Оқиғалар
2013 жылдың 16-17 мамырында Ақмола облысында Көкшетау қ. «Көкше» Академиясы негізінде ҚР ИЖТМ туризм индустриясы Комитетімен Ақмола облысы әкімдігі мен өңірдің туризм басқармасының демеушілігімен Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы «Кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру қонақжайлылық пен туризм индустриясының даму факторы ретінде» өткізілді. Бұл форум Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігімен бірігіп өткізілген іс-шаралар арасындағы маңызды тақырыптар арасындағы туризм кадрларын дайындаумен байланысты ең көлемдісі болды.
Осы тақырыпты талқылау үшін Ақмола облысына Қазақстанан және шетелден көрнекті ғалымдар келді. Конференция қонақтары арасында С.Р. Ердаулетов – ғылым докторы, Алматы қ. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің профессоры, В.Н. Вуколов – ғылым докторы, Алматы қ. «Тұран» Университетінің туризм НИИ директоры, Януш Собон – ғылым докторы, Университет профессоры (Польша), Айгарс Андернсонс – PhD, қол өнер видземельный Университеті Думасының төрағасы (Латвия).
Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын кіріспе сөзімен ҚР ИЖТМ туризм индустрия Комитетінің төрағасы – К.М. Таныспаев ашты. Ақмола облысы басшылығы атынан сәлемдесу сөзін Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы – Ш. Батырхановқа берілді. «Көкше» Академиясынан сәлемдесу сөзімен «Көкше» Академиясының ректоры – Ж. Қасым сөйледі. Конференция жұмысына қатысты және баяндамасымен ҚР білім және ғылым Министрлігінің Жоғарғы және жоғарғы оқу орындардан кейінгі білім беру Департаменті директорының орынбасары – Б. Жаутиков сөйледі.
Конференция қатысушыларының қызығушылығын Қазақстанның қонақ үй және мейрамхана Ассоцияциасының президенті, Қазақстанның туристік ассоцияциасының директоры – Р. Шайкенованың сөз сөйлеуі қозғады.
Конференцияның толық мәжілісінде Қазақстан және шетел ғалымдары мен мамандарының 14 баяндамасы тыңдалды, білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды бағыттары бойынша. Дисскусиялар секциялы отырыстарда өз жалғасын тапты, бұнда 20 астам баяндамалар қарастырылды. Ғылыми-практикалық конференциясының үшінші күнінде Ақмола облысының туризм Басқармасымен қонақтар үшін Щучье-Бурабай курорттық аймағының ең үздік табиғи объектілерімен көрікті жерлерін тамашалауға экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылды.
Әрине Республикалық ғылыми-практикалық конференция Қазақстанның білім орталықтарындағы туризм кадрларын даярлау жүйесі ісін одан әрі дамытуда өзінің зор үлесін қосады.
Ақмола облысының Щучье-Бурабай курорттық аймағының «Алмаз» шипажайы Ресей Федерациясының туристік компаниялар басшыларының кездесу орнына айналды. Аталған іс-шараның ұйымдастырушы ретінде Тюмень қ. «Континент» туроператоры және Ақмола облысының туризм басқармасының қолдауымен «Алмаз» шипажайының әкімдігі болды. Көршілес елдің турфирмалары Бурабай шипажайларына туристтердің келуіне үлкен қызуғышылықты танытады. Ресейден келген көптеген туристтер көргендерінен, қызмет көрсетудің жоғарғы сервисінен және ойын-сауықтың алуан түрлілігінен жағымды әсерде үйлеріне оралады. Көрнекті табиғаты, керемет климаттық шарттары, мазмұнды күн тәртібі мен қызмет көрсетудің жоғарғы сервисі – ЩБКА көптеген демалушыларды тарту үшін маңызды факторларының бірі. «Алмаз» шипажайының өзінде қонақтар өз көздерімен жаңа емдік базасын, жаңартылған нөмірлерді, жоғарғы стандарттарға сай жабдықталған, жағымды персоналын тамашалады. Ресей туроператорларына ЩБКА-ның басқа да шипажайларының орналастыруы жайлы таныстырылды, сонымен қоса Астана қ. арнайы экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылды. «Алмаз» шипажайының ресми қабылдауында ресей қонақтарының құрметіне Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы – Ш. Батырханов «Алмаз» шипажайына лайықты марапатын сыйлады – байқау жеңімпазының Дипломы және құнды сыйлық «Туристік бизнес субъектілерінің үздік сайты» номинациясы бойынша.
Бұл мерекені басқаларынан ерекше күн ретінде балалар асыға күтеді. Осы күнде өз балаларына жылулықты тек ата-аналар ғана емес, сонымен бірге көптеген демеушілер және меценаттар балалар үйіне және жетімханаларға барады. Осы жолы да, облыс Әкімі Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметовтың тапсырысы бойынша бірнеше басқарма және ұйым басшылары жақын және алыс жақтағы аудындарға сапар шекті, балалар ұйымына барып келу үшін, сонымен қоса аймақ жетекшісі атынан балаларды мерекесімен құттықтауға және де оларға өз сыйлықтарын табыс етуге келді.
Туризм және спорт басқармалары атынан Ш. Батырханов, А. Молдагалиев жетекшілері ең алыс Есіл ауданына жол жүрді, балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады және әр түрлі ойыншықтар, тәтті тағамдар және т.с.с. сыйлады.
Есіл балалар үйінде мереке қонақтарын 150-ден астам 3-15 жас аралығындағы балалар күтті. Күн өте жылы, шуақты күн шығып тұрды, мереке түрлі түсті гүлдерге, барлық жерге ілінген әуе шарларға толы болды осы жерде қонақтарды күтті. Және балалардың өздері де салтанатты түрде жүрді, әндрдің дауысы естіліп жатты, балалар үйінің кіре берісінде бірегей бұйымдардың көрмесі ұйымдастырылды, бұның барлығы балалардың өз қолдарымен жасалған.
Мереке балдырғандар секциясынан басталды, бұнда театрландырылған көрініс ұсынылды. Құттықтау сөзі қонақтарға ұсынылды, олар жылы сөздермен қоса әр түрлі сыйлықтар сыйлады, ойыншықтар, тәтті тағамдар мен жеміс-жидектер және т.б. Балалардың қуанышы бет жүздерінен жақсы көрінді. Олар қонақтар үшін өздері дайындаған балалар мерекесіне арналған өлеңдері мен тақпақтарын ұсынды. Содан кейін балалар үйінің жетекшісі А. Господарь келген мекемелер басшылары үшін өз ұйымымен, тұру жағдайымен, балалардың тамақтануы және оқуымен, өзінің болашақтағы жоспарларымен таныстырды. Келген басшыларға балалар үйінің жөндеуіне және балалардың табиғат аясында демалуы үшін спорт құрал-жабдықтарына қажетті қаражаттары керектігін айтты. Қонақтар бұл сұрақтар жайлы облыс басшысына жеткізуін және орындалуына көмектесуі туралы сөз берді.
2013 жылы 20-21 мамыр аралығында Ақмола облысына Австриядан делегация келді. Оның құрамында Қолданбалы ғылымдар университетінің президенті Бойер Хеинз (Австрия), Қолданбалы ғылымдар университетінің қызметкері Фреинбишлер Доминик, сонымен қатар ҚР Сауда - өнеркәсіп палатысының вице-президенті Вадим Шакшакбаев болды.
Делегацияның келу мақсаты: туризмді дамыту және білім жүйесін жетілдіру саласында ынтымақтастықты кеңейту, туристік саласы үшін ағылшын тілін меңгерген, жоғары біліктілікті, бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау орталығын құру.
Австрия делегациясының біздің облысымызға келуі екі мемлекет аралығында туризм саласы қызметінің аясында жан-жақты және өзара тиімді ынтымақтастықтың дәлелі болып табылады.
Сапар барысында қонақтар курорттық аудандарындағы туризм инфрақұрылымымен, туристік маршруттардың жағдайымен, олардың халықаралық стандарттарға сайкестігімен танысты. Екі күн аралығында Зеренді демалыс аймағымен және Щучье-Бурабай шипажайлы-сауықтыру мекемелеріне барып, отелдік, қонақ үй бизнесінің олардың толықтылығымен, жұмыс бастылығымен, туристік кадрларға қойылатын талаптардың дәрежесін байқап білді. Сонымен қатар, австриялықтар туристік кадрларды дайындаумен айналысатын, облыстың орта және жоғарғы оқу орындарында болды.
Сапар қортындысы, екі мемлекет халқы үшін бос уақыт және демалыс индустриясын дамыту саласында ынтымақтастығына оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Сапар қорытындысы бойынша Австриядағы Қолданбалы ғылымдар университетімен Ақмола облысының әкімшілігі арасында бірлескен ынтымақтастығы жөнінде меморандумға қол қойылды.
16-17 мамырда Көкшетау қ. «Кадр даярлау жүйесін жетілдіру туризм мен қонақжайлық индустриясының даму факторы ретінде» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы жұмысын бастайды.
ҚР ИЖТМ туризм индустрия Комитетімен, Ақмола облысының әкімдігімен және «Көкше» Академиясымен бірігіп ұйымдастырылған.
Конференция қатысушылары: ҚР білім және ғылым Министрлігінің өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, республикамыздың профессионалды-техникалық және жоғарғы оқу орындары, туристтік қауым, сонымен бірге халықаралық эксперттер.
Конференцияда туристік білім беру саласындағы маңызды сұрақтары келесі секциялар бойынша қарастырылады:
1 секция. ТжәнеПБ мекемелері үшін:
«Құрылым ерекшелігі мен кәсіптік туристік білім беру құрамы және олардың қазіргі кездің еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай болуы».
2 секция. ЖООры үшін:
«Қазіргі туристтік индустрия және тұлғаның бәсекеге жарамдылығын дамыту».
Одан бөлек, аталған іс-шара бағдарламасымен 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының туристік саласының даму Концепциясы жобасының тұсаукесері қарастырылған, интерактивті мастер-класс «Оқу-тренингті қонақ үй жұмысын ұйымдастыру» өткізу, «Жекебатыр» қонақ үй комплексі, «KAZAKHSTAN» туризм және қонақжайлық мектебі «Көкше» академиясы базасында, сонымен бірге Щучье-Бурабай курорттық аймағының туристік объектілерін тамашалау экскурсиялық бағдарламасы.
17 мамырда, конференцияның екінші күнінде, интерактивті мастер-класс оқу-тренингі «Жекебатыр» қонақ үйінің Қазақстандағы Алғашқы туризм және қонақжайлылық мектебі «KAZAKHSTAN» «Көкше» академиясының базасында.
Іс-шара қорытындысы бойынша жинақ ретінде конференцияның ғылыми-практикалық ақпараттары жарияланады.
Конференция мақсаты болып туризм саласында сапалы білім беру қызметтері мен инновациялық мінездегі профессионалдық білім берудің қолжетімділігі бойынша ұсыныстарын қарастыру, оның структурасы мен мазмұнын қазіргі кездің еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай етіп келтіру, туристтік мамандықтардың престижін жоғарылату, мемлекеттік басқарма органдары қызметкерлерінің жұмыс қызмет профессионалдылықтың эфективтілігі мен қорытындылығы, сонымен қатар салаға мамандандырылған қызметкерлерді аудару.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: