Оқиғалар
Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың табандылығы мен ерік-жігерінің арқасында көптеген мемлекеттер үшін әлі күнге дейін өзекті болып отырған шекара мәселесі түпкілікті шешімін тапты. Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет мемлекеттік шекарасын заң жүзінде бекітті, демек, біздің келер ұрпағымыз көршілермен жер үшін ешқашан таласпайтын болады.
Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі бүгінде әлемдегі ең табысты үлгілердің бірі ретінде мойындалып отыр.
Біздің ел қоғамды демократияландыру мәселесінде беделді өңірлік көшбасшы саналады. Мемлекет басшысының саяси жүйені қалыптастырудағы стратегиялық көрегендігі қақтығыстар мен тұрақсыздықтың тегеурінінен сақтап қалды.
Осы жылдар ішіндегі экономикалық өзгерістер Қазақстанды әлемдегі қарқынды дамыған мемлекеттер қатарына қосты.
Қазақстан өзінің өнегесі арқылы шағын халқы бар мемлекеттің бүкіл әлемнің дамуына қалайша ықпал ете алатынын көрсетіп берді. Ядролық қарудан бас тарту, интеграциялық бастамалар, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ға жаңа серпін беру сияқты игілікті істердің барлығы әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаға ие болды. Астанада өткен әлемдегі осы іргелі Ұйымның Саммиті - еліміздің де, Президентіміздің де зор табысы.
Бүгінде қазақстандықтардың басым көпшілігі еліміздің жетістіктерін Елбасының есімімен байланыстырады. Халықаралық сарапшылар ұдайы айтып жүрген «қазақстандық кереметтің» табысқа жетуі де «Назарбаев феноменімен» тығыз үндесіп жатыр.
Елбасының өз халқы алдындағы жеке жауапкершілік факторы еліміздің бірлігі, тұрақтылығы мен орнықты дамуының толайым табыстарын айқындап берді.
Өз тәуелсіздігінің үшінші онжылдығының табалдырығында тұрған Қазақстан алдына мемлекет дамуының келешектегі бағытын анықтайтын жаңа міндеттер қойып отыр. Бізде болашақ дамуымыздың бағыт-бағдары нақты, ол Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында, 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында, еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында көрініс тапқан.
Нағыз Елбасы - ол өзгелерді де көшбасшылыққа жетелейтін тұлға.
Бүгінде еліміздегі шын мәніндегі жалпыұлттық Көшбасшы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол - жоспарларымыздың жүзеге асуының, мемлекеттің тұрақты өрлеуінің, ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісімнің кепілі.
Біздің нағыз Көшбасшымыз бар - ол ел дамуының басты идеялық дем берушісі.
Біздің нағыз Көшбасшымыз бар - ол ұлтты ұйыстырып, оны ел алдына қойылған міндеттерді іске асыруға жұмылдырып отыр.
Біздің нағыз Көшбасшымыз бар - ол өз отандастарына және шетелдік серіктестерге таңдалған жолдың өзгермейтініне деген бұлжымас сенімді нығайтуда.
Біздің еліміздің мақсаты - әлемнің барынша дамыған мемлекеттерінің қатарына ену. Сондықтан біз бүкіл әлемге өз болашағымызға деген ортақ жауапкершілігімізді және береке-бірлік пен өркендеуге деген өз ұмтылысымызды таныта отырып, Көшбасшымыздың айналасына бірігуіміз қажет.
Жоғарыда айтылғандарды терең сезіне отырып, Қазақстанның барлық азаматтарын Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы (Ұлт көшбасшысы) Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың президенттік өкілеттігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту туралы республикалық референдум өткізу жөніндегі ұсынысты қолдауға шақырамыз.
Бұл шешім біздің болашаққа деген сенімімізді нығайтып, халқымызды біріктіре түспек, Отанымыз - Қазақстан Республикасын жаңа белестерге бастауда бізге күш-қуат бермек.
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың президенттік өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдумның бастамашыл тобын құруға арналған Қазақстан Республикасы азаматтары жиналысына қатысушылар.
Өскемен қаласы,
Ертеңгісін сағат 9-дан бастап Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі мен облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телерадиокомпаниясына қарай жабырқағанның жанынан табылуға ниетті азаматтар ағыла бастады. Әрбір ұлтжанды азаматтың, бизнес құрылымдар мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, барша жомарт жүректі жұртшылықтың тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетуді азаматтық парызы деп есептейтіні анық көрініп тұрды. «Сыр мейірімі» - Сыр елі азаматтарының ауызбіршілігі мен ынтымағын, қамқор көңілі мен мейірбандығын көрсететін іс-шара ретінде айшықталды. Тағдырдың тауқыметін арқалап, қиындықты қара нардай көтеріп жүрген қамкөңіл жандардың қасынан табылып, оларға қол ұшын беруге асыққан азаматтардың қатары сәт сайын көбейіп жатты. Жылы сөзі мен ізгі ниетін білдіруге асыққандар қаншама!
Елбасы «Қазақстанда мемлекет пен бизнес экономикалық қана емес, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуде де толыққанды әріптес болуы тиіс», - деген болатын. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысының осы шақыруына үн қосқан облыстың кәсіпкерлері, бизнес құрылымдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын негізге алып, қоғамда әлі де көмекке мұқтаж азаматтарға қол ұшын беруді мақсат етті. Қайырымдылық акциясы қоғамның әлеуметтік әлжуаз топтарын, оның ішінде, ауыл тұрғындарын, қарттар мен соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді, жетім балалар мен көпбалалы отбасыларын, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларын, жұмыссыздарды әлеуметтік қолдауға негізделген еді.
Жалпы, Сыр өңірінде көмекке зәру, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қайырымдылық шараларын өткізу ізгі дәстүрге айналған. Өткен жылы ұйымдастырылған «Жүрек жылуы» атты акция барысында 18 млн. теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілген болатын. Биылғы шара «Сыр мейірімі» деп аталып, 22 қарашадан бастау алды. Содан бері, яғни 2010 жылдың 7 желтоқсанына дейін акция аясында 8 166 923 теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді.
Аталған акцияға облыс басшылығы да алғашқылардың бірі болып үлес қосты. Облыс әкімі Болатбек Қуандықов облыстық білім басқармасына қарасты жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығында болып, ондағы балалардың әлеуметтік жағдайымен танысты. Ондағы 27 тәрбиеленушіге өздерінің таңдауына орай киім-кешек алуларына мүмкіндік жасап, компьютерлер сыйлады. Сонымен қатар ақылы негізде оқып жатқан жеткіншектердің оқу ақысын бюджеттен тыс көздерден төлеуге жағдай жасалмақ.
Акция басталғалы бері мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақыларын арнайы қордың есепшотына аударды. Осы күні де ақ пейілді азаматтар арқасында А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі фойесіне қойылған жәшіктер қайырымды жандардың ықыласына толып жатты. Қайырымдылық шарасына қатысушылардың алғашқы легінде облыс әкімі Болатбек Қуандықов та болды. Облыс басшысы арнайы есепшот қорына облыс әкімі аппараты атынан 200 мың теңге қосты.
- Елбасы жақын болашақта ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға үлкен мән беріп отыр, - деді Болатбек Баянұлы өз сөзінде. - Бұл бағытта аймақта атқарылған жұмыстардың ауқымы кеңейіп келеді. Мәселен, осыдан 3 жыл бұрын аз қамтамасыз етілген отбасылар саны 30 мыңнан асып жығылатын болса, бүгінде олардың саны 18 мыңға жуық. Бұл көрсеткіш аймағымыздағы мемлекеттік бағдарламалардың, бизнес-жобалардың жүзеге асуы есебінен жақсарып отыр. Оған қоса, 20 мыңдай аз қамтамасыз етілген отбасы балалары ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Жазғы тынығу лагерьлеріне 8 мыңнан астам жеткіншекке жолдама берілді. Сондай-ақ жаңа оқу жылы қарсаңында қоғамның әлжуаз топтары мектеп құралдарымен, киім-кешекпен қамтамасыз етіліп келеді.
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңындағы Елбасының Үндеуіне үн қосып, қолдаған барша жомарт жүректі азаматтарға алғысымды білдіремін, - деді ол.
Аталған акция барысында фойедегі жәшіктерге 1 млн. 860 мың 500 теңге түсті. Шараға қытсушылардың арасында кәсіпкерлер мен бизнес өкілдері, іргелі компаниялар, сан түрлі сала мамандары, мемлекеттік қызметкерлер, тіпті студенттер де бар.
«Сыр мейірімі» қайырымдылық акциясы аясындағы телемарафон түскі сағат 12.00-ден бастап «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тікелей эфирінде жалғасты. Тікелей эфир барысында көмекке мұқтаж жандар туралы телеарнадан берілген сюжеттерді көріп, оларға қол ұшын созуға асыққан азаматтар легі бір толастаған жоқ. Мәселен, 1 топ мүгедегі Нұрзат Қазыбаев осы күні қайырымды жандардың жүрек жылуын сезінді. Қатарының алды болып өсіп келе жатқан Нұрзат қапыда биіктен құлап, бел омыртқасын майып етеді. Содан бері құрбыларымен бірге жүгіру, ойнап-күлу оған арман болып қала берді. Балапанына қанатымен су сепкен қарлығаштай болған анасы төсекке таңылған баласының жанынан шықпайды. Әсілі, баланың қасіретін анадай ұғатын, анадай сезінетін адам жоқ шығар жалғанда. Нұрзаттың денсаулығын түзеу үшін Қармақшының Ақжар ауылынан қоныс аударған Гүлнар жалғыз өзі 3 баланы тәрбиелеуде. Алғашында пәтерден пәтер жағалауға тура келді. Бұл тұрмыстың тауқыметінен аты-жөнін атамауды жөн көрген қайырымды азамат құтқарды. Осындайда «жер бетінен жақсылық жоғалып барады» деген сөзді құр байбаламға баламасқа лажың қалмайды.
Нұрзат - арманшыл бозбала. Ол заңгер болсам дейді. Сөйтіп, өзі сияқты мүмкіндігі шектеулі тағдырластарына көмек қолын созғысы келеді. Білімін жетілдіру үшін ғаламторды ақтарып, барлық мәліметтерге қанықсам дейді. Тікелей эфирге келген «Бест Сервис ЛТД» ЖШС-нің өкілі Орынбасар Абдуллаев Нұрзатқа ноутбук тапсырды.
Тікелей эфир барысында қайырымдылық жәшіктеріне түсіп жатқан қаражат туралы жаңарған мәліметтер дүркін-дүркін беріліп жатты. Қайырымдылық шарасына қатысушылар қатарында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз», «ҚазГерМұнай» БК, «Қуат Амлонмұнай» АҚ, Қорқыт ата атындағы университет, т.б сияқты іргелі ұжымдардың белсенділігі байқалды. Соңғысы, яғни, университет ұжымы акция барысында өз зейнеткерлеріне, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйіне, мейірімділік үйіне материалдық әрі рухани демеу көрсетуге күш салған.
Тікелей эфир барысында көлік оқиғасынан кейін мүгедек болып қалған Талғат Бегмановтың тағдырына бейжай қарамағандар табылды. Бейжіңде жасалатын операцияның шығындарын өз мойынына алған «Дәнекер» құрылыс компаниясының басшысы Әбдімәжит Жансақалов Талғатқа аман-есен қатарға қосылуына тілек қосты.
Аға буын ардагерлер қашаннан да мұндай игілікті шаралардың бел ортасынан табылады емес пе? Бұл күні де ардагерлер Камал Шөкенов пен Абдулла Дәулетов қазақтың қанында бар қайырым жасау қасиетінің бүгінгі ұрпақ бойынан табылып жатқанына алғыс білдірді. Өздерінің отбасылары атынан көмек көрсетті. СК «Энергия» ЖШС-нің өкілі Салтанат Бердіханова, гуманитарлық-техникалық колледжде «Жол картасы» бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттер де қалыс қалмады. Облыс іргесінен өтіп жатқан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолын салушы «Салини», «Тодини», «Импреза», «Окан аккорд» сияқты мердігер компаниялар да игілікті іске өз үлестерін қосып жатты.
Осыдан біраз уақыт бұрынғы Белкөл қыстағында орын алған қайғылы өрт оқиғасы қызылордалықтардың санасынан өше қойған жоқ. Қызыл жалын үймен қоса 3 бірдей бүлдіршінді де жалмаған еді. Жақын арада Жақсылықовтар отбасына зіл батпан қайғының бұлтын серпіп Жұбаныш атты ұл дүниеге келіпті. Акция аясында осы отбасына, оған қоса 4 баласын жалғыз тәрбиелеп отырған Сәуле Бекішоваға, мүгедек бала өсіріп отырған Баян Иманбердиеваға қала әкімі Мархабат Жайымбетовтың жеке қаржысы есебінен көмек көрсетілді.
Тікелей эфирге Жалағаш ауданы қосылып, ауданда атқарылып жатқан қайырымдылық шарасы туралы бейнекөріністер ұсынылды. Мәселен, жалағаштық кәсіпкер Бақытжамал Берхатова қайырымдылық қорына 10 қап ұн әкеліпті. Мұндағы тұрмысы төмен отбасыларына қолқайыр көрсету үшін «Әжелер» ансамблі де белсенділік танытып отыр. Олар әр ауылды жағалап концерт қойып, одан түскен қаржыны сол ауылдың аз қамтамасыз етілген отбасыларына беруді үрдіске айналдырған. Аналардың жүрек жылуына бөленгендердің алғысы шексіз.
Студияға жиналғандарға №6 коррекциялық мектеп-интернаттың оқушылары ұсынған ән-шашу ерекше әсер сыйлады. Көзі нашар көретін, құлағы нашар еститін балалар өздерінің анаға деген ыстық ықыластарын өз мүмкіндіктерінше жеткізіп жатты. Балғын әншілер де «К групп» ЖШС басшысы Қанат Боранбаев ұсынған сый-сыяпатты иеленді. Сондай-ақ ортаға шығып мың бұрала билеген мүмкіндігі шектеулі жаңақорғандық бүлдіршін Қасиет Әуелбекке кәсіпкер Ғалым Түктіғұлов жылы киімдер мен музыкалық орталық тарту етті.
Одан әрі өзі кәмелетке толып, отбасылы болған соң 2 бауырын патронаттық тәрбиеге алған Айдана Ешмұратоваға «Жан Рос» компаниясы атынан компьютер берілді. №1 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп-интернат директоры Ғалым Бекенов соңғы уақытта 14 бала өз отбасыларын тапқанын, мектеп-интернатқа көмектесуге ықыласты жандардың көбейгенін атап өтті. Осы сәтте Алматы қаласында тұратын қызылордалық кәсіпкер «МарсельПетролеум» компаниясының басшысы Махмұт Нәлібаев телефон арқылы туған жерде өтіп жатқан қайырымдылық шарасына 2 млн. теңге көлемінде көмек көрсететінін айтты. Студияға келген компания өкілі бұған қоса аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 4 баланы мұнай және геология мамандығы бойынша оқытуға шешім қабылданғанын жеткізді. Телемарафонды жүргізушілер аймақтың денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қорға 1 млн. теңгеден астам, білім саласының қызметкерлері 420 мың теңге үлес қосқанын хабарлады.
Қала тұрғыны, жалғызбасты жан Мария Рахнянскаяны қиын жағдайдан алып шығуға талпынғандар табылды. Коммуналдық желілері істен шыққан үйді паналап отырған мүгедек әйелге коммуналдық құрылымдар көмектесетін болды. Оған қоса, енді Мария әжей «Кызылординские вести» газетін тегін алып тұрады.
Ал «Альянс банк» АҚ облыстық филиалының директоры Еркін Мұсабаев 25 жылдан бері мүгедек арбасына таңылған Нина Роговскаяға, 9 жасар көз мүгедегі Мағжан Мәкеновке, оған қоса тағы бір науқасқа операцияға бару үшін қаржылай көмек көрсетті. Жалпы, бұл күні қайырымдылықтың шарапатын сезінген жандар мейірімділік шуағын шашқандарға жүректерінен шыққан алғыстарын жаудырды.
Тікелей эфир барысында шағын несие алып, тұрмысын түзеген кәсіпкерлер Роза Әлбатырова, Мейрамбек Шуетов қор қаржысын толықтырды. Айдарлылық Р.Әлбатырова облыс әкімдігі, «Игілік» корпоративтік қоры және «Азаматтық Альянс» қоғамдық бірлестігі арасындағы үшжақты әлеуметтік әріптестік аясында өз жобасын жүзеге асырды. Ол жеке тігін цехында тігілген көрпе, көрпеше, жастықтарды ауылдасы А.Наурызбаеваның отбасына тарту етті. Олар осындай мүмкіндік ұсынған тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорға, облыс басшылығына алғыс білдірді. Оған қоса, қоғамдық ұйымдар атынан «Көкжиек», «Чернобыль ардагерлері» қоғамдық ұйымдарының жетекшілері Айман Тұрбаева, Сансызбай Сандыбеков өз ризашылықтарын жеткізді.
Акцияға студент жастар, жастардың қоғамдық ұйымдары, мектеп оқушылары да белсене қатысты. Олар қал-қадірінше ойыншықтар, жылы киімдер, кітаптар жинаған. Ортақ іске теңізге тамған тамшыдай болса да, үлес қосуды мұрат еткен балдырғандар өз жүректерінің лүпілін жеткізді. Қайырымдылық шарасын рухани қолдауға асыққан ақындар Қаршыға Есімсейітова, Дүйсенбек Аяшұлы жалынды жырларымен жабырқағандарға жылу сыйлады. Термеші Айбек Тәңірбергенов, әнші Үміт Медеуова ән-жырдан шашу шашты. Акциядан қаладағы «Ағжан», «Мирас», «Төбе», «Alser», «Small» сауда үйлері мен «Темірхан» фирмасы да шет қалмады.
Екі сағатқа созылған телемарафонды тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қор төрайымы Сапура Әбдірахимова, «Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасы облыстық филиалының директоры Алмас Тұртаев қорытындылап, шараға атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдірді. Телемарафон барысында мұндағы жәшіктерге 236 мың 700 теңге түскен.
Осылайша Сыр өңірінің кәсіпкерлері мен бизнес құрылымдары, қоғамдық ұйымдары бастамасымен жүзеге асқан «Сыр мейірімі» қайырымдылық акциясы жабырқағандарды жомарт жандардың жүрек жылуына бөледі. Сырбойылық азаматтар қанымызға сіңген қайырымдылық жасау, мейірім шапағатына бөлеу секілді ізгі қасиеттердің ілкіден жалғасып келе жатқанын, оның ешқашан да жоғалып кетпейтінін дәлелдеді.
Нұрзат Қазыбаев, 1 топтағы мүгедек: Менің көптен бері компьютерге қолым жетпей жүрген еді. Болашақта заңгер болып, өзім сияқты мүгедек жандарға заңдылықтарды түсіндірсем деймін. Ол үшін, әрине, білімді болуым керек.
Бүгінгі қайырымдылық шарасы кезінде маған ноутбук берген «Бест Сервис» басшылығына алғысым шексіз. Енді ғаламторға кіріп, күндегі жаңалықтарды, заңдарды, өзіме қажетті басқа да мәліметтерді қарайтын болдым. Мен аяғыммен жүре алмасам да, біліміммен анама, бауырларыма көмектескім келеді.
* * *
Нина Роговская: Бүгін 25 жылдан бері арбаға таңылған менің де қуанышымда шек жоқ. Жалпы, мен өмір сүру үшін күресімді тоқтатқан емеспін. Бүгін Новосібір қаласына операцияға баруға «Альянс банк» қол ұшын созып отыр.
Адам ешқашан да ертеңінен үмітін үзбеуі керек. Мен де операциядан соң аяғыма мініп, қатарға қосылатыныма сенімдімін. Ширек ғасыр бойы төсекке таңылған күндерім бір күнгідей ұмытылып кетеді әлі.
* * *
Айдана Ешмұратова, патронат тәрбиеші: Ата-ананың қамқорлығын сезінбей өскен балалардың көңілінде кірбің болатынын білемін. Тұрмыс құрған соң өзімнің екі балама қосып екі бауырымды тәрбиелеп отырмын. Олардың жарым көңілін аналық махаббатқа бөлесем деймін.
Бүгінгі акцияға шақырып, маған барлық жабдықтарымен компьютер сыйлаған «Жан Рос» компаниясына алғысым шексіз. Бәрінен бұрын балалар қуанатын болды. Олардың жүзінде күлкі ойнаса, менен асқан бақытты жан болмайды.
Кешегі, яғни 9 желтоқсан күнгі мәлімет бойынша қайырымдылық қорға 13,8 млн. теңге түсті. Акцияның 15 желтоқсанға дейін жалғасатынын ескерсек, бұл қаржының еселене түсетіні сөзсіз.
Мен беделді ұйым Саммитінің жемісті өтуімен баршаңызды құттықтаймын!
Біз бірін-бірі жылдар бойы көрмей келген ел басшыларының басын қосып, мәмілеге келтірдік. Еуропа мен Азия ұғымын біріктіріп, қауіпсіздіктің кеңістігін кеңейттік.
Ұзаққа созылған ортақ келісімнен кейін, тарихи Астана Декларациясын қабылдап, Ұйымды жаңа белеске көтердік!
Сондықтан еліміздің мәртебесін көтеріп, мерейін асырған алқалы Саммит жоғары деңгейде өтті деп есептеймін.
Мәртебелі меймандар еліміздің кеңпейіл қонақжайлылығына шынайы риза болды.
Әрине, мұндай кең ауқымдағы алқалы жиынды өткізу бізге оңайға түскен жоқ. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген, оған ел болып атсалысып, еңселі ел екенімізді көрсеттік. Шараның жоғары деңгейде өтуіне Президент Әкімшілігі, Үкімет, Парламент, тиісті министрліктер, Астана қаласы әкімдігі және қала жұртшылығы атсалысты.
Халқымыз терең түсіністік танытып, ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсете білді.
Мұндай шараның бірлігімізді бекемдеп, тәуелсіздікті нығайтып, елдігімізді әйгілей түсері анық.
Сондықтан мен іргелі шараға үлес қосқан бүкіл азаматтарға алғыс айтып, тілекші болған барша қазақстандықтарға үлкен ризашылығымды білдіремін!
Құрметті қазақстандықтар!
Еліміздің барша азаматтарын ЕҚЫҰ Саммитін табысты ұйымдастырып, өткізумен құттықтағым келеді.
Іс жүзінде ол бүгін түнде ЕҚЫҰ-ның Астана декларациясын қабылдаумен аяқталды.
Саммит қорытындыларының еліміз үшін стратегиялық маңызы бар.
Біріншіден, біз өз тәуелсіздігіміздің сыртқы саяси негіздерін нығайттық.
Саммит сенімді, ынтымақтастық пен интеграцияны нығайтудың, біртұтас және ажырағысыз Еуро-Атлантикалық және Еуро-Азиялық қауіпсіздік қауымдастығын құрудың жаңа кезеңінің бастауы болды.
Екіншіден, Саммит біздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығымыздың шыңы болды.
Біз осынау халықаралық ұйым басшылығындағы іс-қимыл бағдарламамызды толық іске асырдық.
Біз алдымызға қойған барлық міндетті орындадық.
Қазақстан Ұйымның жаңа ғасырда дамуына серпін бере алды.
Еуразия қауіпсіздігі проблемаларының бүкіл блогы бойынша пікірталас жаңғыртылды.
Біз ЕҚЫҰ-ны реформалау, оның күш-қуатын Еуразиядағы қауіпсіздіктің басқа құрылымдарымен біріктірудің бағдарламасын ұсындық.
Үшіншіден, біз халықаралық деңгейдегі аса ірі шараларды өткізу жөніндегі міндеттерді шеше алатынымызды дәлелдей білдік.
Барлық мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, ресми делегациялардың жетекшілері Саммиттің пленарлық мәжілісіндегі сөйлеген сөздерінде және менімен әңгімелесу барысында Саммитті шақыру жөніндегі біздің бастамамыздың маңыздылығын атап көрсетті.
Барлығы да Саммитке үздік әзірленгені үшін Қазақстанға алғыстарын айтты.
Бұл ризашылық сөздері еліміздің барша халқына арналған.
Төртіншіден, біздің қоғам толысқандығын, бірлігі мен топтасқандығын көрсетті.
ЕҚЫҰ Саммитіне әзірлік барша қазақстандықтардың ортақ міндетіне айналды.
Сондықтан да біз оны табысты атқара білдік.
Әзірлік жұмыстарына көптеген адамдар тартылды.
Барлық техникалық қызметтер - аэронавигациядан Астананың коммуналдық қызметтеріне дейін үйлесімді жұмыс істеді. Оның үстіне Саммитті өткізу күндерінде ауа райы күрделі болды.
Саммитті өткізуге мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ біздің меймандарға жұмыс істеуге көмектескен волонтерлер зор үлес қосты.
Мен Астананың барша тұрғындарына Саммит шараларын өткізуге байланысты олар көрсеткен қонақжайлылық, түсіністік үшін айрықша алғыс айтқым келеді.
Елорда әкімдігіне, қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовке шараларды тамаша ұйымдастырғаны үшін айрықша алғыс айтамын.
Бәрі де минөт минөтіне, секөнт секөнтіне қарай нақты ұйымдастырылды. Барлық міндеттер атқарылды, барлық мақсаттарға қол жеткізілді.
Бесіншіден, біздің Астана ЕҚЫҰ Саммиттерін өткізу иелері болған Хельсинки, Париж, Будапешт, Лиссабон, Ыстамбұл секілді Еуропаның белгілі қалаларымен бір қатарға тұрды.
Бұл - қазақстандық елорда танымалдығының жаңа деңгейі.
Мен Саммитті әзірлеу жөніндегі ұлан-асыр жұмыс үшін барша қазақстандықтарға, астаналықтарға ризамын.
Бүкіл әлем Қазақстанға басқаша көзбен қарап, біздің халқымыздың барша құндылықтарын көрді. Саммитті өткізу бүкіл Қазақстан халқының салтанаты, оның бірлігінің, болашаққа ұмтылысының дәлелі болды.
- Құрметті Мемлекет және Үкімет басшылары, делегация жетекшілері, ханымдар мен мырзалар!
Қазақстан халқы атынан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Саммитіне жиналған мәртебелі меймандарды ыстық ықыласпен қарсы алғаныма қуаныштымын, - деді Елбасы өз сөзінде. - Тәуелсіздігін таяуда алған мемлекеттердің ішінде Қазақстан тұңғыш рет осы маңызды халықаралық форумды ұйымдастырып отыр. Мен біздің елімізге сенім білдіргендеріңіз үшін барша әріптестеріме, Сіздерге зор алғыс айтамын.
Қазақстан Президенті өз сөзінде осынау халықаралық басқосудың маңыздылығы ерекше екенін атап көрсетті. Халықтардың қауіпсіз болашағына бағытталған бірлескен қимылды жалғастыру Астана Саммитінің басты міндеті болып табылады. Елбасының атап өткеніндей, осынау маңызды қадам 35 жыл бұрын Хельсинкиден басталған еді.
- Қазір еуропалық қауіпсіздік қағидаттары Ванкуверден Владивостокқа дейінгі аумақты қамтып отыр. Сонымен қатар, бүгінгі күні Ұйым дамуының үшінші кезеңі басталуда. Біз ынтымақтастық пен қауіпсіздіктің жаңа деңгейіне көтеріліп, мұхиттан мұхитқа дейінгі аумақтағы ауқымды координаттарды қамтымақпыз. Бұндағы мәселе төрт мұхит шекарасындағы - Атлант мұхитынан Тынық мұхитына, Солтүстік Мұзды мұхиттан Үнді мұхитына дейінгі аумақтағы бірегей кеңістіктік қауіпсіздікті қалыптастыру туралы болып отыр, - деді Елбасы.
Елбасы өз сөзінде бұл шекараны Атлантикадан Тынық және Солтүстік Мұзды мұхиттардан Үнді мұхитына дейінгі қауіпсіздіктің біртұтас кеңістігі екенін атап көрсетті. Астана Саммиті осыдан 11 жыл бұрын Ыстамбұлда үзілген дәстүрдің жоғары деңгейдегі жалғасы болып табылады. Сөйтіп, Астанада қауіпсіздіктің біртұтас және бөлінбейтін Еуро-Атлантикалық және Еуразиялық қауымдастығы құрылымы құрылғалы отыр. Бүгінгі Саммит Хельсинкидің қорытынды Актісінің принциптері мен ережелеріне сәйкес құрылған жаңа тәуелсіз мемлекетте өткізілуде.
Қазақстан Президенті сондай-ақ еліміздегі тұрақтылықтың ең алдымен экономикалық өсімнің нәтижесінде қалыптасып отырғанын атап өтті. Елімізде алдымен экономиканың дамуына басым бағыт берілді, бұл өз кезегінде жас демократияның өркендеуіне негіз қалады. 140 этнос пен 46 конфессия арасындағы толеранттылық, бейбітшілік пен келісім қазақстандық қоғамның берік негізіне айналды. Елбасының айрықша атап өткеніндей, Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Осының нәтижесінде Батыс құндылықтары мен Шығыс дәстүрлері үйлесім тапты.
Қазақстан халқы «қырғи-қабақ соғыстың» қатал сынағын басынан өткерді. Ол ең алдымен Семей ядролық полигоны болатын. Ядролық қарудан бас тартып, полигонды жабу жөніндегі Жарлық Қазақстанның жалпыеуропалық процеске қосқан алғашқы үлесі болды. Осыған орай, Елбасы өз сөзінде ЕҚЫҰ-дағы әріптестерін өзінің ядролық қарусыз әлем жөніндегі жалпы декларация туралы бастамасын қолдауға шақырды.
- Біздің Саммит Еуразия орталығында өтіп жатқандықтан өзіндік бірегейлігімен ерекшеленіп отыр, яғни Еуропаның географиялық шекараларының мыңдаған шақырымдарынан алшақ жерде өтіп жатыр. Біздің көзқарасымыз бәрінен бұрын еуропалық қауіпсіздіктің өзгерген парадигмасын айқындайды. Жиырма бірінші ғасырдың басында өте қауіпті қатерлердің бастауы, еуропалық құрлықтың тұрақтылығы оның аумағынан тыс жерде пайда болды, - деді Президенті өз сөзінде.
Қазақстан Президенті өз тарапынан Ауғанстан проблемасын кешенді реттеу стратегиясын жасау идеясын ұсына отырып, бұның осы елде бейбітшілік орнап, экономиканың қалпына келуіне негіз қалайтынын атап көрсетті. Сондай-ақ, Елбасы Қырғызстанда орын алған жанжалға да тоқтады. Ол осы орайда АҚШ, Ресей және басқа да әріптестерімен біріге отырып, елдегі тұрақтылықты сақтау бағытында ЕҚЫҰ-ның барлық құралдары тиімді пайдаланылғанын атады.
Мемлекет басшысы сөзінде сондай-ақ «Шығыс-Батыс» желісі бойынша, бір жағынан Еуропалық Одақ пен НАТО-ның, екінші жағынан ЕурАзЭҚ пен ҰҚШҰ арасындағы ықпалдастықты арттырудың да маңызы зор екендігін атап көрсетті. «Осы жол арқылы өткен ғасырда қалыптасқан трансатлантикалық ықпалдастықты трансеуразиялық ықпалдастықпен толықтыруға болады. Осы орайда Қазақстан Ресей мен НАТО арасындағы бастамаларды барынша қолдайды. Сонымен бірге Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің Еуропалық қауіпсіздікке қатысты жаңа келісім жасау жөніндегі ұсынысы да қолдауға тұрарлық», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының айтуынша, «Солтүстік-Оңтүстік» желісі бойынша, ЕҚЫҰ-ның бірқатар азиялық ықпалдасушы бірлестіктермен тығыз қарым-қатынас орнатуы маңызды.
«Бұл ретте бірінші кезекте Қазақстанның бастамасымен құрылған және бүгінде 22 Азия елінің басын біріктіретін Азиядағы сенім шаралары кеңесімен байланысты нығайту қажет. Қазақстан бұл ретте Еуразиялық қауіпсіздіктің байланыс құралы рөлін атқаруға дайын. Біз келесі жылы Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етеміз. Осы қызмет барысында біз Еуразия кеңістігіндегі сенімді нығайту ісіне күш саламыз», - деді Н.Назарбаев.
Одан әрі Елбасы Еуропаның тысқары жерінде орын алып отырған есірткі тасымалы, заңсыз миграция, адам саудасы, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруының таралуы қауіптеріне тоқталды. Бүгінде Еуропаның энергетикалық және экономикалық қауіпсіздігі әлемнің басқа да бөліктерінде орын алған жағдайға байланысты. Бұны жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс көрсетіп берді. Сондықтан Астана Саммиті ЕҚЫҰ-ның болашақтағы жаһандық қауіпсіздікті талдау үшін жақсы мүмкіндік болып табылады. Осыған орай Елбасы алдағы онжылдықтың қарама-қайшылықтарын жүйелі түрде шешіп, қазіргі мемлекетаралық бірлестіктер шеңберінде сенім мен интеграцияны нығайту жөніндегі ойларын ортаға салды.
- ЕҚЫҰ-ға қауіпсіздіктің түрлі проблемаларын болжау бойынша жұмысты жолға қою пайдалы болар еді деп есептеймін. Алғашқы қадам ретінде қауіпсіздік институтын құруды ұсынамын, оны осында, Астанада орналастыруға болады, - деді Н.Назарбаев Саммитке қатысушыларға.
Ол атап айтқанда, ЕҚЫҰ жұмысын жаңғырту, оның шеңберінде демократиялық институттарды, тәуелсіз ақпарат құралдарын дамыту, адамның құқы мен бостандығын сақтау, жаһандық қаржы дағдарысынан шығу, қоршаған ортаны қорғау, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның Экологиялық форумын ұйымдастырып, Арал теңізі, бұрынғы Семей полигоны аумағын қайта түлету, су тапшылығына орай оның проблемаларын шешу, қарусыздандыру және оны таратпау саласында жаңа келісім-шарт нормаларын жасау, конфессияаралық диалогтарды ұйымдастыру, тағы да басқа әлемдік проблемаларды шешу жолдарын егжей-тегжейлі атап көрсетті.
Құрметті Саммитке қатысушылар! - деді Қазақстан Президенті сөзінің қорытындысында. - Бүгін Еуразияның жүрегінде байырғы қазақ жерінде мыңжылдықтар бойы адамзат тарихын жасаған ұлы халықтардың диалогы басталды. Саммитке ұсынылып отырған Астана декларациясы мен іс Жоспарының жобалары Ұйымның барлық мүшелері тарапынан қолдау табады деп сенемін. Бұл біздің халықтарымыздың қауіпсіздігі мен гүлдену ісіне қосылған үлкен үлес болар еді. Алып Еуразия құрлығын сенім, дәстүр, ашықтық және төзімділік сынды жалпы құндылықтарға негізделген ортақ кеңістікке айналдыру өз қолымызда. Біздің Саммиттің тарихи маңызы мен атқарар жүгі де осында деп білемін.
Тәуелсіздік алғанына енді ғана 20 жыл болатын Қазақ елінің ширек ғасырдан астам тарихы бар, Еуропа мен Азия мемлекеттерінің басын бірік¬тірген ірі халықаралық Ұйым-ның Саммитін өз жерінде өткізуі, сөз жоқ, үлкен жетістік, оған қоса салмақты жауапкершілік жүктейді.
Осы орайда, Елбасы “Біз барша әлемге қонақ¬жай¬лы¬ғымызды, дархандығымызды әйгілеп, жауапкершілігіміздің жоғары екенін таны¬таты¬ны¬мызға бек сенімдімін”, деген бо¬латын. Нұрсұлтан Назар¬баев Астана Саммитінің қазақ же¬рінде өтуі еліміздің абырой-бе¬де¬лін арттыра түсетінін үне¬мі ай¬тып келеді. “Мұндай жо¬ға¬ры деңгейдегі жаһандық бас¬қосуды өткізу Қазақ¬стан¬ның әлемдегі беделін арттырып қана қоймай, елдің дамуына жаңа¬ша серпін береді”, дей ке¬ле, Саммитке дайындыққа жұрт болып жұмылуға шақырды.
Тәуелсіз жас мемлекет Қа¬зақстан түгілі кешегі Кеңес Одағында да мұндай жаһан¬дық ауқымдағы жиын ұйым¬дастырылған емес. Желтоқ¬санның алғашқы күндерінде Астанаға 55 елдің прези¬дент¬тері, премьер-министрлері, парламент жетекшілері, 65 халықаралық ұйымның бас¬шы¬лары келмек. Оған қоса ше¬телдік 1500-дей журналист Астана Саммиті туралы ақпа¬раттарды өз елдеріне таратады.
Айтулы оқиғаны ғаламдық тұрғыда наси¬хаттау ең маңызды шаралардың бірі болып отыр. Астанаға келген халық¬аралық БАҚ өкілдеріне өз жұмыстарын кедергісіз атқару үшін барлық мүм¬кіндіктер жасалуда. Саммит өтетін Тәуелсіздік сарайы жанынан үлкен баспасөз орталығы ашылды. Сол орталықта Саммиттен тікелей көрсе¬тілімдер жүргізіледі. Аталған Саммиттің маңызын жер-жаһанға жеткізу үшін осындай іргелі шаралар қолға алынған.
Осы күндері Саммитке ар¬нал¬ған газет шығып, телеарна жұмыс істейді. “Саммит ТВ” деп аталатын телеарна ха¬бар¬лары респуб¬ликалық телеар¬налардың бірінің негізінде хабар таратады. Мұнда Қа¬зақ¬стан жөнінде тарихи, этно¬мәдени, таным¬дық хабарлар көрсетіледі. Саммит отырыс¬тарынан тікелей көрсетілім беріліп, мәртебелі қонақтармен сұхбаттар жаса¬лады. Сондай-ақ “Астана Таймс” деп аталатын газет тек ағылшын тілінде шы-ғарылып, мәртебелі қонақтарға қажетті ақпаратты топтастырып беріп отырмақ.
Астана қаласының ресми сайтының мәліметтеріне қарағанда, қазіргі таңда мәрте¬белі қонақтарды күтіп алатын елордалық қонақүйлер сақадай сай. Қонақтардың қауіп¬сіздігі - басты на¬зарда. Төтенше жағдайлар қызметі де аяғынан тік тұр. Бұл күндері астаналық қолөнер шеберлері Қазақстан мем¬лекеттік рәміздері мен Саммит белгілері таңбаланған сый-кәделер дайындап жатыр. Олар да Астана Саммитін қазақстандықтар үшін ғана емес, мәртебелі қонақтар үшін де есте қалар оқиға етуге елеулі үлес қосады.
Бүгінде полицейлер, учас¬келік инспек¬тор¬лар, мей¬рам¬хана даяшылары, қонақүй қыз¬мет-керлері Саммитке келуші шетел¬діктердің қарапайым сұрақтарына ағылшын тілінде жауап қайтаруға дайын. Ел¬дің имиджін қалыптас¬ты¬ратын қызмет көрсету орындардың бәрі астаналық мәртебеге сәйкестендірілді. Санэпид¬сараптама орталығы қонақ¬тарға ұсынылатын ас мәзірінің сапасын анық¬тайтын қосымша микробиологиялық ана¬лиза¬тор, тағам өнім¬деріндегі ни¬трат¬¬тың құрамын айқын¬дай¬тын тестерлер сатып алды. Қонақтарға ұлттық тағам¬дарды таныту да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Бастысы -қанға сіңген қазақы қонақ¬жайлылықты әрбір қатысушы сезінуі керек.
Жиынның өту барысында 659 медицина қызметкері кезекшілікке жұмыл¬ды¬рыла¬ды. Саммит қарсаңында қалаға 23 реанимобиль сатып алынды. Сөйтіп Астана, 10 мың адамға 1 реаномобильден келетін халықаралық норма деңгейіне жетті. Сондай-ақ 12 өрт сөндіру техникасы мен жол полициясына қажетті арнаулы 50 автокөлік те алын¬ған.Қаланың қан тамыры саналатын коммуналдық ны¬сан¬¬дары¬ның жұмысы да тек¬серістен өтуде. Инженерлік жүйелер мен коммуникация¬ның сенімді жұ¬мыс істеуі үшін үлкен жұмыстар атқарылуда.
Сайттағы мәліметтерге қарағанда, Сам¬мит¬тің өтуі алдымен Астана қаласының бұрын-ғыдан да көріктене тү¬суіне мол үлес қосқаны байқалады. Елорданы әлем аста¬наларының деңгейіне жеткізу үлкен қаржыны, күш-жігер мен ұйымдастыру¬шылық қабілетті керек еткені сөзсіз. Жиын қарсаңында Астана әуежайын жаң¬ғыртуға, жолдарды жөндеуге, құқық қорғау құрылымдарын күшейтуге қомақты қаржы бөлінді. Саммит қарсаңында жаңғыр¬тылған нысандар кейін қала тұрғын¬дарының, қа¬зақстандықтардың игілігіне жаратылады.
Бұл саммит еліміздің ин¬вестициялық тартым¬дылығын айтарлықтай арт¬тырады. Тәуелсіздік алған жылдардан бері жан-жақтан ағылған инвестицияның пайдасын қара-пай¬ым халық көріп келеді. Сонымен бірге «Қазақ¬станда жасалған» деген мөрі бар өнімдердің табысты экспорт¬талуына оң ықпал етеді.
Әлемдік деңгейдегі жиын ең алдымен, Қа¬зақстанның жақсы атын шығаруға, зама¬науи¬лап айтқанда имиджін көтеруге қызмет ете¬ді. Бұл жолда кеткен қаржы-қаражатты шы¬ғын ре-тінде есептеу қисынға соқпайды. Өйткені Сам¬мит әрбір қа¬зақстандықтың ертеңге деген сені¬мін нығайта түседі, отан¬шылдық рухты көтереді, айдай әлем алдындағы беделін кө-тереді. Елдігімізге сын болып отырған басқосудың өз деңгейінде өтуі үшін осындай қыруар шаруалар тын¬дырылды.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: