Оқиғалар
Өзінің отыз жылдан астам дәрігерлік ғұмырында қаншама науқастарды емдеп, олардың ата-аналарының шынайы алғыстарына бөленді. Yлкендер қашанда «баланы ауыртпасын» деп тілейді. Осы сөздің дәл айтылғанына Ғалияның шүбәсі жоқ. Себебі, құндақтағы бала ешқашанда өзінің қай жері ауыратынын айта алмайды. Бұл арада Ғалияға өзінің Алматы медицина институтында алған білімі мен өмірлік тәжірибесі көмекке келеді. Ғалияның ұғымынша, дәрігер, әсіресе бала дәрігері қашанда ізденіс үстінде болуы шарт. Сосын соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтардың тілін білгені жөн. Онсыз ілгері баса алмайды. Мұны ертерек ұғынған ол арнайы дайындық курстарынан өтіп, өз бетімен ізденіп, аппарат тілін меңгеріп алды. Балалар дәрігері Ғалия дәрігерлер отбасында өмірге келіп, ержетті. Әкесі Варлен Исаев лор дәрігері болса, анасы Ирина Валиева жұқпалы ауруларды емдейтін білікті дәрігер еді. Өзінің өмірлік жары Мұрат Мақатов та, қызы Динара да дәрігер, бірі - рентгенолог, екіншісі - невропотолог. Төл мерекеге жақсы табыспен келген дәрігерлер отбасы Сыр жұртшылығының денсаулығын сақтауда өздерінің білімі мен тәжірибесін қатар қолданады.
Оңтүстік аудандағы іссапарды аймақ басшысы Сунақата ауылында іргетасы қаланған №194 мектептің құрылыс жұмысымен танысудан бастады. Типтік жобадағы 600 орындық жаңа мектептің құрылысын «Сарбұлақ» ЖШС осыдан екі ай бұрын бастады. Аталған шарада осы серіктестіктің директоры Сайрамбек Әбдірасулов аймақ басшысын құрылыс алаңындағы стенд арқылы жаңа мектептің құрылысымен және техникалық сипаттамасымен таныстырды. Ауылдық округ орталығынан бой көтергелі тұрған қос қабатты білім ошағының жалпы аумағы 5 мың шаршы метрді құрайды. Мектеп ғимараты төрт блоктан тұрады. Құрылысшылар оның А блогының іргетасын қалап, қабырғасын көтеруге дайындық жұмыстарын жүргізуде.
- Білім ошағы қыс мезгілінде қатты отынмен жылытылады. Оның дербес жылу орталығы, үлкен спорт және акт залы бар. Мектеп құрылысына республикалық бюджеттен 771 млн. теңге қаралған. Құрылыс 2012 жылы аяқталады. Биыл қаражаттың 300 млн. теңгесі бөлініп, бүгінгі таңда оның 79 млн. теңгесі игерілді, - дейді мердігер құрылыс компаниясының басшысы. Ал ауылдық округтің әкімі Әзия Қыстаубаева «Біздің ауылда ауыз су мен аяқ су және жарық мәселесі шешілген. 50 орындық балабақшамыз бар. Ең үлкен арманымыз типтік жобадағы жаңа мектеп болатын. Іргетасы сонау 1960 жылдары салынған мектепте балалар үш ауысымда оқиды. Жаңа мектеп ғимаратына арнап ауыл орталығындағы жер телімін 20 жыл бойы сақтап келдік. Міне, енді сол тілегіміз де қабыл болып отыр» деп ел ағаларына тұрғындар атынан ризашылығын білдірді. Өткен жылы іргелес жатқан Екпінді ауылдық округінде 200 орындық, ал Сунақата ауылына қарасты Еңбек ауылында биылғы қаңтар айында 100 орындық мектеп пайдалануға берілді. Жас ұрпақтың заман талабына сай жабдықталған жаңа мектептерде білім алуына жағдай жасап отырған Мемлекет басшысына ауылдағы ағайынның риясыз алғысын жеткізуі де орынды. Жаңа мектептің құрылысын бастаған мердігер мекеменің құрылыстың сапалы салынуына тұрғындардың да жауапты екендігін еске салған облыс әкімі мұнан соң ол жаңадан ашылған лагерьдің ашылу салтанатына қатысты. Бесарық ауылдық округіндегі «Талдысу» тынығу лагерінің құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталып, өткен жылдың шілде айында аяқталды. Биылғы қаңтар айында «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына - 20 нысан» девизі бойынша пайдалануға берілген лагерь құрылысын «СМК-Қызылорда» ЖШС жүргізді. Аталған тынығу орны 15 гектар жерге орналасқан, төрт блоктан тұрады. Балалардың жатын бөлмелерінен бөлек медициналық қабылдау орны, асхана және ашық спорт алаңы жасыл желекке көмкерілген алаңқайларда орын теуіпті.
- Биыл лагерь аумағына 2300-ден астам түрлі тал егіліп, көгалдандыру жұмыстары ойдағыдай жүргізілді. Тынығу лагері атақты Бесарық су қоймасының іргесіне әдейі салынды. Бұл біріншіден, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын өркендетуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан бұрыннан өсіп тұрған «Сақтаған бауы» осы лагерьдің аумағына жатады, - дейді аудан әкімі Бекмырза Еламанов. Тынығу лагеріндегі балалардың жатын орны мен өзге де нысандармен танысып шыққан аймақ басшысына аудан әкімі мұнда Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан 320 бала тынығуға келгенін, балалардың тынығуына «Игілік» қоры демеушілік жасағанын жеткізді. Тынығу лагерінің ашылу салтанатында лагерь туын көтеру құрметіне ие болған облыс әкімі биылғы жылы 11 мыңға жуық балалардың жазғы демалысты осындай тынығу лагерьлерінде өткізетінін, бұған қоса, 300 баланың Астана қаласына туристік саяхатқа жіберілетінін атап өтіп, лагерьдегі балғындарға ресейлік «ПАЗ» маркалы жаңа автобусты тарту етті. Мұнан соң Манап ауылындағы 150 орындық жаңа клубтың құрылыс жұмысымен облыс басшысын мердігер мекеме «Универсал Сервис ЛТД» ЖШС директоры Ерсайын Шакиев таныстырды. Мұндай мәдениет ошақтарының облысымыздың бірнеше ауылында салынып жатқанын атап өткен аймақ басшысы партиялық бақылау бекеті мүшелеріне құрылыстың сапалы жүруі үшін үнемі бақылау қажеттігін ескертті. Қаратөбе ауылы іргесіндегі 7 гектар жерге орналасқан жылыжайдың жұмысымен танысқан облыс әкіміне алматылық инвестор Айдар Пірмаханов Қызылорда қаласынан да бірнеше жылыжай салу ниеті бар екенін жеткізді. Инвесторды мейлінше қолдайтынын білдірген әкімге осындағы «Серікбай» ШҚ атқарған жұмыстарды оның төрағасы Амантай Сарбасов айтып берді. Аталған жылыжай жылына 60 тонна қызанақ береді. Биыл салынған жылыжайда қызанақ егу ақпан айында басталды. Нәтижесінде бағбандар бүгінге дейін 15 тонна өнім өндіріп, оны Қызылорда, Түркістан және Алматы қалаларына өткізіп жатқанын, бұған қоса, бірнеше гектар жерге картоп пен жуа, сәбіз және қызылша егілгенін жеткізді. Қожакент ауылдық округінде осыдан екі жыл бұрын үшем дүниеге келген еді. Аймақ басшысы Б.Қуандықов үш бірдей қыз баланы дүниеге әкелген ана Қыздығой Ахметованың отбасында болып, екі жастан енді асқан сәбилер - Айсұлу, Күнсұлу және Жансұлуға сыйлықтар табыс етті. Отбасының жағдайымен танысқан ол аудан әкімі Б.Еламановқа алдағы күзге дейін кент орталығынан көпбалалы жанұя үшін баспана тауып беруді тапсырды. Оның қаражатын облыстан шешуге күш салатынын жеткізген облыс әкімі №184 орта мектепке ат басын бұрды. Ауыл орталығында 11 жылдық №148 және биыл жылдың басында пайдалануға берілген 140 орындық орта мектеп бар. Жаңа мектепті аралап көргенде кеткен кемшіліктің бірі - оқу ошағына желдеткіш салу ісі ұмыт қалған. Облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Әлімжан Қарқынбаевқа ақауды орнына келтіру жұмысы тапсырылды. Мектеп директоры Қыдырқожа Үсенов сонымен қатар мектепалды даярлық тобына парта жетіспейтінін айтып өтті. Жаңадан пайдалануға берілген білім ошақтарының бәріне де мектеп жиһаздары кешенді түрде берілу керектігін еске алған облыс әкімі мұның да шешімін табатынын атап өтті. Жаңақорғандағы ел игілігі жолында атқарылып жатқан жұмыстарды саралаған аймақ басшысы мұндай әлеуметтік нысандардың елді мекендерде алдағы уақытта да салынатынын мәлімдеді.Облыс әкімі Б.Қуандықовтың осы күнгі сапары Сырдария ауданында жалfғсып, ол «Жалын» жазғы тынығу лагерінде болды. Мұнан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын іргесі қаланған тынығу лагері Тереңөзек кентінен екі шақырым жердегі шұрайлы жерге орналасқан. Оның барлық аумағы 15 шаршы шақырымды құрайды. Әр маусымда жаңаланып отыратын лагерь биыл да күрделі жөндеуден өткізілген болатын. Жасыл желек оранған лагерь аумағына биыл тағы да жаңа ағаштар егіліп, өрнекті тас тақтайшалар мен көрікті гүлзарлар төселді. Жолдар асфальттанып, тынығушылардың тұрмыс қажетін өтеу нысандары жаңаланды. Осындай жұмыстарға жергілікті бюджеттен қосымша 17,2 млн. теңге қаржы қаралды. Сондай-ақ лагерь аумағы қоршауланып, балаларға арналған жатын, демалыс бөлмелері мен компьютер класының жиһаздары жаңаланды. Лагерьдің жаңа маусымының ашылуына келген облыс әкімі балалармен бірге асханадан ас ішіп, мерекелік алауды жақты. Жас өскіндерді қуанышты сәттермен құттықтап, оларға үлкен теледидар тарту етті. Балалардың қуанышын облыс әкімімен бірге ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім беру басқармасының бастығы Ардақ Садықова, облыс әкімінің орынбасары Мұрат Мұхамедов, аудан әкімі Сұлтанбек Тәуіпбаев, облыстық білім басқармасының бастығы Жаңыл Жонтаева, басқа да бірқатар кісілер ортақтасты. Қамқор көңілдерге ризалық танытқан өрендер мереке отын лаулатып, ән-күйден шашу шашты.
Оны облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма ұйымдастырды.
Сайысқа 14 талапкер қатысып, 3 тапсырма бойынша білім жарыстырды. Сынақтар сауалнама толтыру, лексика-грамматикалық тест орындау, жазбаша және ауызша тапсырмалар бойынша жұпталып берілген тақырыпқа диалог құру, шығарма жазу, қазақ әдебиеті классиктерінің өмірбаяндарын қысқаша баяндау, прозалық немесе поэзиялық шығармалардан үзінді оқу түрінде өтті. Сарапшылар талапкерлердің біліміне, сауаттылығына, тіл байлығына, тіл мәдениетіне, мәнерлеп оқуына, сахнада өзін-өзі ұстауына ерекше көңіл бөліп, бағаларды осы өлшемдер бойынша белгіледі.
Қорытындыда бірінші орынды №198 орта мектептің 11 сынып оқушысы Ян Пилюшина жеңіп алды. Екінші орынға №5 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Ситора Ниязова, үшінші орынға 7 сынып оқушысы Никита Прохоренко лайықты деп табылды. Сонымен қатар №233 мектептің 9 сынып оқушысы Наталья Соловьева, «Мұрагер» мектебінің 9 сынып оқушысы Елена Тян және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 1 курс студенті Анастасия Мирко ынталандыру сыйлықтарын еншіледі. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Санаулы күндерден кейін Барыс жылы тарих қойнауына еніп, төрімізге Жаңа жыл келеді. Бұл орайда айтарым, өткен жыл саяси маңызды шараларға толы болды. Ал келер жылда біз ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтеміз. Осынау мерзім ішінде мемлекетіміз толағай табыстарға қол жеткізіп, уыздай ұйыған бірлігімен әлем елдеріне аты мәшһүр ел бола білді.
Алдағы жаңа жылдан күтер үмітіміз мол. Яғни, халқымыз ауызбіршілігінің нәтижесінде биік белестерден көріне беретініміз кәміл. Баршаңыздың отбастарыңызға амандық-саулық тілеймін, - деді аймақ басшысы құттықтау лебізінде.
Расында, облыс әкімі атап өткендей, биылғы жылда Сыр өңірінде елеулі жобалар жүзеге асырылып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Бұл біріншіден, өндіріс ауқымын кеңейтсе, екіншіден, жұмыс орны санының арта түсуіне ықпал жасады. Мұндай игі жетістіктер алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Себебі, Сыр бойының жұртшылығы біркісідей жұмылып, асқаралы асуларды игеретініне сенім мол.
Сән-салтанаты келіскен мерекелік шара барысында өнерпаздар әуелете ән салып, би биледі. Жалпы айтқанда, мәні зор тағылымды шара жоғары деңгейде өткізілді.
Оған Қазақстан, Оңтүстік және Солтүстік Корея, Қытай, Жапония, Тайланд, Иран және Өзбекстан құрама командалары қатысты. Өз тобында Қытай, Солтүстік Корея және Тайланд қыздарын жолда қалдырған қазақстандықтар ақтық сында құрлықтың он дүркін жеңімпазы Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Аса тартысты бәсекеде 33:32 есебімен жеңіске жеткен жерлестеріміз үшінші мәрте Азия чемпионы атанды. Жүлделі үшінші орын қытайлық қыздардың еншісіне тисе, төртінші орынды Жапония иеленді. Алғашқы төрттікке ие болған бұл командалар келесі жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.
Алтынмен апталған ұлттық құрама сапында Қызылорданың «Сейхун КАМ-КГУ» командасының ойыншылары Гүлзира Ысқақова, Әсем Батырбекова және Жаннат Әйтенова өнер көрсетті.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: