Оқиғалар
Жыл сайын Қазақстанда Еуропа күні аталып өтеді. Биылғы жылы негізгі іс шаралар Ақмола облысның аумағында өткізілді. 2011 жылдың 28 мамырында аталған іс-шараға қатысу үшін облыс орталығы – Көкшетау қаласына Еуропаның 20 елдерінен келген дипломатиялық миссияларының басшылары келді. Олардың ішінде тұрақты әріптестеріміз – көптеген өңірлік туристік іс шаралардың қатысушылары Төтегше және Өкілетті Елшілері: Австрия – Урзула Фарингер, Германия – Райнер Шлягетер, Чех Республикасы – Берджик Капецки, Болгария – С.Русинова, Италия –У.Бони, Нидерланды – М.Кюль және т.б.
Еуропа күні Көкшетау қаласында Ақмола облысының әкімі С.Дьяченконың Қазақстандағы Еуроодақ миссиясының басшысы Нобер Жюстен бастаған Еуроодақ делегациясын облыстық әкімдіктің мәжіліс залында ресми қабылдауымен басталды.
Көкшетау қаласының «Тәуелсіздік» алаңында өткен салтанатты ашылу рәсімінде Ақмола облысының әкімі С.Дьяченко және Қазақстандағы Еуроодақ миссиясының басшысы Нобер Жюстен құттықтау сөз сөйледі. Бұл жерде мекенің қонақтарына және қатысушылрына арналған мәдени-бұқаралық бағдарлама ұсынылды. Бұл Ақмола облысының өнер шеберлері қатысқан жеке шоу-бағдарлама, бұл Еуроодаққа қатысушы елдердің ақпараттық-жарнамалық материалдары мен өнімдерінің жәрмеңкесі, бұл Еуролотереялардың ойнатылуы, қолданбалы өнер шеберлері бұйымдарының көрмесі және т.б. Күннің екінші жартысында қонақтар Щучье-Бурабай курорттық аймағын тамашалады.
Ақмола облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан туристік ассоциациясының, Бурабай ауданы әкімдігінің қолдауымен Щучье қаласының №4 КЛ-де 2011 жылдың 26-27 мамыры аралығында экскурсия жетекшілерін даярлау бойынша семинар практикум өткізді.
Аталған семинар практикумге Бурабай, Зеренді, Сандықтау және т.б. аудандардың жұмыс істейтін экскурсия жетекшілері, туризм саласын басқаратын жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық табиғи парктердің өкілдері, туризм саласы үшін мамандар даярлайтын жоғары, орта арнайы оқу орындарының оқытушылары, сонымен қатар өңірде экскурсия ісін дамытуға үлес қосып жүрген мекемелердің өкілдері қатысты. Барлығы 70 адам.
Семинар практикумның мақсаты Қазақстан Республикасы туризмінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру мәселелерімен танысу, елімізде экскурсиялық-туристік істі ұйымдастыру, өңірде экскурсиялық жұмыстың жоғары деңгейін қамтамасыз етудің жаңа әдістемесін қамтамасыз ету болып табылады.
2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 4с-19-8 облыстық мәслихат сессиясының шешімімен бекітілген Ақмола облысында туристік кластерді дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған шебер жоспарының 26 тармағында облыс қалалары мен аудандарының туризм бойынша нұсқаушылардың, экскурсия жетекшілерінің, туризм жөніндегі мамандардың біліктіліктерін арттыру бойынша осындай семинарлар қарастырылған.
Семинар жұмысына облыста туримнің дамуына үлес қосушы мекемелер қатысты: «Көкшетау» МТҰП, «Бурабай» МҰТП, Тарихи-мәдени мұраны қорғау және қолдану орталығы, Ақмола облысының «Сараптама және сертификаттау ұлттық орталығы», туристік кардрларды даярлайтын оқу орындары: «Тұран-Астана» университеті, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, «Көкше» академиясы және т.б.
Бағдарламаның белгіленген тақырыптары бойынша негізгі баяндамашы Лютерович Олег Григорьевич – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген туризм қызметкері, п.ғ.к., Алматы қаласынан келген Қазақстан туристік ассоциациясының әдіскер-экскурсия жетекшісі. Оның лекцияларының тақырыптары экскурсия жетекшісіне қойылатын кәсіби талаптарға, экскурсияларды өткізудің құрылымы, функциялары, классификациялары, әдістемесі, техникасына және т.б. арналды. О.Г. Лютеровичтің баяндамаларына қоса презентациялық материалдар беріліп отырды.
Семинар барсыныда «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында туристердің жүру жағдайлары мен ережелерімен ұлттық парктің орман шебері В.П. Канцев таныстырды. «Экскурсиялық қызметтің мемлекеттік стандарттары» тақырыбымен сараптама және сертификаттау орталығының өкілі Г.К. Бекбаева таныстырды. Баяндаманың басты бағыты – отандық және шетелдік туристерге қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында туристік қызметке сапа менеджменті жүйесін енгізу. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және қолдану орталығының маманы К.Г. Шашақов «Экскурсия ісінде тарих және мәдениет ескерткіштерін қолдану» тақырыбын кеңінен баяндап берді. С.Б. Қалғанбаев «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экскурсиялық-туристік маршруттарын ұйымдастыру туралы сөз қозғады.
Семинар практикумды Ақмола облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары Ш.Батырханов «Облыста туризмді дамытудың жағдайы мен перспективалары» баяндамасымен ашып, әрі қарай жүргізді. Басқарманың туризм бөлімінің мамандары С.Р. Қасымов және Д.Қ. Әбілмаженова Қазақстан Республикасындағы туризмнің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру мәселелерімен, сонымен қатар туризм саласын дамыту бойынша аудандық, қалалық құрылымдық бөлімшелер жұмысының жүйесімен таныстырды. Семинар жұмысына «Тұран Астана» университеті, «Көкше» академиясы және Щучье қаласының №4 КЛ оқытушылары белсенді қатысты.
Семинардың практикалық бөлігі қатысушылардың «Бурабай» ұлттық паркінің аумағына шығуымен жалғасты, онда оқыту авто-жаяу жүру табиғаттану экскурсиясы өткізілді. Өткізілген экскурсияның қорытындысы бойынша осындай экскурсияларды ұйымдастыру кезінде әдістемелік тәсілдер, практикалық құралдар, талаптар мен ережелерді қолдану қабылеттері талқыланып, оларға баға берілді.
Қатысқан сарапшылар атап өтті:
1. Маршрут Бурабай курорттық аймағы бойынша қызықты ақпарат алу үшін зор мүмкіндік береді.
2. Маршруттың ұзақтығы және тамашалау нысандарының көп орналасуы қысқа уақыт арасында экскурсияға қатысушыларды өлкенің тарихы және өңірдің флорасы және фаунасымен таныстыруға мүмкіндік береді.
3. «Бурабай» МҰТП ғылыми қызметкері А.М. Акимованың ұлттық парк өткізетін табиғатты қорғау жұмысы туралы ақпараты өте қызықты болды.
4. Бейнелі және ойлы-қырлы рельеф туристер дене дайындығы мен жасы әртүрлі адамдар үшін дене жүктемесін алуға мүмкіндік береді.
Семинар практикум өткізу процессінде, сонымен қатар оның аяқталу қорытындысы бойынша экскурсияны өткізу әдістемесі бойынша ұсыныстар мен ескертулер айтылды, «Бурабай» ұлттық паркі ұсынатын қызметтерге қатысты мәселелер талқыланды. Сауалнама жүргізу нәтижесінде қатысушылар бірқатар ұсыныстар енгізді:
1. Қазіргі технологиялар мен тәсілдерді қолдана отырып өзге өңірлерде семинар практикумдар өткізу.
2. Ұлттық парктерде ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде оқу орындарын тарту.
3. Автобус-жаяу жүру экскурсиясын өткізу кезінде ұсыныстар енгізілді:
- Маршруттың жаяу жүру бөлігіннің басында маршрут сызбасы және маршрут туралы қысқаша ақпарат жазылған қалқанша орнату қажет;
- экскурсияны өткізу барысында нысандардың тарихи атауларын алдымен мемлекеттік тілдіе, содан кейін өзге тілдерде ұсыну қажет;
- маршрутты абаттандыру керек (маршрутты таңбалау, тұрақтарды, күрелерді абаттандыру, қоқыс жинауға арналған контейнерлерді орнату);
- қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау жүргізу, қауіпсіздік техникасы бойынша журнал жүргізу;
- маршрутта қысқа мерзімді тынығу, көңіл көтеру іс-шаралары мен қосымша ақпарат беруді ұйымдастыру үшін ұзақтығы әртүрлі аялдамалар қарастыру қажет.
Семинар соңында қатысушыларға Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан туристік ассоциациясының қолдауымен ұйыдастырған облыстық семинар практикумда экурсия жетекшілерін қайта даярлау курстарынан өткендігі туралы сертификаттар табыс етілді.
Ақмола облысының үздік шеберлері – Рустам Яковлев және Сергей Мишин 2011 жылдың 26-27 мамырында өткен «ITFA-2011» Халықаралық туристік көрмесіне қатысу үшін Ақмола облысының делегациясының құрамында Ақтөбе қаласына сапарға шықты.
Ақмола облысы делегациясының құрамына «Щучинский» санаторийі, «Жұмбақтас» пансионаты, «Алмаз» отелі, «Жолымбет» турфирмасы, «Бурабай» МҰТП өкілдерінен 8 адам енді. «Қоныс» спорт кешені сарайында көрме аясында келесі номинациялар бойынша байқаулар өткізілді: «Стендті үздік безендіру», «Үздік қол жұмысының шебері», «Жергілікті өнімді үздік таныстыру».
«Стендті үздік безендіру» номинациясында Ақмола облысынан Рустам Яковлев жеңімпаз болып танылды, ол «17 ғасырдағы қазақ жауынгерінің қару-жарақтары» тақырыбындағы металлдан жасалған жұмысы үшін 1 дәрежелі дипломмен және құнды сыйлық телевизормен марапатталды.
Біздің жерлесіміз Сергей Мишин ағаштан жасалған жұмыстары үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, құнды сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар көрмеде Ақмола облысының белгілі шебер Нэлли Погребенконың жұмыстары ұсынылды, ол арнайы сертификатпен марапатталды.
Көрме аясында «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтөбе облысының туристік саласын дамыту» тақырыбында республикалық семинар өтті.
Жәрмеңке Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру, ішкі туризмді дамыту, сонымен қатар іскерлік келіссөздер мен тиімді мәмілелер жасау үшін жағымды жағдай жасау арқылы қазақстандық туристік ұйымдарына қолдау көрсету мақсатында өткізілді.
Жәрмеңке жұмысына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С.К.Нұрқатова, Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы және «Нұр Отан» ХДП төрағасы Б.Н. Ордабаев, туризм мәселелерін басқаратын жергілікті атқарушы органдардың, туристік қызмет субъектілерінің, туризм саласының мамандарын даярлайтын оқу орындарының, ұлттық табиғи парктер мен қорықтардың өкілдері, кәдесый өнімін шығарушылар және туристік кластерге кіретін өзге ұйымдар қатысты.
Орта Азия елдері бойынша ресми турне аясында а.ж. 18 мамырында Қазақстанға БҰҰ бас хатшысының бірінші орынбасары Хелен Кларк бастаған БҰҰДБ делегациясы келді. Олар ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік табиғи мұрасы тізіміне енгізілген Қорғалжын Мемлекеттік орнитологиялық қорығын тамашалады.
6 жыл бойы аталған нысанын БҰҰ даму бағдарламасы бірегей Визит-Орталығын құруға, сонымен қатар биоәртүрлілікті сақтау мен дамытуға және су-батпақ жерлерді тұрақты дамытуға халықаралық ұйым бойынша зор үлес қосылған жобалық аумақ деп анықталды.
Визит аясында Визит-Орталығы, Теңіз-Қорғалжын акваториі, инфрақұрылым таныстырылып, құстың алуан-түрлілігіне зерттеу және бақылау жүргізілді, оның ішінде қорықта жыл сайын ұя салатын қоқиқаз бар.
Ақмола облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары Ш.Б. Батырханов басшылық еткен Ақмола облысының қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдары құрметті қонақтардың көңілдерінен шықты. Ұсынылған бұйымдар БҰҰДБ арнайы алғысымен марапатталды.
2011 жылдың 11-13 мамыры аралығында Астана қаласының «Іскер» орталығында Қақастанның биоәртүрлілігін сақтау және су-батпақ жерлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл форумға қатысу үшін Англия, Германия, Италия, Словения, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және өзге елдердің ғалымдары мен мамандары келді.
БҰҰДБ жобасының ұлттық менеджері талғат Кертешев негізгі баяндама жасап, жоғарыда аталған жобаның аясында Қазақстанда 6 жылда атқарылған жұмыстар туралы толық есеп берді. Аталған конференция барысында 16 ғылыми баяндама тыңдалды. Ақмола облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары Ш.Б. Батырханов экологиялық туризмнің жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндамасын ұсынды.
Конференция барысында қонақтар ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік табиғи мұрасы тізіміне енгізілген Қорғалжын Мемлекеттік орнитологиялық қорығын тамашалады.
Қорық қонақтарына жаңа Визит-Орталық таныстырылды, құстардың алуан-түрлілігін бақылау үшін делегация қорық аймағына шығарылды. Қоқиқаздардың тобын көрген қонақтар таңырқап қалды.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция басшылық үшін әрі қарай жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша ұсыныс қабылдаумен аяқталды.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: