Оқиғалар
Жыл сайын Қазақстанда Еуропа күні аталып өтеді. Биылғы жылы негізгі іс шаралар Ақмола облысның аумағында өткізілді. 2011 жылдың 28 мамырында аталған іс-шараға қатысу үшін облыс орталығы – Көкшетау қаласына Еуропаның 20 елдерінен келген дипломатиялық миссияларының басшылары келді. Олардың ішінде тұрақты әріптестеріміз – көптеген өңірлік туристік іс шаралардың қатысушылары Төтегше және Өкілетті Елшілері: Австрия – Урзула Фарингер, Германия – Райнер Шлягетер, Чех Республикасы – Берджик Капецки, Болгария – С.Русинова, Италия –У.Бони, Нидерланды – М.Кюль және т.б.
Еуропа күні Көкшетау қаласында Ақмола облысының әкімі С.Дьяченконың Қазақстандағы Еуроодақ миссиясының басшысы Нобер Жюстен бастаған Еуроодақ делегациясын облыстық әкімдіктің мәжіліс залында ресми қабылдауымен басталды.
Көкшетау қаласының «Тәуелсіздік» алаңында өткен салтанатты ашылу рәсімінде Ақмола облысының әкімі С.Дьяченко және Қазақстандағы Еуроодақ миссиясының басшысы Нобер Жюстен құттықтау сөз сөйледі. Бұл жерде мекенің қонақтарына және қатысушылрына арналған мәдени-бұқаралық бағдарлама ұсынылды. Бұл Ақмола облысының өнер шеберлері қатысқан жеке шоу-бағдарлама, бұл Еуроодаққа қатысушы елдердің ақпараттық-жарнамалық материалдары мен өнімдерінің жәрмеңкесі, бұл Еуролотереялардың ойнатылуы, қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының көрмесі және т.б. Күннің екінші жартысында қонақтар Щучье-Бурабай курорттық аймағын тамашалады.
Ақмола облысының үздік шеберлері – Рустам Яковлев және Сергей Мишин 2011 жылдың 26-27 мамырында өткен «ITFA-2011» Халықаралық туристік көрмесіне қатысу үшін Ақмола облысының делегациясының құрамында Ақтөбе қаласына сапарға шықты.
Ақмола облысы делегациясының құрамына «Щучинский» санаторийі, «Жұмбақтас» пансионаты, «Алмаз» отелі, «Жолымбет» турфирмасы, «Бурабай» МҰТП өкілдерінен 8 адам енді. «Қоныс» спорт кешені сарайында көрме аясында келесі номинациялар бойынша байқаулар өткізілді: «Стендті үздік безендіру», «Үздік қол жұмысының шебері», «Жергілікті өнімді үздік таныстыру».
«Стендті үздік безендіру» номинациясында Ақмола облысынан Рустам Яковлев жеңімпаз болып танылды, ол «17 ғасырдағы қазақ жауынгерінің қару-жарақтары» тақырыбындағы металлдан жасалған жұмысы үшін 1 дәрежелі дипломмен және құнды сыйлық телевизормен марапатталды.
Біздің жерлесіміз Сергей Мишин ағаштан жасалған жұмыстары үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, құнды сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар көрмеде Ақмола облысының белгілі шебер Нэлли Погребенконың жұмыстары ұсынылды, ол арнайы сертификатпен марапатталды.
Көрме аясында «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтөбе облысының туристік саласын дамыту» тақырыбында республикалық семинар өтті.
Жәрмеңке Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру, ішкі туризмді дамыту, сонымен қатар іскерлік келіссөздер мен тиімді мәмілелер жасау үшін жағымды жағдай жасау арқылы қазақстандық туристік ұйымдарына қолдау көрсету мақсатында өткізілді.
Жәрмеңке жұмысына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С.К.Нұрқатова, Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы және «Нұр Отан» ХДП төрағасы Б.Н. Ордабаев, туризм мәселелерін басқаратын жергілікті атқарушы органдардың, туристік қызмет субъектілерінің, туризм саласының мамандарын даярлайтын оқу орындарының, ұлттық табиғи парктер мен қорықтардың өкілдері, кәдесый өнімін шығарушылар және туристік кластерге кіретін өзге ұйымдар қатысты.
Successfully held a presentation of tourist potential of the Akmola region for a representative delegation of businessmen Masovian Voivodeship of Poland arrived, headed by Chairman Voivodeship Marshal Adam Struzikom.
In his opening speech, Mayor Akmola region Dyachenko noted a marked similarity between the two regions, which are located in the capital city of Astana and Warsaw, as well as the unique natural complexes as SSPE Burabai, Kokshetau "," Korgalzhyn nature reserve "in the Polish voivodship Zegzhinskoe reservoir with a unique place for recreation, beach tourism, walks on passenger ships, etc.
Great interest in the guests brought a video presentation of evidence by the Office of Tourism, Physical Culture and Sports of the tourist potential of the region, the opportunities not only to build a joint business in manufacturing, provide local market high quality products to foreign partners, but also to expand cooperation in the development of inbound and outbound tourism.
Қалықтап ұшқан бүркіт- Тәуелсіз Қазақстан Республикасының рәмізі, осы белгімен біздің мемлекетіміздің Тәуелсіздік күніне орай Ақмола облысы Көкшетау қаласының маңында көркем Бұқпа тауында «Қонсонар-2010» атты аңшылық құстар шеберлерінің Республикалық VI ашық Чемпионаты болып өтті. Осы жылы бұл «КСРО аңшылық кәсіптің үздігі» белгісінің иегері біздің жерлесіміз, белгілі бүркітші – Мәсіп Батырханұлының 125 жылдығына арналады. Қонақтармен аталған іс – шараға қатысушыларды Көкшетау жері күн шуағымен, қысқы мейрамдарға қарсы түскен аппақ қар мен және аяз сергектігімен қарсы алды.
Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарынан Астана қаласынан, Алматы және т.б. аудандардан шеберлігі жоғары бүркітшілер және аңшы- бүркітшілер Көкшетау қаласындағы Чемпионатқа келді. Келген аң аулаушы құстарымен 19 ең үздік аңшы шеберлері Чемпионаттың салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасының әнұраны орындалғанда түзеле түсті. Чемпионаттың арнайы ашылуында салтанаты дәстүр бойынша сөз кезегі «КСРО Аңшы кәсібінің үздігі», аты аңызға айналған аңшы- бүркітші Батырханов Мәсіптің немересі – Құрметті конақ Шынарбек Бүркітбайұлына берілді, оның айтуы бойынша, атасы Мәсіп өткен 100 жылдықтың 30-40 жылдарында атақты аңшы – бүркітші болған, сонымен қатар барлық кеңестік аңшылар сайысына қатысып, жүлделі орындарға ие болып және сол кездегі құрмет грамотасымен марапатталған. Кәсібінің арқасында өзінің туған жері Ботай ауылын аштықтан сақтаған. Соғыс жылдары ұлдарын майданға жіберіп, өзінің жас шамасына қарамай аңшылық кәсібін жалғастырып, ішінен фашистік жаулаушыларды қайтсекте жеңіске жетуіміз керек деген тілегін ойлап, аңшылықтан түскен олжасын Мәскеуге жіберіп, содан түскен табысты Майданды қару – жарақ пен оқ-дәрілер мен қамтумен көмектескен. Осы үшін 1945 ж ылы 6 шілдеден КСРО –ның Жоғары Кеңес Президиум Жарлығымен аңшы Мәсіп Батырханұлы «Ұлы Отан Соғысы 1941-1945 жылдардағы сіңірген жігерлі еңбек» медальімен марапатталған.
Чемпионат 3 іріктемелі этаптан құралған, яғни сайыста шеберлер өздерінің аңшы-бүркітшілерін құс ұшу биіктігінен олжаны байқау және «оқтай» мақсатқа жету үшін - ең алдымен қақпанға түскенді ұстап алу, содан биіктеп аспанға ұшып олжаны, яғни желаяқ қоянды немесе үлпілдген қу түлкіні ұстап беру. Ең мықты құсты анықтап, оның шамасы жеткілікті ірі, яғни қасқыр сияқты жыртқыш аңды ұстау үшін сайыстың барлық этаптары ескерілуі қажет. Бүркіттердің биікке самғап ұшуы мен олардың ұстап алу мақсатындағы олжасына нақты түсуі және өздерінің иелеріне қайта оралуына қарап көпшілік көрермендер мен жанкүйерлер ұмытылмас қуанышқа толы болды. Құрбандыққа жіберілген аңдар арасында қоян және ірі түлкілер бар, яғни олар аң аулаушы құс тырнағынан орманға «бостандыққа» қашып құтылуға ұмтылатынын ескеру қажет. Өткен Чемпионат қорытындысы бойынша атақты шебер -бүркітшілер болып Ақмола облыстарынан Тастамбек Үмітхан және Збасов Абылайхан, Қарағанды облысынан жалғыз бүркітші –қызбала Абдразакова Мақпал және т.б. атанды. Осы жылы Чемпионаттың аңшы шеберінің алтын медальіне Астана қаласынан – Тоқтыбаев Күнтуған, Павлодар облысынан Тасыбаев Иманзайып бүркітімен аңшы шеберінің күміс жүлдегері, Ақмола облысынан бүркітші Тастамбек Үмітхан қола медальіне ие болды.
Көпшілік көрермендер мен жанкүйердің қызығушылығын аңшы-бүркітші шеберлерінің сайысы тудырды. Аңшы-бүркітші батырлары болып жас шеберлер атанды, Жамбыл облысынан Шернияз Бауыржан және Турнияз Бауыржан, Ақмола облысынан Уәлиханов Шыңғыс. Олар өздерінің аңшы-бүркіттерімен аңды ұстау шеберліктерін көрсетті. Чемпионаттың қорытындысына Батырханов Мәсіптің немересі Шынарбек Бүркітбайұлы Мәсіптің ұлы болып келетін Бүркітбай, жастарға атасы атынан арнайы сыйлықтар таратты, осындай іс-шаралардың болуы Қазақстанның әр түрлі аудандарының аңшы –бүркітшілеріне үміт береді. Соңғы жылдары Батырханұлы Мәсіп атындағы ерекше диплом иегерлері шебер-бүркітшілер болып Ақмола облысынан Шулебаев Қанат және Шеер Денис, Қарағанды облысынан жалғыз бүркітші –қызбала Абдразакова Мақпал, Жамбыл облысынан Шернияз Бауыржан, Астана қаласынан Тахтыбаев Еркебулан және т.б.
Чемпионтқа қарсы Ақмола облысына келген аңшы –бүркітші шеберлері мен Көкшетау қаласының Құрметті азаматы, соғыс және еңбек ардагері, атақты бүркітшінің ұлы – Батырханов Бүркітбай Мәсіпұлы кездесті.
Ол қонақтарға әкесінің аңшылық кәсібі туралы терең айта түсе, тыңдаушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Мәсіп Батырханұлының 125 жылдығына арнайы фото-көрме ұйымдастырылған, сонымен қатар оның биографиясына және Қазақстандағы бүркітшілік кәсіптің дамуына. Берілген іс –шараның кездесуінде Көкшетау қалалық маслихаттың хатшысы Мұстафин К.К. сөз сөйледі.
Аңшылық құстарымен шебер атаған Қазақстандық Чемпионат ҚР Туризм және спорт министрілігі Спорт комитеті және Қазақстанның Республикасының бүркітшілер Федерациясы тікелей Ақмола облысынң спорт мектебінің ұлттық түрлерінің ұйымдастыруы бойынша өткізілді. Чемпионаттың құрметті қонақтары қатарында Ақмола облысының әкімі Дъяченко С.А, «Нұр Отан» ХДП Ақмола ұйымының төрағасының бірінші орынбасары Шойкин Г және т.б қатысты.Чемпионат жеңімпаздарын марапаттау салтанатында Қазақстанның Республикасының бүркітшілер Федерациясының президенті Земблевский В.Н, аты аңызға айналған атақты аңшы Мәсіп Батырханұлының немересі Батырханов Ш.Б, Ақмола облысының БЖСМ ұлттық спорт түрі бойынша директоры Койшин М және т.б.
2010 жылы 10 желтоқсанда Көкшетау қаласында Ақмола облысының әкімі Дьяченко С.А қатысуымен облыстық маслихаттың кезекті сессия отырысы өтті. «Ақмола облысында туризмнің болашақ дамуы және қазіргі жағдайы» мәселесі күн тәртібіне енгізілген. Сессияға депутаттар, облыстық басқарма жетекшілері, облыстық қала және аудан әкімдері, сонымен қатар міндетті атқарушы органдар, туризм мәселесін басқарушылар, туристік қоғамдықты қалыптастырушылар,( ұлттық табиғи парктер, туристік фирмалар, туризм кадрын дайындаушы оқу орындары) қатысты. Облыс әкімнің орынбасары – Қайнарбеков А.К күн тәртібіне сәйкес баяндама оқыды. Баяндамада мынандай мәселелер қарастырылды, яғни туризмнің даму динамикасына байланысты, сонымен қатар Ақмола облысында туризмді дамытудың белсенділігін көрсететін нақты мысалдар келтіріліп оның қажеттілігін атап өтті.
Соңғы жылдары Қазақстанда туризмді дамытудың мәселелері бойынша әсіресе, Ақмола облысында тұрақты түрде Үкіметтің және Президенттің жеке назарында болумен мінезделеді. Туризмді дамытуға бағытталған мәселелерді нақтылайтын бір қатар мемлекет басшысының бұйрықтары мен Үкіменттің шешімдері, 2007-2011 ж Қазақстанда туризмді дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасын, сонымен қатар 2010-2014 ж Қазақстан Республикасында туристік индустрияны дамытуға бағытталған болашақ бағдарламасының қабылдануы.
Ақмола облысы бойынша Елбасының бөлек Бұйрықтары қабылданған, яғни заманауи туристік орталықты қалыптастыру үшін арнйы экономикалық зона қалыптастыру, оның барлық әлем стандарттарына сай болуы, 2007-2014 ж туризмді дамыту Мемлекеттік Бағдарламасына «Щучье- Бурабай курорттық зонасын дамыту» бөлімін қосуы туралы ҚР Үкіметінің Қаулысы қабылданған.
Курорттық аймақта туристердің тұрақта ағымын қамтамасыз ету маңызды орынды иеленеді, соның ішінде ірі жоба Астана –Бурабай алты жолсызығының көлік -магистральінің құрлысын жүзеге асыруына байланысты.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтың Щучье-Бурабай курорттық зонасын дамыту мәселелеріне байланысты бір қатар арнайы жиналыстар, сол жерге барумен орындалды.
Ақмола облысында және Қазақстанның басқада аймақтарда кеңейту мақсатында облыс өкілдері көптеген аймақтық, республикалық және халықаралық туристік іс-шараларға белсенді қатысады.
Ұлттық туристік өнімнің нақты құралы ретінде Қазақстанның туристік аясында маңызды іс – шараларының бірі «Туризм және Саяхат» атты 10-шы мерейтойлы Қазақстандақ халақаралық туристік жәрменкесіне 21-23 сәуір аралығында өткен Ақмола облысы қатысты.
Жәрменкенің көрме стенд экспозициясында берілген сала бойынша 36 әлем елдерінен 500 ден астам компаниялар ұсынылды. Ақмола облысының өкілдерінің Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы басшылығымен ұсынылған мекемелер: МҰТП «Бурабай», 10 санаторялық –сауықтыру мекемелері және 7 туристік фирмалар соның ішінде: Көкшетау қаласынан «Жолымбет», «Дружба», «Круиз», «Яссауи» , Щучье қаласынан «Золотой бор», «Глобус», Сандықтау ауданынан ЖШС «Дружба», ЖШС «Зерен Нур», СЗО «Приозерный», СК «Сункар», ДО «Зерен», «Алмаз» отельі, «Щучье» санаториі, «Зеленый бор», «Оқжетпес», БСО «Лесная сказка». Жалпы көрме ауданы -20кв.м құрады. Жұмыс барысында Ақмола қатысушылар өкілдіктеріне облыстың туристік мүмкіншіліктер жайлы 20 мыңнан астам бірлік баспа және электронды жарнама өндірісі таратылды. Көрмеге әр түрлі каталог түріндегі полиграфиялық жарнама өндірісі, туритік баға-тізімдері, буклеттер,проспектер, плакаттар, күн тізбелер, визиткалар, журналдар, мультимедиялық- визиткасы, сувенирлік өнім,(қалам,белгілемелер), беджтер және т.б. Ақмола облысының көрме павильонында көрермендерге облыстың туристік потенциалы туралы видио- фильм және жарнамалық роликтер көрсетілді. Көрмеде сонымен қатар туристік фирмалар және сауықтыру мекемелерінің өкілдері сөз сөйледі.
Сессияның қорытындысы бойынша айтылған сөйлемдерін ескеріп, сонымен қатар туризм аясын дамыту мәселелері бойынша бағыттар және аймақ экономикасында оның рольін жоғарлатуды ескеру шешімі қабылданды.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: