Оқиғалар
2011 жылдың 28 шілдесінде астаналық өңірдің орталығы Көкшетау қаласына Қазақстандағы АҚШ істерінің уақытша сенім білдірілген өкілі Джон Ордвей, Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің Екінші хатшысы Нэйтен Остин, АҚШ Елшілігінің экономика мәселелері жөніндегі маманы Кәрима Ахметова. Облыс әкімдігіне келгеннен кейін АҚШ Елшісін Ақмола облысының әкімі С.Дьяченко қарсы алды, ол кездесу барысында қонақтарды өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның әрі қара дамуының жағдайы мен перспкетивалары жайында толық ақпарат берді. АҚШ-тан келген қонақтар келіссөздер барысында Әлем Корпусы бойынша қызметтестікке ерекше көңіл бөлді, оның волонтерлері елімізде халықтарды жақындастыру, тарих, мәдениет, ұлттық дәстүр мен тілді үйретуде қыруар жұмыс атқаруда.
Кездесуден кейін облыс әкімдігінде қонақтар бірқатар өндірістік кәсіпорындарды тамашалады,оның ішінде Көкшетау қаласының әкімі М.Батырхановпен бірге «Көкшетау минералды сулары» АҚ болды, кәсіпорынның жетісітіктерімен А.Н.Самойлов таныстырды, содан кейін қонақтар Зеренді ауданында аудан әкімі Е.Сағадиевпен бірге «Алтын Тау» ЖШС алтын өңдеу бойынша таукен өндіру кешенімен танысты, Көкшетау қаласында «Бурабай» спорт кешенінде болып, бассейн, тренажер залдарын тамашалады.
Жалпы алғанда қонақтар Ақмола облысының дамуымен танысып, көргендеріне көңілдері толды және әрі қарай өзара қызметтестікте жұмыс істеуге ниет білдірді.
Алыс Германия мен Швейцариядан келген Франк Кюзген және Надина Зиммерман атты қонақтар 26 шілде күні Көкшетау қаласындағы туризм бөліміне баруды жөн көрді. Екеуі де Германия – Украина – Қазақстан – Ташкент – Бангкок веложүрісінің қатысушылары болып табылады. Франк Кюзген – Хейделберг қаласының тұрғыны(Германия), 37 жаста, информатика маманы, өзінің алыс жолға арналған қажетті жабдықтармен жабдықталған велосипедімен 3,5 ай жолда. Надина Зиммерман – 25 жаста, Нюхател қаласындағы университеттің студенті(Швейцария), мамандығы-экономист, жоғары білім туралы диплом алуына 1,5 жыл қалды. Франк өзінің веложүрісін осы жылдың сәуір айында бастап, 2012 жылдың сәуір айында Бангкокте аяқтауын жоспарлап отыр. Надина ВУЗ – дағы оқуына байланысты өзінің марафонын Ташкентте аяқтамақшы.
Туризм, дене шынықтыру және спорт Басқармасы бөлімінде, Басқарма бастығының орынбасары – Батырханов Ш.Б Ақмола облысы мен Қазақстан жайлы материалдар ұсынды.
Қонақтар құшақ жайып қарсы алғанға таңданып, күнделікте естелік жазбалар қалдыруын сұрады. Бөлім иелері оларға ақ жол мен қызықты кездесулер тіледі.
2011 жылдың 20-22 шілде аралығында «Менің елім - Қазақстан» атты облыстық ІІ кезеңдегі Мемлекеттік экспедицияның қатысушыларына Ақмола облысы Бұланды ауданының Отрадненский табиғи кешенінің ең жақсы туристік маршруттары ұсынылды. Бұл көлемді туристік іс-шара Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отырғаны белгілі.
Топтар аудандық және қалалық іріктеу сайыстарын өтіп, жеңімпаздары облыстық кезеңде «спорттық – сауықтыру туризм», «мәдени – танушылық туризм», «экологиялық-өлкетанушылық туризм» атты үш негізгі номинацияда өз аймақтарының абыройын қорғауға келді. Бұл іс-шараның негізгі ұйымдастырушылары Ақмола облысының Туризм , дене шынықтыру және спорт Басқармасы және Бұланды ауданының әкімшілігі мен Отрадненский орман щаруашылығы қолдауымен Білім басқармасы болды. Экспедиция туралы ахуал құжатының ішінде ұйымдастыру комитеті белгілеген экспедиция қатысушыларына топтардың дайындығы, олардың экипировкалары және туристік маршруттағы жұмысты бағалаудың маңызды параметрлері жайлы әуелден-ақ ескертілген. Облыстық ІІ кезеңдегі Мемлекеттік экспедицияға аудандар мен қалалардан 26 топ қатысты.
Екінші кезеңің басталуы туристер жиынының ресми ашылу рәсімімен , салтанаттты сап түзеумен, топтардың маршрутты өту дайындығы туралы мәлімдемелердің тапсырылуымен басталды.Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды, экспедиция жалауын көтерудің құрметті құқығы былтырғы жылдың жеңімпаздарына, яғни Зеренді, Еңбекшілдер, Сандыктау аудандарының топтарына берілді. Ресми ашылуда Білім Басқармасының бастығы – Ибраев М.У., Бұланды ауданының әкімі – Нугманов Е.Б., орман шаруашылығының өкілдері, туризм ардагерлері және т.б. қатысып, сөз сөйледі.
12 ден 18 шақырымдық туристік маршрутпен таныстырып, қауіпсіздік техникасы жайлы нақты нұсқаулар алып, топтар жорыққа аттанды. Маршрут кезінде кедергілерді өту ғана емес, сонымен қатар табиғи көркем жерлері бар аймақты мұқият зерттеп, сақтау және қайта қалпына келтіру акцияларын жүргізу болып табылады. Маршрутқа кеткен топтарға ең маңыздысы - күнделікті кәсіби толтыру, онда маршрутты өтудің сипаттамасы мен зерттелуі, туристік лагерьдің кәсіби жасалуы, от жағу, тамақ пісіру, бос уақытты дұрыс ұйымдастыру (соның ішінде алау алдында ән айту мен гитарада ойнау) сияқты мәліметтер толтырылуы қажет. Бұның бәрі жаяу туризмінің тәжірибелі нұсқаушыларынан құралған арнайы төрелік алқамен бағаланды. Барлық топтар қойылған міндет-мақсаттардан сәтті өтті. Отрадненский табиғи кешеніне бірінші рет келіп тұрған балалар ғажайып көріністен таңданды. Төрелік алқа басынан аяғына дейін туристік маршрутты өтудің барлық параметрлері бойынша әр топтың жұмыстарын қатал бағалады.
Экспедицияның нәтижелері бойынша жеңімпаздарды жариялады және топтарды марапаттау салтанатты рәсімі өтті. Марапаттауды ұйымдастыру комитеті атынан Ақмола облысының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының орынбасары – Батырханов Ш.Б.,Бұланды ауданының әкімінің орынбасары – Избасаров Б.С. жүргізді, олар топтарды үлкен жеңіспен шын жүректен құттықтап, оқушылар мен жастарға туристік маршруттарды өтудегі кәсіби машықтарын әрі қарай дамытуаларын тіледі. Спорттық-сауықтыру номинациясында бірінші орынды Зеренді ауданына берілді.Екінші орын – Есіл ауданы, үшінші орын Сандықтау ауданына тағайындалды. Ең көпшіл номинацияда мәдени-танушылық маршрутты өтуде Бұланды ауданы жеңімпаз атанды, екінші орын-Атбасар ауданына, үшінші орын Бурабай ауданына берілді. Экологиялық-өлкетанушылық номинациясында бірінші орынды – Жарқайын ауданының тобы, екінші орын-Степногорск қаласы, үшінші орынды – Ақкөл ауданы жеңіп алды.
Белсенділігі мен көпшілілігін есептегендегі жалпытоптық сайыста бірінші орынды – Бұланды ауданы, екінші орынды - Зеренді ауданы, үшінші орынды – Степногорск қаласы иеленді.Барлық жеңімпаздарға Арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар тарту етілді.
Іс –шараны қорытындылай келе, Ұйымдастыру комитетінің орынбасары Батырханов Ш.Б «ҚР-сының Үкіметінің қаулысымен «Менің елім Қазақстан» экспедициясын ұйымдастыру, Қазақстандағы балалар-жастар туризмінің дамуындағы маңызды орын алады және жыл сайын жаңа айналымдар алуда, салауатты өмір сүру салтына, табиғатта мәдени демалуға көптеп қосылады, ең бастысы туристік машықтарды жетілдіре отырып, айналадағы ортаға ұқыпты қарауды қалыптастырады» деп атап өтті.
Д. Абильмаженова – туризм бөлімінің бастығы
Туризм, дене шынықтыру және спорт Басқармасы
Тел:401592
July 13 this year in Akmola region on a working visit arrived the Ambassador Extraordinary and Plenipotentiary of Ukraine in the Republic of Kazakhstan Olga Demin O.A.
In akimat region was held Ambassador’s meeting with akim of Akmola region Dyachenko S.A. In the course of which held talks on further cooperation with Ukraine and Akmola region. During the visit, Ambassador Extraordinary and Plenipotentiary Ambassador met with several business leaders Kokshetau, visited and got acquainted with the work of JSC "KAMAZ-Engineering", JSC "Tynys", then took part in a special program prepared by the Slavic Cultural and Educational Society "Origins."
At the end of the visit by the Department of tourism physical culture and sport had a separate tour program to visit the best sites Shchuchinsk-Burabay resort.
.
The next Asian Cup Triathlon was held June 26 2011. in one of the most beautiful places in the resort region of Kazakhstan Burabay of Akmola region. Commands for more than ten countries including Poland, Iran, Syria, Uzbekistan, Ukraine, Russia and other countries challenged the title of the strongest teams in swimming, cycling and running. It is difficult to convey this unique show, surprised the entire resort area with many tourists Burabay arrived not only from different parts of Kazakhstan, but also from foreign countries.
In the most difficult match of the best masters triathlon competitions were held these on the shore of beautiful Lake Burabay along which are the best recreation objects.
Asian Cup title in a triathlon in a bitter struggle won our countryman - Dmitry Gaak!
Second place in the competition won Denis Vasiliev Russia, the third - Dmitry Smurov!
Junior: I prize - Portnyagin Anton, II place - Nemytov Maxim, III place - Kaparov Aidar
junior (women team): I place - Carolina Soloviev, II place - Olga Radzievskaya, III place - Babina Anastasia
Congratulations to the strongest with a well-deserved victory!
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: