Оқиғалар
Акмола облысна Ресей Федерациясының іргелес аудандарының – Омбы, Новосибирск, Екатеринбург, Тюмень және тағы басқа қалалары сияқты, осы мемлекеттің ең ірі орталықтарымен жақын орналасуы туризм саласына ынтымақтастықты кеңейту үшін жақсы негіз болып табылады. Бұл қалалар Щучье – Бурабай шипажайының аймағына туристтердің потенциалдық жеткізушілері болып табылады.
Осы себебімен, облыс әкімдігінің қолдауымен қайта құрылған Ақмола облысының туризм басқармасы ағымдағы жылдың 5-6 сәуір айындағы Екатеринбург қаласында «Жаз – 2013ж» Халықаралық туристік көрмесіне қатысу жөнінде шешім қабылдады.
Бұл көрмеде Ресейдің әртүрлі аудандарының 230 – дан астам экспонентері, шет елдердің 20 - ға жуық ірі туристік компаниялары қатысты.
Ақмола облысының стендіне 2 күн аралығында 1.5 мың адамға жуық оның ішінде демалу аудан субъектілері жөнінде арнайы ақпараттық – жарнамалық жиынтығын алған 150 жуық қызығушылығын танытқан туристік компаниялар келді.
Көрмедегі өткізілген жұмыс, туризм саласында біздің облысымымызбен ынтымақтастығын кеңейту мақсатында, туристік бизнес субъектілерімен бірнеше іскерлік кездесулерін өткізуге мүмкіндік берді.
Бурабай ауданында а.ж. 10 сәуірінде «Ақмола облысының туристік бизнесті қолдауының негізгі құралдары» атты облыстық семинары өтті, қатысушыларға сәлемдесу сөзбен Ақмола облысының әкім орынбасары Э.Квяткосвкий сөз сөйледі. Осы семинар-кеңесте туристік бизнестің субъектілері, демалу және туризм индустриясының инвестициялық жобалардың бастаушылары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, оқу орындары қатысты.
Елбасының тапсырмасы бойынша, өткен жылы Щучье Бурабай курорттық аймағының 2012-2013 ж. даму Жоспары құрастырылған, Қ.Р. үкіметімен бекітілген. Осы жоспарларды іске асыру үшін, мамандандырылған туризм басқармасы, ал Бурабай ауданында – туризм бөлімі құрылған. Бұдан басқа, Қ.Р. «Туристтік қызмет» туралы Заңына сәйкес ӘКК «Есілде» Туристтік ақпарат орталығы (ТАО) құрылған.
Жалпы, 2012 жылы республикамызда туризм дамуы үшін біраз іс жасалған, әсіресе, Щучье-Бурабай курорттық аймағында. Қазақстан территориясында Ресей мемлекетінің азаматтарының болу мерзімі ұзартылды, міндетті тіркеусіз 30 күнге дейін. Щучье-Бурабай курорттық аймағында 3G стандартты ұялы байланысымен қамтамасыз етілген. Жаңадан Қарағанды-Омбы теміржол бағыты жүргізілді, Бурабай-Курорты станциясы арқылы өтеді.
Бесжұлдызды «Rixos» қонақ үйі пайдалануға енгізілді, тұсаукесері Елбасының қатысуымен өткізілген. Бурабай курорттық аймағының дамуы арқасында оны тұрақты назарымен, тағы бiр бiрегей нысаны пайда болды - «Қазақстандық Лапландия».
Инфроқұрылымды дамыту мақсатында Щучье-Степняк, Ақылбай-Қызылағаш, Зеренді-Щучье-Веденовка автокөлік жолдарында жөндеу жұмыстары жүргізілмек, Щучье қаласының Привокзальная, Морозов, Абылай-хан, Едомский көшелерінің ішкі тоқсандық жолдарын жөндеу, Щучье өзен жағалауын сәулеттендіру (велосипед, жаяулар жүретін жолдары және шаңғы жоларналары, жалға беру және қоғамдық тамақтану нысандары).
Қазіргі кезде біздің өңірдің туристтік бизнес саласында 676 кәсіпорын қызмет атқаруды, соның ішінде шамамен 250 санаторлы-курорттық және қонақ үй мекемелері. Маңызды болып мекемелердің жандандыруы көрсетілген, туризм аясында қызмет көрсетуді жүзеге асыру: тек соңғы жылда солардың қызметінің нәтижесінде облыс бюджетіне 734 млн.теңгеден астам қаражат келіп түскен. Щучье-Бурабай курорттық аймағының туристтік бизнестің инвестициялық көріктілігін арттыруда маңызды рөлін әлемдік классқа сай жаңа «Rixos» қонақ үйі қызмет атқарады. Осы және басқа да туризм саласының жетістіктері туралы Ш.Батырханов тоқталды – жуырда құрылған Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы.
Туризм дамуының қаржыландырудың негізгі бағыттарының бірі, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы болып келеді. Іс-шара қатысушылар арасында банктер кредиттері бойынша шартты сұрақтар және пайыздық мөлшерлеменің қаражаттандыру механизмдері, кредиттерді жартылай шарттылау, осы бағдарламаның шеңбері аясында өндірістік инфрақұрылымға қажетті құрылыстары кең талқыланды. Туристік бизнестің инфраструктуралық қолдауы туралы айтылды. Сонымен бірге, қазіргі күнде «KAZNEX INVEST» компаниясы қазақстандық туризм қызметтерін экспорттаушылардың 50% шығындарын өтейді, сонымен қатар қаржылық, сервистік және ақпараттық-аналитикалық қолдауды көрсетеді.
Семинар-кеңес секция бойынша жұмыспен аяқталды, негізгі баяндамашылар Г. Шаханова – АҚ «Экспорт және инвестиция бойынша ұлттық агенттік «KAZNEX INVEST», Е. Баяхметов – РФ АҚ «Кәсіпкерлікті дамыту фонды «ДАМУ» Ақмола бойынша, Т. Хамитов – Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасының басшысы, іс-шара қатысушыларының қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
Жалпы семинар-кеңес қатысушылары өздерінің бизнестеріне қажетті сұрақтарына жауап алды. Осылар сияқты жоба инвесторлары, профессор В.Ф.Зайберт «Көкше» Академиясынан «Ашық аспан астында жылқы мұражайы» жобасымен, жеке кәсіпкер Г.Ч. Абуталипова астана маңындағы «Есіл Нұра» каналындағы таңғажайып жобасы «Этноауыл», «Шеберлер ауылы» жобасының басшысы Нұрлан Айтбай және басқалары да өз жобаларының тұсаукесерлерін өткізе алды, мемлекеттік қолдауын қажет ететіндер.
Туризм инфрақұрылымын ынталандырып дамыту мақсатында, туристік потенциалды, өңірдің инвестициялық көріктілігін жоғарылату, туризм саласын БАҚ-та кең түрде жарықтандыру және 2012 жылда ақпараттық қол жетерлік үшін Ақмола облысының туризм Басқармасымен 3 номинация бойынша байқау өткізілді.
1. «Туризм саласындағы 2012 жылдың ең үздік өткізілген инвестициялық жобасы».
Байқаудың басты мақсаты – туризм саласындағы 2012 жылдың ең үздік өткізілген инвестициялық жобасын жоғары түрде көрсеткен, туристік қызмет субъектілерін анықтау.
2. «Туристік саласындағы субъектілерінің үздік интернет-сайты».
Байқау мақсаты - туристік қызмет субъектілерін анықтау, Ақмола облысының туристік өнімін жоғарылату бойынша үздік интернет-сайтты қолдаған және өңдеген.
3. «Бұқаралық акпарат құралдарында туризм тақырыбын үздік баяндау» туризм дамуының мәселесін БАҚ-та баяндау мақсатында, Ақмола облысының қолайлы туристік имиджін құру, қазақстандық және шетел туристік нарығында жергілік туристік өнімін жылжыту.
Байқауларда туризмнің 20 астам субъектілері қатысты.
Туризм саласындағы 2012 жылдың ең үздік өткізілген инвестициялық жобасы болып танылған:
- Бес жұлдызды туристік-қонақ үй комплекс «Burabay Lakes Resort Hotel» Бурабай ауданында.
- «Қазақстан Лапландиясы» мұзды ертегі қалашығы», Бурабай ауданындағы Санта-Клаус резиденциясы;
- Біртабан ө. «Біртабан» демалу аймағы, Қорғалжын ауданы (жоба басшысы А.Балтабеков);
- ЖШС «Зерен Тур» Зеренді ауданы.
«Туристік саласындағы субъектілерінің үздік интернет-сайты» номинациясы берілді:
- бірінші орын жарнамалық агенттік IT – Expert (басшысы Николаев А.А.);
- екінші орын ГНПП «Кокшетау» (бас директор - Савазов Х.Х.);
- үшінші орын - Қорғалжын ауданының ақпараттық-ресурстық туризм орталығы аудан әкімшілігі жанында (басшы - К.О.Рыскельдиев).
Қазақстандық Туристтік Ассоциация сайтының рөлі маңызды деп көрсетілген (КТА, жетекшісі Р.Р. Шайкенова), Қазақстанда ең бірінші болып Ақмола облысының экологиялық бағыттарын толық масштабты етіп көрсеткен. Астаналық аймағының экотуризімін дамытуға зор үлес қосқаны үшін, сонымен бірге арнайы Дипломға және бағалы жүдеге ие болды.
Арнайы дипломдарын АҚ «ЛОК «Ок жетпес» және ЖШС Санаторий «Алмаз» иеленді.
«Бұқаралық акпарат құралдарында туризм тақырыбын үздік баяндау номинациясы берілді»:
- бірінші орын – «Мир путешествий» журналы (бас редакторы Сакулинский А.П);
- екінші орын Ташенов Ш.К. – меншікті тілші , 1985 ж. бастап Қазақстан және ҚСРО журналисттер Одағының, «Казахстанская правда» газетінің мүшесі;
- үшінші орын Оспанов А.Н. – Ақмола облысының «Арқа Жары» газетінің журналисті.
Арнайы дипломдарды және мадақтама сыйлықтарын Бурабай аудынының «Луч» газетіне, сонымен бірге ТВ «Хабар» - Меруерт Палмахановаға берілді.
Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысын жүзеге асыру шеңберінде, Қазақстанда тұңғыш рет 2013 жылдың 7 ақпаннан №А2/60 Ақмола облысының әкімдігі қаулысымен Ақмола облысының туризм басқармасы құрылды.
Бұрында мемлекеттің қалалары арасында бірінші туризм бойынша басқарма Алматы қаласында құрылған болатын. Өірлік деңгейде туризм бойынша уәкілетті орган пайда болғаны, мемлеккетте туризмді жылжыту үшін ерекше маңызы бар. Бүгінгі күнде Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аналогиялық мекемелерін құруы қажет болып тұр.
Әзірше Қазақстанда бірінші және жалғыз облыстық туризм басқарма бастығы 2013 жылдың 1 наурызынан №33-л/с Ақмола облысының әкімі Қ. Айтмухаметовтың өкімімен тағайындалған Ш. Батырханов болып табылды.
Батырханов Ш.Б. – 1955 жылы туған, 2 жоғарғы білімі бар, сонын ішінде жоғарғы экономикалық . 20 жылдан астам мемлекеттік қызметте, осы кезең ішінде ҚР Президентінен екі алғыс хатымен ерекшеленді, 3 мереке медальмен, «ҚР туризм дамуында еңбегі үшін», «ҚР туризм саласының құрметті қызметкері» белгімен марапатталған, құрметті профессор, Ақмола облысының беркутчи Федерациясының президенті.
2013 жылдың 22 ақпанында «Көкшетау» Мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі К. Айтмухаметов пен халық алдында есеп беру кездесуі өткізілді. Басты аудан мәжіліс жұмысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары С. Жалмағамбетов және Ж. Ерғалиев, сонымен қатар, облыстық басқармалары, жетекшілер, қала және аудан әкімдері, облыс маслихаттарының хатшылары, ауылшаруашылық тауарлар өндірушілері, инвесторлар, өндірістік кәсіпорынның, банктердің, жастардың, үкіметтік емес ұжымының, саяси партия және ұлттық мәдени орталықтаррының, діни бірлестігінің, БАҚ – тың қатысты.
Есеп беру кездесуіне сауда саттық өнімдерімен қайта өндіретін кәсіпорын өндірушімен, аграрлық ө қалыптастырумен, шағын және орта бизнестің цехтерімен, күнделікті сұраныста және кең пайдаланатын басқа да тауарлармен кең көрме ұйымдастырылған болатын.
Экспозициялық көрмесінде масштабтық бөлімінен бөлек «Туризм» саласы көрсетілді. Материалдар ақпараттық стендтерде, буклеттерде, фотоальбомдарда, экранды видео презентацияда, рәсімдеу стендтермен және сувенирлік өнімінің жеке түрімен көрсетілген, туристтік кадрларды дайындау, дизайндік өнер, халықтың кәсіп бойынша шеберлер және т.б. кеңсе кызметін ашатынын көрсетті.
Осы кермеде қол өнер шеберлерінің, сувенирлік өнімдерінің, ақпараттық материалдардың, Тарихи – мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталығы макеттердің «Көкшетау» және «Бурабай» Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінің, Қорғалжын Мемлекеттік ұлттық қоқыр, «Rixos Lake Borovoe» отельінің, «Алмаз» отельінің, «Зерен» демалу орталығының, «Сұңқар» СК, «Кокше» Академиясының, Щучье қаласының туризм индустриясы және қызмет көрсету колледжінің, сонымен қатар «Қазақстандық Лапландия» кешенінің өнімдері кеңінен көрсетілді.
Есеп беру кездесуі әр түрлі экономикалық тармақтардың қорытындысымен аяқталып, бірнеше субъектілер өз өнімдерін көрсеткен үшін дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Көрмеге 600 – дан асатын жиналыс қатысушылары қатысты, осы форумның қатысушылары көріп естігенінен жақсы әсер алды.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: