Оқиғалар
2012 жылдағы туризм дене шынықтыру және спорт басқармасының іс-шаралар жоспарымен сәйкес 2012 жылдың 4-6 сәуір аралығында Зеренді демалу зонасы жаңа спорттық-сауықтыру кешені аумағында Кожамжаров К.П., және әкімнің орынбасары Квятковский Э.О., қатысуымен Ақмола облысы әкімі «Туризм.Сауықтыру.Саяхат жасау-2012» атты 9- Ақмола өңірлік туристік жәрмеңкесі (Akmola Regional Tour Fair «Tourism. Health enhancement. Tours-2012» (ARTF-2012) өтті.
Ақмола өңірлік туристік көрмесі - туризм аясында тығыз қарым-қатынастағы Қазақстан өңірлері мен Ақмола облысының туристік жағдайының күшейтуіне және құрылуына бағытталған іс-шаралардың негізгісі болып табылады. Халықаралық нарыққтағы отандық туристік өнімнің қозғалысы, серіктестік қатынастардың орнатылуы, Қазақстанның, шетел туристік компаниялары арасында пайдалы келісімдердің жасалуы көрменің негізгі мақсаты болып табылады.
Көрмеге Қазақстанның 11 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан сонымен қатар Ресей Федерациясының Омбы облысынан туристік компания делегациялары келіп қатысты. Көрмелік тұрақтарға 100 экспоненттер ұсынылды. Келісім компаниясын өткізу үшін 200 астам тамашалаушылар келді. Көрме қонақтарына мынадай бөлімдер ұсынылды: белсенді және таңғажайып, емдік-профилактикалық және санаторлы-курорттық демалыс, экологиялық және спорттық туризм, қонақ үй ісі, автобустық және экскурсиондық турлар, қонақ үй шаруашылығы, сувенирлік өнімдер, мұражай ісі, мәдени-тарихи ескерткіштер және т.б. Жәрмеіке көрмесіне 1 мың адам келді. Туроператорлардың көбі Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды областарынан, Астана қаласынан келді. Ақтөбе облысы стендінде саз өнімдерінен сувенирлер жасау бойынша мастер-кластар көрсетілді. Аталмыш жәрмеңке Ақмола облысына және одан тысқары туристік келулер ағымын кеңейтіп жақсартуға мүмкіндік беретін Қазақстандағы дәстүрлі туристік іс-шараға айналды.
Жәрмеңкенің ашылу шарасына арнайы тұлғалар қатысты: Любомир Регак -Қазақстандағы Славян өкілі, Кертешев Т. С. -БҰҰ даму жоспары бағдарламасының Ұлттық менеджері, Шайкенова Р.Р. -Қазақстан Түрік қауымдастығының басшысы және басқалары.
Жәрмеңкенің қатысушылары мен қонақтарына алғысөзді Облыс әкімі Кожамжаров К.П., Қазақстандағы Славян өкілі Любомир Регак жәрмеңкеге арнайы шақырылымы үшін алғысын білдіріп, туризм саласы бойынша Қазақстанмен тығыз қатынас орнату ықыласын білдіріп сөйледі. Жәрмеңкенің қатысушылары мен қонақтарына арналған алғысөзінде Ақмола облысында бұрын болған Қазақстан Түрік қауымдастығының басшысы Шайкенова Р.Р. қатысушылар тобының кеңейгенін және туристік инфрақұрылымдардың жақсарғанын атап өтті.
Көрме тұрақтарын тамашалағаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін пресс-конференция, ал жәрмеңке қатысушылары үшін дөңгелек үстел отырыстары болды.Масс-медиа мен отырыс қатысушылары кездесуде Қазақстандағы туризмнің даму қарқыны мен жағдайы, шетел инвестициясы көмегімен республика аумағында кейбір проектілерді жүзеге асыратын және экономикалық қиындық шарттарына төтеп бере алатын туроператорлар туралы айтылды.
Жәрмеңке аумағында әрбір қатысушы жеке шақыру талондарын иеленіп, жақсы санаторий, демалу үйлері және қонақ үйлерге Щучинск-Бурабай курорттық және Зеренді демалу үйлеріне тегін жолдамалар, Ақмола облысы қолөнер шеберлерінің сувенирлік сыйлықтары, сонымен қатар басқа да өнімдер түріндегі сыйлықтарды алу үшін арнайы ұтыстарға қатысты.
Сонымн қатар жәрмеңке басталмас бұрын қатысушылар үшін жәрмеікенің 4 номинациясы бойынша сайыс бағдарламалар туралы ақпараттар берілді.
-«Ең жақсы көрмелік тұрақ»
-«Туристік қызметтердің ең жақсы презентациясы»
-«Ең жақсы ақпараттық жарнама пакеті»
-«Өңірдің өзіндік мәдениеті мен таризы және ұлттық дәстүрі бойынша ең жақсы көрініс»
Барлық сайыстар бойынша қатал әділ қазылар қорытынды жасап және қатысушыларды арнайы марапаттау шарасы жүргізілді.
Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
«Ең жақсы көрмелік тұрақ»
1 орын – Академия «Көкше» Көкшетау қ.
2 орын – Солтүстік Қазақстан облысы
3 орын - «Сұңқар» СК Зеренді ауданы
«Туристік қызметтердің ең жақсы презентациясы»
1 орын – Ақмола облысының тарихи-мәдени мұраларды қолдану және сақтау Орталығы
2 орын – Қостанай облысы
3 орын – Жамбыл облысы
«Ең жақсы ақпараттық жарнама пакеті»
1 орын – Павлодар облысы
2 орын – Актөбе облысы
3 орын – «Зерен Тур» ҚО Зеренді ауданы.
«Өңірдің өзіндік мәдениеті мен таризы және ұлттық дәстүрі бойынша ең жақсы көрініс»
1 орын – Бұланды ауданы
2 орын – Зеренді ауданы
3 орын – Сандыктау ауданы.
Жәрмеңкенің ең белсенді қатысушылары жәрмеңке ұйымдастырушыларының арнайы алғысхаттарымен марапатталды. Жәрмеңкенің басты қорытындысы Ресей Федерациясы және Қазастан, Ақмола облысы туристік ұйымдары арасында серіктестік туралы 300 аса келімдер жасалуы болып табылады.
Жәрмеңке жұмысы Зеренді, Щучья-Бурабай курорттық зоналарында жаңа демалу обьектілеріне бару жарнама-ақпараттық турының өтуімен аяқталды. Жәрмеңкенің өтілуі мен қорытындысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен «Хабар», «Қазақстан» телеарналары , республикалық және жергілікті БАҚ -да берілді.
Өткен жәрмеңке Қазақстанның, Ресей федерациясы және басқа да мемелекеттердің барлық өңірлерінен келген қонақтар мен қатысушыларға Ақмола облысының туристік дамуы және демалу индустриясының м.мкіншіліктерін тағы да көрсете білді. Жәрмеңкенің қатысушылары мен қонақтары өз елдеріне орлу барысында облыс басқармасы мен жәрмеікенің ұйымдастырушыларына көрсетілген керемет бағдарламалары үшін үлкен алғыстарын білдірді.Ақмола облысындағы өңірлік туристік іс-шараларында жаңа кездесулерді тіледі.
Ақмола облысы
Туризм, дене шынықтыру және
спорт басқармасы
Ненің қарсы мен жақтасты сапалап өлшеп. Кеше біздің облысымызға ҚР Парламенті Сенат депутаттары, «Оњір» депуттатық топ мүшелері, ведомство мен министрліктен өкілдер жұмыс барысымен келді. Бурабай ауданында олар ерекше маңызды коммуналды және әлеуметтік обьектілермен танысып, « Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы бойынша Щучинск-Бурабай курорттық зоналарының дамуы мен мүмкіншіліктері» атты тақырып бойынша дөңгелек үстел жиыны өтті. Парламент Сенаты өкілінің орынбасары Александр Судьин өзінің алғысөздінде «Бурабай» туристік орталығын дамыту бойынша жобаны жүзеге асырылуы, аңірде кішкене және орта кәсіпті дамытуға кеңінен жол ашатынын атап өтті.
Сонымен қатар туристік саланың мүмкіншілігін дамытуда ерекше мағыздылықты Зеренді, Сандықтау, Қорғалжын аудандары алатыны жайлы да аталып кетті.Мұнда экологиялық, емдік-сауықтыру, мәдени-танымдық туризмнің тиімділігін арттыру үшін, үлкен резервтер бар.Вице-спикер: «Бүгінде туристік индустрия обьектілерінің тартымдылығын арттырып, қажетті инфрақұрылымды тұрғызу қажет» деп баса назарды аударды. Жалпы, ол, Ақмола облысының туристік саласының дамуы туристік имиджді күшейтуге және ұлттық туристік өнімнің халықаралық нарықта сәтті жылжуына жол ашатыны жайлы атап кетті.
Облыс әкімі Қожамжаров Қайрат жоғары дәрежелі қонақтарды қарсы алып, тақырыпты талқылау Елбасы Жолдауы аясында өтіп жатқанын және әлемдік стандартқа сай курорттық зонаны тұрғызумен қатар экологияны сақтау бойынша жұмыстарды бірге жүргізу өте маңызды екенін айтып өтті.Сөз сөйлеушілер туындаған мәселелердің шешімін табудағы және көзделген мақсатқа жетудегі өз ойларын ұсынды.ЩБКЗ дамуындағы басты жоспар назарға ұсынылып, дамудың жүйелік жоспарын қабылдап және жүзеге асыруға байланысты қызығушылық танытушы жақтарға осылай жеткізілді.Парламент депутаттарының көмегімен туындаған тапсырмалар қатарын шешудегі іс-шаралардың қабылдануына сынатор Светлана Джалмаганбетова да өз ойларымен бөлісті.Мұндай жүйелік жоспардың бірінші рет дайындалып жатқаны және депутаттар қатары бір ауыздан бұл бағдарламаға мәселелі сұрақтардың шешу бойынша іс-шараларды қосуға ат салысатыны жайлы атап өтті. Оның сөздері бойынша, бұл жоспарға куроттық зонадағы көлдерді тазалау, рекреациялық ауырпалықтары анықтау бойынша зерттеу жүргізу, жылумен қамту және жергілікті жолдарды түзету бойынша ұсыныстар қатарй енуі қажет. Сондай-ақ «Бурабай» МҰТП мүмкіндіктері, инфрақұрылымының ерекшеліктері және табиғи бай мүмкіншіліктерін сақтау бойынша тәжірибелі шаралар жайлы да сөз болды. Алға қойылған мақсатқа жету жолында транспорттық сала, соның ішінде Көшетау әуәжайының қайта құрылысы, заманауи желінің барлық түрлерімен қамту және спорттық жаңа обьектілерді енгізу ерекше назарда болатыны түсінікті.Бүгін облыс әкімі Қайрат Қожамжаров Көкшетау қаласында Сенат депутаттарын қарсы алып, Астана айланасындағы сатылым белдеуінің даму қарқыны мен мәселелері туралы талқыланатын «дөңгелек үстел» өтеді.
ВикторияСАШИНА.
Фото Ермурата ДОСУМОВА.
«Көкшетау» мәдениет сарайында халықтар алдында Ақмола облысы әкімінің кезекті басты есебінде облыстың экономикасының барлық саласының күшті жетістіктерін 3 көрме экспоцизия залында ұсынды. Агроөнеркәсіп кешені жетістіктерімен қатар туризм саласы да өздерінің күшті обьектілерңн ұсынды. «Көкшетау», «Бурабай» ұлттық табиғи парктерінің көрме стенділері көбіне табиғи жағымды болып көрінді.
Өңіріміздің қонақ үй бизнесін «Алмаз» қонақ үйі сәтті ұсынды, «Сұңқар» СШ балалар демалысындағы обьектілерді кең ауқымда ұсынды, сонымен қатар Қорғалшын мемлекеттік қорығы, Сандықтау табиғи кешені және т.б. шеттен тыс қалмады.
Власенко Л.И.,Бойковской А.К., Джакупбековой В., Фризен В.И., Яроцкой Л.В., қол өнер шеберлері келушілер тұрғысынан үлкен қызығушылық тудыртты.
Академия департаментінің жетекшісі Ержанова Г.Е Академия «Көкше» жайлы барлық ақпараттар мен ондағы туристік кадрларды даярлау туралы мәліметтерді ұсынды.
Ақмола облысы әкімі К.Кожамжаров туризм бөлімінде әрбір стендтің қасына тоқтап, әңгіме құрып, Ақмола облысының туризмін таныстырушылармен ерекше назар салып танысты. Ақмола облысының есептік кездесуіне ҚР Парламент Сенатының депутаты Джалмағанбетова С.Ж.,Ералиев Ж.Ж. қатысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.А. «Әлеуметтік -
экономикалық модернизация – Қазақстан дамуының басты векторы» Жолдауы Қазақстан қоғамының жаңа қарқынмен дамуына жол ашты. Экономикалық приоритеттік өсудегі салар арасында туризм аталған және Ақмола облысы үшін ерекше маңызды Мемлекет басшысы ҚР басшылығына қайталанбас Бурабай курорттық зонасын дамыту жүйелік жоспарын жасауды тапсырды. Елбасы Жолдауы бойынша жүзеге асырулар барысында облысқа жаңа технологиялар мен индустрия Министрі Исекешев А.О.,сонымен қатар ҚР Парламент Сенатының депутаттар тобы, Вице-спикер палатасы басшылығы Судьиный А.С. келеді.
Арнайы тұлғалардың келу бағдарламаларына дайындалу аумағында Ақмола әкімінің орынбасары Квятковский Э.О. Облыстық әкімдікте Бурабай ауданына барумен кездесулер қатарын өткізді. Жоспарлар мен бағдарламаларды талқылау барысында «Бурабай » аумағында,Республикалық шаңғы спорт базасында, «Бурабай» МҰТП келу орталығы және басқа да жерлерде обьектілерді тұрғызу презентациясына (ашылуы) байланысты қайта құру ұсыныстары енгізілді. Щучинск қаласының және Щучинск-Бурабай курорттық зонасының дамуындағы мәселелермен келуші тұлғаларды таныстыру күтіледі.
ЩБКЗ жүйелік жоспарын дамытуды Басшылық деңгейде қабылдау Бурабай өңіріне байланысты туындаған үлкен мәселелерді шешуге жол ашады.
Италияның Милан қаласына бірінші рет BIT-2012 халықаралық туристік көрмесіне қатысу үшін келгендерге итальяндықтардың және көрме қонақтарының біздің еліміздің салттары мен тарихына ерекше қызығушылық танытуы жағымды күтпеген жаңалық болды. 4 күн ішінде көптеген ел елшілері Қазақстанның стендінен еліміздің туристік мүмкіндіктері жайлы жарнамалық ақпараттардан көп мәлімет алып қызығушылық танытып және біздің елімізге келу ілтипаттарын білдірді.
24 адамнан тұратын Қазақстан делегациясында туризм және спорт, мәдениет Министрлігі , Астана қаласы, Ақмола, Атырау, Алматы, Қарағанды Маңғыстау және басқа да облыстар әкімшілік өкілдері Қазақстанның бай туристік мүмкіншіліктерін ұсынды.
Милан қаласындағы халықаралық туристік форумдағы Қазақстан өкілдерінің үлкен жұмыстарының нәтижесі көптеген іскери кездесулер,келісімдер және біздің өлкеміздің туристік потенциялы, мәдениеті, тарихы жайлы ақпарат алмасуы болып табылды. 20 мыңнан артық әртүрлі өнімдер соның ішінде барлық мүмкін видеороликтетр, мультимедиа визиткалары, буклеттер, туристік жолдамалар, кестелі карталар, ұлттық сувенирлер және т.б. қонақтар мен аталмыш көрменің қатысушыларына таратылды.
Қазақстан стендін тамашалағандардың жақсы көңіл-күйлері мен ұмытылмас әсерлері болашақта біздің елміз арасында туристік алмасулар мен келісімдердің кеңеюіне жол ашылатынына сенім ұялатады.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: