ауғанстан мен Ирактағы, Каспий теңізінің аумағын бөлісудегі, Қырғызстандағы жағдайларды сабырлы да салиқалы диалогтар арқылы реттеудің маңызы күн өткен сайын артып келеді.
Қазірдің өзінде Қазақстанның төрағалығына, біздің мемлекет көтеріп жатқан бастамаларға, оның аймақтық проблемалар мен қақтығыстарды шешудегі күш-жігеріне беріліп жатқан бағалар өте жоғары. Ұйымды нығайтуға, алдағы Саммитті ұйымдастыруға және оның күн тәртібін толықтыруға Қазақстан үлкен ресурстар, көп күш-жігер жұмсады.
Төрағалық тізгінін қолға ала отырып Қазақстан ЕҚЫҰ-ның назарын Орта Азияға аударып отыр. Ұйым тарихына зер салсақ, 1990 жылдары ЕҚЫҰ Балқанда көп жұмыс атқарды. Сарапшылар «ЕҚЫҰ Ауғанстан проблемаларымен айналысу үшін Орта Азияға көбірек көңіл бөлуі тиіс» деп есептейді. Оған қоса, Қазақстан Қырғызстандағы саяси жағдайды реттеуде өлшеусіз күш-жігер жұмсады. Көршілес елде соғыс өрті тұтанысымен, Бакиевті елден кетуге көндіріп, Қырғызстандағы жағдайдың одан әрі ушықпауын қадағалады. ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасының арнайы өкілі Қырғызстан Президенті Роза Отынбаевамен ашық диалог жүргізіп отырды.
Осылайша Қазақстан еуропалық ынтымақтастықтың Азия бағытына қарай кеңеюіне мүдделілік танытуда. Еліміздің халықаралық қауіпсіздікке қатысты бастамалары Шығыс пен Батыс арасындағы қарым-қатынастардың жаһандық үйлесімінде шешуші рөл атқарады. Алдағы жылы Ислам конференциясы одағына төрағалық ететін Қазақстан бірнеше халықаралық ұйымдардың басын біріктіретіні даусыз.
Алдағы Саммит көп жылдар бойы келіссөздер үстеліне отырмаған ЕҚЫҰ-ны ХХІ ғасырдың бет-бейнесіне бейімдейді. Осы жолы қабылданатын Ұйымның алдағы іс-шаралар жоспары оның қызметіне жаңаша серпін беретіні аян. Әлемдік деңгейдегі сарапшылар он бір жылдық үнсіздіктен кейін ұйым жұмысынан жаңа бастамалар күтіп отыр.
Лаңкестік пен экологиялық тәуекелдер - адамзат баласының басына төнген ортақ қатер. Ол ұлт, нәсіл таңдамайды. Бұларға халықаралық қауымдастық мүшелері күш-жігерлерін біріктіргенде ғана қарсы шыға алады. Астанада болатын Саммит қауіпсіздікке негізделген шешімдерді қабылдайтын маңызды жиынға айналады.
Астана саммитінде ғаламды шарпыған қаржылық дағдарыстан шығу жолдары талқыланатыны сөзсіз. Еліміз тұрғындары қаржылық дағдарыстың қиындығын анау айтқандай сезе қоймады. Алдын ала қолға алынған шаралардың, дағдарысты еңсеруге бағытталған бағдарламалардың арқасында қиындыққа төтеп бердік. Алпауыт мемлекеттердің экономикалық көрсеткіштерін кері айналдырған бұл дағдарыстың табиғаты бұрынғыларға қарағанда бөлек болғанға ұқсайды. Атағынан ат үркетін сарапшылардың зерттеулері осындай ой түйіндеуге итермелейді. Күллі әлем мемлекеттері ендігі жерде тұтқиылдан тап беретін қиындықтарды алдын ала болжауға және басқаруға болатын жаңа әлемдік тәртіпті орнатуды мақұлдап отыр.
Саясаттанушылар Астана Саммиті ұйымның стратегиясы мен тактикасын қайта ойластырумен қатар, басқа да халықаралық ықпалды құрылымдардың әрі қарайғы кірігуіне жаңа баспалдақ болады деп отыр.
Қазірдің өзінде «Астана Саммиті» деген атауға ие болып отырған келелі басқосу Қазақ елінің абырой-беделін асқақтатары сөзсіз. Екі күнде ұйымның толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ететін келісімдерге қол жеткізілсе, Астана тарихи шешімдердің қабылданған жері ретінде тарихқа енсе, әрбір қазақстандықтың көкірегін мақтаныш сезімі кернейтіні сөзсіз.
Сәлима Жұмабекова еңбек жолын Қармақшы ауданы, Ақжар ауылында сауыншылықтан бастап, түрлі салада жұмыс жасаған. Әр жылдары байланысшы, құрылысшы болып ел тірлігін түзетуге үлес қосқан. Алпысыншы жылдардың ортасында ауылдық кеңесті басқарған Жұмабекованың жұлдызды сәті күріш шаруашылығымен байланысты болады. Он бір бала тәрбиелеген Батыр ананың Сыр маржанын өсірудегі өлшеусіз еңбегі елеусіз қалған жоқ. Осыған дейін «Құрмет белгісі», «Ленин» ордендерімен марапатталған Сәлима апа 1980 жылы Социалистік Еңбек Ері атанды. Ал 2000 жылы «Ғасырдың батыр анасы» атағын алып, келер жылы Астанада Елбасының қабылдауында болды. Аңыз ананың 70 жасқа толуына орай 2005 жылы «Сыр сұлуы, Батыр ана - Сәлима» атты деректі жинақ құрастырылып, арнаулы телехабар түсірілді.
Салтанатты жиын барысында облыс әкімі Болатбек Баянұлы мерейтой иесіне Елбасының құттықтау хатын табыстады. Мұнан кейін облыстың Құрмет грамотасын тапсырған аймақ басшысы абзал анаға камзол кигізіп, темір тұлпар мінгізді.
Елі мен Елбасының құрметіне бөленген Батыр ана жиналғандарға ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді.
- Менің төккен терім мен елім үшін жасаған еңбегімді елеп, марапаттап жатқан Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа мың алғыс! Барлықтарыңның отбастарың аман, еліміз тыныш болсын! - деді.
Түстен кейін А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығында еңбектен бақытын тапқан қос жұлдызды ана Сәлима Жұмабекованың 75 жылдық мерейтойы одан әрі жалғасты. Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Рзақұл Нұртаев мерейтой иесіне облыс әкімінің құттықтауын табыс етті.
Мерекені ұйымдастырған Қармақшы аудандық әкімдігі мен «Сыр күрішшілері» ассоциациясы «Ғасырдың Батыр анасы» атағына ие болған С.Жұмабекованы ұлықтау арқылы өскелең ұрпаққа еңбек ер атандыратынын ұғындыруды мақсат еткен. Мерейгерді құттықтаушылар облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов, Қармақшы ауданының әкімі Биғали Қаюпов, М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеттің ректоры Уәлихан Бишімбаев, Еңбек Ері Ұзақ Еспанов Сәлима апаның әлі күнге дейін елдік істерге жанашырлық танытып келе жатқан белсенділігін атап өтті.
Салтанатты жиында Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдері Бердібек Сапарбаевтан, Қырымбек Көшербаевтан, Парламент Сенаты мен Мәжілісі депутаттарынан, облыстық мәслихат депутаттары мен аудан әкімдіктерінен келіп жатқан құттықтаулар оқылды.
Бүгінгі мерекені еңбекке, анаға құрмет көрсетудің озық үлгісі ретінде атап өтуге болады. Дүниеге 11 бала әкеліп, оларды азамат еткен ана бүгінде 35 немере мен 12 шөберенің шаттығына кенеліп отыр. Шалқып-тасыған көңіл күй, ән мен би, жан-жақтан ағылған жеделхаттар, құшақ-құшақ гүл шоқтарының ортасындағы Сәлима апа құрмет көрсеткен, арнайы жеделхат жолдаған Елбасына, халқына басын иіп алғысын жеткізді.
Ақтан Ақайұлы ХVІІІ-ХІХ ғасырда, қазақ елінің ең ауыр тарихи кезеңінде, халқымыздың ішкі бірлігі мен саяси тұрақтылығын әлсіреткен Хиуа хандығының озбырлықтарына қарсы тұрған ұлт азаттық көтерілістер тұсында өмір сүрді. Болашақ батырдың өмірге келетінін әйгілі Ақпан әулие болжап білген. Осыған қарап-ақ ұлтының тағдыры үшін ұлы жаратушының өзі арнап жібергендей бұл тұлға халық бостандығы үшін қыруар еңбек сіңірген адам болды. Халықтың өзі оны «Ақша бұлтты Ақтан батыр» деп тегін дәріптемеген. Шынында да батырлықпен бірге әулиелік дарыған Ақтан жауға атойлап шапқанда оның үстінен кенеттен пайда бола қалатын аққошқыл бұлттың селдетіп нөсер төккен оқиғалары қарттар аузынан күні кешеге дейін айтылып келгені ақиқат. Сондықтан да атақты қолбасы Жанқожа «Ақтан келсе қасыма, ақ күн туар басыма» деген.
Міне, осындай халық батырын ұлықтау Арал қаласындағы №62 орта мектепте өткен ғылыми-танымдық конференцияда кеңінен көрініс тапты. Конференция жұмысын ашқан аудан әкімі Н.Мұсабаев Ақтан жылы аясында аудан бюджетінен 58 млн. теңге қаржы бөлініп, Жанқожа мен Ақтан атындағы көшелердің асфальтталып, абаттандырылған алаңға қос батырдың ескерткіші бой көтеріп отырғандығын айтып өтті. Сондай-ақ ол осы игілікті шараға Ақтөбе облысының Мұғаджар, Шалқар, Ырғыз аудандарында тұратын батыр ұрпақтары мен Арал, Қазалы халқының қолдау көрсетіп, арнайы қорға қомақты қаржы түсіргенін, Алматыда тұратын бір топ аралдықтардың өз қаржысына батыр жайында кітап бастырып шығарғанын атады.
Батырдың өмірі мен тәуелсіздік жолындағы күресі турасында баяндаған жазушы, «Денсаулық» журналының бас редакторы М.Каназ «Ақша бұлтты Ақтан батыр» кітабының тұсауын кесті.
Батыр мерекесі шарасында аудандық «Толқын» газетінің 80 жылдығы да аталып өтті. 1930 жылы «Екпінді балықшы» деген атпен жарық көрген газет аудан өмірінің ғана емес, замана шежіресіне айналған ата жастағы басылым.
Конференция жұмысына қатысқан Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы Ж.Рахматулла тағылымды тарихтың сексен парағын жапқан «Толқынның» атына ҚР Журналистер одағы басқарма бастығының құттықтауын табыстап, бірқатар «Толқын» тілшілерінің одақ мүшелігіне қабылдағанын хабарлады.
Мұнан соң мектеп алаңында бой көтерген қос батыр ескерткішінің ашылу салтанаты болды. Салтанатты сәтте аудан басшысы Н.Мұсабаев аудан халқын осы мерейлі шақтағы қуаныштарымен құттықтаған облыс әкімі Б.Қуандықовтың хатын оқып берді.
Аудан басшысы құттықтау сөзінде есімі қайта жаңғырған батырлардың ерліктері ұрпақ тәрбиесі үшін орасан зор ықпалды екенін айтып, көпшілікке балаларыңыз батырларға қарап бой түзесін деген ақ тілек білдірді. «Бұл ас ішіп, аяқ босатар той емес, бұл біздің кешегіміздің кемеңгер тұлғаларын ертеңіміздің ерен болмысты жастарына жігер беретін өнегесіне айналдыру» деді ол.
Мұнан соң ақтөбелік айтулы азамат Қ.Жарылқасынов, халыққа жомарттығымен танылған Ж.Еңсепов, әрі ел ағасы, әрі ақын С.Құттықов, бұрынғы Балық шаруашылығы министрі Қ.Саржанов, облыстық мәслихат депутаты, осы асқа қомақты қаржылық қолқайыр көрсеткен А.Қозбақов, Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекпанов сынды кісілер сөз алып, ел жақсылығына игі тілектерін қосты.
Батырды ұлықтау тойының ерекше бөлімі - жыр мүшәйрасы мен ақындар айтысы болды. Айтысқа облыстың таңдаулы тоғыз ақыны мен оңтүстікқазақстандық Жадыра Қазиева қатысты. Олар құлақтандырудың кеш жеткеніне қарамастан тақырыпқа қатысты біраз мәселелерге қанық екендіктеріне көз жеткізді. Әсіресе, қызылордалық Мұхтар Ниязовтың «Батырдың ақшасының керегі жоқ, ақша бұлтын берсеңдер болды маған» деуі көпшілікті бір серпілтті. Шынында осы айтыста өрен жүйрік өз деңгейінен төмендеу көрінді, бәйгеге таласпады. Мүмкін бап шаба ма, бақ шаба ма деген рас шығар. Оның есесіне біраздан бері белортадан көтеріліп көрінбеген қазалылық Нұрдәулет Маханбетов айтыстың әрін келтіріп, пәрін шығарды. Әсіресе, жұртшылық оның ұйқасты өлеңін көтеріп әкеткен саз сарынына қол соқты. Нұрдәулет синкретті өнер - айтыстың мазмұнын Сыр сүлейлерінің мақамымен байытып жүрген бірегей айтыскер. Көпшілікті көркем сөзбен сүйсінткен Жадыра Қазиева бірінші, аралдық Ержеңіс Әбдиев екінші жүлдені олжалады.
Жыр мүшәйрасында Қорқыт ата атындағы университеттің студенті Салтанат Жүсіпова бас бәйгеге лайықты болды. Әр жерде жүлделілер қатарынан табылып жүрген жас Ақтан жайындағы өлеңімен өзінің поэзиядағы тың қолтаңбасын танытты.
Жыр жарысында Арал тумасы Ұлықбек Тәңірбергенов бірінші, ақтөбелік Лаура Палман екінші, аралдық Абай Елеш үшінші мәреден көрінді.
Ас пен той ат жарысынсыз қыза ма, бұл шараның шарықтау шағын танытқан бәйге жолындағы дүбір болды. Жиырма алты ат қатысқан 24 шақырымдық аламан бәйгеде І орынның жүлдесі жеңіл автокөлікті Шиелі ауданы қосқан жалынан жел ескен «Қара кер» еншіледі. Он сегіз ат қатысқан 9 шақырымдық тоқ бәйгеде І орынды қызылордалық Ә.Тұңғышбаевтың аты алды. Жиырма бір ат шапқан 12 шақырымдық құнан бәйгеде мәреге бірінші болып Ә.Құдайбергеннің баптаған аты келсе, жорға жолына түскен төрт аттың ішінен Шижаға ауылының «Торы» аты озды. Тай бәйгесінде тағы да Шиелінің Бала би ауылынан келген «Құлагер» атты өрен жүйрік топ жарды.
Сондай-ақ қазақ күресінен, қол күресінен, гір тасын көтеруден жарыстар ұйымдастырылды.
Ақтан жылын қорытындылауға арналған екі күндік мерекелік шараға Астана, Алматыдан, көрші облыстардан, өз өңірімізден қонақтар қатысып, аудан халқының ықылас-пейілі мен ынтымақ-бірлігіне куә болды.
Жер-жерден келгендерге аудан әкімі арнайы қонақасы беріп, ер Ақтанның рухына тағзым еткен ел-жұрт аралдықтарға шексіз ризалық білдірді.
Жалпы, қай істі де аяғына дейін жеткізген. Міне, жиналған жұртшылыққа осы төңіректегі деректер жан-жақты баяндалды. Ардақты азаматтың зайыбы Күлше Оспанқызы шараны ұйымдастырушыларға алғысын жеткізіп, өткен күннен естелік айтты.
Дастарқан басында сөз алған облысымызға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері Сейілбек Шаухаманов, Абдолла Дәулетов, Әбдіжәлел Бәкіров, Ыдырыс Қалиев және өзге де азаматтар Еркін Нұржанұлының іскерлік қабілетін жоғары бағалап, оның атына жылы лебіздерін білдірді.
Құрметті сессияға қатысушылар!
Қымбатты қонақтар!
Бүгін Ассамблея жұмысына бірнеше ондаған елден келген қонақтар, Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумына қатысушылар қатысып отыр.
Олар елордамызға біз жыл сайын 18 қазанда атап өтетін Рухани келісім күнінде келді.
1992 жылы сол күні Алматыда халықаралық, этносаралық және конфессияаралық қатынастарда жалпыадамзаттық құндылықтарды басымдық деп жария еткен Бірінші халықаралық рухани келісім конгресі болып өтті.
Рухани мәдениет форумы Астанада Қазақстанның ұсынысы бойынша БҰҰ Халықаралық мәдениеттер жақындасуының жылы деп жариялаған 2010 жылы өтіп отырғаны бір ғанибет.
Мен ең алдымен біздің барлық шетелдік қонақтарымызға форум жұмысына қатысқаны үшін ризашылығымды білдіріп, осында жиналып отырған баршаны Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдық мерейтойымен құттықтағым келеді!
Біздің Ассамблеяның тарихы - біздің тұрақтылығымыздың тарихы.
Бұл бейбітшіліктің, келісім мен жасампаздықтың 15 жылы.
Біз бұл сессияны ЕҚЫҰ-ға біздің төрағалығымыздың «Сенім, дәстүр, ашықтық және төзімділік» дейтін ортақ ұранымен өткізіп отыруымыз кездейсоқтық емес.
Өткен 15 жылда орасан зор жұмыс жүргізілді.
Біз күн өткен сайын адамдар арасындағы СЕНІМДІ нығайта бердік.
Біз Отан тағдыры үшін ортақ жауапкершіліктің жаңа ДӘСТҮРІН қалыптастырдық.
Біз этносаралық және конфессияаралық қатынастарда АШЫҚТЫҚТЫ қамтамасыз еттік.
ТӨЗІМДІЛІК Қазақстанды табысты да сенімді дамытудың маңызды факторына айналды.
Бұл қағидаттар біздің еліміздің ішкі де, сыртқы да саясатының рухын бейнелейді.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: